К. Әйелдер мен бұқаралық ақпарат құралдары
Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында әйелдерге қатысты көптеген бағдарламалар пайда болды. Соған қарамастан, ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруды талап ететін бірқатар проблемалар бар.
Гендерлік проблематикаға лайықты көңіл бөлінбей келеді.
Әйелдерге қатысты зорлықтың көріністері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы адамгершіліктік намысты түсіретін баспалық және көрсетпелік өнімдік әйелдердің әлеуметтік мәртебесіне, әйелдің, әсіресе өскелең ұрпақтың лайықты бейнесін қалыптастыруға кері әсерін тигізеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары әйелдің байыпты бейнесін қалыптастыруға, оны жасампаз тұлға, елдің дамуындағы қоғамдық процестің белсенді құрылысшысы ретінде көрсетуі тиіс.
Дәйекті ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін мынадай стратегиялық мақсаттар мен басымдықтар:
әйелдердің өз мүдделерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білдіруіне және жаңа коммуникациялық технологияларға кең жол ашу;
әйелдерді бұқаралық ақпарат құралдарында объективті және жаттандылықсыз бейнелеу іске асырылатын болады.
К. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары.
Әйелдер және бұқаралық ақпарат құралдары
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 | Қазақстан Республика- сында әйелдердің жағ- дайын жақсарту жөнін- дегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын іске асыру мәселелерін БАҚ- да жоспарлы және мақ- сатты түрде жариялап тұру Әйелдердің құқықтық сауаттылығын дамыту Елдің қоғамдық-саяси өміріне әйелдердің бел- сенді қатысуын насихат- тау Әйелдің қоғамдағы рөлі туралы оңды мәлі- меттермен фактілерді кеңінен көрсету | Тұрақты жарияланымдар, ақпараттық және тақырып- тық радио-телехабарлардың бағдарламалары "Дөңгелек столдар", оқу семинарларын, тренингтер өткізу. Басылатын БАҚ-да арнайы "Әйел және құқық" айдарын жасау "Саясат келбеті" теле- хабарларын дайындау және жүргізу Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гендерлік проблемаларды насихаттау жөнінде ұсыным- дар жасау Әйелдердің адамгершілік намысын түсіретіндей бей- нелердің көрсетілуін болдырмау жөнінде шаралар қолдану Бұқаралық ақпарат құралда- ры арқылы гендерлік тепе- теңдік принциптерін тарату БАҚ арасында қоғамдағы әйелдерді дұрыс бейнелеу- дің республикалық конкурс- тары мен пікірталастарын жүргізу "Қазіргі қоғамдағы әйел- дердің жағдайы: құқықтық, әлеуметтік, мәдени және білім беру салалары" атты халықаралық ғылыми-практи- калық конференция өткізу Әйел сексуалдылығын пай- далануды және әйелдердің азаматтық құқықтарын бұзу- ды болдырмайтын Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" заңының жобасына ұсыныстар дайындау | Жарияланымдар, теле-радиохабар- лар Дөңгелек столдар, семинарлар, БАҚ-дағы айдарлар Телехабарлар Ұсынымдар Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Жарияланымдар, теле- және радио- хабарлар Конкурстар және пікірталастар Конференция Ұсыныстар |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | Қаржыландыру көздері |
5 | 6 | 7 |
Мәдениетақпармин, Отбасы және әйелдер істері жөнін- дегі ұлттық комиссия Мәдениетақпаратмин, Әділетмин, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) Мәдениетақпармин Мәдениетақпаратмин, Отбасы және әйелдер істері жөнін. дегі ұлттық комиссия, Әділетмин, СІМ, ҒӨБ (келісім бойынша) | Әрқашан Әрқашан 1999 ж. Айына екі рет 1999 ж. 1999 ж. Әрқашан Әрқашан 1999 ж. 2000 ж. | Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары |
Л. Әйелдер және қоршаған орта
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет қоршаған ортаны қорғауды, әйелдер мен адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдай жасауды өзінің мақсаты етіп қойып отыр.
Қоршаған ортаны қорғауды заңды түрде реттеу мақсатымен республикада "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы туралы", "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы", "Еңбекті қорғау туралы" заңдар жұмыс істеуде.
Қазақстандағы экологиялық ахуалға, ең алдымен, экономикадағы оның шикізаттық бағдарлануы, күрделі табиғи-климаттық жағдайлары әсер етуде.
Қазақстан аумағында экологиялық апатты - Арал өңірі аймағы бар. Семей ядролық полигонындағы және басқа әскери полигондардағы сынақтар табиғатқа зор залалын тигізді.
Қазақстанның айтарлықтай күрделі шаруашылық кешені өнеркәсіптік, тұрмыстық, улы қалдықтардың едәуір көлемі жинақталуына, атмосфера ауасының, топырақ пен су бөгендерінің ластануына ықпалын тигізді.
Өзекті проблемалардың бірі халықты сумен жабдықтаудың тапшылығы болып табылады.
Ауыз судың тапшылығы, су құбырларының тозуы ауыз суының сапасы төмендеуінің және ішек аурулары таралуының себептеріне айналды.
Қоршаған ортаның қолайсыз жай-күйі әйелдер мен балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуде, ал әлеуметтік экономикалық жағдайдың нашарлауы елдегі демографиялық ахуалға ықпал етуде. 1992-1997 жылдарда халықтың табиғи өсуі 1000 адамға шаққанда 12,1-ден 4,6-ға дейін төмендеді.
1996 жылы Экологиялық қауіпсіздік конвенциясы қабылданды. Ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдардың ұлттық жоспарының басымдығын (НПДООС/УР), ХХІ ғасырға арналған стратегияны айқындап берді.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ мен дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдіктерімен бірлесіп елді тұрақты дамытудың ықшам экологиялық бағдарламасына қол қойды.
Оны іске асыру үшін (НПДООС/УР) республикалық орталығы құрылды.
Елдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін 26 арнаулы бағдарлама әзірленді. Оның ішінде "Ауыр металдардың техногендік биогеохимиялық провинциялар жағдайларында әйелдердің рұқтық (репродуктивтік) функциясына әсері және сауықтыру іс-шараларының жүйесін әзірлеу", "Қазақстан Республикасы су жүйелерінің эпидемиялық жарамдылығын қолдауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру" және басқа бағдарламалар бар.
Л. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары.
Әйелдер және қоршаған орта
Рет N | Мақсаты және мiндеттерi | Нақты iс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 | Қоршаған ортаның жай- күйiн, әйелдердiң өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту Қоршаған ортаның жай- күйi және оны қорғау жөніндегі шаралар тура- лы халықтың хабардарлы- ғын көтеру | Қазақстан Республикасының Қоршаған орта гигиенасы жөніндегі iс-қимылдардың ұлттық жоспарын әзiрлеу және iске асыру "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу Неғұрлым көп ластанған - Алматы, Лениногор, Тараз, Өскемен, Шымкент, Екiбас- тұз, т.б. өнеркәсiп орта- лықтарының ауа бассейнiн сауықтыру, экологиялық таза технологиялар мен осы заманғы жабдықтарды енгізу Таза, экологиялық қауiпсiз өнiмдердi өндiрудi ынта- ландыру Арал өңiрiнде, Семей және басқа экологиялық қолайсыз аймақтарда әйелдердiң ден- саулығына әртүрлi фактi- лердiң ықпалын бағалаудың өлшемдерiн әзiрлеу Мектептерде және басқа оқу орындарында экологиялық білім беру жүйесiн жетiлдiру Қазақстан Республикасының Медициналық-экологиялық атласын шығаруға дайындау Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шолулар мен тұрақты есептердi дайындау Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде жинақ дайындау | Ұлттық iс-қимыл- дар жоспары Бағдарлама Бағдарламалар, iске асырылған жобалар Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрдiң бұйрығы Атлас Жинақ Жинақ |
таблицаның жалғасы