8) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңділігін бұзу;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне ұсынбау;
10) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындауы;
11) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру туралы актіні мемлекеттік құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу;
12) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді және тергеп-тексеруді жүргізудің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мерзімдерін бұзу;
13) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 131-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай алдын ала профилактикалық бақылаусыз бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу;
14) тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегін сақтамау бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 7-тармағының талаптарын бұзу;
15) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктіріп бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс ету -
лауазымды адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
28) 175-1-бап алып тасталсын;
29) 190-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
30) 201-баптың бірінші бөлігіндегі «сауда қызметі» деген сөздер «ішкі сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 202-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, мұндай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін) назарына жазбаша нысанда жеткізбеуі -»;
32) 204-2-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«204-2-бап. Сауда базарлары мен ірі сауда объектілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру болып табылатын дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын:
1) ірі сауда объектісінің, сауда базарының ішкі сауда субъектілері мен олардың әкімшілігінің жұмыскерлері үшін жұмыс режимін қамтитын бекітілген жұмыс регламентінің болмауы;
2) ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік бермеу;
3) ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары ұсынатын қосымша көрсетілетін қызметтердің бекітілген тізбесінің (бар болса) болмауы;
4) ақпараттық жүйеде тіркелудің, сол сияқты өз қызметін ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асыру үшін оған қолжетімділіктің болмауы;
5) ақпараттық жүйеде жасалған жалға алу шартының болмауы, сол сияқты оған өзгерістер енгізбеу;
6) сауда инфрақұрылымын жаңғыртудың болмауы, сол сияқты оны іске асыру үшін тиісті жағдайлар жасамау;
7) ірі сауда объектісінің, сауда базарының аумағындағы көтерме және бөлшек саудада сату аймағының, сол сияқты оның аражігін ажыратудың болмауы;
8) аумақтарында техникалық жағдайлар болған кезде сауда базарларында автодүкендерден сауданы ұйымдастырудың болмауы;
9) сауда орнын жалға алғаны (пайдаланғаны) үшін төлемді ақпараттық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге шот жазып беру арқылы қабылдауды қамтамасыз етпеу түрінде жасаған бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.»;
33) 204-4-бапта:
33) тармақшаның екінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
тақырып «үстемесінің» деген сөзден кейін «шекті» деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
33) тармақшаның төртінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші абзац «үстемесінің» деген сөзден кейін «шекті» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«шағын» деген сөз «жеке тұлғаларға, шағын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жетпіс бес» деген сөздер «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
34) 206-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
ескертпелерде:
2-тармақ «банктерді,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «Банктер,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары,» деген сөздермен толықтырылсын;
35) 207-баптың ескертпелері 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бесінші бөлікте - тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жүктелген өкілеттіктерге сәйкес шешім қабылдаған адамды не оның міндетін атқаратын адамды, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысын не оның міндетін атқаратын адамды;»;
36) 208-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредиттік бюроның, оның ішінде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарды қалыптастыру мен кредиттік есептерді ұсыну жөніндегі қызметтің негізгі түрлеріне, қызметтің қосымша түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыруы, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастырумен және жүргізумен және кредиттік скорингті есептеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес қызметті жүзеге асыруы -»;
37) 211-бапта:
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасалатын микрокредит беру туралы шарттарда, сондай-ақ микрокредит бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, анық емес көрсетуі -»;
мынадай мазмұндағы 5-1 және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«5-1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы -
заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«8. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
ескертпелердің 2-тармағында:
«бесінші» деген сөзден кейін «, 5-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«екінші деңгейдегі банк,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы,» деген сөздермен толықтырылсын;
38) 211-1-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттік жұмыскерінің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы:
1) борышкерді және (немесе) оның өкілін және (немесе) үшінші тұлғаны банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруы;
2) борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаға анық емес тегін және (немесе) атын және (немесе) әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді хабарлауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
39) 211-2-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту жағдайларын қоспағанда, оларды біржақты тәртіппен өзгерту -»;
ескертпелердің 1-тармағы «банк,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы,» деген сөздермен толықтырылсын;
40) 212-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«212-бап. Қаржы ұйымдары мен өзге де тұлғалардың қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзуы»;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың,» деген сөздер алып тасталсын;
«есептілікті» деген сөзден кейін «, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 213-бап мынадай мазмұндағы он бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«15. Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың инкассаторлар бригадаларын қалыптастыру, автомобильмен инкассаторлық тасымалдау кезінде келу карточкалары мен жол парақтарын жасау, пломбаларды пайдалану, инкассаторларды керек-жарақпен, жеке қорғаныш құралдарымен, оның ішінде броньды кеудешелермен, каскалармен (шлемдермен), сондай-ақ қызметтік қарумен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзуы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
42) 214-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы, екінші бөлігінің екінші абзацы, үшінші бөлігінің екінші абзацы, төртінші бөлігінің екінші абзацы, бесінші бөлігінің екінші абзацы, алтыншы бөлігінің екінші абзацы, жетінші бөлігінің екінші абзацы, сегізінші бөлігінің екінші абзацы, тоғызыншы бөлігінің екінші абзацы, оныншы бөлігінің екінші абзацы, он бірінші бөлігінің екінші абзацы, он екінші бөлігінің екінші абзацы «ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
43) мынадай мазмұндағы 215-1-баппен толықтырылсын:
«215-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзу
1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының банк заңнамасын мыналардан:
1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелердің деректерін, ақпараттық жүйенің жұмысқа жарамды көшірмесін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін олардың файлдары мен теңшеулерін резервтік сақтауды қамтамасыз етпеуінен;
2) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның маңызды ақпараттық активтерін үшінші тұлғаларға беру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық, банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейтін ақпаратқа үшінші тұлғалардың қол жеткізу мүмкіндігін болғызбау жөніндегі шараларды қабылдамауынан;
3) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшесінің және (немесе) ішкі аудит бөлімшесінің банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау бөлігінде тексерулер жүргізбеуінен;
4) банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінен шығатын телекоммуникациялық қосылуларды (қалалық телефон желісі арқылы қосылуларды қоспағанда) шифрлаудың болмауынан;
5) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың желіаралық экрандарда белгіленген қол жеткізу қағидаларын, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық активтерінің жұмыс істеуі үшін пайдаланылмайтын қосылуларды бұғаттау жөніндегі талаптарды сақтамауынан және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінде кірулерді анықтау мен болғызбау құралдарының болмауынан;
6) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пайдаланушыларға ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің шектеріне байланысты шифрланбаған арна арқылы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрі ішіндегі маңызды ақпараттық активтеріне қолжетімділік беруінен және (немесе) пайдаланушыларға ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің шектеріне байланысты, қос факторлы аутентификациялау әдістерін пайдаланбай, маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беруінен;
7) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пайдаланушылардың Интернет ресурстарына қол жеткізу қауіпсіздігін және (немесе) сыртқы электрондық поштаны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуінен;
8) банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелердің әкімшілері тізбесінің және (немесе) маңызды ақпараттық активтер қамтылған ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру функцияларын орындау кезінде қосарланған бақылаудың және (немесе) артықшылық берілген есептік жазбалардың пайдаланылуын бақылайтын арнаулы кешендердің болмауынан;
9) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтерінде маңызды ақпараттық активте қосылуларды орнату, сәйкестендіру, аутентификациялау және авторизациялау оқиғаларын, қауіпсіздік теңшеулерін түрлендіру оқиғаларын, пайдаланушылардың топтары мен олардың өкілеттіктерін түрлендіру оқиғаларын, пайдаланушылар мен олардың өкілеттіктерінің есептік жазбаларын түрлендіру оқиғаларын, өзгерістердің ақпараттық жүйеде орнатылғанын көрсететін оқиғаларды, аудит параметрлерін өзгерту оқиғаларын, жүйелік параметрлер өзгерістерінің оқиғаларын көрсететін аудиторлық жазба функциясының болмауынан;
10) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың маңызды ақпараттық активтерге осалдықтарының бар-жоғы тұрғысынан жартыжылдық сканерлеуді жүргізбеуінен және (немесе) анықталған осалдықтарды жою жөніндегі түзету шаралары туралы ұсынымдар көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы есеп түріндегі сканерлеу нәтижелерінің болмауынан;
11) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мониторингтеуге жататын ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары тізбесінің, осындай оқиғалар дереккөздерінің, ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу кезеңділігінің, тәртібі мен әдістерінің болмауынан және (немесе) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою тәртібінің іске асырылғанын растайтын құжаттардың, мәліметтер мен фактілердің болмауынан көрінген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етпеуінен;
12) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу мен талдауды және (немесе) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын сыныптау мен оларға басымдық беруді жүзеге асырмауынан;
13) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты шоғырландыруды, жүйелеуді, сақтауды, оның тұтастығын және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, қабылданған шаралар және ұсынылатын түзету шаралары туралы ақпарат көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын есепке алу журналында сақталуын қамтамасыз етпеуінен көрінген бұзушылық -
орта кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында маңызды ақпараттық активтердің тізбесін қалыптастыру мен кейіннен жаңартып отыру жөніндегі іске асырылған процестердің болмауынан және (немесе) маңызды ақпараттық активтер үшін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау жөніндегі іске асырылған процестердің болмауынан көрінген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзу -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
44) 217-баптың тақырыбындағы «клиенттердің валюталық операциялары» деген сөздер «валюталық операциялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 218-баптағы «ұйымдастыру» деген сөз «жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 225-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген» деген сөздер «мәмілелер жасасу орнына, әдісі мен тәсіліне, мәмілелер бойынша есеп айырысу қағидаттарына, қаржы құралдарына инвестициялау лимиттеріне қойылатын, туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерге, зейнетақы активтерін депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзімдеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ мәмілелердің кейбір түрлеріне салынған тыйымдар бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 226-баптың тақырыбы «таратуға» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға» деген сөздермен толықтырылсын;
48) 227-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Банктердің» деген сөз «Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың өздері қабылдаған және (немесе) оларға жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің өздері қабылдаған және (немесе) оларға шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «(қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
49) 228-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру тобы бас ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалдарына үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының сақтанушыларға өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының, оқшауланған бөлімшесінің тұрған жерінің өзгергені немесе атауының өзгергені туралы уақтылы хабарламауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.