2. Алынып тасталды
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмектi ұйымдастыруға және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5 Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiн, Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және аса iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін әзірлейді;
6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды;
7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын анықтайды;
8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгізу процесiн бақылайды;
9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөніндегі халықаралық комитетi бекіту үшiн Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын Үкiметке ұсынады.
10) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) қызметi нашақорлық проблемаларымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiрiп отырады;
13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
15) 2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;
17) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
18) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар, нұсқамалар енгізеді;
19) уәкілетті органдармен бірлесе отырып, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылдарды әзірлейді және іске асырады;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы күресті, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып үйлестіреді;
21) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
22) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
23) өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмекті тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының:
1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгізілген есірткі заттары бар өсімдіктер өсірілетін жер учаскелеріне қарап-тексеру жүргізуге;
4) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге;
5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн көрсетілген өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы нұсқамалар беруге;
7) есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптар бұзылған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлiмшелердiң өндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға;
8) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгізуге құқығы бар.
2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң барлық түрлерiн, осы Заңның 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бес жылға дейiнгi мерзiмге қызметтiң нақты түрiне лицензия алғаннан кейiн заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрiне лицензия берген кезде өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң арқасында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында болатын қызметкерлердiң тиiсiнше тексерiлгенi туралы iшкi iстер органдарының қорытындысы ескерiледi.
Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң арқасында тiкелей есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында болатын қызметкерлерге нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен айырмайтыны туралы, сондай-ақ аталған тұлғалар арасында кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн және қауiптiлiгi жоғары көздермен байланысты қызметтi атқаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылғандар жоқ екендiгi туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындылары қажет.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы бақылаудағы және есірткі, психотроптық заттарды өндіру мен дайындау үшін пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ оларды әзірлеу, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту, босату, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ережелерін белгілейді.
2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-бап. Мемлекеттік квоталар
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттiк квота - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын қажеттілік есебі, лицензиясы бар заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олардың айналымын осы қажеттілік шегiнде жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік квота Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Мемлекеттік квота заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі күнтізбелік жылға өтінім жасаған белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшерін қамтиды.
3. Заңды тұлғалар келесі күнтізбелік жылға арналған тұтыну нормативін бекітуге өтінімдерді уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеуді не құрамында есірткі, психотроптық заттар мен (немесе) прекурсорлар бар препараттар немесе дәрілік заттар өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар:
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға келесі күнтізбелік жылға арналған тұтыну нормативін бекітуге өтінімдерді ұсынады;
2) қамтамасыз ету нормативіне сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды жүзеге асырады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті органдар келесі күнтізбелік жылға арналған жиынтық тұтыну нормативін бекіту үшін есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жинақтап қорытылған өтінімдерді жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган:
1) заңды тұлғалардың тұтыну нормативтері өтінімдерінің негізділігін тексереді;
2) бекітуге өтінім жасаған тұтыну нормативтерін жинақтайды және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аталған тұтыну нормативтерін бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын бақылаудағы заңды тұлғаларға қамтамасыз ету нормативтерін бөледі.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қамтамасыз ету нормативiн үлестiк бөлу Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген барлық есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мәлімдеген, құрамында көрсетілген заттар бар өнiмдерге қатысты жүзеге асырылады.
9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу қолда бар есiрткiлермен салыстырғанда неғұрлым тиiмдi, неғұрлым қауiпсiз және оңай бақыланылатын жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар жасауды мақсат етедi.
2. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды әзiрлеудi қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерi жүзеге асырады. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдалануға арналған жаңа ықтимал есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды клиникаға дейiн және клиникада сынақтан өткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi (ұйымдары) мен ғылыми-зерттеу институттарында жүзеге асырылады.
3. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды тiркеу барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10 -бап өзгертілді
10-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру , дайындау, өңдеу
1. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қолдануға рұқсат етiлген есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды өндiрудi , дайындауды, өңдеуді сол қызмет түрiне лицензиясы бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тiркелген заңды тұлғалар белгiленген мемлекеттік квоталар шегiнде жүргiзедi.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiретiн, дайындайтын, қайта өңдейтiн заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті тiркеуге жатады.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 11-бап өзгертілді
11-бап. Дайындалған есiрткi және психотроптық заттарды буып-түю
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
1. Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын есірткі және психотроптық заттардың әрбір сериясы үшін тұтыну бумаларын таңбалау бірыңғай болуға және Қазақстан Республикасының дәрілік заттар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмінде санамаланған заттар бар дәрiлiк заттарды таңбалау кезiнде осы заттардың атауы және олардың салмақ бiрлiгімен немесе пайызбен құрамы көрсетiледi.
3. Алынып тасталды
4. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттардың буып-түйiлуi мен жазбалары сәйкес келуге тиiстi шарттар бұзылған жағдайда есiрткi және психотроптық заттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынып қойылады.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi осы қызмет түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретiн лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкету есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретiн рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Әкелуге немесе әкетуге берілген лицензияны есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы көрсетілген қызметке арналған лицензиясының болуына қарамастан, басқа заңды тұлғаға беруге болмайды.
3. Жүктiң әрбiр тобына есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкетуге арналған лицензияның куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi, ол да жүк апарылатын елдiң үкіметіне жiберiледi.
4. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды импорттаушылар мен экспорттаушылардың арасында әкелу және әкету сертификаттарын алмасу арқылы экспорт сертификатына нақты тобының түскенi туралы және әкелу немесе әкету операциясының аяқталғаны туралы белгi қойыла отырып, жүзеге асырылады.
5. Егер есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың әкелiнiп (әкетiлiп) отырған нақты мөлшерi лицензияда көрсетiлген мөлшерге сәйкес келмесе, бұл туралы мәлiметтер әкелiнген (әкетiлген) елдiң тиiстi құзыреттi органына хабарланады.
6. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелудi (әкетудi) жүзеге асыратын кәсiпорындардың атаулары мен мекен-жайлары, осы заттардың тiзбесi мен мөлшерi дәл көрсетiлмейiнше, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін заңды тұлғалар есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат негізінде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін жүзеге асыру жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
8. Осы бапта белгiленген талаптар бұзылған жағдайда есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркiленуге тиiс. Тәркiленген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды одан әрi пайдаланудың немесе жоюдың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, жөнелту
1. Халықаралық тасымалдауды қоса алғанда, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, сондай-ақ осы үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен реттеледi.
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жүктi тасымалдауды iшкi iстер органдарымен келiсе отырып, әскерилендiрiлген күзет немесе басқа күзет қызметтерi жүзеге асырады.
3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды жүзеге асыру құқығы заңды тұлғаларға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызмет түрiне тиiстi лицензиялар алғаннан кейiн берiледi.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жеке тұлғалар растайтын құжат болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлік препараттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді жүзеге асыра алады. Растайтын құжаттың нысанын есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келiсу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейді.
5. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды почта, соның iшiнде халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберуге тыйым салынады.
14-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрiне берiлген лицензияның негiзiнде арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.
2. Осы Заңда белгiленген шектеулер заңсыз айналымнан алынған және Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары белгiлеген тәртiппен сақтаулы тұрған есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестер мен прекурсорларға қолданылмайды.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сату және бөлу
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды және бөлудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы қызмет түрлерiне берiлген лицензиясы болған кезде заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Азаматтарға құрамында есiрткi , психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды босату тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттар осындай қызмет түрiне лицензиясы бар дәрiхана және емдеу-профилактикалық ұйымдарында ғана босатылады. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды босату құқығы берiлген лауазымдар мен ұйымдар тiзбесiн есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен және ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келісу бойынша белгiлейдi.
4. Құрамында есірткі психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттар азаматтарға рецепт бойынша ғана тек медициналық мақсатта пайдалану үшiн, оларды осы мақсаттарға пайдалануға лайықты нысандар мен мөлшерде тағайындалады және босатылады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, медициналық мақсаттарда пайдаланылатын, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген нақты дәрiлiк препараттардың ең ұзақ тағайындалу мерзiмдерiн, сондай-ақ олардың бiр рецептпен жазып беру мен босатуға болатын мөлшерiн айқындайды.
6. 2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды медициналық мақсатта пайдалану
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен медициналық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген, медициналық мақсаттарда пайдалануға рұқсат етiлген дәрiлiк препараттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын ережелер, егер бұл ережелер осы Заңға қайшы келмесе, қолданылады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.