үшінші бөліктің 2) тармақшасы «өтінішхат берген» деген сөздерден кейін «әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың (ол болған кезде),» деген сөздермен толықтырылсын;
225) 856-баптың бірінші бөлігі «сақтай отырып,» деген сөздерден кейін «іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді,» деген сөздермен толықтырылсын;
226) 857-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«857-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару»;
бірінші бөліктің 3) тармақшасы «арыз берушіге» деген сөздерден кейін «іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді,» деген сөздермен толықтырылсын;
227) 858-баптың 3) тармақшасы «қайта қаралатын» деген сөздерден кейін «іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім,» деген сөздермен толықтырылсын;
228) 859-баптағы «Қаулыны» деген сөз «Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
229) 860-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы қаулысы
1. Сот, орган (лауазымды адам) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күшін жояды не оларды қайта қараудан бас тартады.
2. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
3. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.»;
230) 895-баптың екінші бөлігі «Банк» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы» деген сөздермен толықтырылсын;
231) 897-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 91 (жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 266, 275 (бірінші, екінші, 3-1 және бесінші бөліктерінде), 278 (екінші және үшінші бөліктерінде), 279 (бірінші бөлігінде), 280, 281 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 537, 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.»;
232) тармақша 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
232) мынадай мазмұндағы 914-1-баппен толықтырылсын:
«914-1-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысын орындау
1. Адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін орындалуға жатады.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы заңды күшіне енген сот қаулысын сот әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның тұрғылықты жеріндегі жергілікті атқарушы органға орындау үшін жібереді.
3. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
4. Жергілікті атқарушы органдар:
1) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқық бұзушыны шақырып, оның жеке деректерін толтырады;
2) құқық бұзушыға қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
3) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына оның орындауға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді;
4) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адам жіберілетіні туралы хабарлама жібереді;
5) қоғамдық жұмыстарды орындау графигі мен кезеңділігін жасайды;
6) құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі анықталған кезден бастап дереу ішкі істер органдарын хабардар етеді;
7) адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы орындалған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа хабарлама жібереді.
5. Ішкі істер органдары осы баптың төртінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген хабарлама келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламаны қарайды және осы Кодексте белгіленген тәртіппен шаралар қабылдайды.
6. Ұйым:
1) орындалған жұмыстардың актілерін жасайды, жұмыс істеген сағаттар табелін жүргізеді;
2) қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы есепті тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
7. Қоғамдық жұмыстар түрінде әкімшілік жаза қолданылған адам:
қоғамдық жұмыстарды орындаудың осы Кодексте белгіленген шарттары мен тәртібін сақтауға;
жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстарды орындауға;
тұрғылықты жерінің өзгергені туралы жергілікті атқарушы органдарды хабардар етуге міндетті.
8. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығына адамның қоғамдық жұмыстар орнына бару мен кері қайту уақыты кірмейді.»;
233) 916-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау осы Кодекстің 834-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда тоқтатыла тұрады.»;
234) 917-баптың 2) тармақшасындағы «517 (екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде)» деген сөздер «517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 23) және 82) тармақшаларын, 161) тармақшасының екінші абзацын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 181) тармақшасының сегізінші абзацын, 187) тармақшасын, 195) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 198) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын;
3) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9) тармақшасының он алтыншы абзацын, 143) тармақшасының жиырма алтыншы абзацын, 217), 218) және 219) тармақшаларын;
4) 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацын, 3), 4) және 6) тармақшаларын, 10), 11), 92) және 93) тармақшаларын, 94) тармақшасының бесінші абзацын, 95), 97) және 98) тармақшаларын, 125) тармақшасының бесінші абзацын, 129) тармақшасының екінші абзацын, 136) тармақшасын, 140) тармақшасының үшінші абзацын, 143) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарын, 144) тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он тоғызыншы абзацтарын, 145) тармақшасын, 173) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 183) тармақшасының төртінші абзацын, 196) тармақшасының бесінші, алтыншы, он үшінші, он бесінші, жиырма екінші және жиырма бесінші абзацтарын, 232) тармақшасын;
5) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 33) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын;
6) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 69) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 9) тармақшасы үшінші абзацының, 143) тармақшасы он сегізінші абзацының, 196) тармақшасының сегізінші, он алтыншы, жиырмасыншы және жиырма алтыншы абзацтарының қолданысы 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Жеке тұлға лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, мемлекеттік құпиялар, табиғи монополиялар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;
«596 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«596 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «596 (үшінші және 4-1-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«596 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«596 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;».
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген нормалар қолданысқа енгізілген кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауында жатқан сот актілері кассациялық сатыдағы соттарға беріледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 10 қаңтар
№ 155-VІІІ ҚРЗ