Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | Қаржыландыру көздері |
5 | 6 | 7 |
Парламент, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия СЖ және РА (келісім бойын- ша), Статагенттік, министр- ліктер мен ведомстволар Статистика жөніндегі агент- тік Статагенттік, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия Парламенттің Мәжілісі (келісім бойынша) Парламент (келісім бойынша) Әділетмин, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) | 2000 ж. Әрқашан 1999 ж. Жыл сайын 1999 ж. 2000 ж. 2000 ж. | Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде |
И. Әйел құқығы - адам құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның құқықтары әркімге туғанынан тиесілі, таласы жоқ және шеттетуге болмайды деп саналады. Ешкім шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүлік жағдайлары, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге деген көзқарасы, нанымдары, тұрған жері бойынша немесе кез келген өзгеше жағдаяттар бойынша әлдеқандай кемсітушілікке ұшырауға тиісті емес.
Бұл құқықтардың жүзеге асырылуы білім алуда және кәсіби даярлықта, қоғамдық-саяси және мәдени қызметте әйелдерге еркектермен тең мүмкіндіктер берілуімен, сондай-ақ әйелдердің еңбегі мен денсаулығын қорғау жөніндегі арнаулы шаралармен; еңбекті ана болумен қатар атқаруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасаумен, құқықтық қорғаумен, отбасын және әке болуды, ана мен баланы материалдық және моральдық қорғаумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы еркектер мен әйелдердің некелік одағының еріктілік принципін, отбасында жұбайлардың теңдігін бекітеді.
Жұбайлар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттілікте болады. Некедегі кезінде жұбайлар жинаған мүлік олардың ортақ игілігі болып табылады. Әйелдің балалар үшін олар 16 (18) жасқа жеткенге дейін алимент (асырау пұлы) алуға құқығы бар және т.б.
Қазақстанда әйелдердің еңбекке, оның ақысын алуға, демалуға және әлеуметтік қамтамасыз етілуге тең құқығы бар.
Әйелдердің еңбегіне Қазақстан КСР-ның Еңбек туралы заңдар кодексінің арнайы тарауы арналған. Онда жұмысқа қабылдаған кезде кепілдіктер беру және жүкті әйелдерді және балалары бар әйелдерді жұмыстан босатуға тыйым салу, үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру; әйелдердің сондай-ақ жерасты жұмыстарында пайдалануға тыйым салу және т.б. көзделген.
Жұмыссыздық, жалпы тіршілік деңгейінің төмендеуі жағдайларында әйелдердің бір бөлігі бұл құқықтар мен шектеулерді кемсітушілік ретінде қабылдап отыр, өйткені бұл олардың еңбекке жайғасуына бөгет жасауы мүмкін.
Қолданылып жүрген заңдарда әйелдердің құқығын қорғаудың қылмыстық-құқықтық шаралары бекітілген. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі қылмыстық кодексіне алғаш рет "Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс" деген жаңа тарау енгізілді.
Балаларды немесе еңбекке қабілетсіз ата-аналарды күтуге, еңбекке қабілетсіз зайыбын (ерін) күтуге, балаларының өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, т.б. жөніндегі міндеттерін тиісті дәрежеде атқаруға қаражат бөлуден әдейі бас тартушылар үшін жауаптылық қарастырылған.
Қылмыстық кодексте әйелдерге қатысты жаза қолдануда шек қойылған. Жүкті әйелдерге, сегіз жасқа жетпеген балалары бар, сондай-ақ елу жасқа жеткен әйелдерге бас бостандығын шектеу қолданылмайды. Жүкті, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қамауға алу қолданылмайды. Әйелдерге өмірлік бас бостандығынан айыру да белгіленбейді.
1998 жылғы 29 маусымда Қазақстан Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылды. 1995 жылғы 26 мамырда ТМД шеңберінде Қазақстан Республикасы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы конвенцияға қосылды, онда әйелдерге қатысты өлім жазасын қолданбау туралы нысан бекітілген. Адам құқықтары бойынша Қазақстан 20-дан астам халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылған.
Бұдан әрі әйелдердің саяси құқықтары туралы, аналарды қорғау, күйеуі бар әйелдердің азаматтығы туралы, некеге отыруға келісім беру, некелік жас және некені тіркеу және отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты және басқа конвенцияларға Қазақстанның қосылуы туралы мәселені қарау көзделіп отыр.
Алайда, Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған азамат құқықтарының көпшілігі нақты мемлекеттік кепілдіктермен, ең алдымен соттың қорғауымен, олардың бұзылғандығы үшін жауаптылықпен бекітілмеген. Әйелдерге қарсы зорлық фактілері, еңбек қатынастарындағы, қызметі бойынша жылжудағы және т.б. теңсіздік көріністері қоғамның қатты алаңдаушылығын туғызып отыр.
Қалыптасқан ахуалды өзгерту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1997 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсартудың мемлекеттік саясаты конвенциясын мақұлдады. Ол әйелдерге қатысты мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен басым бағыттарын айқындайды.
И. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйел құқығы - адам құқығы
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 | Әйелдердің құқығын іс жүзінде қамтамасыз ету- ге қол жеткізу Қоғамда және отбасында әйелдер мен ерлер үшін жыныс белгісі бойынша кемсітушілікті жою, тең құқықтарға қол жеткізу Халықтың гендерлік проблемалар саласындағы құқықтық сауаттылығына қол жеткізу | Гендерлік теңдіктің: қолданылып жүрген заңдар- дың гендерлік сараптамасы; жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеген кезде халықтың гендерлік айыр- машылықтарын есепке алу жөніндегі конституциялық принциптерге сәйкес заң- дарды жетілдіру Отбасы, әйелдер мен бала- лар мәселелері бойынша БҰҰ конвенцияларына және басқа халықаралық конвенцияларға қосылу Күйеудегі әйелдер- дің азаматтығы туралы кон- венция Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция Әйелдерге қатысты зорлау- дың тамырын жою туралы декларация Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, әйелдер- ге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциямен және әйелдерге қатысты зорлық- тың тамырын жою туралы декларациямен сәйкестікке келтіру Бұқаралық ақпарат құрал- дарында әйелдердің құқығы саласындағы халықаралық құжаттар мен Қазақстан Республикасының заңдарын ұдайы жариялап отыру | Гендерлік сараптама Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Заңның жобасы Жарияланымдар, теле-және радио- хабарлар |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | Қаржыландыру көздері |
5 | 6 | 7 |
Әділетмин, Бас прокуратура (келісім бойынша), ІІМ, Еңбекәлеуметмин, Денбілім- спортмин, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, СІМ, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) СІМ, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, министрліктер мен ведомстволар Әділетмин, Бас прокуратура (келісім бойынша), ІІМ, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) | 2000 ж. және әрі қарай 2000 ж. | Халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегінде |
Мәдениетақпармин, Отбасы және әйелдер істері жөнінде гі ұлттық комиссия, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) | Әрқашан | Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегінде |