тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.»;
124) 597-бапта:
4-1-бөліктің екінші абзацындағы «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-2-бөліктің екінші абзацындағы «бес» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
125) 598-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «жеті» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«он бес» деген сөздер «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;
125) тармақшаның бесінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға» деген сөздермен толықтырылсын;
126) 607-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарының, жүктердің, жол құрылысжайларының және өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген әрекеттер -
тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.»;
127) 608-баптың алтыншы бөлігіндегі «, екінші» деген сөз алып тасталсын;
128) 610-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады» деген сөздер «алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге алып келген әрекет -»;
129) 615-бапта:
129) тармақшаның екінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
төртінші бөліктің екінші абзацы «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе он екі сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Көлік құралы жүріп келе жатқанда жолаушының көлік кабинасының (салонының) сыртында болуы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
130) 637-бапта:
жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе байланыс саласындағы қызметті немесе байланыс саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау болмаған жағдайда, байланыс саласындағы мұндай қызметті тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
тоғызыншы бөліктегі «Ұялы байланыс» деген сөздер «Байланыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«16. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісі иесінің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтың сақталуы мен қауіпсіздігін, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Пошта операторының пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды пошта байланысының барлық желісінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен, пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
18. Пошта операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді, дербес деректер туралы ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдарды және жабдықтарды пошта желілерінде орнату жөніндегі міндеттерді орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
19. Осы баптың он жетінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
131) 640-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы «ашық» деген сөзден кейін «және жабық» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 6-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының немесе куәландырушы орталықтың:
1) тіркеу куәліктерін беру шарттарын;
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тұрғысынан тексеруді сақтамауынан көрінген бұзушылық -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру функционалының болмауынан көрінген электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларын бұзу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«6. Басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасының жабық кілтін пайдалану -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
132) 641-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп тиісті бұйрықтармен міндеттерді орындау жүктелген бірінші басшыларды, басшылардың орынбасарларын, аппараттар басшыларын не оларды алмастыратын адамдарды түсінген жөн.»;
133) 646-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға» деген сөздер «тиісті жергілікті әскери басқару органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
134) 647-баптың бірінші абзацындағы «тұрақты тұрғылықты жерге немесе» деген сөздер алып тасталсын;
135) 648-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «комиссияның» деген сөз «тіркеу комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
136) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
136) 653-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға» деген сөздермен толықтырылсын;
137) 659-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргізу барысында органға (лауазымды адамға)» деген сөздер «кездегі және медициналық қызмет сараптамасын жүргізу барысындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпедегі «осыған уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) іс бойынша шешім шығарғанға» деген сөздер «іс бойынша шешім шығарылғанға» деген сөздермен ауыстырылсын;
138) 667-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, олардың заңды қызметіне кедергі келтіру, сол сияқты былапыт сөйлеуден, құрметтемеушілік танытудан, лайықсыз мінез-құлықтан, арандатушылықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінген араласу -»;
139) 668-бапта:
тақырып «Адвокаттың» деген сөзден кейін «, заң консультантының» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац «кеңсенің» деген сөзден кейін «, заң консультанттарының» деген сөздермен толықтырылсын;
140) 669-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац «егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;
140) тармақшаның үшінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
екінші абзац «бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға» деген сөздермен толықтырылсын;
141) 675-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерінің нысанды киімін заңсыз киіп жүру (пайдалану) -
нысанды киім тәркіленіп, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
142) 681-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жұмысқа қабылдауы, сондай-ақ олардың одан әрі жұмыс істеуіне жол беруі -»;
екінші абзацтағы «әкеп соғады» деген сөздер «алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
143) 684-бапта:
бірінші бөлікте:
«80 (2-2 және төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «80 (2-2-бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«85, 99,100,» деген цифрлар алып тасталсын;
«170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздер «170 (оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«175-1, 176,», «182,» деген цифрлар алып тасталсын;
«247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктерінде)» деген сөздер «247 (он бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«283-1» деген цифрлар «283-1 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«299 (екінші бөлігінде), 312 (екінші бөлігінде), 313, 314, 316 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде)», «320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«344 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «344 (бірінші және 4-1-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«409 (7-1 және 7-8-бөліктерінде)» деген сөздер «409 (7-8-бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«415-1 (екінші бөлігінде),», «417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
143) тармақшаның он төртінші және он бесінші абзацтары 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«434,» деген цифрлардан кейін «434-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«436,» деген цифрлардан кейін «438 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«440 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «440-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «543 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-баптың 143) тармақшасының он сегізінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды
«596 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктерінде), 598 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«607 (екінші бөлігінде)» деген сөздер «607 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«618,» деген цифрлар алып тасталсын;
«637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«651,» деген цифрлар алып тасталсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасында:
«135,» деген цифрлардан кейін «156-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«430 (екінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
143) тармақшаның жиырма алтыншы абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөлік «Жоғарғы Соттың,» деген сөздерден кейін «кассациялық соттың,» деген сөздермен толықтырылсын;
144) 685-бапта:
бірінші бөлікте:
144) тармақшаның үшінші, төртінші абзацтары 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«434-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
«438 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «438 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздер «559 (бірінші, 1-1, екінші, төртінші, бесінші және 5-1-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
144) тармақшаның алтыншы абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«598» деген цифрлар «598 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «615 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
2) тармақшада:
144) тармақшаның оныншы - он екінші абзацтары 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«434-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
«438 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «438 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«598 (екінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшада:
«559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздер «559 (бірінші, 1-1, екінші, төртінші, бесінші және 5-1-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ішкі істер органдары полициясының желілік бөлімдерінің, бөлімшелерінің» деген сөздер «ішкі істер органдарының көліктегі полиция бөлімшелерінің, полиция бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы Кодекстің 440 (бірінші және екінші бөліктерінде) (пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қатысты)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - пробация қызметінің қызметкерлері;»;
4) тармақшада:
«434-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
«615 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «615 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
145) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
145) 686-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «438 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «438 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
146) 688-бапта:
бірінші бөліктегі «170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздер «170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары» деген сөздер «, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
147) 688-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
148) 689-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.»;
149) 690-1-баптың бірінші бөлігі «Кодекстің» деген сөзден кейін «297,» деген цифрлармен толықтырылсын;
150) 691-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «616,» деген цифрлардан кейін «618,» деген цифрлармен толықтырылсын;
151) 692-баптың бірінші бөлігіндегі «637 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші, он екінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде)» деген сөздер «637» деген цифрлармен ауыстырылсын;
152) 695-бапта:
тақырыптағы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды,» деген сөздер «Заңды тұлғаларды және» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды,» деген сөздер «Заңды тұлғаларды және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«464 және 466» деген сөздер «466 және 491» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды,» деген сөздер «заңды тұлғаларды және» деген сөздермен ауыстырылсын;
153) 697-баптың бірінші бөлігіндегі «344 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздер «344 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
154) 698-баптың бірінші бөлігіндегі «299 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «299 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
155) 698-1-бапта:
бірінші бөліктегі «190-1 және 297-1-баптарында» деген сөздер «297-1-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.»;
156) 699-баптың екінші бөлігі «бастықтары» деген сөзден кейін «мен олардың орынбасарлары» деген сөздермен толықтырылсын;
157) 700-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «426 (бірінші, 2-1 және 2-2-бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «428, 429 (екінші бөлігінде), 430,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацында:
«80 (2-1 және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «80 (2-1, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«82 (бірінші бөлігінде)» деген сөздерден кейін «, 230 (екінші бөлігінде) (медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша денсаулық сақтау субъектілері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
158) 701-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 425 (бірінші бөлігінде), 428, 429 (бірінші бөлігінде), 431, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
159) 703-бапта:
бірінші бөліктегі «406-бабында» деген сөздер «406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «406-бабына» деген сөздер «406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
160) 704-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.»;
161) 708-баптың бірінші бөлігі:
161) тармақшаның екінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«141,» деген цифрлардан кейін «164,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«299 (бірінші» деген сөздерден кейін «, екінші» деген сөзбен толықтырылсын;
162) 713-баптың бірінші бөлігіндегі «163-1-баптарында» деген сөздер «163-1, 185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлері жасаған кезде), 268, 464-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
163) 715-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 190-1, 193 (бірінші бөлігінде), 415 (бірінші бөлігінде), 415-1, 417, 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419, 464, 638 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
164) 715-1-баптың бірінші бөлігіндегі «190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193 (бірінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздер «157, 190 (бірінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
165) 718-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объектілердің салыну сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 309, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 317-1, 317-2, 318, 321, 322, 323 және 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
166) 719-баптың екінші бөлігіндегі «органдарының» деген сөз «бөлімшелерінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
167) 720-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 153, 155, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 176, 177, 178, 179, 180, 181, 181-1, 182, 194, 195, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 244 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 246-1 (бұл бұзушылықтарға салықтар бойынша аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 283-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1, 460-2, 464, 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (бірінші, 1-1 және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 571-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
«3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 92-1 (бірінші бөлігінде), 177 (бесінші және он бірінші бөліктерінде), 179 (төртінші, он төртінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде), 181 (бесінші, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 194 (бірінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші және 2-1-бөліктерінде), 276 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 280-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 288 (бірінші бөлігінде), 460-2 (бірінші бөлігінде), 525 (бірінші бөлігінде), 535 (бірінші бөлігінде), 558 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде, сондай-ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жаза - мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.»;
168) 721-баптың бірінші бөлігі «89 (мемлекеттік қызметшімен қарым-қатынастағы жұмыс беруші жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде)» деген сөздерден кейін «, 99» деген цифрлармен толықтырылсын;
169) 722-баптың бірінші бөлігінде:
«207,» деген цифрлардан кейін «207-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде)» деген сөздер «247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші, 7-1, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
170) 724-баптың бірінші бөлігінде:
«213 (бесінші бөлігінде)» деген сөздер «213 (бесінші және он бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты) және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде)» деген сөздер «227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты), 1-1 және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;