8) арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініш жасауға құқығы бар.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Әкімшілік қамаққа алынған, гауптвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге әскери қызметшілердің гауптвахтада әкімшілік қамақты өтеу тәртібіне сәйкес осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылады.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 46-9-баптың тақырыбы өзгертілді
46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан, гауптвахтадан босату
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан, гауптвахтадан судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамауға алу мерзімін өтегеннен кейін босатылады.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар шығарып жіберу туралы сот үкімін, шешімін, қаулысын орындау үшін не жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу мерзімі өткеннен кейін арнаулы қабылдау орнынан босатылады.
2. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхат алына отырып қайтарылады.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар атыс қаруын немесе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және есірткі заттарын заңсыз сақтаған кезде шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Босатылған адамға оның арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында, гауптвахтада болғаны туралы анықтама беріледі.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен Заң 3-3-тараумен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-3-тарау өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-3-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі
46-10-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер мен үй-жайларда, сондай-ақ осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі - алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
46-11-бап. Үйлестіру кеңесі
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;
алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;
алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.
46-12-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
1. Мынадай:
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
46-13-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
1) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай мекемелер мен ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
2) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
4) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;
5) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;
6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.
46-14-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.
Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.
Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:
1) осы Заңның ережелері бұзылған;
2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
46-16-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болуы мыналарға бөлінеді:
1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу;
2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;
3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.
2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін айқындайды.
46-17-бап. Алдын ала болу тәртібі
1. Алдын ала болуды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді жазбаша хабардар етеді.
4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.
46-18-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:
уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да енгізіледі.
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса береді.
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің интернет-ресурсында орналастырылады.
46-19-бап. Құпиялылық
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
46-20-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына өздерінің заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.
Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-4-тараумен толықтырылды; 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 3-4-тараудың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-4-тарау. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау
46-21-бап. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайларға қабылдау және тіркеу
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы үй-жайларға отырғызылатын адамдарды қабылдау және тіркеу, жеке қарап тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттардың тізбесі арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабылатын әскери қызметшілерді қабылдау және тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды (қажет болған кезде дактилоскопиялауды және фотосуретке түсіруді) жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттардың тізбесі уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкімшілік ұстауға алынған адамдардың арнаулы үй-жайларға жабылғаны туралы олардың тұрғылықты жері бойынша жақын туыстарына, әкімшілік ұстауға алынған әскери қызметшілердің уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабылғаны туралы әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығына (бастықтарына) дереу хабарланады.
Шетелдікті арнаулы үй-жайға отырғызған кезде әкімшілік ұстап алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне дереу хабарлайды.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 46-22-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-22-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау режимі
1. Арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді. Ұстау жағдайлары, үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар арнаулы үй-жайдың үлгілік ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалады.
2. Ұстауға алынған, арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдар күзетпен ұсталатындар мен арнаулы қабылдау орындарындағылар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдері күн сайын ведомость бойынша беріледі.
3. Арнаулы үй-жайларға орналастырылған ер адамдар әйел адамдардан бөлек орналастырылады.
4. Өздеріне қатысты ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
5. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратындарды ұстауға алынған басқа да адамдармен бірге ұстауға болмайды.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда әскери қызметшілерді ұстау режимі уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 46-23-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-23-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталатын, ұстауға алынған адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Ұстауға алынған адамдар:
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы үй-жайда , уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда ұстау режимі туралы ақпарат алуға;
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) арнаулы үй-жайда , уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
3) материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызмет көрсетуді алуға;
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) полиция, әскери полиция органдарының басшысына, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы үй-жайларға, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға орналастырылған адамдар тиісінше полиция органының, әскери полиция органының басшысы бекітетін арнаулы үй-жайдың, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдың ішкі тәртіптеме қағидаларын орындауға міндетті.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 46-24-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-24-бап. Ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайдан, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдан босату
1. Ұстауға алынған адамдар ұсталуына негіз болған мән-жайлар жойылған кезде не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ұстап алу мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.
2. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхатпен қайтарылады.
3. Ұстауға алынған адамдар атыс немесе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және есірткі заттарын заңсыз сақтаған кезде шешімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Босату кезінде адамға оның арнаулы үй-жайда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда болғаны туралы анықтама беріледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатуға:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші, анықтаушы, прокурор немесе судья шығарған қаулы, сондай-ақ сот қаулысы;
2) күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының немесе прокурордың Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген күзетте ұстау мерзімінің бітуіне байланысты аталған сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы қаулысы негіздеме болады.
48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның дәлелді қаулысын алғаннан кейін, не соттың дәлелді қаулысы бойынша күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы босатады.
2. Күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы сезіктіні немесе айыпталушыны күзетте ұстау мерзімі біткенге дейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға не адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер заңмен белгіленген бұлтартпау шарасы ретінде ұстау немесе күзетпен ұстау мерзімі біткеннен кейін сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не оны бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе, күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы оның өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
4. Осы баптың үшінші тармағының талаптарын орындамаған жағдайда сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленгеніндей жауапты болады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Күзетте ұстаудан босатылған сезіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақтаулы ақшасы, сондай-ақ оны күзетпен ұстауға кім санкция бергендігі; ұстаудың және бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері, орны мен уақыты; босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі күзетте ұстаудан босатқан сезікті немесе айыпталушы қажет болған жағдайда тұрғылықты жеріне темір жол, автомобиль немесе су көлігімен жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусымға байланысты киіммен қамтамасыз етіледі.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 49-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
49-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалау
Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.