36) 189-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацы «немесе онсыз,» деген сөздерден кейін «жымқырылған мүліктің екі еселенгеннен үш еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацы «айыра отырып,» деген сөздерден кейін «жымқырылған мүліктің үш еселенгеннен бес еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не» деген сөздермен толықтырылсын;
37) 190-бапта:
екінші бөліктің 4) тармағы «ақпараттық жүйені» деген сөздерден кейін «немесе Интернет желісін» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы «немесе онсыз,» деген сөздерден кейін «жымқырылған мүліктің екі еселенгеннен үш еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацы «айыра отырып,» деген сөздерден кейін «жымқырылған мүліктің үш еселенгеннен бес еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не» деген сөздермен толықтырылсын;
38) 197-бап алып тасталсын;
39) 205-бапта:
тақырыптағы «, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электрондық жеткізгіште қамтылған, заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттандыру объектісіне елеулі зиян келтіруге алып келген қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу -»;
40) 206-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электрондық жеткізгіште, ақпараттандыру объектісінде қамтылған, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттандыру объектісіне көрінеу жалған ақпаратты енгізу, егер бұл елеулі зиян келтіруге алып келсе, -»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісінде қамтылған, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты оған көрінеу жалған ақпаратты енгізу -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет жасалған;
2) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «немесе екінші бөліктерінде» деген сөздер «, екінші немесе 2-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «үш жылға» деген сөздер «төрт жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 207-бапта:
тақырыптағы және бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің» деген сөздер «Ақпараттандыру объектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет жасалған;
2) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан төрт жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «немесе екінші бөліктерінде» деген сөздер «, екінші немесе 2-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«208-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
1. Ақпараттандыру объектісінде қамтылған немесе электрондық жеткізгіште сақталған, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл елеулі зиян келтіруге алып келсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісінде сақталатын, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет жасалған;
2) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға алып келген іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан төрт жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
43) 209-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісімен берілетін» деген сөздер «электрондық жеткізгіште, ақпараттандыру объектісінде қамтылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 210-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электрондық жеткізгіште немесе ақпараттандыру объектісінде қамтылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, абоненттік құрылғының, ақпараттандыру объектісінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарлама, бағдарламалық өнім жасау немесе қолданыстағы бағдарламаға немесе бағдарламалық өнімге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімді қасақана пайдалану және (немесе) тарату -»;
45) 214-бапта:
тақырыптағы «, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «, банктік қызметті (банк операцияларын), микроқаржылық немесе коллекторлық қызметті тіркеусіз, сол сияқты» деген сөздер «тіркеусіз немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) мынадай мазмұндағы 214-1 және 214-2-баптармен толықтырылсын:
«214-1-бап. Заңсыз банктік, микроқаржылық қызмет
1. Банктік қызметті (банк операцияларын), микроқаржылық қызметті тіркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыру, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан;
3) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
214-2. Заңсыз коллекторлық қызмет
1. Коллекторлық қызметті тіркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті есептік тіркеусіз немесе коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тасталғаннан кейін не Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыру, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан;
3) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
47) 223-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса» деген сөздер «елеулі зиян келтіруге алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) мынадай мазмұндағы 232-1 және 233-1-баптармен толықтырылсын:
232-1-бап. Банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру
1. Материалдық сыйақы және (немесе) мүліктік сипаттағы пайда үшін не оларды алу мақсатында үшінші тұлғаға өзінің банктік шотына не төлем құралына не сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну не оларды үшінші тұлғаға пайдалануға заңсыз беру -
мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, айтарлықтай мөлшерде материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда алуға алып келген не оларды алу мақсатында жасалған іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі мөлшерде материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда алуға алып келген не оларды алу мақсатында жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін не оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесінде немесе үшінші тұлғаның пайдасына банктік шотын не төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру -
мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, айтарлықтай мөлшерде материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда алуға алып келген не оларды алу мақсатында жасалған іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, ірі мөлшерде материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда алуға алып келген не оларды алу мақсатында жасалған іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
7. Заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында банктік шотты не төлем құралын не сәйкестендіру құралын басқаруға қолжетімділікті заңсыз алу -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, бұл туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ осы құқық бұзушылықты ашуға немесе оның жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
«233-1-бап. Шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз алынған мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу
1. Айтарлықтай мөлшерде жасалған, шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз алынған мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу -
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
3) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
49) 245-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына» деген сөздер «бюджетке түспеген төлемдердің екі еселенгеннен үш еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына» деген сөздер «бюджетке түспеген төлемдердің үш еселенгеннен бес еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «екі еселенгеннен үш» деген сөздер «бес еселенгеннен жеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 251-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«251-бап. Жеке нотариустың, бағалаушының, жеке сот орындаушысының, коллекторлық агенттік жұмыскерінің, медиатордың, аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым басшысының өкілеттіктерін теріс пайдалануы
1. Жеке нотариустың, бағалаушының, жеке сот орындаушысының, борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттік жұмыскерінің, медиатордың, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым басшысының өз өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы және өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы, егер бұл іс-әрекет елеулі зиян келтірсе, -»;
51) 252-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы
1. Жекеше күзет ұйымы басшысының немесе жұмыскерінің лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін асыра пайдалануы, сол сияқты борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттік жұмыскерінің Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасында көзделген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы асыра пайдалануы, егер бұл іс-әрекет күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, жалған құжаттар жасап, бопсалап жасалса, -»;
52) 253-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацындағы «бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына» деген сөздер «берілген ақшаның немесе берілген мүлік құнының он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 272-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы «оның ішінде Интернет желісін» деген сөздер «, ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
54) 301-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату не оларды айтарлықтай мөлшерде сату немесе тарату мақсатында сақтау, жөнелту, тасымалдау -»;
55) 307-баптың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарындағы «табыс табумен», «пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер -» деген сөздер тиісінше «табыс табумен жасалған», «пайдалана отырып жасаған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
«5) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер -»;
56) 309-баптың екінші бөлігінің 3) тармағындағы «оның ішінде Интернетті» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 318-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «жасаған не» деген сөздерден кейін «абайсызда» деген сөзбен толықтырылсын;
58) 323-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «егер бұл» деген сөздерден кейін «абайсызда» деген сөзбен толықтырылсын;
59) 324-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе» деген сөздер «абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залал келтіруге алып келуі мүмкін болса немесе алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға алып келген іс-әрекет -»;
60) 325-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе айтарлықтай залал келтіруге алып келуі мүмкін болса немесе алып келсе, -»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға алып келген іс-әрекеттер, -»;
61) 326-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе» деген сөздер «абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе айтарлықтай залал келтіруге алып келуі мүмкін болса немесе алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға алып келген іс-әрекеттер -»;
62) 328-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе» деген сөздер «абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе айтарлықтай залал келтіруге алып келуі мүмкін болса немесе алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға алып келген іс-әрекеттер -»;
63) 329-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе» деген сөздер «абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залал келтіруге алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға алып келген дәл сол іс-әрекет -»;
64) 330-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе» деген сөздер «абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залал келтіруге алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға алып келген дәл сол іс-әрекет -»;
65) 332-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе» деген сөздер «абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залал келтіруге алып келуі мүмкін болса немесе алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы «көзделген» деген сөзден кейін «абайсызда» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацында:
«аумақтарда» деген сөзден кейін «абайсызда» деген сөзбен толықтырылсын;
«өзге де ауыр зардаптардың басталуына» деген сөздер «өзге де ауыр зардаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 333-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе» деген сөздер «абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залал келтіруге алып келуі мүмкін болса немесе алып келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Абайсызда аса ірі залал келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға алып келген дәл сол іс-әрекет - »;
67) 339-бапта:
тақырыптағы «, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «олардың бөліктерін немесе дериваттарын,» деген сөздер алып тасталсын;
1-1-бөлікте:
бірінші абзацтағы «немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін» деген сөздер алып тасталсын;