8. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға көмек көрсететiн жеке адамдардың (наркологтардың, адвокаттардың және т.б.) қызметтерiне ақы азаматтардың өз қаражаты немесе қайырымдылық есебiнен төленедi.
36-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге құқығы бар заңды және жеке тұлғалар
1. Қазақстан Республикасында нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге осы қызметпен айналысуға тиiстi лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың ғана құқығы бар.
2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету жөніндегі қызметке лицензия беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық ұйымдар немесе нарколог-дәрiгерлер көрсететiн медициналық-санитариялық көмектiң түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi.
37-бап. Наркологиялық көмектi қаржыландыру
Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 38-бап жаңа редакцияда; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді
38-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінде Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi және Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады.
1-қосымша. 2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-қосымша. 2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының