Жауапты атқарушылар |Атқару мерзімі | Қаржыландыру көздері |
5 | 6 | 7 |
Әділетмин, Бас прокуратура (келісім бойынша), ІІМ Әділетмин, Бас прокуратура (келісім бойынша), ІІМ ІІМ, Әділетмин, Отбасы және әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссия, БҰҰДБ (келісім бойынша) Статагенттік, ІІМ, Бас Прокуратура (келісім бойынша), Әділетмин ІІМ, Бас прокуратура (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), Әділет- мин, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, СІМ, БҰҰДБ (келісім бойынша), қоғам- дық бірлестіктер (келісім бойынша) ІІМ, Бас прокуратура (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), Әділет- мин, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, СІМ, қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша) ІІМ, Бас прокуратура (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), Әділет- мин, Денбілімспортмин, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, қоғамдық бірлестіктер (ке- лісім бойынша) Облыстардың, Астана және Алматы ққ; ІІМ, Еңбекәлеу- метмин, Денбілімспортмин, Әділетмин, СІМ, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) Денбілімспортмин, Әділетмин, ІІМ Денбілімспортмин, ІІМ, СІМ, БҰҰДБ (келісім бойын- ша), қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) Мәдениақпармин, Денбілім. спортмин, Әділетмин, ІІМ, Отбасы және әйелдер істері жөнінде ұлттық комиссия | 2007 ж. 1-тоқсан 2007 ж.1-тогқсан 2007 ж. 1-тоқсан 2000 ж. 2000 ж. 2000 ж. Тұрақты мони- торингі 2000 ж. 1999 ж.- Алматы қ. 2005 ж.- облыс орталық- тарында, 2005-2010 жж.- аудан орталық- тарында 1999 ж. 2000 ж. Әрқашан | Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, БҰҰДБ, Халықтарды орналастыру қоры Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, БҰҰДБ Жергілікті бюджеттер, халықаралық ұйымдар қаражаты- ның шегінде Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Республикалық және жергілік- ті бюджеттер қаражаты шегін- де, БҰҰДБ, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың грант- тары мен инвестициялары |
Д. Әйелдер мен қарулы жанжалдар
Қазақстан Республикасы өмірінің негіз боларлық принциптері қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық болып табылады. Конституцияға сәйкес, ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген әрекет Конституцияға жат саналады. Қазақстан ядросыз мемлекеттердің қатарына жатады және көршілес елдермен бейбіт қатар өмір сүру, басқа мемлекеттермен өзара тиімді жағдайларда интеграцияға түсу, келісім актілеріне басымдық беру және басқа мемлекеттердің ісіне араласпау саясатын жүргізіп отыр.
Соған қарамастан, басқа мемлекеттердегі қарулы жанжалдардың салдарынан Қазақстанда босқындар проблемасы пайда болды.
Босқындардың құқықтық жағдайы, босқындар мәртебесін алудың тәртібі мен ережелері "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы заңымен айқындалған. Соңғысында халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайлардан басқасында, босқындарды елден олардың келген жеріне қайтаруға немесе мәжбүрлі түрде апарып тастауға тыйым салынады.
1998 жылдың желтоқсанында Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы Конвенциясына және босқындардың мәртебесіне қатысты 1967 жылғы оған қосымша хаттамаға қосылды.
Қазіргі кезде "Босқындар туралы" заңның жобасы әзірленді, ол БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының (БҰҰ БІЖКБ) құқықтық сараптамасынан өткен.
Республиканың көші-қон қызметтеріне өздерін босқындар деп тану жөнінде 536 отбасы (1025 адам) өтінім жасады. 161 отбасына (440 адамға) босқындық мәртебесі берілді.
Қазақстанға босқындардан басқа репатриант-босқындар (оралмандар) келіп жатыр. Бұлар бір кезде Қазақстаннан саяси, ұлттық, діни және басқа себептер бойынша қудалаудың салдарынан зорлықпен немесе құқыққа жат шаралармен аласталған қазақтар, қазір олар өздерінің тарихи отанына қайтып оралуда.
Репатриант босқындар әскери қимылдар болып жатқан аймақтар - Тәжікстан мен Ауғанстаннан келіп жатыр. 1991 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде 3560 отбасы (16,1 мың адам) келді. Репатриант босқындардың жағдайлары өте күрделі. Олардың арасында сауатсыздар көп. Іс жүзінде бәрі дерлік ұлтаралық қатынас тілін (орыс тілін) білмейді. Репатриант босқындардың көпшілік бөлігінің мамандықтары және тіршілік ету мүмкіндіктері жоқ. Әсіресе, әйелдер ауыр жағдайда қалып отыр.
Репатриант-босқындардың және басқа қоныс аударушылардың проблемаларын шешу үшін Қазақстанда көші-қон процестерін басқару жөнінде өкілеттік берілген - Көші-қон және демография жөніндегі агенттік құрылды.
Д. бөлімі бойынша іс-шаралар жоспары. Әйелдер және қарулы жанжалдар
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 | Босқындар проблемалары бойынша заң жасау база- сын жетілдіру Репатриант босқындарды қабылдау және жайласты- ру Армиядағы зорлық көрі- ністерімен күрес | Қазақстан Республикасы "Босқындар туралы" заңы- ның жобасын әзірлеу Репатриант босқындардың, оның ішінде әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамта- масыз ету Репатрианттарға және басқа да қоныс аударушыларға арналған бейімделу орта- лықтарын құқықтық қамта- масыз ету Әскери қызметшілер арасын- да зорлықты болдырмау жөніндегі іс-шаралар | Заңның жобасы Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | Қаржыландыру көздері |
5 | 6 | 7 |
КДА (Көші қон және демогра- фия жөніндегі агенттік) Еңбекәлеуметмин, КДА, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкімдері, "Шағын несие" ҒӨБ Қорғанысмин, Бас прокура- тура, СІМ, ІІМ, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) | 1999 ж. Әрқашан 1999 ж. Әрқашан | Жергілікті бюджеттер, БҰҰ УВКБ, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымдар, қаража- тының шегінде Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдар қаража- тының шегінде |
Е. Әйелдер және экономика
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, ережелер мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін.
Әркімнің қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына, еңбегі үшін әлдеқандай кемсітушіліксіз сыйақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. Әркім еркін кәсіпкерлік қызметке құқылы.