өзінің қорғауындағы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының:
бұлтартпау шарасын қолдану және бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы сот алдында өтінішхатты қозғау;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын іс жүргізуге қабылдау;
тергеу, жедел-тергеу тобын құру;
қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілін белгілеу;
оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, жәбірленуші деп тану;
азаматтық талапкер деп тану;
күдікті деп тану;
күдіктінің іс-әрекетін саралау;
бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қозғау;
қорытынды беру үшін маманды тарту;
сот сараптамасын тағайындау;
мүлікке тыйым салуды қолдану;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу;
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату;
тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау;
қорғау тарапының шағымдарын, өтінішхаттарын қарау нәтижелері;
тінту, алу (олар аяқталғаннан кейін) жүргізу;
тергеу экспериментін жүргізу;
сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулылармен танысуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен олардың көшірмелерін түсіруге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан оларды алуға құқылы.
Сонымен қатар, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен:
маман, сарапшы қорытындысының, өзінің қорғауындағы адамға қатысты қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабардың;
тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарламаның көшірмелерін түсіруге құқылы.
Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және айыптау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істің барлық материалымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметтерді жазып алуға, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен көшірмелерін түсіруге құқылы;»;
21) 71-бапта:
алтыншы бөлікте:
9) тармақ «, ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып, хаттамалардың көшірмелерін түсіруге және алуға;» деген сөздермен толықтырылсын;
11) және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен істің материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметтерді жазып алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, көшірмелерін түсіруге;».
«18) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне шағым жасауға және заңда белгіленген жағдайларда оларды қарауға қатысуға;»;
22) 76-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «қорғаушы» деген сөз «жәбірленушінің өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 80-баптың екінші бөлігі «бөлімшесінің» деген сөзден кейін «сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері жоқ» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 88-баптың бірінші бөлігіндегі «87-бабында» деген сөздер «87-бабының бірінші және екінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 105-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «немесе сотқа» деген сөздер «, сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
26) 106-баптың бірінші бөлігі «тұлға» деген сөзден кейін «, сол сияқты оның қорғаушысы (қорғаушылары)» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 107-баптың төртінші бөлігі «әрекеттері» деген сөзден кейін «(әрекетсіздігі)» деген сөзбен толықтырылсын;
28) 112-баптың үшінші бөлігіндегі «күдіктіні айыптау» деген сөздер «оны айыптау» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 122-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардың өтінішхаттары немесе өз бастамасы бойынша өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша жауап алу немесе сарапшы немесе маман ретінде қорытынды беру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізуге; коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді берудің және жария етудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін сақтай отырып, жеке, заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан, сондай-ақ жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен нәрселерді беруді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар мен тексерулер жүргізуді талап етуге құқылы. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ревизиялар мен тексерулер жүргізу туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының талаптары прокурормен келісілуге тиіс. Сот өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға құқылы емес.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы прокурордың санкциясымен өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша заңды тұлғалардан, лауазымды адамдардан, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшыларынан:
1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес банк құпиясын құрайтын мәліметтерді;
2) қарыз алушылар туралы, микрокредиттердің мөлшері туралы, қарыз алушыға қатысты микрокредит беру туралы шарттың өзге де талаптары туралы, микроқаржы ұйымы жүргізетін операциялар туралы мәліметтерді;
3) борышкер, кредитор, берешек, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалар туралы, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтерді және коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған өзге де мәліметтерді;
4) тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға да құқылы.»;
30) 127-баптың бірінші бөлігіндегі «жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша кассациялық тәртіппен» деген сөздер «кассациялық тәртіппен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 129-баптың үшінші бөлігі «қоспағанда» деген сөзден кейін «жеткізу негіздері мен уақыты көрсетіле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 145-баптың үшінші бөлігі үшінші абзацының 4) тармағындағы «мөлшерде» деген сөзден кейін «, бірақ қылмыстардың тиісті санатындағы кепілдің ең төменгі мөлшерінің жартысынан аз емес мөлшерде» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 146-бапта:
екінші бөлікте:
1) тармақтағы «тұрғынжайдан» деген сөз «шұғыл жағдайлар мен төтенше жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз тұрғынжайдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«осы бөліктің 5) тармағында және осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз телефон арқылы сөйлесуге, хат-хабар жөнелтуге және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салу;»
3) тармақтағы «белгілі бір» деген сөздер «осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз белгілі бір» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Соттың үйқамақ туралы қаулысында күдіктіге, айыпталушыға қолданылатын нақты шектеулер белгіленеді, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асыратын орган немесе лауазымды адам көрсетіледі.
Үйқамақ кезінде көзделген, соттар жеке не тұтастай қолданатын шектеулер қамаққа алынған адамның өмір сүру, денсаулығын қорғау, сот арқылы қорғалу және білікті заң көмегін алу құқықтарын, сондай-ақ осы Кодексте бекітілген, олардан туындайтын процестік құқықтарды бұзбауға тиіс.
Күдіктінің, айыпталушының бірге тұратын отбасы мүшелерімен, өзінің заңды өкілімен немесе белгіленген тәртіппен іске кіріскен қорғаушысымен, қылмыстық процесті жүргізетін органмен және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қамаққа алынған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын адамдармен байланыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін шағымдар мен өтінішхаттар беруі, шұғыл қызметтерді шақыру, процестік әрекеттер мен сот отырыстарына қатысу үшін байланыс құралдарын пайдалануы шектелмейді.
Күдікті, айыпталушы байланыс құралдарын пайдаланудың әрбір жағдайы туралы қамаққа алынған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органға хабарлауға міндетті.»;
төртінші бөлік «151» деген цифрлардан кейін «, 152» деген цифрлармен толықтырылсын;
34) 151-бапта:
екінші бөлікте:
«аудандық (қалалық)» деген сөздер «өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорымен, өңірлік көлік прокурорымен, аудандық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыс прокурорымен» деген сөздер «Бас әскери прокурормен, Бас көлік прокурорымен, облыс прокурорымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «облыс прокурорымен» деген сөздер «Бас әскери прокурормен, Бас көлік прокурорымен, облыс прокурорымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «облыс прокуроры» деген сөздер «Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыс прокуроры» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлік «келісу үшін» деген сөздерден кейін «өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорларына, өңірлік көлік прокурорларына,» деген сөздермен толықтырылсын;
35) 158-баптың жетінші бөлігі «кем емес» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен төленетін» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 161-бапта:
бірінші бөліктің төртінші абзацы:
«билік етуге» деген сөздерден кейін «уақытша» деген сөзбен толықтырылсын;
«не белгіленген» деген сөздерден кейін «уақытша» деген сөзбен толықтырылсын;
тоғызыншы бөлікте:
екінші абзацтағы «өткен соң» деген сөздер «өткенге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
«10. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленген, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасау тоқтатыла тұрған мерзім өткен және тергеу сотының мүлікке тыйым салуды қолдануды санкциялауы туралы қаулы келіп түспеген жағдайларда, қаржы ұйымдары және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды дереу хабардар ете отырып, мүлікке билік етуге уақытша шектеуді, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұруды өз бетінше алып тастауға міндетті.»;
37) 179-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтың екінші сөйлемі алып тасталсын;
3) тармақтағы «жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.» деген сөздер «жөнінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақтармен толықтырылсын:
«4) залалдың, елеулі зиянның не кәсіпкерлік субъектісі алған заңсыз кірістің болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылған кезде олардың болуының расталмаған белгілері бар құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі маманының қорытындысына негізделген;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралатын азаматтық-құқықтық дау бар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.»;
үшінші абзацтағы «баптың бірінші бөлігінің» деген сөздер «бөліктің екінші абзацының» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 187-бапта:
бірінші бөліктегі «206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздер «206 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«125,» деген цифрлардан кейін «125-1 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздер «206 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«339,» деген цифрлардан кейін «339-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«352,» деген цифрлар «352-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«438 (екінші және үшінші бөліктерінде), 439 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «438 (1-1, екінші және үшінші бөліктерінде), 439 (1-1, екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«464» деген цифрлар «464 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-бөлік «214 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «214-1 (екінші бөлігінде), 214-2 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-бөліктің бірінші абзацында:
«197 (үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«232,» деген цифрлардан кейін «232-1 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 233-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 217-1 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты алдын ала тергеуді экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.»;
бесінші бөліктегі «443 (үшінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
39) 188-баптың екінші бөлігі «көпшілігі» деген сөзден кейін «не қылмыстық құқық бұзушылық ақпараттандыру объектілері, оның ішінде Интернет желісі арқылы жасалған жағдайда жәбірленуші» деген сөздермен толықтырылсын;
40) 190-бапта:
4-2-бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші және 1-1-бөліктерінде» деген сөздер «бірінші, 1-1 және 1-2-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің 1) тармағы «бекітеді» деген сөзден кейін «, өз қарарымен айыпталушыны сотқа береді» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 191-бапта:
екінші бөлікте:
«119 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «125-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«139,» деген цифрлардан кейін «140 (үшінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«350 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «352-1 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын:
«431-баптарында» деген сөздер «431, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік «214 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «214-1 (бірінші бөлігінде), 214-2 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «440 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «440 (2-1 және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 (бірінші бөлігінде), 217-1 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.»;
оныншы бөліктегі «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші және 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
он алтыншы бөлік:
«115,» деген цифрлардан кейін «115-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«351 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «352-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
он тоғызыншы бөлікте:
«, 197 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер алып тасталсын;
«199 (екінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздер «199 (екінші бөлігінде), 232-1 (бірінші бөлігінде), 233-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма үшінші бөлік «348 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «352-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
42) 192-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «Қылмыстық сот ісін жүргізудің» деген сөздер «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бірнеше іс біріктірілген іс бойынша іс жүргізу мерзімі уақыты бойынша қылмыстық істің бірінші жүргізілуі басталған күннен бастап есептеледі. Егер біріктірілген істердің біреуі бойынша бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау не үйқамақ қолданылса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі көрсетілген бұлтартпау шаралары қолданылған істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап есептеледі.»;
төртінші бөлікте:
екінші абзацта:
«байланысты» деген сөзден кейін «өңірлер мен гарнизондардың әскери прокуроры, өңірлік көлік прокуроры,» деген сөздермен толықтырылсын;
«оған» деген сөз «оларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «шешу кезінде -» деген сөздерден кейін «Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры,» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөліктегі «ауданның, облыстың прокурорына және оларға теңестірілген прокурорларға» деген сөздер «өңір мен гарнизонның әскери прокурорына, өңірлік көлік прокурорына, ауданның прокурорына, Бас әскери прокурорға, Бас көлік прокурорына, облыстың прокурорына және оларға теңестірілген прокурорларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 192-2-баптың алтыншы бөлігінің 1) тармағы «бекітеді» деген сөзден кейін «, өзінің қарарымен айыпталушыны сотқа береді» деген сөздермен толықтырылсын;
44) 193-бапта:
бірінші бөлікте:
5) тармақ «туралы» деген сөзден кейін «, оның ішінде параллель қаржылық тергеп-тексеру жүргізу туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақтағы «не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақпен толықтырылсын:
«11-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;»;
16-1-тармақ «бекітеді» деген сөзден кейін «, өз қарарымен айыпталушыны сотқа береді» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің үшінші абзацындағы «облыстар прокуратураларының» деген сөздер «Бас әскери прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының, облыстар прокуратураларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 194-баптың үшінші бөлігі «оның орынбасары,» деген сөздерден кейін «Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры,» деген сөздермен толықтырылсын;
46) 197-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Кәмелетке толмағанның қатысуымен тергеу әрекетін жүргізу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда педагог және (немесе) психолог тартылады.»;
47) 210-баптың сегізінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
48) 213-бапта:
тақырыпта:
«жауап алудың» деген сөздерден кейін «, беттестірудің» деген сөзбен толықтырылсын;
«жауап алу» деген сөздерден кейін «, беттестіру» деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жәбірленушіден, куәдан, қорғалуға құқығы бар куәдан, күдіктіден жауап алу, сондай-ақ беттестіру олар аумағында болатын не тұратын ауданның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына оларды шақыру арқылы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып, бейнебайланыс режимінде (қашықтықтан жауап алу, беттестіру) жүргізілуі мүмкін. Қашықтықтан жауап алу, беттестіру барысында процестік әрекетке қатысушылар жауап алынып жатқан адамның айғақтарын тікелей трансляциядан бірден қабылдайды.»;
екінші абзацтағы «Қашықтықтан жауап алу» деген сөздер «Қашықтықтан жауап алу, беттестіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацында:
«Қашықтықтан жауап алу» деген сөздер «Қашықтықтан жауап алу, беттестіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ғылыми-техникалық» деген сөзден кейін «дыбыс- және» деген сөздермен толықтырылсын;
49) 217-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «күдікті немесе оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокаты» деген сөздер «қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «күдіктіге және оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатына» деген сөздер «қорғалуға құқығы бар куәға, күдіктіге және іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацында:
«күдіктінің (ол болған жағдайда), қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатының,» деген сөздер «қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің (ол болған жағдайда), қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың,» деген сөздермен ауыстырылсын, «күдіктінің жауап алуға қатысуы жәбірленушінің, куәнің қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, күдікті» деген сөздер «қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің жауап алуға қатысуы жәбірленушінің, куәнің қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, олар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Егер қорғалуға құқығы бар куәнің жауап алуға шақырылуы қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан жасырын тергеу іс-шаралары туралы ақпараттың ашылу қаупін туғызса, ол жауап алуға шақырылмайды.»;
«Күдіктінің» деген сөз «Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 220-баптың он үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
51) 232-баптың сегізінші бөлігіндегі «Кәсіби көмекті жүзеге асыратын» деген сөздер «Заң көмегін көрсететін» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 254-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Тінту және алу қисынды мерзімде жүргізілуге тиіс.»;
53) 255-баптың екінші бөлігіндегі «куәгерлер мен» деген сөздер «куәгерлердің және қажет болған кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
54) 257-бапта:
алтыншы бөліктегі «кезінде маман қатысуға құқылы» деген сөздер «маманды тарта отырып жүргізілуі мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
55) 258-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тергеу эксперименті оның барысы мен нәтижелерін тіркеп-белгілеудің ғылыми-техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тергеу экспериментіне қатысуға маман, сарапшы тартылуы мүмкін. Күдіктіні, жәбірленушіні, куәгерді және тәжірибелік іс-қимылдарды жүргізетін адамдарды тарту олардың келісімімен жүзеге асырылады. Экспериментке қатысушыларға оның мақсаттары мен жүргізу тәртібі түсіндіріледі.»;
56) 260-бапта:
екінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
үшінші бөліктегі «қателердің» деген сөз «кемшіліктердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
57) 272-1-баптың екінші бөлігінде:
«оның адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нөмірі,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сұрау салуға қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама да қоса беріледі.»;
58) 274-бапта:
тақырып «куәнің» деген сөзден кейін «(оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәнің)» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
1) тармақтағы «танысуға және» деген сөздер «, сараптама объектілерінің шығу тегі туралы ақпаратпен танысуға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын:
«5-1) сарапшының қосымша материалдар беру туралы өтінішхатын қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулымен танысуға;»;
59) 299-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) тармақпен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркіленуге жататын мүлік анықталған жағдайда тәркілеуді қолдану қажеттілігін растайтын дәлелдемелердің тізбесі.»;
60) 39-тараудың тақырыбы «, сондай-ақ айыптау актісін алғаннан кейін қорғаушының әрекеттері» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағы 61) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
61) 301-бап мынадай мазмұндағы 8-2) тармақпен толықтырылсын:
«8-2) параллель қаржылық тергеп-тексеру жүргізілгенін-жүргізілмегенін;»;
3-тармағы 62) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
62) 302-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
«3-1) параллель қаржылық тергеп-тексеру жүргізілмеген не тиісті түрде жүргізілмеген жағдайда, қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жібереді;»;
63) 305-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 304-бабында көзделген әрекеттер жасалған соң прокурор өзінің қарарымен айыпталушыны сотқа береді және айыптау актісімен бірге қылмыстық істі соттылығы бойынша сотқа жібереді.»;
64) 39-тарау мынадай мазмұндағы 305-1-баппен толықтырылсын:
«305-1-бап. Қорғау актісі
1. Айыптау актісінің көшірмесін алғаннан кейін қорғаушы қорғауындағы адамның келісімімен сотқа қорғау актісін ұсынуға құқылы.
Бұл ретте қорғау актісінің көшірмесі прокурорға жіберіледі.