2. Гауптвахталарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді олардың ведомстволық тиесілігіне қарай тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдайды.
3. Гауптвахталар қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысында айқындалады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары
1. Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторлары олардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
3. Уақытша ұстау изоляторларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер олардың ведомстволық тиістілігіне қарай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен қабылданады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Төтенше жағдай енгізілген кезде санитариялық талаптарға сай келетін және орынды өз еркімен қалдыру мүмкіндігін болғызбайтын, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарды ұстау үшін ыңғайластырылған өзге де үй-жайлар жергілікті жер комендантының шешімімен қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
3. Қабылдау-бөлу орындарын және арнаулы қабылдау орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылсын:
9-2-бап. Арнаулы үй-жайлар
1. Арнаулы үй-жайлар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция органдарының кезекші бөлімдері жанынан құрылады.
2. Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру тәртібін және арнаулы үй-жайдың үлгілік ішкі тәртіптеме қағидаларын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9-3-бап. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар
1. Гауптвахталар ішінде уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар жабдықталады, оларға гауптвахта қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуы қолданылады.
Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысында айқындалады.
2. Гарнизондарда гауптвахталар болмаған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекшінің жанынан уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар құрылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекшінің жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру тәртібін және олардағы ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар басқа қылмыстың жасалуына сезікті болған немесе айыпталған жағдайда, олар осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жатқан басқа сотталғандардан бөлек ұсталуы мүкін.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушылар уақытша ұстау изоляторларына жеткізілгенге дейін әкімшілік ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда ұсталуы мүмкін.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер және айыпталушылар, заңнамада көзделген негіздер бойынша сараптама тағайындау қажет болған жағдайда, сондай-ақ оларға медициналық көмек көрсету жағдайында осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен медициналық мекемелерге орналастырылады.
4. Сезікті және айыпталушы әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша гауптвахталарда ұсталуы мүмкін.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдар, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жатады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Теңіз кемелерінің капитандары, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, сондай-ақ олар уәкілдік берген адамдар күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқару кезеңінде күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне осы заңда берілген міндеттерді атқарады және құқықтарды пайдаланады.
3. Осы Заңда күзетте ұстау орындары әкімшілігінің басшылары болып:
1) тергеу изоляторларының бастықтары;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бастықтары;
3) уақытша ұстау изоляторларының бастықтары;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қарауында уақытша ұстау изоляторлары бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi аумақтық бөлімшелерінің бастықтары;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) қарауында гауптвахталар бар әскери полиция органдарының бастықтары ұғынылады.
6) 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу үшін арнаулы даярлығы, білімі және дағдылары болуға тиіс.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстырудың негіздемесі
1. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторлары орналасқан елді мекендерден тыс жерлерде тергеу іс-әрекеттерін, соттың істі қарауды жүргізуі үшін аталған іс-әрекеттер мен сот процесін орындау уақытына оларды күн сайын жеткізу мүмкін болмайтын қажетті жағдайларда уақытша ұстау изоляторларына ауыстырылуы мүмкін, бірақ ол отыз тәуліктен аспауға тиіс.
2. Мұндай ауыстыруға прокурордың, судьяның қаулысы, сондай-ақ тергеушінің немесе анықтаушының прокурор, оның орынбасары санкция берген қаулысы негіздеме болып табылады.
13-бап. Күзетте ұстау мерзімі
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен белгіленеді.
14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим
1. Күзетте ұстау орындарында сезіктілер мен айыпталушылар құқықтарының сақталуын, олардың өз міндеттерін атқаруын, оларды оқшаулауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін режим белгіленеді.
2. Режимді қамтамасыз ету күзетте ұстау орындарының әкімшілігіне, сондай-ақ қызметкерлеріне жүктеледі, олар қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгілегендей жауап береді.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Күзетпен ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіптеме қағидаларын (бұдан әрі - Ішкі тәртіптеме қағидалары) бекітеді.
Ішкі тәртіп ережелерімен:
1) сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдап алу және камералар бойынша орналастыру;
2) жеке тінтуді, саусақтарының таңбасын алуды, суретке түсіруді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушылардың заттарын тексеруді жүргізу;
3) сезіктілер мен айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін алып қою;
4) сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету;
5) сезіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ ең қажетті нәрселер мен басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алу;
6) сезіктілер мен айыпталушылардың сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар алу және жіберу;
7) сезіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттар, хаттар, ақша аударымдарын алу және жіберу;
8) сезіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жолдау;
9) сезіктілер мен айыпталушылардың діни жоралар жасауы;
10) айыпталушыларды еңбекке тарту;
11) сезіктілер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) күдіктілер мен айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;
13) сезіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету;
14) сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайын серуенге шығарылуы;
15) сезіктілер мен айыпталушылардың осы Заңның 17-бабында аталған адамдармен жолығысуын өткізу;
16) сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот мәжілістеріне қатысуын қамтамасыз ету;
17) күзетте ұстау орындары әкімшілігі басшысының және ол уәкілдік берген адамдардың сезіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы;
18) күзетте ұстау орындарында қайтыс болған сезіктілер мен айыпталушылардың мәйіттерін беру;
19) сезiктiлер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану;
20) сезiктiлер мен айыпталушыларды күзеттен босату тәртібі белгiленедi.
2. Ішкі тәртіп ережелерінде сол сияқты сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарындағы мінез-құлық ережелері, тамақ өнімдерінің, ең қажетті заттардың, аяқ киімдердің, киім-кешектердің және сезіктілер мен айыпталушылар өзінде ұстап, сақтап, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына болатын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып сатып ала алатын басқа да өнеркәсіп тауарларының тізбесі мен мөлшері белгіленеді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушыларға белгіленген ақылы қызмет түрлерінің тізбесі көрсетіледі.
Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты қараңыз
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау
16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары
1. Сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында болған кезеңде:
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, күзетте ұсталу режимі, тәртіптік талаптар, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
2) күзетте ұстау орындарында жеке басының қауіпсіздігіне;
3) күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысына және күзетте ұстау орындарындағы қызметті бақылайтын адамдарға аталған адамдар оның аумағында болған уақыттарда өтініш жасауға;
4) қорғаушысымен жолығысуларға;
5) туыстарымен және осы Заңның 17-бабында аталған өзге де адамдармен жолығысуларға;
6) құқыққа қарсы мақсатта пайдаланылуы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтері бар құжаттар мен жазбаларды қоспағанда, қылмыстық іске қатысты не өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне байланысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға;
7) өздерінің күзетте ұсталуының заңдылығы мен негізділігі және өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы мәселелер бойынша ұсыныстармен, арыздармен, соның ішінде сотқа жүгінуге;
8) хат жазысуға және жазу құралдарын пайдалануға;
9) тегін тамақ алуға, материалдық-тұрмыстық және медициналықсанитариялық жағынан қамтамасыз етілуге;
10) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерін іс жүргізуге және өзге де іс-әрекеттерге тартуға тыйым салынатын түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
11) күн сайын ұзақтығы бір сағаттан кем емес серуендеуге;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) тізбесі мен саны Ішкі тәртіп қағидаларында айқындалатын заттар мен нәрселерді пайдалануға;
13) күзетте ұстау орындарындағы кітапханадан алынған не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен сатып алынған әдебиетті және мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ стол үсті ойындарын пайдалануға;
14) Ішкі тәртіп ережелері және басқа сезіктілер мен айыпталушылар құқықтары сақталуы шартымен сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында діни жоралар жасауға, өзінде діни әдебиет, ғибадат заттарын ұстауға;
15) өзінің білімін көтерумен шұғылдануға және арнайы әдебиетті пайдалануға;
16) сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар алуға;
17) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің тарапынан сыпайы арақатынасқа;
18) азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға;
19) заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылардың сондай-ақ:
1) ақша аударымдарын алуға және жөнелтуге;
2) некеге отыруға және оны бұзуға, егер олар заңдарға қайшы келмеген жағдайда, өзге де отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысуға;
3) тергеу орнындағы дүкеннен (дүңгіршектен) не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алуға;
4) газеттер мен журналдарға жазылуға және оларды алуға;
5) әкімшіліктен қажет болған жағдайда күзетте ұстау орындарында киіп жүруге рұқсат етілген маусымдық киім-кешек алуға құқығы бар.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Сөйлеу не есту не көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар болып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандардың көрсететін қызметтерін пайдалануға құқығы бар.
3. Күзетте ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларға тиісті жағдайлар болған кезде еңбек етуге мүмкіндік беріледі.
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың жоғарыда аталған құқықтардан басқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген құқықтары бар.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ұстап алынған кезінен бастап қорғаушымен оңаша және құпия кездесулер беріледі. Кездесулердің саны мен ұзақтығы шектелмейді. Мынадай жағдайларда:
2018.02.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша - қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен;
2) қорғаушы болып тағайындалғаны туралы қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органының тиісті шешімін көрсетуі бойынша - қорғаушылар болып табылатын кәсіптік одақтардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) соттың қаулысын, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын, сондай-ақ өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша - қорғаушылар ретінде іске қатысушы өзге де адамдармен;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) қылмыстық процесті жүргізетін органның шешімін көрсетуі бойынша - шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің ресми өкілімен кездесуге рұқсат беріледі.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қылмыстық процесті жүргізетін адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың туыстарымен және өзге де адамдармен - айына екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандардың үш реттен аспайтын, әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін болатын кездесуіне рұқсат берілуі мүмкін.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не мәліметтерді беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесу мерзімінен бұрын үзіледі.
4. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Жұқпалы ауруы бар (ВИЧ/ЖҚТБ (СПИД) және туберкулез) науқастарға жолығысулар саны мен ұзақтығы медициналық қызметкермен (дәрігермен) алдын-ала әңгімелесіп, ауруды жұқтыру мүмкіндігі туралы жазбаша хабарланғаннан кейін белгілеген тәртіппен беріледі.
18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сезіктінің немесе айыпталушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген не басқа сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басына қарсы қылмыс жасалу қаупі туындаған кезде күзетте ұстау орындарының қызметкерлері осындай қауіп төнген сезіктінің немесе айыпталушының жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті.
19-бап. Хат жазысу
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға туыстары мен өзге де адамдардан айына екі хат немесе жеделхат алуға және жөнелтуге рұқсат етіледі. Хатхабарларды жөнелту және алу сезіктілер мен айыпталушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Сезіктілер мен айыпталушылардың хат жазысуы қылмыстық істі жүргізуші және цензура өткізуге тиіс адамның немесе органның рұқсаты бойынша күзетпен ұстау орнының әкімшілігі арқылы ғана жүзеге асырылады, бұған осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтерді қамтитын, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар хаттар адресатқа жіберілмейді, күдіктілер мен айыпталушыларға табыс етілмейді және іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан адамға немесе органға беріледі.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталушы адамдармен хат жазысуы қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
5. Сезікті мен айыпталушының атына келіп түскен хаттарды тапсыруды, сондай-ақ оның хаттарын адресаттарға жөнелтуді, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, хат келіп түскен немесе оны сезікті және айыпталушы тапсырған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей, күзетте ұстау орнының әкімшілігі жүргізеді. Хатты мемлекеттік тілге немесе ресми қолданылатын орыс тіліне аудару қажет болған жағдайда оны тапсыру мерзімі аудару үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін.
6. Жақын туысының қайтыс болғандығы немесе ауыр науқастығы туралы мәліметтер сезіктіге немесе айыпталушыға ол мәліметтер алынғаннан кейін дереу хабарланады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Сезіктінің немесе айыпталушының атына ол күзетте ұстау орнынан кеткеннен кейін келіп түскен хаттар алынғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей оның кеткен жері бойынша жөнелтіледі.
20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау
1. Сезіктілер мен айыпталушылардың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жолдаған ұсыныстары, арыздары мен шағымдары күзетте ұстау орнының әкімшілігі арқылы жіберіледі.
2. Прокурорға және сотқа жолданған ұсыныстар, арыздар мен шағымдар цензурадан өткізілмейді және адресатқа желімдеп жабылған түрінде дереу жіберіледі.
3. Мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды күзетте ұстау орындарының әкімшілігі олар берілген кезден бастап бір тәуліктен кешіктірмей қарап, жөнелтуге тиіс.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтері бар, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға қатысты осы Заңның 19-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады.
5. Соттың, анықтаушының, анықтау органы бастығының, тергеушінің немесе прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дереу жіберіледі.
6. Ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға жауаптар сезіктілер мен айыпталушыларға қолы қойғызыла отырып хабарланады және жеке істеріне тігіледі.
7. Өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты ұсыныстар, арыздар мен шағымдар жасағаны үшін сезіктілер мен айыпталушыларды кез келген нысанда қудалауға жол берілмейді. Күзетте ұстау орындарының мұндай қудалауға кінәлі лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу
Сезіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен айқындалатын нормалар бойынша денсаулығы мен күш-қуатын сақтау үшін жеткілікті тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сезіктілер мен айыпталушыларға осы Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынғандарын қоспағанда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысып тамақ өнімдерін, ең қажетті заттарды, сондай-ақ басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алуға құқық беріледі.