20) 98-баптың бесінші бөлігінің үшінші абзацындағы «жергілікті» деген сөз «оқшауланған» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 99-баптың бірінші бөлігі «ақпарат алу үшін» деген сөздерден кейін «, пилотсыз әуе кемесінің мекемелер аумақтарының үстінен және оларға іргелес аумақтардың үстінен ұшуының жолын кесу үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 101-бапта:
бірінші бөліктегі «Дүлей зілзала болған» деген сөздер «Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «отыз тәулікке» деген сөздер «отыз тәулікке дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 104-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандарды,» деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) камераларда, карантиндік бөлімшелердің, тәртіптік изоляторлардың, жасақтардың, жалғыз адамдық камералардың, уақытша оқшаулау үй-жайларының бөлмелерінде және ортақ пайдаланылатын үй-жайларында бекітілген графикке сәйкес кезекшілік атқаруға және оларда санитариялық жинауды жүргізуге;»;
үшінші бөліктің 10) тармақшасы «қоспағанда,» деген сөзден кейін «мекеме аумағында» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 106-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотталғандарға мекеме аумағында:
1) ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді;
2) ұзақтығы - екі тәулік, ал дәрежесі үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға ұзақтығы үш тәулік ұзақ мерзімді кездесулер беріледі.»;
25) 109-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «әрқайсысының» деген сөз «күніне» деген сөзбен ауыстырылсын;
26) 113-бапта:
бірінші бөлікте:
«қалдырылған және» деген сөздерден кейін «төтенше қауіпсіз немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұзақ мерзімге - қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жыл сайынғы ақылы демалыс уақытында тұрғылықты жері бойынша жылына бір рет шығуға құқығы бар.»;
үшінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;
27) 119-бапта:
тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«119-бап. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру
1. Мекеме әкімшілігі барлық еңбекке жарамды сотталғандарды ақылы жұмыстарға тарту үшін жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылдайды.
Сотталғандар:
1) мекемеде мекеменің шаруашылық қызмет көрсету лауазымдарына;
2) қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында;
3) сотталған адам жазасын өтеп жатқан мекеме аумағында орналасқан ұйымдарда жұмысқа орналастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5 және 1-6-бөліктермен толықтырылсын:
«1-1. Мекемелердің әкімшілігі осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда сотталғандарды сол түрдегі басқа мекемеде жұмысқа орналастыруға құқылы.
1-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген объектілерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған кезде сотталғандар мекеме орналасқан елді мекен шегіндегі күзетілетін аумақтың шегінен тыс жердегі өзге де ұйымдарда, олар жұмыс берушінің есебінен инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзету құралдарымен жабдықталған және мекеме әкімшілігі тиісті күзету мен оқшаулауды қамтамасыз еткен жағдайда, жұмысқа орналастырылуы мүмкін.
1-3. Сотталғандарды мекеменің күзетілетін аумағынан тыс орналасқан өндірістік объектілерге шығаруға рұқсат не одан бас тарту сотталғандарға мінездемесі мен мінез-құлқы ескеріле отырып, мекеме бастығының не оны алмастыратын адамның қаулысы бойынша, мекеме комиссиясының материалдары негізінде беріледі. Қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
1-4. Мыналар:
1) өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар;
2) есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар деп танылған, сондай-ақ туберкулезден не басқа да инфекциялық аурудан емделуді аяқтамаған сотталғандар;
3) террористік, экстремистік қылмыстар үшін не қылмыстық топтың құрамында жасаған қылмыстары үшін сотталғандар;
4) қашып шығуға бейім ретінде профилактикалық есепте тұрған сотталғандар;
5) жазасын өтеу кезеңінде жасаған қасақана қылмыстары үшін сотталғандар;
6) теріс мінез-құлық дәрежесі бар сотталғандар мекеменің күзетілетін аумағынан тыс жерге шығарылмайды.
1-5. Мекеме әкімшілігі:
1) қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;
2) оны босату кезінде;
3) сотталған адам жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда;
4) жұмыс беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда;
5) мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілген кезде сотталған адамды жұмысқа орналастырылған ұйымнан кері шақыртып алуға міндетті.
1-6. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.»;
28) 121-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Тәртіптік изоляторда, жалғыз адамдық камерада және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұсталатын адамдар камераларда және ортақ пайдаланылатын орындарда тұрудың санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту және тәртіптік изолятордың, жалғыз адамдық камераның және уақытша оқшаулау үй-жайының аумағын абаттандыру бойынша ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын ақы төленбейтін жұмыстарға тартылады.»;
29) 122-бапта:
«Ұстап қалудан қалған сома» деген сөздерден кейін «, мөлшеріне қарамастан,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Бұл ретте қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарда бар сомаларды қоспағанда, соманың қалған бөлігі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аз болуы мүмкін.
Атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша ұстап қалу сотталғандардың туыстарынан немесе басқа адамдардан алатын ақша аударымдарынан да жүргізіледі, бұл ретте айына бір рет жиырма айлық есептік көрсеткіштен асатын сома ұстап қалуға жатады.»;
30) 126-баптың үшінші бөлігіндегі «мінез-құлық дәрежесін айқындау және» деген сөздер алып тасталсын;
31) 129-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған көтермелеулердің күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысы не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.»;
32) 130-баптың екінші бөлігінде:
6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің, медициналық денсаулық сақтау ұйымының және жұмыс объектісінің аумақтарын өз бетінше тастап кету;
7) осы Кодекстің 113-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығуға рұқсат етілген, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға, шаштаразға бару үшін, оқуына және өздері орындайтын жұмысына байланысты шығуға рұқсат етілген сотталған адамның мекемеге белгіленген мерзімде оралмауы;»;
мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз мекеменің ішкі тыйым салынған аймағының қоршауынан өту;»;
15) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін белгіленген қағидаларға сәйкес медициналық куәландырудан өтуден бас тарту;
16) бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштердің қажетті шолуына кедергі жасау.»;
33) 132-бап мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«11. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалардың күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.»;
34) 136-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде он екі сауқат немесе сәлемдеме және он екі бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде он екі қысқа мерзімді және он екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.»;
35) 137-баптың бесінші бөлігіндегі «кемінде тоғыз» деген сөздер «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
36) 138-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.»;
37) 139-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «, сондай-ақ өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасының күшін жоятын заңды қолдануға байланысты өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар» деген сөздер алып тасталсын;
38) 143-бапта:
сегізінші бөліктің бірінші абзацындағы «қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелеріне» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесінің басқа мекемесіне, аумақтық органына не қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы бөліктің 3) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде қалдырылуы мүмкін.»;
39) 146-баптың төртінші бөлігінде:
төртінші абзацта:
«Жеңілдетілген» деген сөз «Дағдылы, жеңілдетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жергілікті» деген сөз «оқшауланған» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «Дағдылы және қатаң» деген сөздер «Қатаң» деген сөзбен ауыстырылсын;
40) 149-баптың төртінші бөлігіндегі «жергілікті» деген сөз алып тасталсын;
41) 152-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған көтермелеулердің күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен немесе прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.»;
42) 154-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалардың күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.»;
43) 162-баптың оныншы бөлігінде:
екінші абзац «жағдайда,» деген сөзден кейін «осы бөліктің үшінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан кезде, өтінішхат бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін қайта енгізілуі мүмкін.»;
44) 169-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Электрондық бақылау құралдарын қолдану өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға міндетті болып табылады.»;
үшінші бөлік «жалтарған болса,» деген сөздерден кейін «қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасаса, сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабы бірінші бөлігінің, 68-бабы бірінші және үшінші бөліктерінің, 78-бабы екінші және төртінші бөліктерінің негізінде тоқтатылған жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
45) қосымшаның 8) тармақшасы «пайдаланылған» деген сөзден кейін «не қылмыстық құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
110-баптың 9-тармағы «өндіруге,» деген сөзден кейін «сату, тарату мақсатында сақтауға, жөнелтуге, тасымалдауға,» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңында:
12-баптың 4-тармағының 1) тармақшасында:
«197 (үшінші бөлігі), 207 (екінші бөлігі),» деген сөздер «206 (2-1-бөлігі), 207 (екінші және 2-1-бөліктері), 208 (үшінші бөлігі),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«232 (бірінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «233-1 (үшінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында:
50-баптың 6-тармағының а) тармақшасындағы «мөрмен расталған және» деген сөздер алып тасталсын.
8. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 1) тармақшасындағы «әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 3) тармақшасында:
«әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «әкімшілік қамаққа алынған немесе қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының» деген сөздер «сот актісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-баптың бүкіл мәтіні бойынша «күдіктілер мен айыпталушыларды», «сезіктілер мен айыпталушыларды», «сезіктілер мен айыпталушылардың», «сезіктілер мен айыпталушылардан», «күдіктілер мен айыпталушылардың», «сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың», «сезіктілер мен айыпталушыларға», «сезіктілер мен айыпталушылар» деген сөздер тиісінше «күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды», «күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды», «күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың», «күдіктілерден, айыпталушылардан және сотталушылардан», «күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың», «күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың», «күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға», «күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 46-бапта:
1-тармақта:
«Дүлей апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, ауқымды өрт ошақтары, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі ірі апаттар» деген сөздер «Күзетпен ұстау орындары орналасқан ауданда табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше, ерекше жағдай және соғыс жағдайы енгізілген кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерекше жағдайлар режимін енгізу мақсаттарына көрсетілген мерзімдерде қол жеткізілмеген жағдайда, оның қолданылу уақытын көрсетілген лауазымды адамдар қосымша отыз тәулікке дейін ұзартады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ерекше жағдайлар режимін енгізу кезінде:
1) күзетпен ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды күзету, өткізу режимі және қадағалау күшейтіледі;
2) мыналар:
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың қатысуымен өткізілетін барлық іс-шаралар;
сауқаттар мен сәлемдемелер қабылдау;
қорғаушымен кездесу;
осы Заңның 17-бабында санамаланған туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу;
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысу үшін шығуы;
күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстыру шектелуі немесе тоқтатыла тұруы мүмкін;
3) мынадай:
күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде жеке қаражатынан төленетін телефон арқылы сөйлесу;
күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға қорғаушылармен, туыстарымен және өзге де адамдармен осы Заңның 17-бабында көзделген тәртіппен мекемеде бар телекоммуникация құралдарын қолдана отырып кездесулер ұйымдастырылуы мүмкін.»;
5) 3-2-тараудың тақырыбындағы «Әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 46-6-бапта:
тақырыптағы «әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтардағы «Әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған кезде әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар бөлек ұсталады.»;
7) 46-7-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «Әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 46-8-бапта:
тақырыптағы «әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «Әкімшілік қамаққа алынған» деген сөздерден кейін «және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 46-9-бапта:
тақырыптағы «Әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Әкімшілік қамауға алынған» деген сөздер «Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
43-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «өздері» деген сөз «прокурордың санкциясымен өздері» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-1-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерін күзетуін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы өздерінің аумақтары шегінде:
1) радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғылардың санкциясыз пайдаланылуын анықтау және (немесе) жолын кесу үшін арнаулы техникалық жабдықты қолданады;
2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде және тергеу изоляторларында пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруды және оны қайта бастауды жүзеге асырады.
2. Байланыс операторлары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қабылдауды қоса алғанда, өздерінің байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті.»;
2) 41-1-бап мынадай мазмұндағы 1-6-тармақпен толықтырылсын:
«1-6. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.».
11. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 95-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан адамдарға қолданылмайды.»;
2) 148-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) адвокаттың сұрау салуы бойынша қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процесте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғаушы немесе өкіл ретінде заң көмегін көрсетуіне байланысты қажетті мәліметтерді беруге;».
12. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «мөрмен расталған және» деген сөздер алып тасталсын.
13. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағының 39-1) тармақшасындағы «мемлекеттік психиатриялық мекемені» деген сөздер «мемлекеттік психиатриялық ұйымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 1-тармағында:
3) тармақша «полицияның» деген сөзден кейін «және пробация қызметінің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «, сондай-ақ» деген сөзден кейін «пробация қызметтерінің және» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін учаскелерде оларды жиһазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған, жұмысқа арналған үй-жаймен» деген сөздер «пробация қызметтерін және учаскелік полиция инспекторларын қызмет көрсететін учаскелерінде жұмыс істеу үшін жиһазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған үй-жайлармен» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
25-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Клиентке үшінші тұлғалардың төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруына қолжетімділік алуына алып келген, үшінші тұлғаларға банк шотына не төлем құралына не сәйкестендіру құралына қолжетімділікті ұсынуға, сондай-ақ төлем құралын не сәйкестендіру құралын беруге, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғаларға осындай қолжетімділікті беруді қоспағанда, тыйым салынады.
Клиентке материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін үшінші тұлғаның мүддесінде немесе үшінші тұлғаның пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.
Жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалануды қоспағанда, үшінші тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.».
15. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «мөрмен расталған және» деген сөздер алып тасталсын.
16. «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: