екінші абзац «тәркіленіп,» деген сөзден кейін «белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
68) мынадай мазмұндағы 339-1 және 352-1-баптармен толықтырылсын:
«339-1-бап. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерінің бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу
1. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің, оның ішінде айналысы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерінің бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктердің немесе жануарлардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Киіктің бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде оның мүйіздерін заңсыз иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет жасалған;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
5) ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«352-1-бап. Әуе кемесін басқаруға бөгеуіл жасау
1. Лазерлік құрылғыларды немесе пилотсыз ұшу аппараттарын әуе кемесіне бағыттау арқылы әуе кемесін басқаруға бөгеуіл жасау -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге не ірі залал келтіруге алып келген дәл сол іс-әрекет -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның өліміне алып келген іс-әрекет -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет -
алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
69) 370-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса» деген сөздер «елеулі зиян келтіруге алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
70) 380-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы «оның ішінде Интернет желісін» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 385-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы және екінші бөлігінің екінші абзацындағы «екі мың», «төрт мың» деген сөздер тиісінше «белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан төрт жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың», «белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан төрт жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 387-баптың тақырыбындағы «қызметтен» деген сөз «қызметке шақырылудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 392-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«бес жыл мерзімге» деген сөздер алып тасталсын;
«бір мың» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бір жылға» деген сөздер «үш жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет жасалған;
3) өзіне қатысты өзіне көрінеу белгілі Қазақстан Республикасына кіруге не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кетуге тыйым салу (уақытша шектеу) белгіленген адам жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Қылмыстық топ жасаған не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол» деген сөздер «Осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «бес жыл мерзімге» деген сөздер алып тасталсын, «бес жылға» деген сөздер «төрт жылдан жеті жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 394-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«394-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
1. Көлік құралдарын не қолдан жасалған құжаттар не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орнын ауыстыру үшін өзге де қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру -
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған не адам өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет -
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған немесе ауыр зардаптарға алып келген іс-әрекет -
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
75) 405-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы және екінші бөлігінің екінші абзацындағы «бес жыл мерзімге» деген сөздер алып тасталсын;
76) 406-баптың бірінші абзацындағы «азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соқса» деген сөздер «елеулі зиян келтіруге алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 408-бапта:
тақырыптағы «сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның» деген сөздер «сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ сарапшының және маманның» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, қорғаушының, сарапшының,» деген сөздер «, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, қорғауды не өкілдікті жүзеге асыратын адвокаттың, сарапшының, маманның,» деген сөздермен ауыстырылсын;
78) 409-бапта:
тақырыптағы «немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға байланысты» деген сөздер «, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға байланысты немесе сот ісін жүргізуге қатысуына байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацында:
«орындалуына» деген сөзден кейін «, заң көмегінің көрсетілуіне» деген сөздермен толықтырылсын;
«қорғаушыға, сарапшыға,» деген сөздер «қорғауды не өкілдікті жүзеге асыратын адвокатқа, сарапшыға, маманға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің 4) тармағындағы «оның ішінде Интернет желісін» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
79) 411-баптың тақырыбы және екінші бөлігінің бірінші абзацы «адамға,» деген сөзден кейін «қорғауды не өкілдікті жүзеге асыратын адвокатқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
80) 427-баптың бірінші бөлігіндегі «түзеу мекемесіне» деген сөздер «қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
81) 428-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«428-бап. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбауы -»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты жазаны өтеудің белгіленген тәртібін (режимін) бұзу мақсатында өзіне қандай да бір қасақана зақым келтіруден көрінген топтасып бағынбауға қатысу не күш қолданумен ұштасқан немесе ауыр зардаптарға алып келген топтасып бағынбауға қатысу -»;
82) 429-бапта:
тақырыптағы «, сондай-ақ сотталған адамға» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы және төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «, сондай-ақ сотталған адамға қатысты оның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне көрсеткен жәрдемі үшін кек алу мақсатында» деген сөздер алып тасталсын;
83) 435-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «, егер бұл іс-әрекеттер адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды тұлғалардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты адвокатқа немесе оның жақындарына қатысты күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не олардың мүлкін бүлдіріп немесе жойып жасаған дәл сол іс-әрекеттер -»;
84) 438-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіріліп жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген, мынадай:»;
3) тармақтағы «немесе ауырлығы орташа» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы «бірінші» деген сөзден кейін «, 1-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші немесе екінші» деген сөздер «бірінші, 1-1, екінші немесе үшінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 439-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіріліп жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші немесе 1-1 бөліктерінде көзделген мынадай:»;
3) тармақтағы «немесе ауырлығы орташа» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы «бірінші» деген сөзден кейін «, 1-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші немесе екінші» деген сөздер «бірінші, 1-1, екінші немесе үшінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
86) 440-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіріліп жасалған іс-әрекет -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «немесе екінші» деген сөздер «, екінші немесе 2-1» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақтағы «немесе ауырлығы орташа» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы «екінші» деген сөзден кейін «, 2-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
87) 443-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы «кезінде» деген сөзден кейін «немесе соғыс уақытында» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
88) 445-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жылға» деген сөздер «үш жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
89) 450-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы, 451-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және 452-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса», «азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан» деген сөздер тиісінше «елеулі зиян келтіруге алып келсе», «елеулі зиян келтіруге алып келген» деген сөздермен ауыстырылсын;
90) 455-баптың бірінші абзацы «бекіністерді,» деген сөзден кейін «әскери немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
91) 459-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «оқ-дәрілерді,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта:
«екі мың» деген сөздер «төрт мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сол мерзімге» деген сөздер «төрт жылға дейінгі мерзімге» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес жылға дейінгі» деген сөздер «үш жылдан сегіз жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
92) 460-бапта:
бірінші абзацтағы «оқ-дәрілерді,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
93) 461-баптың бірінші абзацындағы «, оқ-дәрілерді» деген сөздер алып тасталсын;
94) 462-бапта:
тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «оқ-дәрілермен,» деген сөздер алып тасталсын;
95) 464-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «аварияға немесе» деген сөздерден кейін «әскери немесе» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу көзделмейтін заңмен жүзеге асырылады.»;
2) 7-бапта:
3-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 33-1) тармақпен толықтырылсын:
«33-1) параллель қаржылық тергеп-тексеру - сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қабылданатын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркіленуге жататын мүліктің заңсыз, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын немесе осы мүліктен түскен кіріс болып табылатынын растайтын мән-жайларды анықтауға, ашуға және зерттеуге, сондай-ақ қылмыстық активтерді жасыруға қатысы бар адамдарды анықтауға, қылмыстық кірістердің қозғалысын қадағалауға халықаралық ынтымақтастықты қоса алғанда, заңда белгіленген рәсімдерге сәйкес оларға тыйым салу, тәркілеу немесе заңды иелеріне қайтару бойынша шаралар қабылдауға бағытталған, осы Кодексте көзделген шаралардың жиынтығы;»;
34) тармақта:
«Бас Прокуроры,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік прокуроры,» деген сөздермен толықтырылсын;
«сондай-ақ» деген сөзден кейін «өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, өңірлік көлік прокурорлары,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 23-баптың төртінші бөлігі «Қорғаушы» деген сөзден кейін «қорғалуға құқығы бар куәгерді,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 32-баптың үшінші бөлігінде:
«115,» деген цифрлардан кейін «115-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«121-1,» деген цифрлардан кейін «125-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 42-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық процесті жүргізуші адам техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуге құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
Қылмыстық сот ісін одан әрі электрондық форматта жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші адам қағаздағы форматқа көшеді, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
Қылмыстық процесті жүргізу форматы туралы қаулыға қылмыстық процеске қатысушылар осы Кодекстің 100-бабында көзделген тәртіппен шағым жасай алады.»;
6) 43-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бір іс жүргізуде пара алу, пара беру, парақорлықта делдалдық ету немесе параға коммерциялық сатып алу жөніндегі өзара байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істер де біріктірілуі мүмкін.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
7) 52-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «146 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «146 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 58-баптың бірінші бөлігі «басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары,» деген сөздерден кейін «өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, өңірлік көлік прокурорлары,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағы 9) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9) 59-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:
«2-1) тергеушінің параллель қаржылық тергеп-тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуіне бақылауды жүзеге асыруға;»;
3-тармағы 10) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 60-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші параллель қаржылық тергеп-тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге міндетті.»;
3-тармағы 11) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
11) 61-баптың бірінші бөлігі 6) тармағындағы «ісін жүргізу жүктеледі.» деген сөздер «ісін жүргізу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақпен толықтырылсын:
«7) параллель қаржылық тергеп-тексеру жүргізу жүктеледі.»;
12) 62-бапта:
бірінші бөлік «бөлімінің» деген сөзден кейін «(бөлімшесінің)» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармағы 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:
«2-1) параллель қаржылық тергеп-тексеру жүргізу туралы нұсқаулар беруге;»;
3-тармағы 13) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13) 63-баптың бесінші бөлігіндегі «күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтауға шаралар қолдануға» деген сөздер «параллель қаржылық тергеп-тексеру жүргізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 65-бапта:
бесінші бөлік 6) тармағындағы «мәлімдеуге құқылы.» деген сөздер «мәлімдеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақпен толықтырылсын:
3-тармағы 44) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«7) қорғау актісіне қол қоюға құқылы.»;
алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:
«4-1) қорғау актісіне қол қоюға;»;
15) 65-1-бапта:
екінші бөліктің 6) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірілген адамдары арқылы қорғаушыны шақыруға құқығы бар. Егер қорғалуға құқығы бар куә, оның туыстары немесе сенім білдірілген адамдары қорғаушыны шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Қорғалуға құқығы бар куәнің құқықтары мен міндеттері оның қатысуымен болатын алғашқы процестік әрекет басталар алдында түсіндіріледі.
3-2. Егер қорғалуға құқығы бар куә бірінші жауап алу басталғанға дейін айғақтар беруден бас тарту құқығын пайдаланбаса, оның айғақтары қылмыстық процесте, оның ішінде кейіннен осы айғақтардан бас тартқан кезде де дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы оған ескертілуге тиіс.»;
«6. Адам күдікті мәртебесін алған немесе оған қатысты қылмыстық қудалауды бастауға негіздердің жоқтығы туралы қаулы шығарылған кезден бастап қорғалуға құқығы бар куә жағдайында болмайды.»;
16) 66-баптың бірінші бөлігі «кезінде» деген сөзден кейін «және осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 67-бапта:
бірінші бөлікте:
1), 2), 3) және 4) тармақтардағы «күдікті,» деген сөз «қорғалуға құқығы бар куә, күдікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақтарында көзделген жағдайларда қорғалуға құқығы бар куәнің қорғаушысының қатысуы оның қорғалуға құқығы бар куә ретінде алғашқы жауап алуы жүргізілген кезден бастап қамтамасыз етіледі.»;
үшінші бөлік «ақталған адамның» деген сөздерден кейін «, қорғалуға құқығы бар куәнің» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 68-баптың жетінші бөлігі «тиісті» деген сөзден кейін «қорғалуға құқығы бар куәнің,» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 69-баптың бірінші бөлігінде:
«Күдікті» деген сөз «Қорғалуға құқығы бар куә, күдікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қорғаушының қатысуымен» деген сөздерден кейін «қорғалуға құқығы бар куәнің,» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 70-баптың екінші бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап, өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен:
адамның жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызында, хабарында қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осындай арыздармен, хабарлармен;
оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің табылғанын растайтын, қолдарында бар құжаттар мен өзге де материалдарды (олар болған кезде) қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянатпен;
қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің және процестік әрекеттердің хаттамаларымен;