3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының өздерінің қызметіне байланысты құжаттарды есепке алу мен сақтау мерзімдерін бұзуы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау туралы мәліметтердің бұрмалануына алып келген есептілікті жасауы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық көлемде төлемеуі -
екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті және өзге де мәліметтерді масс-медиада жарияламауы, уақтылы жарияламауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасаспауы және осы ұйымда тіркелуді жүзеге асырмауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда әкімшілік жауаптылық басталады.»;
50) 230-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «Сақтандыру ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «заңды тұлғаға» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «ұйымының» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «заңды тұлғаға» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзац «ұйымының» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «заңды тұлғаларға» деген сөздер алып тасталсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац «ұйымының» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «заңды тұлғаларға» деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы бөлікте:
бірінші абзац «ұйымының» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «заңды тұлғаларға» деген сөздер алып тасталсын;
51) 233-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «ұйымның банкке» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына» деген сөздермен толықтырылсын;
52) 234-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «банктердегі» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
53) 239-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер алып тасталсын;
54) 244-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы -»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«бірінші бөлігінде», «іс-әрекет» деген сөздер тиісінше «бірінші немесе 1-1- бөліктерінде», «іс-әрекеттер» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
төртінші бөліктің екінші абзацы «шағын кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, коммерциялық емес ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөліктің екінші абзацы «шағын кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, коммерциялық емес ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөліктің екінші абзацы «шағын кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, коммерциялық емес ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
55) 247-баптың тоғызыншы бөлігінің 4) тармақшасындағы «бұзуы;» деген сөз «бұзуы -» деген сөзбен ауыстырылып, 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
56) 251-баптың ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валютаның және (немесе) шетел валютасының сомасы шекті мәні асып кеткенде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асатын жағдайда басталады.»;
57) 252-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүргізбеу» деген сөздер «уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы төлемдерді жүзеге асырмау, сол сияқты оларды қабылдамау және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмау» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) мынадай мазмұндағы 252-1-баппен толықтырылсын:
«252-1-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды және айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттарын бұзу
1. Уәкілетті ұйымдардың өз банктік шоттарында және (немесе) айырбастау пунктінің кассасында теңгемен немесе шетел валютасымен ақшаның, сондай-ақ жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерінің кемінде бір жүз пайызы мөлшерінде құймалардағы аффинирленген алтынның (бар болса) күн сайын болуын қамтамасыз етпеуі -
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмыс режимін бұзуы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктінің қызметін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге уақытша тоқтата тұру, айырбастау пунктінің қызметін қайта бастау туралы хабарламаларды ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері операциялық кассаларының үй-жайларында өздерінің қызметіне қатысы жоқ ақшаны сақтауы, сондай-ақ осы ұйымның жұмыскерлерін қоспағанда, бөгде адамдардың болуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың бағамдарды белгілеу туралы өкімсіз қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізуі, бағамдарды белгілеу туралы өкімде белгіленген сатып алу, сату бағамдарына сәйкес келмейтін валюталарды сатып алу және (немесе) сату бағамдарын ақпараттық стендте орналастыруы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында клиенттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), ал заңнамада көзделген жағдайларда - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, заңды мекенжайын тіркеп көрсетпеуі -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың үшінші, төртінші, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
59) 253-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«253-бап. Төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды бұзу»;
бірінші абзацтағы «Арнаулы валюталық режимді» деген сөздер «Төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «арнаулы валюталық режимді» деген сөздер «төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
60) 255-бап алып тасталсын;
61) 256-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, коммерциялық емес ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
«ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, коммерциялық емес ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
«ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
ескертпелерде:
1-тармақтағы «білікті инвесторлар туралы мәліметтерді қамтитын есептілік,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың екінші бөлігіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын есептілік деп Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын есептілік түсініледі.»;
62) 257-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығару шарттарында белгіленген облигациялар бойынша сыйақы төлеудің және (немесе) оларды өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзуы -»;
63) 259-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында әрекеттер жасау
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге де тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ әрекеттер жасауы -
жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
64) 260-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
65) 262-бапта:
төртінші бөліктің екінші абзацы «ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«7. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде өз қызметін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының жарияланған күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының атына ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктіріп есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты жөніндегі электрондық деректерді орталық депозитарийге сақтауға бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген көлемде және тәртіппен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының атына ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктіріп есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты жөніндегі анық емес және (немесе) толық емес электрондық деректерді орталық депозитарийге сақтауға бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынуы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
66) 264-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасын бұзуы»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын жеке есепке алуды жүзеге асырмауы -»;
екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Инвестициялық портфельді басқарушының қабылданған инвестициялық шешімдерді орындау мақсатында инвестициялық портфельді басқару процесінде бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттың, кастодиан, инвестициялық портфельді басқарушы және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған кастодиан шартының талаптарын, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың талаптарын орындау тәртібін ірі залал келтірмей бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті немесе зейнетақы активтері есебінен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімнің болуына, мәміле жасалатын нарықтың типіне, мәмілені жасасу әдісі мен тәсіліне, мәміленің баға параметрлеріне, мәміле бойынша есеп айырысу қағидатына, сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне, қаржы құралдарына инвестициялау мөлшеріне (лимитіне), активтерді депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзіміне қойылатын талаптарды, мәмілелердің кейбір түрлеріне салынған тыйымды бұза отырып мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы, зейнетақы активтерін инвестициялық декларацияны бұза отырып инвестициялауы, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін салыстырып тексеруді жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бұза отырып операцияларды жүзеге асыруы -»;
екінші абзацтағы «әкеп соғады» деген сөздер «алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
67) 268-бапта:
бесінші және алтыншы бөліктер алып тасталсын;
он бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер «монополияға қарсы органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«есептілік нысандарын», «көрінеу жалған» деген сөздер тиісінше «есептілікті», «көрінеу жалған есептілікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші және он төртінші бөліктер алып тасталсын;
68) 273-бапта:
тақырып «трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті» деген сөздерден кейін «, халықаралық топқа қатысу туралы өтініштерді» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы «трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті» деген сөздерден кейін «және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштерді» деген сөздермен толықтырылсын;
69) 275-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу арқылы жасаған жасыруы -»;
69) тармақшаның төртінші - алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) жұмсаған шығыстардың аталған адамдардың кірістеріне сәйкес келмеуі, атап айтқанда есепті күнтізбелік жыл ішінде аталған адамдар сатып алған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға арналған шығыстардың көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасынан бір мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам мөлшерде асып кетуі -
осы бөліктің бірінші абзацында көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстардың көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасынан бір мың еселенген айлық есептік көрсеткіш шегере отырып асып кету мөлшерінің тоқсан пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
ескертпелердің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін адамның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны, жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсынбауы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы мәліметтерді көрсетпеуіне теңестіріледі.»;
70) 278-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздер алып тасталсын;
71) 285-бапта:
тақырып «Банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшада:
«, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат» деген сөздер «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
«хабарламалардың кепілді жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын ашқаны туралы олар ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде - үш жұмыс күні ішінде» деген сөздер «банктік шоттар ашқаны не «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген жағдайларда банктік шоттағы жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «банктің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат» деген сөздер «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша «банкте» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «банктің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы «Банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-бөліктің бірінші абзацы «Банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшада:
«салық төлеуші - заңды тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда,», «, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат» деген сөздер тиісінше «бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға», «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтығы жоқ тұлғаға» деген сөздер «азаматтығы жоқ адамға банктік шоттарды жабу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«хабарламалардың кепілдік берілген жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын жабу туралы ол ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде - үш жұмыс күні ішінде хабарламау» деген сөздер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарламауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«банкке» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына» деген сөздермен толықтырылсын;
«банктің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат» деген сөздер «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 285-1-бапта:
тақырып «сақтандыру ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «сақтандыру ұйымдарының» деген сөздер «сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының» деген сөздермен ауыстырылсын;
73) 286-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының іс жүзіндегі қаржылық жай-күйімен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі залал келтіруге алып келмесе, -»;