Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi
№ 1035 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 мамырдағы N
600 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысының 3-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
К.Р.Чтилова - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі микроэкономикалық саясат бас басқармасының агроөнеркәсiп кешенi бөлiмiнiң бас маманы,
М.А.Оразаев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Агроөнеркәсiп кешенi қаржысы және табиғатты қорғау шараларының басқармасы бастығының орынбасары Республикалық баға комиссиясының құрамына енгiзiлсiн;
С.С.Еспаев, Е.Е.Сиденко құрамынан шығарылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi