Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті жеке иеленуге құқығы бар, оның ішінде мұраға қалдыру құқығына заңмен кепілдік берілген. Соттың шешімі болмайынша ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.
Қазақстанның экономикалық белсенді халқы 7,5 миллион адамға жуықтайды. Жұмыс істеушілердің жалпы санында әйелдердің үлес салмағы 46%. Әйелдердің неғұрлым көп бөлігі денсаулық сақтауда, дене шынықтыруда, әлеуметтік қамсыздандыруда - жалпы жұмыс істеушілер санының 82%-і, білім беруде - 77%, қоғамдық тамақтану мен ақпараттық-есептеу қызметінде - 76%, мәдениетте - 70%, саудада - 3%, "қаржы-несие және сақтандыру" саласында 66% болып отыр. Әйелдер өнеркәсіптің тоқыма, тігін, тамақ және электроника салаларында да көп.
Экономиканы қайта құрылымдау жеке меншік секторында, шағын және орта бизнесте, өндірістік емес қызмет көрсету саласында әйелдердің үлесін көтеруге себеп болды. 1997 жылы тұрмыстық қызмет көрсету саласында 11,6 мың (56,5%), шағын бизнесте - 76 мыңға жуық (38%) әйел жұмыс істеді.
1998 жылдың аяғында республикада 156,4 мың жұмыссыз әйел ресми түрде тіркелді, мұның өзі жұмыссыздардың 62 %-ін құрайды.
Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған әйелдердің арасынан небәрі әрбір 6-шы әйел ғана жұмысқа ие болды. Жұмыс берушілер мұны әйелдердің еңбек рыногында бәсекелестікке қабілетінің төмендігімен түсіндіреді. Жұмыстан босатылғандардың арасында едәуір бөлігін он жылдан астам жұмыс стажы, жоғары және арнаулы орта білімі бар әйелдер құрайды.
Жұмыс күшіне деген сұраныстың түсіп кетуіне байланысты 45-тен жасы асқан жоғары және арнаулы орта білімі бар әйелдер өз мамандықтары бойынша жұмыс табу үмітінен айрылған.
Жұмыссыздар ретінде танылған әйелдердің жартысына жуығының асырауында жас балалар бар, олардың арасында мүгедек балаларды асырап отырған аналар 5%-ті құрайды.
Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы еркектерге қарағанда едәуір жоғары, 6,1 айға жуықтайды. Ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген әйелдер жігі пайда болуда.
Қазіргі уақытта әйелдер экономиканың тіркелмейтін секторынан жұмысты тезірек тауып жүр. Көптеген әйелдер үшін "шоп-турлар" бірден бір кіріс көзі болып табылады. Мұның өзі отбасылық бюджеттің жартысынан астамын құрайды.
Халықтың өзін өзі жұмыспен қамтуы, отбасылық және жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасында неғұрлым аз қамтылған азаматтарға шағын несиелер берудің 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруда.
Бағдарламаны іске асыру үшін "Шағын несие" үкіметтік емес ұйымы құрылды. Шағын несиенің мөлшері 1 адамға 400 АҚШ долларын құрайды. Шағын несиелерді берген кезде аз қамтылған әйелдерге басымдық беріледі. "Шағын несие" ҒӨБ барлығы жалпы сомасы 510 миллион теңгенің шағын несиесін берді. Алғандардың арасында 63%-і әйелдер.
Шағын несиелерді берумен, сондай-ақ аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұлттық қор да айналысады. Ол 3,4 миллион теңге сомасында 8,7 мың шағын несиені таратты.
Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымдардың қызметімен қатар шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі халықаралық ұйымдардың бағдарламалары іске асырылуда. Олар берген несиелердің үлесі жалпы несиенің 15 %-ін құрайды.
1998 жылы барлығы 29 мыңға жуық шағын несие берілді, мұның әлі де жеткіліксіз екендігі аян, жұмыспен қамтылмаған халықтың саны сарапшылардың бағалауынша қазір 1 млн. адамнан асады.
Е. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер және экономика
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 | Әйелдердің жер және қаржы ресурстарына тең жағдайда қол жеткізуін тездету Әйелдердің экономика- лық, оның ішінде еңбек құқықтарын қорғау Әйелдер мен олардың отбасыларының кәсіпкер- лік қызметте өздерін- өздері қамдауы | Ауыл шаруашылығы өндірісін және кәсіпкерлікті ұйым- дастыру үшін жер үлестерін табиғи қалпында жекешелен- діру, жер учаскелерін сатып алу мәселелерінде әйелдерге жәрдемдесу Қазақстан Республикасының тоқыма және тігін өнеркә- сібі шағын және орта кә- сіпорындарын жекешелендір- геннен кейінгі қолдау бағ- дарламасын әзірлеу және іске асыру Қазақстан Республикасында 1999-2000 жж. арналған шағын кәсіпкерлікті дамы- тудың және қолдаудың мем- лекеттік бағдарламасы шеңберінде әйел кәсіпкер- лігін дамыту бағдарламасын әзірлеу Шағын несиелендірудің тетігін оңайлату Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу Жұмыссыздар үшін ақы төле- нетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру Аз қамтылған әйелдер мен олардың отбасыларына шағын несиелерді бөлу Қазақстанда шағын бизнесті дамыту, олардың филиалда- рын ашу үшін Халықаралық әйелдер банкінен және басқа да халықаралық ұйым- дардан қаржылық және техникалық көмектер алуға жәрдемдесу | Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Бағдарлама Бағдарлама Үкіметтің қаулысы Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Несиелер, гранттар Қаржылық және техникалық жәр- демдесу бағдар- ламасы (жобасы) |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | Қаржыландыру көздері |
5 ___________________________ Ауылшармин, Облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкімдері Энергоиндуссаудамин, СІМ, "Шағын несие" ҒӨБ (келісім бойынша) Бизнесагенттік, СІМ, "Шағын несие" ҒӨБ (келісім бойынша) "Шағын несие" ҒӨБ (келісім бойынша) Еңбекәлеуметмин, Облыстар- дың, Астана және Алматы ққ. әкімдері Еңбекәлеуметмин, Облыстар- дың, Астана және Алматы ққ. әкімдері "Шағын несие" ҒӨБ (келісім бойынша), аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі жалпыұлт- тық қор (келісім бойынша), отбасылары мен әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, СІМ Отбасылар және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, СІМ, "Шағын несие" ҒӨБ (келісім бойынша) | 6 ______________ Әрқашан 2000 ж. 1999 ж. 1999ж. Әрқашан Әрқашан Әрқашан Әрқашан | 7 _____________________________ Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, БҰҰДБ (келісім бойынша), халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық әйелдер банкі (келісім бойынша), БҰҰДБ (келісім бойынша), халық- аралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Шағын бизнесті қолдау қоры, аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі жалпыұлттық қор, Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкі Халықаралық гранттар мен инвестициялар |
Ж. Әйелдер өкімет құрылымдарында
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтар жынысына қарамастан, мемлекеттік істерді басқаруға тікелей және өздерінің өкілдіктері арқылы қатысуға құқылы деп жазылған.