«244 (бірінші, екінші (экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарды қоспағанда)» деген сөздер «244 (1-1, екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«252,» деген цифрлардан кейін «252-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
171) 724-1-баптың бірінші бөлігінде:
«91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздер «91 (бірінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 185 (бұл бұзушылықтарды банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер жасаған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «211» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 215-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«(эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты)» деген сөздер «(бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде)» деген сөздер «228» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға» деген сөздер алып тасталсын;
«255,» деген цифрлар алып тасталсын;
«464 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «464» деген цифрлармен ауыстырылсын;
172) 726-бапта:
екінші бөлік «органдарының» деген сөзден кейін «, қалалық, аудандық басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің)» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шекара басқармаларының, шекаралық бақылау басқармаларының бастықтары, жағалау күзеті дивизиондарының командирлері мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) шекаралық бақылау бөлімдерінің, шекара бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) шекаралық бақылау бөлімшелерінің, шекара бөлімшелерінің бастықтары, корабльдер мен катерлердің командирлері және олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
5) шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері) топтарының (ауысымдарының) бастықтары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді орындайтын бақылаушылар, шекара нарядтарының аға қызметшілері ескерту жасауға құқылы.»;
173) 727-баптың бірінші бөлігінде:
173) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«434-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
«598,» деген цифрлар «598 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «615 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдердің (мекемелердің) медициналық, әскерге шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына және мүшелеріне қатысты)» деген сөздермен толықтырылсын;
174) 728-бап алып тасталсын;
175) 729-бапта:
бірінші бөлікте:
«204,» деген цифрлардан кейін «205,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздер «320» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, 491» деген цифрлар алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Әкімшілік» деген сөз «Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.»;
үшінші бөлікте:
«320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздер «320» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«, 491» деген цифрлар алып тасталсын;
«505» деген цифрлардан кейін «, 633, 634» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»;
176) 730-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 84, 409 (екінші, үшінші, төртінші, 4-1, 4-2, бесінші, алтыншы, жетінші, 7-1, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
177) мынадай мазмұндағы 730-2-баппен толықтырылсын:
«730-2-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган
1. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 409 (төртінші, 4-1, 4-2, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.»;
178) 733-баптың бірінші бөлігінде:
«185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлері жасаған кезде),» деген сөздер алып тасталсын;
«268,» деген цифрлар алып тасталсын;
179) 734-бап алып тасталсын;
180) 740-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішхатты қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады, ол соттың істі қарау мерзімін кейінге қалдыруы және ұзартуы туралы өтінішхаттарды қоспағанда, өтінішхатты мәлімдеген адамның назарына жеткізіледі.»;
181) 741-бапта:
бірінші бөлікте:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты нақ сол факт бойынша судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысының, осы Кодекстің 811 және 897-баптарында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың орындалғанын (төленгенін) растайтын құжаттың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуы;»;
10) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) төтенше жағдай қолданылуының тоқтатылуы салдарынан;
181) тармақшаның сегізінші абзацы 2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) осы Кодекстің 759-бабында көзделген тәртіппен инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімге прокурордың келісуі болмаған жағдайда.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодекстің 809-бабына сәйкес іс жүргізуінде іс жатқан орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда іс жүргізудің кез келген сатысында істің ведомстволық бағыныстылығына қарамастан істі тоқтату туралы қаулы шығаруға міндетті.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен іс жүргізуді тоқтату және тоқтату негіздері туралы хабардар етіледі.»;
182) 742-баптағы «64-1-бабында көзделген жағдайда» деген сөздер «64, 64-1-баптарында көзделген жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
183) 744-бапта:
бірінші бөліктегі «сотта» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөлік «сотқа» деген сөзден кейін «немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) істі қарауына» деген сөздермен толықтырылсын;
183) тармақшаның төртінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөлік «қамаққа алу,» деген сөздерден кейін «қоғамдық жұмыстарға тарту,» деген сөздермен толықтырылсын;
184) 748-бапта:
екінші бөлікте:
«адвокаттар қатысады» деген сөздер «адвокаттар, заң консультанттары қатысады» деген сөздермен ауыстырылсын;
«адвокаттармен бірге» деген сөздер «адвокаттармен, заң консультанттарымен бірге» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік «Адвокат» деген сөзден кейін «және заң консультанты» деген сөздермен толықтырылсын;
185) 750-бапта:
бесінші бөлік «Адвокаттың» деген сөзден кейін «, заң консультантының» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Кодекстің 749-бабының екінші бөлігінде көзделген, адвокат, заң консультанты жеке тұлғаға қатысты жүргізілетін іс бойынша іс жүргізуге тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың, заң консультанттарының еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
7. Адвокат өзінің адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде, заң консультанты куәлігін немесе тізілімнен үзінді көшірмені және өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның жазбаша келісімін көрсеткен кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың, заң консультантының нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстің 748-бабының екінші бөлігінде көрсетілген басқа да адамдар өздерінің іске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, сондай-ақ осы Кодекстің 746-бабының үшінші бөлігінде және 747-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды) ұсынады.»;
186) 753-баптың бірінші бөлігі «адамдар» деген сөзден кейін «, сондай-ақ заң консультанты мәртебесі бар адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
187) тармақша 2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
187) 759-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«759-бап. Прокурор
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу процесінде заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды мемлекет атынан, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді келісуді не келісуден бас тартуды тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.
2. Прокурор осы Кодексте көзделген өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында: инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді келісуге не оларды келісуден бас тартуға; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысуға; дәлелдемелерді ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға; істі қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп отырған тұлғаның кінәлілігі туралы, сондай-ақ істі қарау процесінде туындайтын басқа да мәселелер жөнінде өз пікірін білдіруге; істі қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерін қолдану және әкімшілік жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтуға құқылы.
3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік қамаққа алуға, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келетін құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты туралы міндетті түрде хабардар етіледі. Ол болмағанда, істің қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтінішхат келіп түспеген жағдайларда ғана, мұндай іс қаралуы мүмкін.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздердің бар-жоғын растайтын материалдары бар, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде прокурорға жіберіледі.
Прокурордың осы бөлікте көрсетілген шешімді келісуі не келісуден бас тартуы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындаған тәртіппен, әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
5. Прокурор инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде келіседі не оны келісуден бас тартады және осындай шешімді шығарған адамға қайтарады.
Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен келісілген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілеттік берілген адам бұл туралы инвесторды хабардар етеді.
Қосымша материалдарды талап ету және зерделеу қажет болған жағдайда, прокурор инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді он жұмыс күні ішінде келіседі не оны келісуден бас тартады.
Прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға шағым жасалуы мүмкін, ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындаған тәртіппен шағымды бес жұмыс күні ішінде қарайды.»;
188) 767-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы «орган» деген сөзден кейін «немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам)» деген сөздермен толықтырылсын;
189) 785-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «қаулыны» деген сөзден кейін «, айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы» деген сөздермен толықтырылсын;
190) 786-баптың бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін, шекара режимі мен кедендік режимді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимді бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшісінің, өзге де әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбаушылық жасалған кезде - әскери қызметші, ішкі істер органдарының (полиция) қызметкері немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаратын басқа жеке тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне, ішкі істер органына (полицияға), жергілікті басқару органына;»;
«6) осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 30) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері;»;
191) 787-баптың 8) тармақшасындағы «4) тармақшасына» деген сөздер «4) және 5) тармақшаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
192) 789-баптың екінші бөлігі «Төтенше жағдай» деген сөздерден кейін «немесе соғыс жағдайы» деген сөздермен толықтырылсын;
193) 790-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«790-бап. Күштеп әкелу
1. Осы Кодекстің 785-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін шақыру бойынша дәлелсіз себептермен келмеген кезде өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлға не заңды тұлғаның өкілі, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі күштеп әкелінуі мүмкін.
Күштеп әкелудің жалпы мерзімі бір айдан аспайды.
2. Шақыру туралы тиісінше хабардар етілген адамның келмеуінің дәлелді себептері болып: адамды келу мүмкіндігінен айырған сырқаты, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзалалар, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер танылады. Өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлға не заңды тұлғаның өкілі, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептердің бар екендігі туралы өздерін шақырған органды хабардар етуге міндетті.
3. Күштеп әкелуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүргізеді.
4. Күштеп әкелу туралы ұйғарым өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаға не заңды тұлғаның өкіліне, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне оны орындаудың алдында хабарланады, бұл олардың ұйғарымға қол қоюымен куәландырылады.
5. Күштеп әкелуді түнгі уақытта жүргізуге болмайды.
6. Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, он сегіз жасқа толмаған адамдар - олардың заңды өкілдері хабардар етілместен, жүкті әйелдер, он төрт жасқа толмаған балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әйелдер мен ерлер, сондай-ақ дәрігер куәландыруға тиісті денсаулық жағдайына байланысты өзінің тұрғылықты жерінен кете алмайтын немесе кетпеуге тиісті науқастар күштеп әкелінуге жатпайды.»;
194) 797-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:
1) тармақша «406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда),» деген сөздерден кейін «463,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) тармақшада:
«400» деген цифрлар «377, 400» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«476 (екінші бөлігінде)» деген сөздер «476» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«қаулы орындалғанға дейін» деген сөздер «қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама орындалғанға дейін немесе қысқартылған іс жүргізу бойынша айыппұл төленгенге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
195) 802-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижесі;
2) табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісінің тікелей анықталуы.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4, 5, 6, 8, 11 және 12-тармақтарында, сондай-ақ 13-тармағының 3) тармақшасында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылау респонденттерге қатысты бармай жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.»;
195) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін қабылданады. Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.»;
196) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшада:
«85, 100,» деген цифрлар алып тасталсын;
196) тармақшаның бесінші, алтыншы абзацтары 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«434,» деген цифрлардан кейін «434-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«438 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «438 (екінші және үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«440 (үшінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «440-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-баптың 196) тармақшасының сегізінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды
«596 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері), 598 (екінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«607 (екінші бөлігі)» деген сөздер «607 (екінші және үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«299 (екінші бөлігі (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда),» деген сөздер алып тасталсын;
«312 (екінші бөлігі), 314,» деген сөздер алып тасталсын;
196) тармақшаның он үшінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«433 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «438 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
196) тармақшаның он бесінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«434,» деген цифрлардан кейін «434-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-баптың 196) тармақшасының он алтыншы абзацының қолданысы 2025 ж. 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды
«596 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «596 (үшінші және 4-1 бөліктері), 598 (екінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«607 (екінші бөлігі)» деген сөздер «607 (екінші және үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер мен мекемелердің медициналық, шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына, мүшелеріне қатысты)» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшада:
1-баптың 196) тармақшасының жиырмасыншы абзацының қолданысы 2025 ж. 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды
«596 (үшінші бөлігі) деген сөздер «596 (үшінші және 4-1-бөліктері), 598 (екінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«607 (екінші бөлігі),» деген сөздер «607 (екінші және үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
196) тармақшаның жиырма екінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«434,» деген цифрлардан кейін «434-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«әскери қызметшілері жасаған» деген сөздерден кейін «, 440 (үшінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі)-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, жұмыскерлері және әскери қызметшілері жасаған» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада:
196) тармақшаның жиырма бесінші абзацы 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
«506» деген цифрлар «434-2, 506» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-баптың 196) тармақшасының жиырма алтыншы абзацының қолданысы 2025 ж. 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды