4. Лицензиясынан айырылған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 55-1-баппен толықтырылды
55-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау ұғымы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау уәкілетті органның шешімі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оның қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткілікті нормативін орындамаған;
2) осы Заңның 54-бабының 1-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкін.
3. Консервациялау режимін белгілеу уәкілетті органның шектеулі (бір жылға дейін) мерзімге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындауын көздейді.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргізу туралы шешіміне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері сот тәртібімен он күн мерзімде шағымдана алады. Аталған шешімге шағымдану сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды тоқтата тұрмайды.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 55-2-баппен толықтырылды
55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілік
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері не осы Заңның 34-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдар қатарынан тағайындайды.
2. Уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелерінің (уәкілетті органның қызметкерлерін қоспағанда) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбегіне ақы төлеу жағдайлары уәкілетті орган мен уақытша әкімшіліктің арасында жасалған жеке шартпен белгіленеді.
3. Уақытша әкімшілік өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
4. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің мүшелерін кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы келтірген залал үшін уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелеріне жүктеуге жол беруге болмайды.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 55-3-баппен толықтырылды
55-3-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешім
1. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешімі:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және оның орналасқан жерін;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешімнің негіздемесін;
3) консервациялау әрекетінің басталуы мен мерзімін;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын шектеулер тізбесін;
5) уақытша әкімшіліктің дербес құрамын;
6) консервациялау режимінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне өз жұмысы туралы есепті, табысы туралы декларацияны, меншiгiнiң бар екендігі және мөлшері туралы мәліметтерді дайындау және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке беру туралы нұсқамасын;
7) уақытша әкімшіліктің ұсынымын қамтуға тиіс.
2. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзiмдi екі басылымда жариялайды.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 55-4-баппен толықтырылды
55-4-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде басқару ерекшеліктері. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері
1. Консервациялау әрекетінің басталуымен және оның мерзімінде:
1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер, сондай-ақ осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке көшеді;
4) уақытша әкiмшiлiк хабардар етілмей және оның жазбаша келісімiнсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның есебінен жасалған барлық мәмілелер жарамсыз деп танылады.
2. Уақытша әкiмшiлiк:
1) осы Заңның 55-5-бабының талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң барлық мәселелері бойынша өздігінен шешім қабылдауға;
2) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңінде жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;
3) қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражатын салуды көздейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан шарттарды бұзуға не ставкаларын, тарифтерін және қолданылу мерзiмдерiн өзгертуді қоса алғанда, оларға біржақты тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның мүддесіне орай талап қоюға;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерін қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында міндеттерін бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға;
7) кредитор мен борышкердің бір адам болуына орай өзара талаптарды есепке жазуды жүргізуге;
8) сақтандыру портфелінің бір бөлігін не толық көлемде уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге құқылы.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 55-5-баппен толықтырылды
55-5-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылау
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылауды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады, ол:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде қызметтің негізгі бағыттары туралы ұсынымдар беруге (негізгі іс-шаралар жоспарын ұсынуға);
2) орындалуы міндетті жазбаша нұсқаулар беруге;
3) оның қызметі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі туралы ақпарат беруді талап етуге;
4) істелген жұмыс туралы есепті тыңдауға;
5) консервациялау мерзімін ұзартуға;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды аяқтау туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін егжей-тегжейлі регламенттеу және оның үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 55-6-баппен толықтырылды
55-6-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау:
1) уәкілетті органның шешімімен белгіленген консервациялау мерзімінің аяқталуы;
2) уәкілетті органның консервациялауды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы негіздері бойынша тоқтатылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды (оның ішінде мерзімінен бұрын да) тоқтату оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты уәкілетті орган немесе уақытша әкімшілік белгілеген осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты барлық шектеулерді алып тастауға әкеп соғады. Бұл ретте консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерінің құрамына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшінде қалады.
3. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға әкелмеген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айыруға құқылы.
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 56-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айырудың зардаптары
1. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензияларынан айыру туралы шешiмi оны уәкілетті орган қабылдаған күнiнен бастап күшiне енедi. Лицензиядан айыру туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Лицензиядан айырған күннен бастап он бес күн iшiнде уәкiлеттi орган сотқа заңдарда белгiленген тәртiппен сақтандыру брокерiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Лицензиядан айыру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық органдарының өкiлеттiгi көшедi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң лицензиядан айыру туралы шешiмiне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 54-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен уәкілетті органмен келісуге жататын сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру портфелін бергеннен кейін немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде сақтандыру портфелін беру туралы шешімді ол қабылдамағаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Уәкілетті орган уақытша әкiмшiлiктің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты анықтаған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жою және (немесе) белгiленген мерзiмде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы уақытша әкiмшiлiктер орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі бекітілу үшін уәкiлеттi органға ұсынылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдап алу-беру актісімен ресімделеді, ол төрт данада жасалады. Қабылдап алу-беру актісінің бір данасы - уәкілетті органға, екіншісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешімді қабылдаған сотқа жіберіледі.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс істеу, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкімшісін) тағайындау тәртiбi, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкімшінің) өкiлеттiктерi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкімшінің) уәкілетті органға есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.
57-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
58-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 59-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде талап еткен мiндеттi актуарий қорытындысын және өзге де құжаттарды беруден бас тартқан;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 1-1 ) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара )
1-1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) осы Заңның 40-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің талаптарын орындамаған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған, актуарий қызметін сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
3) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
4) актуарий осы Заңның 40-бабының 4-тармағына сәйкес біліктiлiк емтиханын тапсырмаған;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардаң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) лицензияланған қызметтi сақтандыру рыногында соңғы екi жыл бойы жүзеге асырмаған;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардаң қолданысқа енгiзiлдi)
6) актуарий уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекітілген актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы бойынша емтихан тапсырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 60-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
60-бап. Актуарийді лицензиясынан айыру
1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) актуарий есептеулерiн жүргiзу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті жүзеге асыру барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi органнан басқасына) берiлген;
4) осы Заңның 19-бабының 6-тармағындағы талаптар орындалмаған;
5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешiм шығаруға құқылы.
2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензиат лицензиясынан айырылған болып есептеледi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 61- бап өзгертілді
61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу
1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып есептелген құны мен мiндеттемелер арасында терiс айырма барын анықтаған жағдайда уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша барлық мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жағдайында сатып алуға тiлек бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы кейіннен оларды жаңа инвесторға сату мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын (акционерлердің үлестерін) мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнге оның нақты төлем қабілеттігі маржасының мөлшері негізінде айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды сатуды уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық мәжбүрлеп сатып алынатын акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға ауысады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейiннен жаңа инвесторға сату тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
11-тарау. Қайта құру
2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 62-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүргізіледі.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
Өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға бұрын берілген барлық лицензияларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға өтiнiш беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешiмiнің болуы негiз болып табылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуының болжалды шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттар;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуынан кейінгі және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың есептік балансын қоса алғанда, өз еркімен қайта ұйымдастырылудың салдарына қаржылық болжам.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға арналған өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.
6. Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды өткізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде алдағы өзгерістер туралы өздерінің барлық сақтанушыларына тікелей хабарлау және тиісті хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы хабардар етуге міндетті.
7. Қайта ұйымдастырылу нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың талаптары:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болу шарттарының бірі орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.