Қорытынды
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары әйелдердің жағдайы жөніндегі ІV конференцияда (Пекин, 1995 ж.) айқындалған 12 басымдықты қамтиды. Бұл басымдықтар Қазақстан Республикасының Президенті Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия үшін белгілеген іс-қимылдың төрт негізгі бағыттарына топтастырылған. Бұл - әйелдердің және олардың отбасыларының денсаулығын жақсарту, елдің қоғамдық-саяси өміріне әйелдердің белсене араласуы және олардың шешімдер қабылдау деңгейіне дейін көтерілуі, экономикалық ілгерілеу және әйелдерге қатысты зорлықтың жолын кесу.
Іс-қимылдардың ұлттық жоспарының мақсаты мен міндеттеріне кезең-кезеңмен жету көзделіп отыр: І кезең (қысқа мерзімді) - 1999-2000 ж., ІІ кезең (орта мерзімді) - 2001-2005 жж. ІІІ кезең (ұзақ мерзімді) 2006-2030 жж.
Әйелдердің денсаулығы мәселелері жөніндегі негізгі мақсаттар әйелдердің рұқтық (репродуктивтік) денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау, анемия ауруын және әйелдер мен балалардың денсаулығына экологиялық құбылыстардың зиянды ықпалын төмендету, жыныс жолымен берілетін аурулардың алдын алу, т.б. болып табылады.
Әйелдерді экономикалық ілгерілету экономикалық және жер ресурстарына олардың тең жағдайда жіберілуін қамтамасыз етуді, әйел кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасауды, отбасы мен әйелдерді әлеуметтік қорғаудың жүйесін жетілдіруді көздейді.
Қолданылып жүрген заңдарды қайта қарау жолымен іс-қимылдардың жоспарын, сондай-ақ әйелдерді зорлықтан қорғау және зорлықтың құрбандарын сауықтыру жөніндегі пәрменді тетіктерді жасауды, зорлықтан зардап шеккен әйелдер үшін деректердің ақпараттық базасын, дағдарыстық орталықтар мен сенімгерлік телефондарын құруды және т.б. көздейді.
Әйелдердің саяси қатысуы саласында әйелдерді өкімет құрылымына ілгерілетудің пәрменді тетіктерін жасауды, гендерлік көзқарастарды, оның ішінде тең құқықтары мен мүмкіндіктер туралы заңды ескере отырып, заңдардың қолданылып жүргендерін қайта қарауды және жаңасын әзірлеуді көздейді.
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын қаржыландырудың республикалық және жергілікті бюджеттерде қарастырылған шегінде, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды, донор-елдер мен халықаралық ұйымдардың көмектерін тарту жолымен жүзеге асырылады.