ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 124-ө Өкімін қараныз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 17-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.» деген сөздер «соттаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысын сот санкциялаған күннен бастап үш жылдан астам халықаралық іздестіруде болса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.»;
2) 238-баптың 4-тармағы 3) тармақшасындағы «сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады.» деген сөздер «сот үкімінің;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады.»;
3) 241-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «сот үкімінің» деген сөздерден кейін «; сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты;
2) қылмыстық жауаптылықты болғызбайтын;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу көзделмейтін заңмен жүзеге асырылады.»;
2) 2-баптың екінші бөлігіндегі «негіздері» деген сөз «негізі» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 3-бапта:
2) тармақта:
«217-1-бапта - айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал;» деген сөздерден кейін «232-1-бапта - айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын материалдық сыйақының және (немесе) мүліктік сипаттағы пайданың мөлшері;» деген сөздермен толықтырылсын;
«233-бапта - айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал;» деген сөздерден кейін «233-1-бапта - айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын мұнай немесе мұнай өнімдерінің құны;» деген сөздермен толықтырылсын;
«269-1-бапта - айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал;» деген сөздерден кейін «301-1-бапта - құны айлық есептік көрсеткіштен елу есе асатын тауарлар саны;» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақта:
«197,» деген цифрлар алып тасталсын;
«204» деген цифрлардан кейін «, 233-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«214» деген цифрлардан кейін «, 214-1 және 214-2» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақтың екінші абзацындағы «жауынгерлік техниканың» деген сөздер «әскери немесе жауынгерлік техниканың» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақтың екінші абзацы «әуе немесе теңіз» деген сөздерден кейін «, әскери немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
18-1) тармақ:
«125-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында және үшінші бөлігінде (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда)» деген сөздерден кейін «, 125-1-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында және үшінші бөлігінде (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын:
«135» деген цифрлардан кейін «, 140» деген цифрлармен толықтырылсын;
38) тармақта:
«197,» деген цифрлар алып тасталсын;
«204,» деген цифрлардан кейін «233-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«214-бапта» деген сөздер «214, 214-1, 214-2-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«214,» деген цифрлардан кейін «214-1, 214-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«231-бапта - қолдан жасалған банкноттардың, монеталардың, бағалы қағаздардың, шетел валютасының айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын құны;» деген сөздерден кейін «232-1-бапта - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын материалдық сыйақының және (немесе) мүліктік сипаттағы пайданың мөлшері;» деген сөздермен толықтырылсын;
«344-бапта» деген сөздер «344 және 352-1-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың екінші бөлігі «сәйкес» деген сөзден кейін «не өзара түсіністік қағидатында» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 15-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы экс-Президентінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 31-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Заңды тұлға ретінде тіркелген ұйымдардың құрылтайшылары қатысушылары, басшылары, басқару органдарының мүшелері және жұмыскерлері және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жұмыскерлері, бұл ұйымдар және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін көрінеу құрылған жағдайды қоспағанда, ұйымның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің ұйымдық-штаттық құрылымына және олардың ұйымды басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты не ұйымның кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруына байланысты қандай да бір қылмыс жасауына орай ғана қылмыстық топ болып танылмайды.»;
7) 43-баптың үшінші бөлігіндегі «жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас балаларын» деген сөздер «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас баласын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 44-бапта:
бірінші бөлікте:
«жас балалары бар» деген сөздер «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жас балаларын» деген сөздер «жас баласын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «емделу курсынан өту;» деген сөздерден кейін «психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта қолданбау; тұрақты жұмысы немесе оқуы болмаған кезде бір ай ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда жұмыссыз ретінде тіркелу; сот айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетпеу;» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 46-бапта:
төртінші бөлік «әйелдерге,» деген сөзден кейін «бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаның өзге түрі көзделмесе, онда он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады, ал әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге жиырма жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады.»;
бесінші бөліктің 2) тармағының үшінші абзацындағы және 3) тармағының үшінші абзацындағы «366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде,» деген сөздер «366-бабының 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 367-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде,» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 48-бапта:
бірінші бөліктегі «сотталған адамның меншігіндегі,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің 5) тармағындағы «сотталған адам» деген сөздер алып тасталсын;
11) 53-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кінәлі адамның жас баласының болуы, оның ішінде оны тәрбиелеуінде жас баласының болуы;»
12) 55-бапта:
екінші бөлікте:
3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3) адам өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде - төрттен үшінен;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
«4) адам өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс жасаған кезде бестен төртінен асыруға болмайды.»;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер ауырлататын мән-жайлар қылмыстық құқық бұзушылық белгісі ретінде көзделсе, осы бөліктің ережелері қолданылмайды.»;
үшінші бөлік «немесе мөлшердің жартысынан» деген сөздерден кейін «, адам өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін - төрттен үшінен, ал адам өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бестен төртінен» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөліктің бірінші абзацы «ережелері» деген сөзден кейін «адамды қасақана қазаға ұшыратумен байланысты қылмыс,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«9. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаның өзге түрі көзделмесе, онда осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамға жиырма жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.
Дәл сол жағдайларда он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға он бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ал әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.»;
13) 56-бапта:
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаның өзге түрі көзделмеген жағдайларда жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады.
Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаның өзге түрі көзделмесе:
1) он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға аяқталмаған қылмысы үшін жазаның мерзімін немесе мөлшерін есептеу осы Кодекстің 81-бабы жетінші бөлігінің ерекшеліктері ескеріле отырып, осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар бойынша айқындалады;
2) әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге аяқталмаған қылмысы үшін жазаның мерзімін немесе мөлшерін есептеу осы Кодекстің 46-бабы 4-1-бөлігінің ерекшеліктері ескеріле отырып, осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар бойынша айқындалады.»;
14) 67-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан және жазаны өтеуден босату
1. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адам қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден босатылады.»;
15) 68-баптың екінші бөлігінде:
«жас балалары бар» деген сөздер «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жас балаларын» деген сөздер «жас баласын» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 72-бапта:
бірінші бөліктің төртінші абзацында:
«жас балалары бар» деген сөздер «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жас балаларын» деген сөздер «жас баласын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адам жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жағдайда, пробациялық бақылау он жыл мерзімге белгіленеді.»;
үшінші бөлікте:
3) тармақтағы «аса ауыр» деген сөздер «адамның өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін не ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не адамның өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын не адамның өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылуы мүмкін.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацында:
«жас балалары бар» деген сөздер «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге,» деген сөздер «жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде бестен бірін не ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.»;
жетінші бөлікте:
2) тармақта:
«жас балалары бар» деген сөздер «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жас балаларын» деген сөздер «жас баласын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақ «сот» деген сөзден кейін «шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жояды және» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөлікте:
1) тармақ алып тасталсын;
3) тармақтың екінші абзацында:
«жас балалары бар» деген сөздер «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жас балаларын» деген сөздер «жас баласын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақтағы «жас балалары бар әйелдердің, жас балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ерлердің,», «сотталған адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер тиісінше «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің,», «сотталған;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) және 9) тармақтармен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 73-бабының тәртібінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылған сотталған;
7) бұрын өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
8) өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңінде жаңа ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған;
9) азаптау үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.»;
17) 73-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырған жағдайда, оны есептеу мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексімен регламенттеледі.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзац «үштен бірін» деген сөздерден кейін «, адамның өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің жартысын» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Адамдардың қаза табуына алып келмеген және аса ауыр қылмыс жасаумен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмысы үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға осы бөліктің бірінші абзацында көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, егер осындай адам террористік немесе экстремистік қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеп-тексеруге, террористік немесе экстремистік топтың қатысушыларын әшкерелеуге белсенді түрде жәрдемдескен болса, сот жазаның қалған өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруы мүмкін.»;
төртінші бөліктегі бірінші сөйлем «аспайтын бөлігін» деген сөздерден кейін «, адам өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс үшін - үштен бірінен аспайтын бөлігін, ал адам өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс үшін төрттен бірінен аспайтын бөлігін» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 74-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«74-бап. Жүкті әйелдердің және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдер мен жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдырады. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.»;
19) 77-баптың бесінші бөлігіндегі «, экономикалық қызмет саласында» деген сөздер алып тасталсын;
20) 78-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Рақымшылық жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Парламенті жеке-дара айқындалмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
Рақымшылық жасауды қолдану шарты мен тәртібі рақымшылық жасау туралы актіде белгіленеді.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылуы мүмкін не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін не мұндай адамдар жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актімен сотталғандығы алып тасталуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар жасаған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.»;
21) 79-баптың үшінші бөлігінде:
5) тармақтағы «аса ауыр», «өткен соң жойылады.» деген сөздер тиісінше «адам өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыстар немесе аса ауыр», «өткен соң;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын:
«5-1) адам өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты жазаны өтегеннен кейін он жыл өткен соң жойылады.»;
22) 81-баптың жетінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаның өзге түрі көзделмесе, кәмелетке толмағандарға он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады.»;
23) 93-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағындағы «химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеуді» деген сөздер «химиялық кастрациялауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 105-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы «оның ішінде Интернет желісін» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) мынадай мазмұндағы 115-1-баппен толықтырылсын:
«115-1-бап. Сталкинг
Сталкинг, яғни адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттерден көрінетін заңсыз қудалау -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
26) 125-баптың ескертуі алып тасталсын;
27) мынадай мазмұндағы 125-1-баппен толықтырылсын:
«125-1-бап. Некеге тұруға мәжбүрлеу
1. Адамды күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты бопсалау жолымен, оның ішінде жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді не жариялануы немесе таратылуы жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау немесе тарату қатерін төндіріп некеге тұруға мәжбүрлеу -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) күш қолданып;
2) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
3) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) өз қызмет бабын пайдаланып жасалған дәл сол іс-әрекет -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар абайсызда ауыр зардаптарға алып келсе, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
28) 132-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «оның ішінде Интернет желісін» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 134-баптың үшінші бөлігінің 1-1) тармағындағы «оның ішінде Интернет желісін» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 138-баптың бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
31) 140-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, екі және одан көп адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
32) 144-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«144-бап. Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнімді жасауға, таратуға, жарналамауға және сатуға тарту»;
бірінші абзацтағы «Кәмелетке» деген сөз «1. Кәмелетке» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 147-бапта:
үшінші бөліктегі «телекоммуникациялар желісі» деген сөздер «телекоммуникациялар желісі, ақпараттандыру объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «телекоммуникация желілерінде» деген сөздер «телекоммуникация желілерінде, ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 156-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жылға» деген сөздер «екі жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз» деген сөздер «төрт жылға дейінгі мерзімге айыра отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 177-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы экс-Президентінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған» деген сөздер «Қазақстан Республикасы экс-Президентінің өміріне оның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындауымен байланысты қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған» деген сөздермен ауыстырылсын;