«590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және 4-1-бөліктері, 598 (екінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«607 (екінші бөлігі)» деген сөздер «607 (екінші және үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «299 (екінші бөлігі) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда),» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ветеринария саласындағы уәкілетті органның (415 (екінші бөлігі), 416 (ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);»;
10) тармақшадағы «344 (бірінші бөлігі)» деген сөздер «344 (бірінші және 4-1-бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы «биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (319, 462, 463-баптар);»;
22) тармақшада:
«312 (екінші бөлігі), 314,» деген сөздер алып тасталсын;
«426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
23) тармақшадағы «637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктері),» деген сөздер алып тасталсын;
26) тармақшадағы «, 618» деген цифрлар алып тасталсын;
27) тармақшадағы «247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздер «247 (он бірінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) тармақша алып тасталсын;
30) тармақша «173,» деген цифрлардан кейін «439,» деген цифрлармен толықтырылсын;
31) тармақшада:
«150,», «176,», «182,» деген цифрлар алып тасталсын;
«283-1» деген цифрлар «283-1 (бесінші және алтыншы бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«398,» деген цифрлар алып тасталсын;
«543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «543 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, 679» деген цифрлар алып тасталсын;
34) тармақшадағы «312 (екінші бөлігі), 313, 314, 316 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
36) және 37) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«36) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (175, 462, 465-баптар);
37) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (415 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);»;
42) тармақшада:
«170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктері)» деген сөздер «170 (оныншы және он екінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«462 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «462 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) тармақшадағы «409 (7-1 және 7-8-бөліктері)» деген сөздер «409 (7-8-бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның (462 және 463-баптар);»;
50) тармақшада:
«320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздер алып тасталсын;
«401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
52) тармақшадағы «80 (2-2 және төртінші бөліктері)» деген сөздер «80 (2-2-бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
60) тармақшадағы «99,» деген цифрлар алып тасталсын;
65) тармақшадағы «135» деген цифрлар «135, 462» деген цифрлармен ауыстырылсын;
69) тармақшадағы «(653-1-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.» деген сөздер «(653-1-бап);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 70) тармақшамен толықтырылсын:
«70) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның (462-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.»;
екінші бөліктегі «және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздер алып тасталсын;
2-1-бөліктегі «, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлік 5) тармақшасындағы «485-баптары) құқығы бар.» деген сөздер «485-баптар);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, жұмыскерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші және екінші бөліктері), 444 (екінші бөлігі)-баптар) құқығы бар.»;
197) 805-баптың бірінші бөлігіндегі «100,» деген цифрлар алып тасталсын;
198) 806-бапта:
алтыншы бөліктегі «228 (бесінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздер «228 (бірінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
198) тармақшаның үшінші - бесінші абзацтары 2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
жетінші бөлік:
«зерттеуі» деген сөзден кейін «, прокурормен келісу» деген сөздермен толықтырылсын;
«қорытындысы» деген сөзден кейін «, прокурордың келісуі» деген сөздермен толықтырылсын;
199) 807-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «85,», «100,» деген цифрлар алып тасталсын;
200) 810-баптың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ескерту жасауды қоспағанда, қолданылатын баптың немесе бап бөлігінің санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;»;
6) тармақшадағы «жасаған жағдайда қолданылмайды.» деген сөздер «жасаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда қолданылмайды.»;
201) 811-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі тиісінше қолданылмаған жағдайда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істер қысқартылған іс жүргізуді қолдану туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде прокурордың наразылығы бойынша жалпы тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.»;
202) 817-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай енгізілген кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау мерзімі төтенше жағдай тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
203) 822-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы «аты-жөні» деген сөздерден кейін «немесе мемлекеттік органның атауы» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «лауазымды адамның» деген сөздер «мемлекеттік органның (лауазымды адамның)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Осы Кодекстің 744-бабының бірінші бөлігі, 883-бабының 3-1) тармақшасы тәртібімен енгізілген дереу қарау туралы өтінішхаттың негізінде қаралған іс бойынша сот қысқаша қаулы шығарады.
Қысқаша қаулы кіріспе, анықтау және қарар бөліктерінен тұрады.
Сот іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жазбаша өтінішхаты бойынша не өз бастамасы бойынша кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын қаулы дайындайды.»;
204) 823-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 811-бабының екінші бөлігінде көзделген құқықты пайдаланбау немесе тиісінше пайдаланбау жағдайларын қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы іс қаралып біткен соң дереу жарияланады.
Мұндай жағдайларда көлік құралының меншік иесі (иеленушісі) «электрондық үкімет» веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық сервисінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне осы Кодекстің Ерекше бөлігінің бабы санкциясында көрсетілген айыппұл сомасын аудару туралы мәтіндік хабар жіберіледі.»;
205) 826-3-бап мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде шағымды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға наразылықты қарау мерзімі төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
206) 827-бапта:
бірінші бөлік «адам» деген сөзден кейін «нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім қабылданған жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды судья немесе орган (лауазымды адам) қараусыз қалдырады және шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады.»;
207) 829-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды адам) онда жазылған дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан шағым жасалып жатқан әрекеттерге (әрекетсіздікке) және шешімдерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде берілген шағым іс жүргізуінде іс жатқан басқа судьяға, органға (лауазымды адамға) олардың бірлесіп қарауы үшін беріледі, ол туралы ұйғарым шығарылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымды қарау мерзімі іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
үшінші бөліктегі «адамға» деген сөз «тұлғаға» деген сөзбен ауыстырылсын;
208) 829-5-бапта:
үшінші бөлік «келетін әкімшілік құқық бұзушылық» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзғаны» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімі сараптаманың тағайындалуы, күштеп әкелу, сондай-ақ іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
209) 829-10-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың, істе бар, қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулылардың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі, сондай-ақ осы Кодекстің 829-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес берілген шағымның дәлелдемелері бойынша шешім қабылданады.
Сот істің, шағымның, наразылықтың дәлелдерімен және мән-жайларымен байланысты емес және істі толық көлемде тексереді, бұл ретте ол жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.
Сот істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде осы Кодекстің 2-бөлімі Ерекше бөлігінің әкімшілік іс жүргізу қозғалған бабы немесе бабының бөлігі шегінде ғана іс-әрекеттің заңдық саралануын өзгерте алады. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайы жақсарған кезде ғана іс-әрекеттің саралануын өзгертуге жол беріледі.»;
210) 829-12-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) істің, шағымның, наразылықтың қаралуын кейінге қалдыру немесе ұзарту туралы мәліметтер.»;
211) 829-13-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот отырысын кейінге қалдыру немесе істі қарау мерзімдерін ұзарту туралы сот шешімі сот отырысының қысқаша хаттамасына енгізіледі.»;
212) 829-14-баптың екінші бөлігінде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс болатын мерзім көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысына осы Кодекстің 45-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, сондай-ақ жоғары тұрған сот прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша оны қайта қарауы мүмкін.»;
213) 829-16-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Қаулы жария етілгеннен кейін судья оны қабылдаудың құқықтық салдарын, қаулыға шағым жасау тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді және сот отырысын жабық деп жариялайды.»;
214) 832-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі адам әкімшілік жазаға тартылған болып есептелетін мерзімдерде жүзеге асырылуы мүмкін. Істі дұрыс шешуге арналған мерзімдерді және олардың мәнін сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұнына қарамастан тексереді.»;
215) 834-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс болатын, сот көрсеткен мерзімге дейін келіп түскен жағдайда, шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
216) 835-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сараптаманың тағайындалуы және іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімі тоқтатыла тұруы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардан өтінішхаттар келіп түскен не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, істі қарап жатқан сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімін ұзартуы, бірақ он тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкін. Сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралатын басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту және (немесе) тоқтата тұру туралы шешім уәжді ұйғарым түрінде шығарылады.»;
217) тармақша 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
217) 848-бапта:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, сот алқасының» деген сөздер «кассациялық соттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының» деген сөздер «кассациялық сот төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс прокурордан талап етілген жағдайда, кассациялық сатыдағы соттың өтінішхаттың келіп түсуіне байланысты істі талап ету туралы сұрау салуы отыз тәулік ішінде орындалуға жатады.»;
бесінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, сот алқасы» деген сөздер «кассациялық сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасына» деген сөздер «кассациялық сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктің 5) тармақшасының екінші абзацы «экономикасы мен» деген сөздерден кейін «ұлттық» деген сөзбен толықтырылсын;
218) тармақша 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
218) 851-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кассациялық сатыдағы сот кемінде үш судьяның алқалы құрамында кассациялық сот төрағасының ұсынуы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруге құқылы.»;
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін, ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде берілуі мүмкін.»;
бесінші бөліктің 1) тармақшасы «экономикасы мен» деген сөздерден кейін «ұлттық» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«7. Кассациялық сатыдағы сотта іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ сотқа келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралады.
Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижелері бойынша сот мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қаулыны - өзгеріссіз, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшін жою және істі тоқтату туралы;
4) іс бойынша қаулының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы.
8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының күшін жойған және іс кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, істі кассациялық сатыда қарау осы тараудың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.»;
219) тармақша 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
219) мынадай мазмұндағы 46-1-тараумен толықтырылсын:
«46-1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
851-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот қаулыларын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса;
2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;
3) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарға алып келуі мүмкін болса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылықты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасымен де, осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхатымен де енгізуге құқылы.
851-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты судьясының ұсынуын енгізу
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау қажеттігі туралы өтінішхаты бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу үшін талап етіп алдыра алады. Істі зерделеу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде ұсыну енгізеді, онда мыналар көрсетіледі:
1) ұсынудың енгізілген күні мен орны;
2) дау айтылып отырған сот актілері көрсетіле отырып, ұсыну енгізілген іс;
3) ұсынуды енгізу уәждері мен дәлелдері.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.
851-3-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
851-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
1. Тараптар заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
2. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы қаулыны немесе бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгертеді;
3) бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгертіп немесе өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулысының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулы мен бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі тоқтатады.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.»;
220) 47-тараудың тақырыбындағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды» деген сөздер «Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
221) 852-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдер, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қаулыларды» деген сөз «Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, қаулыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
222) 853-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«853-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.
Сот органның (лауазымды адамның) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімін, қаулысын, нұсқамасын қайта қараған және оларды өзгеріссіз қалдырған жағдайларда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.»;
223) 854-бапта:
бірінші бөліктегі «Қаулыны» деген сөз «Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «тұлғалар» деген сөзден кейін «іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді,» деген сөздермен толықтырылсын;
224) 855-бапта:
бірінші бөліктегі «Қаулыны» деген сөз «Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 4) тармақшасы «пікірі бойынша» деген сөздерден кейін «іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді,» деген сөздермен толықтырылсын;