Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-І Заңы
(2016.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы заңның міндеттері
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау мақсаты
4-бап. Арнаулы мекемелерде ұстау принциптері
5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері
6-бап. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы
7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары
8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары
9-бап. Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары
9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары
10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану
11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері
12-бап. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстырудың негіздемесі
13-бап. Күзетте ұстау мерзімі
14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим
15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп
2-тарау. Күзетте ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары
16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары
17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар
18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
19-бап. Хат жазысу
20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау
21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу
22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу
25-бап. Қосымша ақылы қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету
26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту
27-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың тергеу іс-әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету
28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы
29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері
30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері
3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу
31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары
32-бап. Камераларда бөлек орналастыру
33-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және оларды қадағалау
34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету
35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері
36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі
37-бап. Жазалау шаралары
38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі
39-бап. Карцерде ұстау
40-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың материалдық жауапкершілігі
41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар
42-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін, арнаулы құралдарды, газбен және оқпен атылатын қаруларды қолданудың жалпы негіздері
43-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін қолдану
44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану
45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану
46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі
3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау
46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу
46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды тексеру
46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату тәртібі мен негіздері
46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі
46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың құқықтары мен міндеттері
3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарында ұстау
46-6-бап. Әкімшілік қамауға алынған және арнаулы қабылдау орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау мен тіркеу
46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау режимі
46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында ұсталушы, әкімшілік қамауға алынған адамдардың құқықтары мен міндеттері
46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орнынан босату
3-3-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі
46-10-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
46-11-бап. Үйлестіру кеңесі
46-12-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
46-13-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
46-14-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
46-16-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
46-17-бап. Алдын ала болу тәртібі
46-18-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
46-19-бап. Құпиялылық
46-20-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
4-тарау. Қорытынды ережелер
47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері
48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі
49-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалау
50-бап. Қоғамдық бақылау
51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен кіріспемен толықтырылды
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;
2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны;
3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам;
4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам;
5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй-жай;
6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу - белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде оны уақытша оқшаулаудан тұратын құқық бұзушылықтың жеке профилактика шарасы;
7) карцер - күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін қасақана бұзған адамды ұстауға арналған бір адамдық камера;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қабылдау-бөлу орны - ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, олардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқықтық бұзушылықтар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;
9) камера - қабылдау-бөлу орнына, арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына орналастырылған адамдарды ұстауға арналған үй-жай;
10) күзетте ұстау - адамдарды сот санкциясымен арнаулы мекемелерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау;
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) тергеу изоляторы - өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстар орындау үшін қалдырылған не түзеу мекемесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жіберілген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабында көзделген тәртіппен ауыстырылған сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) уақытша ұстау изоляторы - қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды күзетпен ұстауға арналған арнаулы мекеме.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау мақсаты
Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды орындау мақсатында жүзеге асырылады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Арнаулы мекемелерде ұстау принциптері
Арнаулы мекемелерде ұстау заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, жеке бастың ар-намысы мен абыройын құрметтеу принциптеріне, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және қылмыс жасаған деп арнаулы мекемелерде ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды тәни немесе рухани азапқа тарту мақсатындағы іс-әрекеттермен ұштаспауға тиіс.
2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері
Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері:
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алынғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстап алу хаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған күдіктіні өмір сүру және тәрбиелену жағдайы бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін болмаған жағдайларда, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 540-бабында көзделген тәртіппен заңға сәйкес бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы мүмкін;
3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады;
4) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-бөлу орнына орналастыру ішкі істер органдарының сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы
1. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген шектеулермен, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
2. Арнаулы мекемелерде ұсталушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен; 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындары:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары;
2) Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары болып табылады.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды атқаратын қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелері (бұдан әрі - жазаларды атқаратын мекеме) мен гауптвахталар күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстау орындары болып табылуы мүмкін.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес алыс сапардағы теңіз кемелерінің капитандары, шекара отрядтарының бастықтары, жергілікті жердің коменданты жүзеге асырған жағдайларда күдіктілер аталған лауазымды адамдар айқындаған және күдіктілерді ұстау үшін арнайы ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады.
4. Қылмыстық істі жүргізіп жатқан адам немесе орган Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес он екі сағат ішінде сезіктінің немесе айыпталушының туыстарының біріне оның күзетте ұсталу орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлауға міндетті.
Сезікті немесе айыпталушы шетелдікті күзетте ұстау орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлама аталған мерзімде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Әділет министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жолданады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары (бұдан әрі - тергеу изоляторлары) өздеріне қатысты бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау таңдалған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған.
2. Тергеу изоляторлары заңды тұлға құқықтарына ие болады. Олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
3. Тергеу изоляторларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары
1. Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторлары олардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
3. Уақытша ұстау изоляторларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер олардың ведомстволық тиістілігіне қарай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен қабылданады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Төтенше жағдай енгізілген кезде санитариялық талаптарға сай келетін және орынды өз еркімен қалдыру мүмкіндігін болғызбайтын, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарды ұстау үшін ыңғайластырылған өзге де үй-жайлар жергілікті жер комендантының шешімімен қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
3. Қабылдау-бөлу орындарын және арнаулы қабылдау орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану
1. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар басқа қылмыстың жасалуына сезікті болған немесе айыпталған жағдайда, олар осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жатқан басқа сотталғандардан бөлек ұсталуы мүкін.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік шекараны бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушылар уақытша ұстау изоляторларына жеткізілгенге дейін әкімшілік ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда ұсталуы мүмкін.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер және айыпталушылар, заңнамада көзделген негіздер бойынша сараптама тағайындау қажет болған жағдайда, сондай-ақ оларға медициналық көмек көрсету жағдайында осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен медициналық мекемелерге орналастырылады.
4. Сезікті және айыпталушы әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша гауптвахталарда ұсталуы мүмкін.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдар, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жатады.
2. Теңіз кемелерінің капитандары, түзеу мекемелерiнiң, шекара отрядтарының бастықтары, сондай-ақ олар уәкілдік берген адамдар күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқару кезеңінде күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне осы заңда берілген міндеттерді атқарады және құқықтарды пайдаланады.
3. Осы Заңда күзетте ұстау орындары әкімшілігінің басшылары болып:
1) тергеу изоляторларының бастықтары;
2) түзеу мекемелерінің бастықтары;
3) уақытша ұстау изоляторларының бастықтары;
4) қарауында уақытша ұстау изоляторлары бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi бөлімдерінің командирлері;
5) қарауында гауптвахталар бар әскери бөлімдердің (корабльдердің) командирлері;
6) гарнизондық гауптвахталардың бастықтары ұғылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстырудың негіздемесі
1. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторлары орналасқан елді мекендерден тыс жерлерде тергеу іс-әрекеттерін, соттың істі қарауды жүргізуі үшін аталған іс-әрекеттер мен сот процесін орындау уақытына оларды күн сайын жеткізу мүмкін болмайтын қажетті жағдайларда уақытша ұстау изоляторларына ауыстырылуы мүмкін, бірақ ол отыз тәуліктен аспауға тиіс.
2. Мұндай ауыстыруға прокурордың, судьяның қаулысы, сондай-ақ тергеушінің немесе анықтаушының прокурор, оның орынбасары санкция берген қаулысы негіздеме болып табылады.
13-бап. Күзетте ұстау мерзімі
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен белгіленеді.
14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим
1. Күзетте ұстау орындарында сезіктілер мен айыпталушылар құқықтарының сақталуын, олардың өз міндеттерін атқаруын, оларды оқшаулауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін режим белгіленеді.
2. Режимді қамтамасыз ету күзетте ұстау орындарының әкімшілігіне, сондай-ақ қызметкерлеріне жүктеледі, олар қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгілегендей жауап береді.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Күзетпен ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіптеме қағидаларын (бұдан әрі - Ішкі тәртіптеме қағидалары) бекітеді.
Ішкі тәртіп ережелерімен:
1) сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдап алу және камералар бойынша орналастыру;
2) жеке тінтуді, саусақтарының таңбасын алуды, суретке түсіруді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушылардың заттарын тексеруді жүргізу;
3) сезіктілер мен айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін алып қою;
4) сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету;
5) сезіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ ең қажетті нәрселер мен басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алу;
6) сезіктілер мен айыпталушылардың сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар алу және жіберу;
7) сезіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттар, хаттар, ақша аударымдарын алу және жіберу;
8) сезіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жолдау;
9) сезіктілер мен айыпталушылардың діни жоралар жасауы;
10) айыпталушыларды еңбекке тарту;
11) сезіктілер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) күдіктілер мен айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;
13) сезіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету;
14) сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайын серуенге шығарылуы;
15) сезіктілер мен айыпталушылардың осы Заңның 17-бабында аталған адамдармен жолығысуын өткізу;
16) сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот мәжілістеріне қатысуын қамтамасыз ету;
17) күзетте ұстау орындары әкімшілігі басшысының және ол уәкілдік берген адамдардың сезіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы;
18) күзетте ұстау орындарында қайтыс болған сезіктілер мен айыпталушылардың мәйіттерін беру;
19) сезiктiлер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану;
20) сезiктiлер мен айыпталушыларды күзеттен босату тәртібі белгiленедi.
2. Ішкі тәртіп ережелерінде сол сияқты сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарындағы мінез-құлық ережелері, тамақ өнімдерінің, ең қажетті заттардың, аяқ киімдердің, киім-кешектердің және сезіктілер мен айыпталушылар өзінде ұстап, сақтап, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына болатын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып сатып ала алатын басқа да өнеркәсіп тауарларының тізбесі мен мөлшері белгіленеді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушыларға белгіленген ақылы қызмет түрлерінің тізбесі көрсетіледі.