37) 844-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер сақтандыру шарты қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталса, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленсе, онда осы Кодекстiң 157-1-бабының 5-7-тармақтарында көзделген салдарлар туындайды.»;
38) 867-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Комиссионер үшінші тұлғамен мәміле жасасқаны туралы комитентті хабардар етуге міндетті.»;
39) 873-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«873-бап. Комиссионердiң жауаптылығы»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Комиссионер үшінші тұлғамен мәміле бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
5. Комиссионердің үшінші тұлғамен мәміле бойынша өз міндеттерін орындамауынан туындаған шығыстар комиссионердің есебінен жабылады.»;
40) 900-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) лицензиаттың белгiлi бiр санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушiлерге) ғана не шартта белгiленген аумақта ғана орналасқан жерi (тұратын орны) бар ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушiлерге) тауарлар сатуға, жұмыстар орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқығы болғанда маңызсыз болып табылады.»;
41) 903-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер заңнамалық актiлерде көзделген негiздер бойынша лицензиардың лицензиатпен негiзгi шарты жарамсыз деп танылса, онда соған сәйкес жасалған кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия шарттары маңызсыз деп саналады.»;
42) 951-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Моральдық зиян - жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда - жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).»;
43) 952-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде жәбірленушінің не оған қарсы жасалған құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективті бағалауы да, сондай-ақ жәбiрленушiнiң не ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректер де: қол сұғу объектiсi болған игiлiктiң (өмiр, денсаулық, ар-ождан, қадiр-қасиет, бостандық, тұрғын үйге ешкiмнiң тиіспеуi және т.б.) өмірлiк маңыздылығы; құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтiру, мүгедектiкке алып келген дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); ұятқа қалдыратын жалған мәлiметтер тарату сипаты мен аясы; жәбiрленушiнiң өмiр сүру жағдайлары (қызметтік, отбасылық, тұрмыстық, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескерiледi.»;
44) 965-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, зияткерлік меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.
Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге де мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асырылуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары маңызсыз болады.»;
45) 967-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шарттың белгiлi бiр түрдегi не белгiлi бiр саладағы зияткерлік шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасауға автордың құқығын шектейтiн талаптары маңызсыз болады.»;
46) 977-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы маңызсыз болады.»;
47) 1000-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1000-бап. Патенттiк құқықтарды беру туралы шарт
«Патенттi басқаға беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға және патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.»;
48) 1001-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.»;
49) 1031-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1031-бап. Тауар белгісіне құқық беру туралы шарттар мен лицензиялық шарттардың нысаны және оларды тiркеу
Тауар белгісіне құқық беру туралы шарт немесе лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалуға және патенттік органда (ұйымда) тiркелуге тиіс.
Жазбаша нысанның және тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.»;
50) 1040-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресімделмеген мүліктік құқықтарын ресімдеу үшін қажетті құқықтар, оның ішінде оларды тіркеу құқығы да кіруі мүмкін.»;
51) 1047-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген құқыққа қайшы талаптар маңызсыз болады.»;
52) 1050-баптың 1-тармағындағы «мен уақыты» деген сөздер «, күні және уақыты» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 1056-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет маңызсыз болады. Өсиеттiң жарамсыздығы осы Кодекстiң 4-тарауының мәмiлелердiң жарамсыздығы туралы қағидаларына негiзделеді.»;
54) 1081-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер мұра алған мұрагерлер мұраның құрамына кіретін мүлікті немесе оған құқықтарды тіркеуден жалтарған жағдайда, мұра қалдырушының кредиторлары мәжбүрлеп тіркеуді талап етуге құқылы.»;
55) 1088-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1088-бап. Заңды айналып өтудiң салдары
«Қатынастарға қатысушылардың осы Кодексте реттелетiн, осы бөлiмнiң қолданылуға тиiстi құқық туралы қағидаларын айналып өтiп тиiстi қатынастарды өзге құқыққа жатқызуға бағытталған келiсiмдері мен өзге де әрекеттері маңызсыз болады. Бұл жағдайда осы бөлiмге сәйкес қолданылуға жататын құқық қолданылады.».
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №19-I, 99, 101-құжаттар; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115, 117-құжаттар; №21-I, 124, 126-құжаттар; №22-II, 145-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53, 56-құжаттар; №8-ІІ, 72-құжат; №10, 79-құжат):
1) 33-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кепiлге беру кезінде, оның ішінде кепіл беруші өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған затты сатуы кезінде, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен банкроттық процедурасын өткізу барысында кепіл кредиторының талаптарын қанағаттандыру есебіне кепілге салынған затты беру кезінде, сондай-ақ шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру кезiнде;»;
2) 92-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кепіл мүлкін өндіріп алу нәтижесінде екінші деңгейдегі банктің, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымның меншігіне қабылданған жер учаскесін екінші деңгейдегі банктен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымнан мәжбүрлеп алып қоюды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оларда жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асыруға болмайды.
Жер учаскесін иеліктен шығару осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылмаған жағдайда жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі банк, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйым жер учаскесін иеліктен шығарған жағдайда, жаңа құқық иеленуші үшін игеру мерзімі осы баптың нормаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкiмдерi, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақтың басқару органы айқындайтын бастапқы мерзім ретінде белгіленеді.».
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №1, 1-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №11-12, 55-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3, 7-құжаттар; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №16, 129-құжат; №21, 161-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №2, 10-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-I, 141-құжат; №22-II, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №1, 2-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 56, 57-құжаттар; №8-II, 71, 72-құжаттар; №24, 124-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) жобалардың экологиялық сараптамасы - қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі мен инженерлік қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдер мен есептеулердің сараптамалық бағасы, ол мыналардың:
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының бір бөлігі болып табылады.»;
2) 17-баптың 12) тармақшасы «осы бапта» деген сөздердің алдынан «жобалардың экологиялық сараптамасын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 20-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) объектілер салу жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы қорытындысының негізінде өз құзыреті шегінде жаңа объектілер салуға немесе бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) тыйым салады немесе рұқсат береді;
3) жобалардың экологиялық сараптамасын ұйымдастыруды және жүргізуді қоспағанда, өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;»;
4) 48-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамасы), сондай-ақ аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша экологиялық сараптама құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында жүргізіледі, оларды Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.»;
5) 49-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін жобалардың экологиялық сараптамасын қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;
6) 50-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасын жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
7) 51-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс.
Жобалардың экологиялық сараптамасының нәтижелерін қамтитын, тиісінше ведомстводан тыс кешенді сараптаманың немесе кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындыларын алмаған құрылыс жобаларын немесе қала құрылысы жобаларын бекітуге және іске асыруға жол берілмейді.»;
6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
8) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сараптама ұйымдарының бірінде штатта тұратын, жобалардың белгілі бір бөлімі (бөлігі) бойынша сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған жеке тұлға құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасының сарапшысы болып табылады.».
5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 100-құжат; №19-II, 106-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-I, 121, 124-құжаттар; №21-II, 130, 132-құжаттар; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-II, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 119-құжат; №24, 126-құжат):
5-тармақтың 1) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) бюджеттік инвестициялар - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;»;
5-тармақтың 2) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 39-2-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «қорға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.» деген сөздер «қорға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) өткізу кезінде шығындар туындауы мүмкін болатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған бағыттар бойынша нысаналы аударымды пайдаланғаны үшін жауапты болады.»;
3) 62-баптың 3-тармағының төртінші бөлігінде:
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» деген сөздер «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орталық сайлау комиссиясы,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 4) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 67-бап мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:
«12-2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімге есептеулер мен негіздемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.»;
5-тармақтың 5) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 151-бап мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға бағытталған активтер осы Бөліммен реттелмейді және Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған кезде республикалық бюджеттің жобасына немесе нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына енгізіледі.».
6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №13-14, 63-құжат; №15-16, 74-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; №22, 130, 132-құжаттар; №24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №16, 128-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 11, 15-құжаттар; №3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №6, 43, 44-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 7, 10-құжаттар; №3, 15-құжат; №4, 21-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 114, 115-құжаттар; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №11, 52-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 99, 100, 101-құжаттар; №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115, 119-құжаттар; №21-I, 124-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-III, 136, 137-құжаттар; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 53, 55, 57-құжаттар; №8-I, 62-құжат; №8-II, 66, 72-құжаттар; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №24, 124-құжат):
1) мазмұнында 135-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу»;
2) 12-баптың 1-тармағы 39) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;»;
6-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
3) 87-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Осы баптың мақсатында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) бағалы қағаздарын жарғылық капиталды ұлғайтуға арналған іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып сатып алудың бастапқы құны осындай акциялардың және (немесе) бағалы қағаздардың бастапқы құны болып табылады.»;
4) 88-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
6-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
«5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа 2017 жылғы 1 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын тікелей немесе жанама түрде иеленген заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға байланысты туындаған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.