Өтініште көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішті қанағаттандырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сенімгерлік басқарудағы акцияларын оларды сату туралы шешім қабылдау күніне қалыптасқан нарықтық құн бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды сату жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда бағалаушы акцияларды сату бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекетін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-2-баппен толықтырылды; 2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-2-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 53-2-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты байқаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруді;
2) жазбаша ескерту шығаруды;
3) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.
Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде беру қажеттігіне бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.
3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарлауы жазбаша ескерту болып табылады.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісімге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.
5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
6. Осы бапта келтірілген шаралар сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері туындаған жағдайларда, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайда, оларға қатысты қолданылуы мүмкін.
7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықты іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
10. Шектеулі ықпал ету шараларының қолданылу тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-3-баппен толықтырылды; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-3-бап өзгертілді
53-3-бап. Санкциялар
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокеріне бұрын оларға қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, санкциялар қолдануға құқылы.
2. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шараларды:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салуды;
2) осы Заңның 54-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) осы Заңның 55-1, 55-2, 55-3, 55-4 және 55-5-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен консервацияны енгізуді;
3) осы Заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыруды;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 4 ) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара )
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сатуды;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы. Осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің тиісті лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуды жүргізеді.
3. Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі:
1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамауы;
2) осы Заңда белгіленген сақтандыру есептері мен ақпаратын беру тәртібі мен мерзімдерін бұзуы;
3) уәкілетті органға осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген ақпаратты бермеуі немесе дәйексіз ақпарат беруі;
4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға сақтандыру есептеріндегі ақпаратты ашуы немесе беруі бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамын қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 54- бап өзгертілді; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді
54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 1 ) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара )
1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;
1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші ірі қатысушы - жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші жеке тұлғадан сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін кері қайтарып алған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;
2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;
2-3) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында белгiленген тыйым салуды бұзған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қатарынан екi есепті кезең ішінде уәкiлеттi органға есептiлікті табыс етпеген;
4) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін тексеруге байланысты уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге байланысты талаптарды бұзған;
6) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;
8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-1) аудиторлық ұйымның өткізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көрсетілген мерзімде қасақана жоймаған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ қосымша жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеген, уақытылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген;
10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Заңда көзделген жағдайларда дерекқорға қатысу шарты болмаған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерінде болуы көзделген, сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға қатысу шарты болмаған;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ірі қатысушы - жеке тұлға не сақтандыру холдингі болмаған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
14) сақтандыру агенті осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарын орындамаған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
15) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сыныптар бойынша да, жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершiлiгiнiң көлемiн арттыруды көздейтiн өзгертудi қоса алғанда, оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуына, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады. Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
Мұндай шешiм лицензиаттың атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы талаптар сақтандыру брокерiне қатысты қолданылмайды.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 54-1-баппен толықтырылды
54-1-бап. Консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сатысында немесе оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін оның қаржылық жағдайын сауықтыру немесе сақтанушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жүргізуі мүмкін.
Сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) беруге сақтандыру шарттарын қамтамасыз ету үшін активтер жеткілікті болған жағдайда жол беріледі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы уақытша әкімшіліктің шешімі уәкілетті органмен келісуге жатады.
2. Сақтандыру портфелін беру туралы шешім уәкілетті органмен келісілгеннен кейін уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Консервациялау сатысында сақтандыру портфелін беру кезінде хабарландыруда сақтанушылар сақтандыру шартын берумен келіспеген жағдайда қарсылықтарды беру тәртібі, мерзімдері және олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжай көрсетіледі.
3. Консервациялау сатысында уақытша әкімшілік уәкілетті органмен келісім бойынша сақтанушының сақтандыру шартын беру туралы келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін ішінара немесе толық беру туралы шешім қабылдайды.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының сақтандыру портфелін беруге келісімі ретінде қаралады.
Уақытша әкімшілік сақтанушылардың жазбаша қарсылығын көрсетуі үшін осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сақтандыру портфелін беруге келісім берген сақтанушылардың тізімін қалыптастырады.
4. Сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру сақтанушының келісімінсіз толық көлемде жүзеге асырылады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 55-бап өзгертілді
55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру
1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бұзушылықты жою жөніндегі ықпал етудің шектеулі шараларын бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамаған;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;
2-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған;
3) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензиялық қызметті лицензия берілген күннен бастап он екі ай бойы жүзеге асырмаған;
5) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде осы ұйым табыс еткен бизнес-жоспардағы не оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардағы қорытынды болжау нәтижелері осы бизнес-жоспарды орындау кезеңі аяқталған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс жүзіндегі қорытынды нәтижелеріне сәйкес келмеген;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы.
1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.
2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс.
3. Лицензиясынан айырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.