Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 ж. 12 шiлдедегі № 895 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 12.08.00 ж. № 1253 қаулысымен күшi жойылды (ҚР Үкіметінің 28.08.00 ж. № 1316 қаулысымен күшi тоқтатылды)
Сыртқы экономикалық саладағы мемлекеттік мүдделердi қорғау, экспортталатын тауарларға бақылау жасауды ұйымдастыру мақсатында және республиканың Бүкiл дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруiне әзiрленуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 мамырдағы № 654 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, № 25, 209-бап):
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы туралы";
қаулының мәтiніндегі "Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарларын жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясы", "Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясын", "жөнелту алдындағы инспекция", "Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясын" деген сөздер "Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы", "жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын", "iшiнара тәуелсiз инспекция" және "жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 1996 жылдың 15 тамызынан бастап жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы енгiзiлсiн.
Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге инспекция, тәуелсiз инспекция жүргiзуге жiберiлген органдардың қалауы бойынша iшiнара жүргiзiледi";
2-тармақ алынып тасталсын.
5-тармақтағы "1" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi осы қаулы жарияланған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде сыртқы экономикалық қызмет субъектiлерiне 1996 жыдың 15 тамызынан бастап жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекциясының жүйесiнiң енгiзiлгенi туралы хабарласын";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Контарктiлiк баға мен жүзеге асырылған экспорттық контарктiлерге iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзудiң нәтижесiнде айқындалған бағасының арасында айырма анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органдары кеден органдарының ұсынысы бойынша салық салу мақсатында салық төлеушiлердiң кiрiсiн осы айырмаға түзетедi";
1-8-тармақтар 1-7-тармақтар болып саналсын.
1,2,3 және 5-қосымшалардағы "экспортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы инспекциясын", "экспортталатын тауарлардың алдын ала жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясы", "экспортқа ұсынылатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясы", "жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясы", "жөнелту алдындағы инспекциясын", "Жөнелту алдындағы инспекция органдарының" және "жөнелту алдындағы инспекция" деген сөздер "Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекция", "жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекциясы", "жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекциясының", "iшiнара тәуелсiз инспекция органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымшада:
ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүзеге асырылған экспорттық контарктiлерге iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзу тәртібі туралы";
3-тармақтағы 4 және 6-абзацтар алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
"4. Кеден органдары мәмiленi кедендiк ресiмдегеннен кейiн 3 күндiк мерзiмнiң iшiнде контарктiлер мен экспорттаушыдан қабылданған басқа да құжаттарды iшiнара тәуелсiз инспекция органдарына бередi";
5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
"Экспорт жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру тетiгi" деген II бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"II. Инспекцияны жүзеге асыру тетiгi";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мәмiленi кедендiк ресiмдеген сәттен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей кеден органдары осы қаулыға 4-қосымшада көрсетiлген тауарларды Қазақстан Республикасынан әкету туралы жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекциясын хабардар етедi";
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары (немесе уәкiлдi агент) 10 жұмыс күнi iшiнде экспортталатын тауарлардың санына, бағасының деңгейiне сәйкес iшiнара тәуелсiз инспекцияны жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген тауарларды сипаттау мен кодтандырудың үйлесiмдендiрiлген жүйесiне сәйкес тауарлық кодты айқындайды";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары (немесе уәкiлдi агент) инспекциясының аяқталуы бойынша НБЕ республика кеден органдарына бередi"; 16-тармақ алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Экспортталатын тауарлардың контрактiлiк бағалары НБЕ-де көрсетiлген бағаларға сәйкес келмеген жағдайларда кеден органдары 2 күн мерзiм iшiнде сараптық мәмiле және НБЕ жөніндегі материалдарды салық төлеушiлердiң осы айырмадан түсетiн түсiмiн салық салу мақсатында түзету үшiн салық органдарына жолдайды";
аталған қосымша мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
"18. Iшiнара сараптамалардың жалпы процедурасы өндiрiстiк процестер мен өнiм экспортына кедергi жасамауға тиiс";
5-18-тармақтар 5-14-тармақтар болып саналсын;
4-қосымшада:
тақырыбындағы "Жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекция" деген сөздер "Iшiнара тәуелсiз инспекция" деген сөздермен ауыстырылсын;
тiзбе мынадай жолдармен толықтырылсын:
"Өңделмеген мұнай (газ конденсатын қоса) 2709
Табиғи газ 271111000
271121000";
5-қосымшада:
тақырыбындағы "Экспортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясы" деген сөздер "Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекция" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың төртiншi абзацы алынып тасталсын;
2. "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, № 26, 302 қ.) 1-қосымшада:
"Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм" деген 2-бөлiмнен:
"Өңделмеген мұнай (газ конденсатын қоса) 2709, 271000330
және оның өңделген өнiмдерi 271000350
271000510
271000690
271000790"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұнай өңделетiн өнiмдер 271000330
271000350
271000510
271000690
271000790"
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi