2. Лицензиаттардың, орталық депозитарий мен бірыңғай оператордың есептілігінің тізбесі, нысандары, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері және тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес бағалы қағаздар нарығының субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға шектеулер және тыйым салу
1. Мынадай жағдайларды:
1) өз мұқтаждығы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік етуді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсетуді;
3) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет мәселелері жөніндегі арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлерінде өткізуді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет саласында оқытуды ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларды қоспағанда, лицензиат қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қор биржасы осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайлардан басқа:
1) қор биржасының интернет-ресурсында қор биржасы мен оның мүшелері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де ақпаратты жариялауды;
2) қор биржасының материалдық-техникалық құралдарын және өзге де жабдықтарын жалдауға (жалға) беруді жүзеге асыруға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы баптың 1-тармағының күші трансфер-агенттің қызметіне қолданылмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 53-1-баппен толықтырылды
53-1-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
1. Лицензиатқа жарнама жарияланған күні шындыққа сай келмейтін қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
2. Уәкілетті орган лицензиаттан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оның тоқтатылуын немесе оны теріске шығаруды жариялауды талап етуге құқылы.
Осы талаптар уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не мұндай жарнаманы жариялаған лицензиат есебінен оларды нақтылауға құқылы.
3. Бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар ұсынатын қызметтерді жарнамалаушы ретінде мына тұлғаларға:
уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;
лицензиаттардың қызметкерлері болып табылмайтын және лицензиаттар уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 54-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Мыналар:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері;
3) трансфер-агенттің бас бухгалтерін қоспағанда, бас бухгалтер;
4) өтініш берушінің (лицензиаттың) оқшауланған бөлімшелерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын бір немесе бірнеше құрылымдық бөлiмшенiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және клиенттермен жасасқан шарттарда және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген әртүрлі есептілік нысандарын қоса алғанда, клиенттермен жасалатын кез келген шарттарға, клиенттерге және (немесе) уәкілетті органға берілетін ақпаратқа, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттердің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығының салыстырып тексерілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету саласында еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) уәкілетті органның қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешімі қабылданғанға дейін немесе қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға және оның орынбасары), бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның басшысы болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін немесе қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) лицензиаттың не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) келісімі кері қайтарып алынған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаған не тағайындалу (сайлану) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды);
6) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
3. Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған және қызметін жүзеге асыратын өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органы мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға), бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) өзге де басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Өтініш берушінің (лицензиаттың) тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда өтініш беруші (лицензиат) осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Уәкілетті органның келісімінсіз өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
7. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкерлердің осы Заңның осы бабында, 63-бабының 5-тармағында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестің теріс нәтижесі.
Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:
кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;
кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынса) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;
кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;
3) өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 5-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;
4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өзінің лауазымын атқарып жүрген, осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;
5) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімде құжаттар уәкілетті органға келісуге ұсынылмауына байланысты лицензиаттың басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе осы лицензиаттағы өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам осы лицензиаттың басшы қызметкері лауазымына өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуды алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттігі тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалауы (сайлануы) мүмкін.
Лицензиат уәкілетті органды лицензиаттың тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда лицензиат уәкілетті органды осы ақпарат лицензиатқа белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
9. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
10. Өтініш берушінің (лицензиаттың) көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті орган осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
11. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
2) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның осы Заңның 3-5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шараларын қолдануы;
4) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) ол адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
55-бап. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға екi және одан да көп лицензиясы бар лицензиаттың ұйымдық құрылымы қызметтiң әр түрi бойынша жекелеген бөлiмшелерден тұруға тиiс.
2. Лицензиаттың бiр бөлiмше қызметкерлерiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындауды екiншi бөлiмшенiң қызметкерлерiне жүктеуге құқығы жоқ.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарын қолдану ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 55-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және инвестициялық портфельді басқарушылар ірі қатысушыларының аудиті
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы және осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді.
Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы үшін міндетті болып табылады.
Аудиторлық есептің көшірмесі уәкілетті органға көрсетілген құжат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.
2. Аудиторлық ұйым:
бағалы қағаздар нарығының тексерілетін кәсіби қатысушысына, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;
лицензияға сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті және аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келген не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті болған жағдайда, аудиторлық есеп жарамды деп танылады.
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
4. Инвестициялық портфельді басқарушының және Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының (ол бар болса) аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-ірі қатысушысы орналасқан елде қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
Қазақстан Республикасының бейрезидені-заңды тұлғасы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінің және ұсынымдарының көшірмелерін қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
5. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
6. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін: