Қазақстан Республикасынан тауарларды экспортқа шығару тәртібін
оңайлату және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 желтоқсандағы № 1492 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң реформаларды тереңдету жөніндегі iс-қимыл бағдарламасына сәйкес өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылығы өнiмдерi экспортын тұрақтандыру және сыртқы экономикалық қызметтiң нормативтерiн Дүниежүзiлiк сауда ұйымының принциптерiне және нормаларына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Республикалық Баға комиссиясы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бiр ай мерзiмде тауар өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғайтын Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң ерiктi ассоциациясын (одағын) құру үшiн жағдай жасау жөніндегі шараларды әзiрлесiн.
3. Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн күшiн сақтайды деп белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 мамырдағы № 654 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 25, 209-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
4-тармақтың бесiншi абзацындағы "3 жыл" деген сөздер "1 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың үшiншi абзацындағы "және одан кейiнгi жылдар" деген сөздер алынып тасталсын;
"Жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың тiзбесi" деген 4-қосымшаға осы қаулыға берiлген қосымшаға сәйкес толықтырулар енгiзiлсiн.
4-тармақтың 4 абзацының күшi тоқтатылды - ҚР Пр-нiң 1996.12.31. № 3309 жарлығымен.
5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитетi экспорттық контрактiлерге тәуелсiз инспекциялар белгiлеген бағалармен салыстырғанда төмендетiлген баға табылған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден және салық заңдарында көзделген салық салынатын табысты түзету жөнiнде шаралар қолдансын.
6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы өткiзген тендердiң жеңiмпазымен жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын өткізу жөнiнде бiрлескен iс-қимыл туралы шартқа қол қойсын.
7. Қазақстан Республикасының жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 1996 жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн тауарларға экспорттық баға айқындау әдiстемесiн бекiтсiн.
8. "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
8-тармақтың күшi тоқтатылды - ҚР Пр-нiң 1996.12.31. № 3309 жарлығымен.
9. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1492 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасынан экспортталатын, жүзеге
асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз
инспекциясы жүргiзiлетiн тауарлардың
ТIЗБЕСI
______________________________________________________________________
Тауардың атауы СЭҚ ТН коды
______________________________________________________________________
Бидай (барлық түрi) 1001
Арпа 1003
Күрiш 1006
Мүйiздi iрi қараның немесе жылқы
тақылеттес жануарлардың терiсi 4101
Қойдың немесе қозының терiсi 4102
Биязы жүн (меринос, меринос емес, жуылған және
жуылмаған), жартылай биязы, жартылай қылшықты,
қылшық жүндер 5101
Жануарлардың түктерi (жiңiшке, қатты) ангор
қоянының, түйенiң, ангор ешкiсiнiң 5102
Талшықты-мақта 5201, 5203
Мақта қалдықтары (шитi) 5202