Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28
шiлдедегi № 1035 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 ж. 19 маусымдағы № 994 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 12.08.00 ж. № 1253 қаулысымен күшi жойылды (ҚР Үкіметінің 28.08.00 ж. № 1316 қаулысымен күшi тоқтатылды)
Сыртқы сауданы одан әрi ырықтандыру және экспорттаушылар үшiн қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ сыртқы сауданың нормативтiк базаларын қолданылып жүрген халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"7. Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларының (мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда) 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап биржалық мәмiлелер жасағандығы туралы куәлiктi мiндеттi түрде ұсынбастан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысымен бекітілген биржалық тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға құқығы бар деп белгiленсiн.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда) биржалық мәмiле жасағандығы туралы куәлiк ұсынбастан биржалық тауарларды әкетуге рұқсат етсiн";
7, 8-тармақтар тиiсiнше 9, 10-тармақтар болып есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi