2. Қорғау актісінде қорғау тарапының дәлелдері және (немесе) өтінішхаттары көрсетіледі.
3. Қорғау актісіне сот отырысына шақырылуға тиіс адамдардың тізімі (қорғау тізімі), заттай дәлелдемелер қоса берілуі мүмкін. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері көрсетіледі.
4. Қорғау актісіне қорғаушы мен оның қорғауындағы адамы қол қояды.
Сот талқылауы барысында қорғау актісін өзгертуге және толықтыруға қорғаудағы адамның келісімімен жол беріледі.»;
65) 308-баптың екінші бөлігіндегі «146 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «146 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 309-баптың екінші бөлігінің 2) тармағындағы «146 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «146 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
67) 321-баптың төртінші бөлігіндегі «146 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «146 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
68) 322-баптың бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Басты сот талқылауының қисынды мерзімін айқындау кезінде қылмыстық істің құқықтық мән-жайы және нақты күрделілігі, процеске қатысушылардың процестік құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, сот әрекеттерінің жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі.».
69) 323-бапта:
«сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу істері бойынша немесе жасалған процестік келісімдері бар істер бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қылмыстық-процестік заңнаманың елеулі бұзушылықтарын жою сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын толықтыруға байланысты бола алмайды.
Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын толықтыру үшін қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына қайтаруға құқылы емес.»;
70) 336-баптың үшінші бөлігіндегі «Ол» деген сөз «Қорғауындағы адамның келісімімен ол сотқа қорғау ұстанымын негіздеп, жаңа қорғау актісін ұсынуға, сондай ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 364-баптың бірінші бөлігінде:
«жүзеге асырылады және» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
«, ал олар болмағанда сот отырысы хатшысының» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Азаматтық талап қойылған жағдайда талап қою талаптарының мәнін азаматтық талап қойған адам немесе оның өкілі баяндайды.»;
72) 365-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Сот осы Кодекстің 382-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде сотталушының ұстанымын негізге ала отырып, істі қысқартылған тәртіппен талқылау туралы мәселені қарайды.»;
73) 370-бапта:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Куәдан жауап алу бейнеконференция байланысы құралдарын пайдалана отырып жүргізілген жағдайда, оған өзінің міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіру туралы мәліметтер сот отырысының хаттамасында тіркеп-белгіленеді.»;
бесінші бөліктегі «оның қаулысы» деген сөздер «тараптың өтінішхаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 383-баптың бірінші бөлігі «сот отырысында» деген сөздерден кейін «ұсынылмаған және» деген сөздермен толықтырылсын;
75) 384-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Соңғы сөзін сөйлеу сотталушының құқығы болып табылады.»;
76) 390-баптың бірінші бөлігінің 9) тармағында:
«қылмыстық-атқару» деген сөзден кейін «(пенитенциарлық)» деген сөзбен толықтырылсын;
«түрі мен режимінде» деген сөздер «түрінде» деген сөзбен ауыстырылсын;
77) 398-баптың бірінші бөлігі 4) тармағының екінші абзацындағы «түрі мен режимін» деген сөздер «түрін» деген сөзбен ауыстырылсын;
78) 402-баптың үшінші бөлігі «процестің басқа қатысушыларына» деген сөздерден кейін «қабылданған шешімнің мәнін,» деген сөздермен толықтырылсын;
79) 414-баптың екінші бөлігінде:
«Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары,» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры» деген сөздермен ауыстырылсын;
«олардың орынбасарлары,» деген сөздерден кейін «өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, өңірлік көлік прокурорлары,» деген сөздермен толықтырылсын;
80) 423-баптың бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Мұндай жағдайларда судья шағымды, өтінішхатты хатпен қайтарады.»;
81) 424-баптың бірінші бөлігіндегі «қосымша ұсынылған, апелляциялық сатының отырысында зерттелген» деген сөздер «тараптар апелляциялық сатыдағы сотта қосымша ұсынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 427-бап алып тасталсын;
83) 428-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдар, прокурордың өтінішхаты бар қылмыстық іс келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде сот отырысын тағайындайды, бұл туралы қаулы шығарады, онда сотталған немесе ақталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді. Сот қаулысының көшірмесі шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде тараптарға жіберіледі.»;
үшінші бөліктегі «Сот бірінші сатыдағы сотта қараудың нысанасы болып табылмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеген» деген сөздер «Апелляциялық сатыдағы сот сот тергеуін жүргізген» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеуі кезінде» деген сөздер «апелляциялық сатыдағы сот сот тергеуін жүргізген кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
84) 429-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім» деген сөздер «татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«тұлға» деген сөз «тараптар» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Тараптар өздерінің апелляциялық шағымдарында, өтінішхаттарында, егер олар дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынып, бірақ бірінші сатыдағы сот оларды қабылдамаған болса немесе егер олар өздеріне байланысты емес дәлелді себептермен бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсына алмаған болса ғана бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелерді негізге алуы мүмкін.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім» деген сөздер «татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктің екінші абзацындағы «медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім» деген сөздер «татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 430-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақта:
«талап етіп алдыруға, тараптардың өтінішхаты бойынша -» деген сөздер «және» деген сөзбен ауыстырылсын;
«талап етіп алдыруға» деген сөздер «қоса тігуге және зерттеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақта:
«сот отырысына» деген сөздер «тараптар мәлімдеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақыруға және олардан» деген сөздер «куәлардан, сарапшылардан, мамандардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе олардың өтінуі бойынша сот талап етіп алдырған» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктегі «медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім» деген сөздер «татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
86) 433-баптың 1) тармағындағы «және» деген сөз «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
87) 435-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағындағы «қаралған» деген сөз «зерттелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
88) 438-баптың екінші бөлігіндегі «сотталушыға тағылған және» деген сөздер алып тасталсын;
89) 471-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 476-бабының 3) және 7) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша сот қаулысы заңды күшіне енеді және дереу орындауға енгізіледі.»;
90) 475-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағындағы «немесе сотталған әйелдің жас балалары болса және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге» деген сөздер «, сотталған әйелдің жас баласы болса немесе оны тәрбиелеп отырса және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркекке» деген сөздермен ауыстырылсын;
91) 476-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақпен толықтырылсын:
«11-1) ынтымақтастық туралы процестік келісімнің талаптары орындалған кезде жазаны өтеуден босату туралы;»;
92) 478-бапта:
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер осы Кодекстің 476-бабының 5) және 11-1) тармақтарында көзделген мәселелер ынтымақтастық туралы процестік келісім талаптарын орындаумен байланысты болса, сот оларды жабық сот отырысында қарайды.»;
бесінші бөлікте:
«5) тармағында» деген сөздер «5) және 11-1) тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе оның орынбасарының» деген сөздер «, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының және оларға теңестірілген прокурорлардың немесе олардың орынбасарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
93) 480-баптың екінші бөлігіндегі «немесе оның орынбасарының» деген сөздер «, облыс прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың, олардың орынбасарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
94) 482-баптың бірінші бөлігі:
«Сотталған адам» деген сөздерден кейін «немесе оның қорғаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
«әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)» деген сөздерден кейін «және шешімдеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
95) 485-баптың бірінші бөлігінің 3) тармағында:
«қылмыстық атқару» деген сөздер «қылмыстық-атқару (пенитенциарлық)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«түзеу мекемелері режимін» деген сөздер «мекемесін» деген сөзбен ауыстырылсын;
96) 528-баптың үшінші бөлігінің 1) тармағы «бекітеді» деген сөзден кейін «, өз қарарымен айыпталушыны сотқа береді» деген сөздермен толықтырылсын;
97) мынадай мазмұндағы 589-1-баппен толықтырылсын:
«589-1-бап. Қылмыс жасағаны үшін шет мемлекет іздестіріп жатқан адамға қатысты кепілді қолдану
1. Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау туралы шешімін орындау жөніндегі қамтамасыз ету шарасы ретінде тергеу судьясы іздестіріліп жатқан адамға қатысты оны шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында осы Кодекстің 145-бабында белгіленген тәртіппен кепіл қолдануы мүмкін.
2. Қамтамасыз ету шарасы ретінде кепілді таңдаған кезде прокурор аудандық және оған теңестірілген сотқа өтінішхат енгізеді.
Өтінішхатқа осы Кодекстің 588-бабының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттар, сондай-ақ өтінішхаттың негізділігін растайтын өзге де материалдар қоса тіркеледі.
Осы Кодекстің 587-бабының тәртібімен ұстап алынған адамға қатысты кепіл қолданылған жағдайда, прокурор өтінішхатты осы Кодекстің 588-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде не экстрадициялық тексерудің кез келген сатысында енгізеді.
3. Аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, тергеу судьясы адамды уақытша күзетпен ұстау не экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы қаулы шығарған кезде, осы Кодекстің 148-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа, адамның осы Кодекстің 140-бабының үшінші бөлігінде көзделген міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кепіл мөлшерін айқындауға міндетті.
Тергеу судьясының қаулысында кепіл енгізілген жағдайда осы Кодекстің 140-бабында көзделген қандай міндеттер адамға жүктелетіні, оларды орындамау салдары, кепіл мөлшерін таңдаудың негізділігі, сондай-ақ оны қолдану мүмкіндігі көрсетіледі.
4. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім заңды күшіне енгеннен кейін прокурор осы Кодекстің 589-бабында көзделген тәртіппен экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы шешім қабылдайды.»;
98) 590-баптың бірінші бөлігінің 7) тармағы «сұрау салушы тарапта» деген сөздерден кейін «өлім жазасын,» деген сөздермен толықтырылсын;
99) 608-бапта:
екінші бөліктің 5) тармағындағы «қылмыстық - атқару мекемесінің» деген сөздер «қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөлік «белгіленген» деген сөзден кейін «аппеляциялық» деген сөзбен толықтырылсын;
100) 618-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен ынтымақтастық туралы процестік келісімді тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары бекітеді.»;
101) 619-баптың алтыншы бөлігінде:
«Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына,» деген сөздерден кейін «Бас әскери прокурорға, Бас көлік прокурорына,» деген сөздермен толықтырылсын;
«, ал сотталған адаммен келісім - Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына не оның орынбасарына» деген сөздер алып тасталсын;
102) 620-баптың бірінші абзацында:
«сотталушыға» деген сөзден кейін «, сотталған адамға» деген сөздермен толықтырылсын;
«- Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, ал сотталған адамға қатысты - Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры не оның орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
103) 621-баптың бірінші бөлігінде:
«облыс прокуроры» деген сөздер «Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстың прокуроры» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, ал сотталған адамға қатысты - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасары» деген сөздер алып тасталсын;
104) 629-3-баптың төртінші бөлігінің 1) тармағы «бекітеді» деген сөзден кейін «, өзінің қарарымен айыпталушыны сотқа береді» деген сөздермен толықтырылсын;
105) 631-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «146 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «146 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «146 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «146 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
106) 636-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
107) 650-баптың алтыншы бөлігінде:
«Сотталушының» деген сөзден кейін «және жәбірленушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«оны» деген сөз «оларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сотталушыға» деген сөз «сотталушыға да, сондай-ақ жәбірленушіге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
108) 667-баптың бірінші бөлігінде:
«35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 11) тармақтары» деген сөздер «35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары, 36-бабының бірінші бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
1) 3-баптың 11) тармақшасындағы «, сондай-ақ қамаққа алуға сотталғандарды» деген сөздер алып тасталсын;
2) 12-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«9. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген қатер болмаған не жойылған жағдайда жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамды қауіпсіз орында ұстауды тоқтатады. Сотталған адамды қауіпсіз орында ұстауды тоқтату прокурормен келісім бойынша жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының қаулысымен ресімделеді.»;
3) 16-баптың бірінші бөлігі 20) тармақшасындағы «қағидаларын бекітеді.» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) мекемелерде өткізу режимін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді.»;
4) 17-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы және екінші бөліктің 1) тармақшасындағы «сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталғандарды», «сотталғандарды» деген сөздер тиісінше «бас бостандығынан айыруға сотталғандарды есепке алуды және оларды сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес», «сотталғандарды есепке алуды және оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Мекеме жазасын өтеуге келген бас бостандығынан айыруға сотталғандарды есепке алуды жүргізеді.»;
5) 26-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты химиялық кастрация олар босатылғанға дейін алты ай бұрын қолданылады. Осыған байланысты мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жібереді. Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын, психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды.»;
6) 35-баптың екінші бөлігі 5) тармақшасындағы «адамдар қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері бола алмайды.» деген сөздер «адамдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері бола алмайды.»;
7) 59-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде киім нысанының үлгісін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кеудеше киюге;»;
8) 61-бапта:
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сотталған адамды сот үкімін, қаулысын алғаны туралы хабарламамен және әкімдіктің қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкімімен оларды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қолын қойғызып таныстырады;
4) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындау орнына бару арқылы, оның ішінде техникалық мүмкіндік болған кезде олардың орындалуын ішінара тіркеп-белгілеу арқылы бақылайды;
5) әкімдіктен жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде онымен профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және іздестіру жариялау туралы ұсынуды сотқа енгізеді;
7) қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы мәліметтерді масс-медиада таратады.»;
9) 62-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«62-бап. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
1. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары:
1) сот үкімін немесе қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстар түрін, сондай-ақ еңбек жағдайларының қауіпсіздігін ескере отырып, оларды қоғамдық орындарда орындау үшін объектілерді айқындауға;
сотталған адамның деректерін, ақы төленбейтін қоғамға пайдалы жұмыстардың түрін, оларды орындауға арналған объектіні, орындау шарттарын, жауапты ұйымды, күніне төрт сағаттан аспайтын, ал тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға - күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын жұмыспен өтеу уақытының ұзақтығын, демалу уақытын көрсете отырып, қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім шығаруға;
пробация қызметіне сот үкімін немесе қаулысын алғаны туралы хабарлама және қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім жіберуге;
2) киім нысанының үлгісін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындаған кеудешемен және қоғамдық жұмыстарды орындау үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және өзге де құралдармен сотталған адамды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға;
3) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты жіберуге;
4) сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі туралы пробация қызметіне хабарлауға міндетті.»;
10) 83-баптың бірінші бөлігіндегі «, тергеу изоляторларының оқшауланған учаскелерінде» деген сөздер алып тасталсын;
11) 85-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «камераларда қатаң оқшаулау жағдайларында» деген сөздер «арнаулы қабылдау орындарындағы камераларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «ұйымдарының емдеу мекемелеріне» деген сөздер «жүйесінің медициналық ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 88-бапта:
4-1-бөлікте:
бірінші абзац «Осы баптың» деген сөздерден кейін «екінші,» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзац «, ал» деген сөзден кейін «жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін жіберілген немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі «өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар,» деген сөздер алып тасталсын;
13) 89-бапта:
екінші бөліктің 2) тармақшасындағы «қамаққа алуға,» деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;
14) 90-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «жіберіледі.» деген сөз «жіберіледі, бұған мыналар:
1) үкім заңды күшіне енген кезде зертханалық тұрғыда расталған бактерия бөлінуі анықталған, ол тоқтағанға дейін, туберкулезбен ауыратын;
2) одан әрі стационарлық емдеу қажет болмаған кезде, адам сауыққанға дейін, басқа да қауіпті инфекциялық аурулары бар;
3) оларға қатысты жеке басын куәландыратын құжат ресімделіп жатқан;
4) жазасын өтеу мерзімінің соңына дейін бір айдан аспайтын уақыт қалған сотталғандар кірмейді.» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте сотталғандар сот шешімін күткен кезеңде оларға сот тағайындаған сол мекеме түрі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайлар қолданылады.»;
15) 92-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
«5-1. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін туберкулез не басқа да қауіпті инфекциялық ауру анықталған сотталған адам зертханалық тұрғыда расталған бактерия бөлінуі тоқтағанға дейін не одан әрі стационарлық емдеу қажеттілігі болмағанға дейін қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылады.
Қалдыру туралы шешімді қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сот тағайындаған сол мекеме түрі үшін Кодексте көзделген жағдайларда қабылдайды.»;
жетінші бөліктің бірінші абзацында:
«мекемеге» деген сөзден кейін «жіберілген және» деген сөздермен толықтырылсын:
3) тармақшадағы «пайдалануға құқылы.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) бір жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
5) мынадай жағдайларда: жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болғанда немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырғанда; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болғанда немесе жеке сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда телефон арқылы сөйлесуді пайдалануға кұқылы.»;
16) 94-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацындағы «; өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар» деген сөздер алып тасталсын;
17) 95-баптың төртінші бөлігі бесінші абзацының 2) және 3) тармақшаларындағы «кемінде бір көтермелеуі, бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған», «кемінде бір көтермелеуі, екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған» деген сөздер тиісінше «бірінші оң мінез-құлық дәрежесі, кемінде бір көтермелеуі болған», «екінші оң мінез-құлық дәрежесі, кемінде бір көтермелеуі болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 96-бапта:
екінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «Дәрежесі үшінші теріс мінез-құлықты және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық жасаған» деген сөздер «Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 97-баптың тоғызыншы бөлігі 2) тармақшасындағы «оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «оңтайландыруды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мекемелерде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының жұмысын тоқтата тұруды қамтамасыз етуге міндетті. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.»;