22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі сезіктілер мен айыпталушыларға гигиенаның, санитарияның және өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай келетін жағдайлар жасауға міндетті.
2. Сезіктілер мен айыпталушылар бір адамға шаққанда кемінде екі жарым шаршы метр санитариялық алаң нормасы негізге алынатын үй-жайларда ұсталуға тиіс.
3. Сезіктілер мен айыпталушыларға жеке жатын орын, төсек-орын мен ас ішу құралдары берілуге тиіс.
4. Барлық камералар радиохабар құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс. Камераларға күзетпен ұстау орнының кітапханасынан әдебиет пен мерзімді баспасөз басылымдарын беруге рұқсат етіледі.
23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі белгіленген санитариялықгигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы талаптардың сақталуын, сезіктілер мен айыпталушылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық, оның ішінде психиатриялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оларды медициналық мекемелерде ұстау мен оларға қызмет көрсетуге осы мекемелердің персоналын тарту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігі айқындайды.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі тергеу изоляторының әкімшілігі күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық қызмет көрсету үшін үй-жайлар береді және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сезіктілер мен айыпталушылар дене жарақатын алған жағдайда куәландыруды күзетте ұстау орындарының медициналық қызметкерлері кешіктірмей жүргізеді. Медициналық куәландырудың нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітіледі және зардап шегушіге хабарланады. Медициналық куәландыруды күзетте ұстау орнының әкімшілігі басшысының не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның шешімі бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
4. Сезікті немесе айыпталушы ауыр науқастанған не қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі оның жақын туыстарына және осы факт бойынша тексеру жүргізетін прокурорға хабарлайды. Қайтыс болған адамның мәйіті патология-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ заңдарда көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі. Қайтыс болып, мәйіті сұралмаған адамды жерлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
5. Сезіктінің немесе айыпталушының қайтыс болуы мүмкін ауыр науқасы байқалған жағдайда медициналық қорытынды болса, тергеу изоляторы әкімшілігінің прокурорға және істі жүргізуші органның алдына бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселе қоюға құқығы бар.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Тергеу изоляторында немесе уақытша ұстау изоляторында ұсталушы шетелдік қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дереу хабарлайды. Сонымен бірге бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне жазбаша түрде хабарлайды.
24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға салмағы почта ережелерінде көзделген нормалардан аспайтын сәлемдемелер мен сәлем-сауқатты мөлшерін шектемей алып тұруға рұқсат етіледі.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларға күзетте ұстау орындарына келіп түскен ақша аударымдары олардың жеке шоттарына қосылады. Сезіктілер мен айыпталушылар күзетте ұстау орындары әкімшілігінің рұқсатымен өз қаражатынан туыстарына және өзге де адамдарға ақша аударымдарын жөнелте алады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайларда сезіктілер мен айыпталушылар үшін оларды қабылдай алады.
4. Сезіктілер мен айыпталушыларға адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыс қаруы ретінде пайдаланылуы мүмкін не күзетте ұстаудың мақсатына кедергі келтіруге арналған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беруге тыйым салынады.
5. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін тексеруден жасырып қалу немесе сезіктілер мен айыпкерлерге беру, сондай-ақ белгіленген ережелерге қарамастан оларға кез келген нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беру заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Қосымша ақылы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
1. Тергеу изоляторларында күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар мүмкіндігіне қарай, қосымша ақылы тұрмыстық және медициналық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.
2. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ақылы тұрмыстық қызметтерді тергеу изоляторының әкімшілігі көрсетеді, олардың тізбесі мен көрсетілу тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді.
3. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ақылы медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдар көрсетеді.
26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту
1. Тиісті жағдайлар болған кезде айыпталушылар, өздерінің тілегі бойынша, белгіленген тәртіппен тергеу изоляторлары аумағында еңбекке тартылады.
2. Айыпталушылардың жалақысы заңда көзделген ұстап қалулардан кейін олардың жеке шоттарына аударылады.
3. Айыпталушыларды еңбекке тарту алдын ала тергеу мен анықтауға кедергі келтірмеуге тиіс.
27-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың тергеу іс-әрекеттеріне және
сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орындарының әкімшілігі тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындарына қабылдауды және оларды жіберілген жеріне жөнелту үшін айдауылға беруді қамтамасыз етеді.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды тергеу іс-әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысудан босату заңдарда көзделген негіздерде жүзеге асырылады.
28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық- құқықтық мәмілелерге қатысуы
Сезіктілер мен айыпталушылардың, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен және Ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген ретпен, өздерінің өкілдері арқылы немесе тікелей азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға құқығы бар.
29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері
1. Сезікті және айыпталушы әйелдер үш жасқа дейінгі балаларын өздерімен бірге ұстай алады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Күзетпен ұстау орындарында жүкті әйелдер және өзімен бірге балалары бар әйелдер үшін жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен айқындалатын тамақтандырудың және затпен қамтамасыз етудің көтеріңкі нормалары белгіленеді.
3. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге күн сайын ұзақтығы үш сағатқа дейінгі серуен беріледі.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге жазалау шарасы ретінде тәртіптік изоляторға отырғызуды қолдануға болмайды.
5. Қажет болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі заңда белгіленген тәртіппен баланы туыстарына немесе өзге де адамдарға не балалар мекемесіне уақытша беру туралы өтініш жасауы мүмкін.
30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен тамақтандырудың көтеріңкі нормалары белгіленеді.
2. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайынғы серуендерінің ұзақтығы екі сағаттан кем емес болып белгіленеді. Серуендеу кезінде кәмелетке толмағандарға дене жаттығулары мен спорт ойындары үшін мүмкіндік беріледі.
3. Жағдай болған кезде кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға кинофильмдер көрсетіледі, олар үшін телехабарлар көру ұйымдастырылады, спортпен шұғылдану және басқа да демалыстар үшін үй-жайлар, сондай-ақ ашық ауада спорт алаңдары жабдықталады.
4. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға оқулықтар мен мектеп-жазу құралдарын сатып алуға және алуға, сондай-ақ оларды осы Заңының 24-бабында көзделген нормалардан асатын сәлем-сауқаттар мен сәлемдемелер арқылы алуға рұқсат етіледі.
3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу
31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары
1. Сезіктілер мен айыпталушылар жалпы немесе осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарына сәйкес бір кісілік камераларда ұсталады.
2. Күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераға бір тәуліктен астам мерзімге орналастыруға жол беріледі. Сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераларға орналастыруға мынадай жағдайларда:
1) осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзгедей мүмкіндігі болмаған кезде;
2) сезіктінің немесе айыпталушының не басқа да сезіктілердің немесе айыпталушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;
3) сезіктінің немесе айыпталушының жеке ұстау туралы жазбаша арызы болған кезде;
4) сезіктілер мен айыпталушылардың түнгі уақытта бір кісілік камераларға орналастыру кезінде, егер күндіз олар жалпы камераларда ұсталса, прокурордың санкциясы талап етілмейді.
3. Сезіктілер мен айыпталушылардың басқа камераларда немесе күзетте ұстау орындарының өзге де үй-жайларында ұсталатын сезіктілермен және айыпталушылармен сөйлесуіне, оларға қандай да болсын нәрселер беруіне және хат жазысуына жол берілмейді.
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың бостандықта жүрген адамдармен сөйлесуі, қандай да болсын нәрселер беруі және хат жазысуы осы заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары сезіктілер мен айыпталушыларды олар күзетте ұсталатын жерлерден тыс жерлерге ауыстырылған кезде сақталуға тиіс.
32-бап. Камераларда бөлек орналастыру
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды камераларға орналастыру олардың жеке басы мен психологиялық сыйысымдылығы ескеріле отырып жүргізіледі. Темекі тартатындар мүмкіндігіне қарай темекі тартпайтындардан бөлек орналастырылады.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ сотталғандарды камераға орналастырған кезде мынадай талаптардың сақталуы міндетті:
1) мыналар:
еркектер мен әйелдер;
кәмелетке толмағандар ұсталатын камерада құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қылмыстық жауаптылыққа алғаш рет тартылған оң мінезделетін ересектерді ұстау қажет болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандар мен ересектер;
алғаш рет қылмыстық жауапқа тартылушы адамдар мен бұрын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдар;
өздеріне қатысты үкімдер заңды күшіне енген сотталғандардан сезіктілер, айыпталушылар;
бір қылмыстық іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше істер бойынша сезіктілер мен айыпталушылар бөлек ұсталады;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) мыналар:
өте ауыр және ауыр қылмыстар жасалуына сезіктілер мен айыпталушылар;
қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде сотталғандар;
басқа сезіктілерден, айыпталушылардан бөлек ұстауға жағдай болған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
судьялар, адвокаттар, әділет органдарының қызметкерлері, ішкі істер, прокуратура, салық, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік кіріс органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің, кеден органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің, Ұлттық ұланының, Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері болып табылатын немесе болған адамдар;
күзетте ұстау орны әкімшілігінің не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша шешімі бойынша өмірі мен денсаулығына басқа сезіктілер мен айыпталушылардың тарапынан қауіп төнген сезіктілер мен айыпталушылар;
жұқпалы аурулармен ауыратындар немесе айрықша медициналық күтім мен бақылауды қажет ететіндер басқа сезіктілер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және оларды қадағалау
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қамауда және қадағалауда ұстау орындарындағы күдіктілер мен айыпталушылар осы орындардың аумақтарында айдауылдың не болмаса қамауда ұстау орындары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүріп-тұрады. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында дыбыс және бейне техникалар пайдаланылуы мүмкін.
Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу және суретке түсіру жүргізіледі. Олар орналастырылатын үй-жайлар тінтіліп, ал олардың заттары, сәлем-сауқаттары мен сәлемдемелері тексеріледі.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Күзетте ұстау орындарында табылған және иесі анықталмаған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алып қойылады, ол туралы хаттама жасалып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды өткізу құзыретіне кіретін уәкілетті органға беріледі.
4. Тексеру кезінде ерікті түрде тапсырылған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алып қойылады және Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес сезікті немесе айыпталушы босатылғанға дейін күзетте ұстау орындарында пайдалану және билік ету құқығынсыз сақталады. Күзетте ұсталған адамдар сотталған және бас бостандығынан айыру орындарына жіберілген жағдайда жоғарыда аталған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар тізімдеме бойынша қылмыстық жазалауды атқарушы мекемеге беріледі.
5. Сезіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған нәрселер, заттар мен тамақ өнімдері күзетте ұстау орындарының әкімшілігіне сақтауға беріледі не соттың шешімі бойынша жойылады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Күзетпен ұстау орындарының қызметкерлері адамдардың күзетпен ұстау орындарының аумағына кірген және шыққан кездегі заттары мен киімдерін жете тексеруді, сондай-ақ кірген және шыққан көлік құралдарын жете тексеруді, күдіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін алып қоюды жүргізеді.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Күзетпен ұстау орындарында қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу іс-қимылдары жүргізіледі.
34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету
Тергеу изоляторларына тікелей жапсарлас жатқан және шекарасын жергілікті атқарушы орган белгілеген аумақтарда ішкі істер органдарының ұсынуы бойынша режимдік талаптар орнатылуы мүмкін.
35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері
1. Сезіктілер мен айыпталушылар:
1) осы Заңмен және Ішкі тәртіп ережелерімен белгіленген күзетте ұстау тәртібін сақтауға;
2) күзетте ұстау орындары әкімшілігінің заңды талаптарын орындауға;
3) гигиена мен санитария талаптарын сақтауға;
4) күн сайынғы серуенге шығуға (серуеннен босатуды күзетте ұстау орны медициналық қызметкерінің қорытындысы бойынша күзетте ұстау орнының бастығы жүзеге асырады);
5) өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға;
6) күзетте ұстау орындарының мүлкіне ұқыпты қарауға;
7) кезектілік тәртібімен камераларды және басқа да бөлмелерді тазалауға;
8) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің, сезіктілер мен айыпталушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың абыройын қорлайтын іс-әрекеттер жасамауға;
9) күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне, сондай-ақ күзетте ұстау тәртібін қамтамасыз ететін өзге де адамдарға олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуге;
10) өзінің өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер жасамауға міндетті.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларға осы Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін өзінде ұстауға, сондай-ақ оларды сақтауға және пайдалануға тыйым салынады.
36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға міндеттерін үлгілі орындағаны, күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін сақтағаны үшін мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін:
1) бұрын белгіленген жазаны мерзімінен бұрын алу;
2) кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға спортпен шұғылдануға арналған үй-жайларға қосымша баруға, сондай-ақ бос уақытын өткізудің басқа да нысандарына рұқсат беру.
2. Көтермелеуді күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы немесе оның орынбасары қолданады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Жазалау шаралары
Белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларға мынадай жазалау шаралары:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) он бес тәулікке дейінгі мерзімге тәртіптік изоляторға жабу;
4) кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушыларды жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылуы мүмкін.
38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазаны күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы немесе оның орынбасары қолданады. Бір тәртіп бұзғандығы үшін кінәлі адамға бір жазадан артық жаза қолданылмайды.
2. Жаза тәртіп бұзуды жасаудың мән-жайлары және сезікті мен айыпталушының мінез-құлқы ескеріле отырып қолданылады. Жаза тәртіп бұзушылық белгілі болған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тәртіп бұзушылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - ол аяқталған күннен бастап, бірақ тәртіп бұзушылық жасалған күннен бір айдан кешіктірілмей қолданылуы мүмкін. Жаза, әдетте, дереу, ал оны дереу қолдану мүмкін болмаған жағдайда - ол белгіленген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
3. Жаза қолданылғанға дейін сезіктіден немесе айыпталушыдан жазбаша түсініктеме алынады, ал түсініктеме беруден бас тартылған жағдайда ол туралы тиісті акт жасалады.
4. Сөгіс түріндегі жаза ауызша немесе жазбаша нысанда, басқа жазалар - жазбаша нысанда қолданылады.
5. Сезіктілер мен айыпталушылардың жазаға жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар. Шағым беру жазаның орындалуын тоқтата тұрмайды.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау
1. Күдіктілер мен айыпталушылар:
1) басқа күдіктілер мен айыпталушыларға қысым көрсеткені және оларды қорлағаны;
2) күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны не оларды қорлағаны;
3) оқшаулау қағидаларын бірнеше рет бұзғаны;
4) алкогольдік ішімдіктерді сақтағаны, дайындағаны және ішкені;
5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтағаны, дайындағаны және пайдаланғаны;
6) құмар ойындарға қатысқаны үшін тәртіптік изоляторға, ал кәмелетке толмағандар уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызылуы мүмкін.
2. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу түріндегі жаза сөгіс түрінде екі және одан да көп рет жаза қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларға да қолданылады.
3. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның қаулысы және күдіктіні немесе айыпталушыны тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау мүмкіндігі туралы медициналық қызметкердің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Күдіктілер мен айыпталушылар тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында жеке жатын орнымен және төсек-орындармен белгіленген сағаттарда ұйықтайтын уақытқа ғана қамтамасыз етіледі.
5. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға:
1) қорғаушымен жолығудан басқа, хат жазысуға, жолығуларға;
2) тамақ өнімдері мен ең қажетті нәрселерді сатып алуға;
3) хаттар, сауқаттар және сәлемдемелер алуға;
4) үстелүсті ойындарын, кітаптарды, газеттерді, журналдарды және өзге де әдебиетті пайдалануға тыйым салынады.
Сауқаттар мен сәлемдемелер күдіктілер мен айыпталушыларға олардың тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында болу мерзімі аяқталғаннан кейін табыс етіледі.
Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты осы бапта көзделмеген өзге де шектеулерге жол берілмейді.
Олардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жіберуі осы Заңның 20-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызу түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыруға, күдіктіні немесе айыпталушыны медициналық көрсетілімдерді ескере отырып мерзімінен бұрын босатуға құқығы бар. Егер жазаны орындауды ұзарту мерзімі медициналық көрсетілімдер бойынша жазаны қолданған күннен бастап бір айдан асып кетсе, онда күдікті немесе айыпталушы жазадан босатылуы мүмкін.
7. Емізулі балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер және кәмелетке толмағандар тәртіптік изоляторға жабылмайды.
40-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың материалдық жауапкершілігі
1. Сезіктілер мен айыпталушылар күзетте ұсталған уақытында мемлекетке материалдық залал келтіргені үшін:
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) еңбек міндеттерін атқару кезінде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртіп пен мөлшерде;
2) өзге де іс-әрекеттерімен залал келтіргенде - заңдарда көзделген тәртіп пен мөлшерде материалдық жағынан жауапты болады.
2. Сезікті немесе айыпталушы мемлекетке келтірген материалдық залалдың мөлшері күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының қаулысымен белгіленеді.
3. Қаулы сезіктіге немесе айыпталушыға қолы қойғызыла отырып жарияланады және оған жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады.
4. Материалдық залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен өндіріліп алынады.
5. Келтірілген материалдық залал үшін дұрыс өндіріліп алынбаған сомалар сезіктіге немесе айыпталушыға қайтарылуға тиіс және оның жеке шотына салынады.