74) 299-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының 2) тармақшасы алып тасталсын;
75) 317-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «сәйкес келмейтін және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
76) 321-баптағы «және авторлық» деген сөздер «және (немесе) авторлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 334-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «ескерту жасауға немесе» деген сөздер алып тасталсын;
78) 344-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 4-1-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің 434-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеткізу үшін көлік құралдары пайдаланылған кездейсоқ қоқыстардың түзілуі (қалдықтарды арнаулы белгіленген орындардан тыс жерге шығарып тастау) -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«4-1. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
бұзушылықты жасау құралы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
79) 357-баптың екінші абзацындағы «не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады» деген сөздер «алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
80) 377-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы «тасымалдау,» деген сөзден кейін «өткізу,» деген сөзбен толықтырылсын;
81) 386-баптың екінші абзацындағы «ескерту жасауға немесе» деген сөздер алып тасталсын;
82) тармақша 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
82) 400-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының 15) тармақшасындағы «қамтамасыз етпеу;» деген сөздер «қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық-» деген сөздермен ауыстырылып, 16) тармақшасы алып тасталсын;
83) 403-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «зиянды» деген сөзден кейін «және аса қауіпті зиянды» деген сөздермен толықтырылсын;
84) 409-баптың төртінші бөлігі бірінші абзацының 5) тармақшасындағы «сақтамау түрінде жасалған бұзушылық;» деген сөздер «сақтамау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын сақтамау;
7) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын сақтамау;
8) мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық-»;
85) 410-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
86) 415-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару;
2) техникалық регламенттері қолданысқа енгізілген, сәйкестікті бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттары болмай немесе техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде мұндай құжаттардың бар-жоғы туралы мәліметтер болмаған кезде өнімді айналымға шығару түрінде жасалған бұзушылық -»;
87) 417-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«417-бап. Тауар шығарылған елді айқындау тәртібін бұзу
1. Тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін жасауы және сараптама ұйымының тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі қағидаларды бұза отырып, тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін беруі -
тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар аттестаттарының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сараптама ұйымдарына үш айға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тарту -
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Өтінім беруші сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша құжаттарды ұсынбаған жағдайда, шығарған елін айқындау өлшемшартын дұрыс айқындамай, тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі қағидалар бұзыла отырып берілген тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің негізінде уәкілетті ұйымның тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруі -
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын бұрмаланған және (немесе) анық емес құжаттарды ұсыну -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын қолданудан айыра отырып, тауар шығарылған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сараптама ұйымдарына үш айға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып, алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
88) 419-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «бір мың алты жүз» деген сөздер «алты жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «екі мың» деген сөздер «бір мың екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
89) 423-1-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жиырма бес» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
«қырық» деген сөз «сексен» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бір жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«отыз» деген сөз «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
«елу» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сексен» деген сөз «бір жүз алпыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі жүз» деген сөздер «төрт жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
90) 424-1-баптың екінші абзацындағы «не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға» деген сөздер «не денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыруға не онсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
91) 425-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
92) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
92) 434-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағаттан алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«алпыс сағаттан бір жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не он бестен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
93) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
93) 434-2-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сексен сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.»;
94) 438-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «отыз» деген сөз «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«алпыс» деген сөз «бір жүз жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
94) тармақшаның бесінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«айыппұл салуға әкеп соғады» деген сөздер «айыппұл салуға не қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацында:
«ескерту жасауға немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
95) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
95) 440-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға» деген сөздермен толықтырылсын;
96) мынадай мазмұндағы 440-1-баппен толықтырылсын:
«440-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну
1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса -
жеке тұлғаға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
97) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
97) 443-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға» деген сөздермен толықтырылсын;
98) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
98) 449-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға» деген сөздермен толықтырылсын;
99) 463-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы «ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
100) 464-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы «ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
101) 465-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «бас тарту» деген сөздерден кейін «, егер мұндай әрекеттер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға және (немесе) заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға алып келмесе» деген сөздермен толықтырылсын;
102) 466-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
103) 468-баптың бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
сәйкестендіру нөмірін ескермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестіндіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақыламау түрінде жасаған -»;
104) 470-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:
3) тармақшадағы «6-тармағының» деген сөздер «4 және 6-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «арнаулы» деген сөз «нысанды» деген сөзбен ауыстырылсын;
105) 471-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы «лауазымды адамдарға» деген сөздерден кейін «, нотариустарға» деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацы «лауазымды адамдарға» деген сөздерден кейін «, нотариустарға» деген сөзбен толықтырылсын;
106) 472-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының 4) тармақшасындағы «арнайы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға» деген сөздер «мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
107) 478-бапта:
тақырыптағы «Төтенше жағдай» деген сөздер «Төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Төтенше жағдай» деген сөздер «Төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
108) 479-баптағы «қылмыстар»деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
109) 490-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға не жеке тұлғаларға - жиырма бес, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып келеді.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға не Қазақстан Республикасының азаматтарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға не Қазақстан Республикасының азаматтарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
110) 496-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «бір жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен асып кеткен мерзімде хабарлау -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді.»;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «органдарда» деген сөзден кейін «, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
111) 504-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге жіберілген немесе бұрын жіберілген адамдардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -»;
112) 506-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектіге және стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетін мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектісіне, қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -»;
113) 510-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке басын куәландыратын құжаттарсыз Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның;»;
2) тармақша алып тасталсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы «Осы баптың» деген сөздерден кейін «бірінші,» деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші және екінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
114) 512-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«512-бап. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларының режимдерін бұзу»;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы» деген сөздер «ішкі және аумақтық суларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
115) 543-баптың 1-1-бөлігінің екінші абзацындағы «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз,» деген сөздер алып тасталсын;
116) 559-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «ескерту жасауға немесе» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 5-1-бөліктермен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«5-1. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
117) 567-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«567-бап. Рейс мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы
1. Рейс мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы -»;
118) 571-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «халықаралық» деген сөзден кейін «және ішкі» деген сөздермен толықтырылсын;
119) 571-1-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«571-1-бап. Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын ұсынбауы немесе мұндай тасымалдарды тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркемей жүзеге асыруы
1. Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын ұсынбауы немесе мұндай тасымалдарды тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актісін), жол парағын көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркемей жүзеге асыруы, сол сияқты осы құжаттарды толтырмауы немесе оларға көрінеу жалған мәліметтерді енгізуі -»;
120) 572-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:
«шағын» деген сөз «жеке тұлғаларға - бес, шағын» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
121) 573-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдік тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнаулы рұқсатсыз, сондай-ақ тасымалдау түріне сәйкес келмейтін рұқсатты пайдаланып жүзеге асыруы -
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«5. Шетелдік тасымалдаушының толтырылмаған немесе Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұза отырып толтырылған отандық рұқсатты пайдалануы -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
122) 593-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Жолаушыларды» деген сөз «Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
«1-2. Жолаушыларды көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс тасымалдау, сол сияқты олардың көлік құралы жүріп келе жатқанда оның терезелері мен люктерінен денесін шығаруына, есікті ашуына жол беру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
123) 596-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 4-1-бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 46-бабының төртінші бөлігіне сәйкес арнайы құқықтан айыру қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол құрылысжайларының және өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген әрекет -