Коммерциялық емес ұйымдар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II Заңы
(2020.29.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңын қараңыз (2021 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетін мәселелер
2-бап. Коммерциялық емес ұйым ұғымы
3-бап. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар
4-бап. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары
5-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
6-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары
7-бап. Коммерциялық емес ұйымның атауы және орналасқан жерi
2-тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары
8-бап. Мекеме
9-бап. Мемлекеттiк мекеме
10-бап. Жеке меншiк мекеме
11-бап. Қоғамдық бiрлестiк
12-бап. Қор
13-бап. Қордың түрлерi
14-бап. Тұтыну кооперативi
15-бап. Дiни бiрлестiк
16-бап. Коммерциялық емес акционерлiк қоғам
17-бап. Коммерциялық емес ұйымның өзге де ұйымдық-құқықтық нысаны
18-бап. Дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанында бірігуі
3-тарау. Коммерциялық емес ұйымды құру, қайта ұйымдастыру және тарату
19-бап. Коммерциялық емес ұйымды құру
20-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары)
21-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары
22-бап. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы
23-бап. Құрылтай шарты
24-бап. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерi
25-бап. Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру
26-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату
27-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату тәртiбi
28-бап. Таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлкi
29-бап. Коммерциялық емес ұйымды таратудың аяқталуы
30-бап. Алып тасталды
31-бап. Коммерциялық емес ұйымды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу
4-тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметi
32-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызмет түрлерi
33-бап. Коммерциялық емес ұйымның кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы
34-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкi
35-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi
36-бап. Мүдделер қайшылығы
37-бап. Мүдделер қайшылығын шешу
5-тарау. Коммерциялық емес ұйымды басқару
38-бап. Коммерциялық емес ұйымды басқару негiздерi
39-бап. Коммерциялық емес ұйымның басқару органдары
6-тарау. Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар
40-бап. Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар
41-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн бақылау
42-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру
43-бап. Коммерциялық емес ұйымның, жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетін мәселелер
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты туындайтын қатынастар болып табылады.
Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың құқықтық жағдайларының, құрылуының, қызметiнiң, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ерекшелiктерi арнайы заңдармен регламенттеледi.
2-бап. Коммерциялық емес ұйым ұғымы
Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
3-бап. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және басқа да заң актілерінен тұрады.
2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымының қызметiне қолданылады.
3. Жекелеген коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер осы Заңмен және өзге де заң актілерімен реттеледi.
4-бап. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.
5-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;
2) мемлекеттік және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына;
3) меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
4) мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға;
5) егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар құруға;
6) филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
7) қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға;
8) жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
9) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Коммерциялық емес ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
2) белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге;
3) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен (мекемелердi қоспағанда) жауап беруге;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершiлiкте болуға мiндеттi.
6-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заң актілерінде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
7-бап. Коммерциялық емес ұйымның атауы және орналасқан жерi
1. Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атын және ұйымдық-құқықтық нысанының көрсетпесiн қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша ақпаратты қамтуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымның атауында заңдардың талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетiн атауларды; егер (қатысушылардың есiмiмен үйлесiмдi болмаса не егер жеке есiмiн пайдалануға бұл адамдардың (олардың мұрагерлерiнiң) рұқсатын қатысушылар алмаған болса, адамдардың өз аттарын пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет iстейтiн органы орналасқан жер оның орналасқан жерi деп танылады.
3. Коммерциялық емес ұйымның атауы мен орналасқан жерi оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.
2-тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары
8-бап. Мекеме
1. Құрылтайшысы басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Мекеменiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiкке құқығы азаматтық заңдарға сәйкес айқындалады.
2. Меншiк нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік және жеке меншiк мекемелер болып бөлiнедi.
3. Мекемелердiң жекелеген түрлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң актілерімен реттеледi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара); 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді
9-бап. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-бап. Жеке меншiк мекеме
1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлiгi болып табылмайтын ұйым жеке меншiк мекеме деп танылады.
2. Жеке меншiк мекеменiң мүлкi оған оралымды басқару құқығымен бекітілiп берiледi.
3. Жеке меншiк мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгіндегі ақшамен жауап бередi. Ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
11-бап. Қоғамдық бiрлестiк
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе қоғамдық бiрлестiк болып табылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) осы бiрлестiктерге өздері берген мүлікке, оның iшiнде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді, ал көрсетілген бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді.
3. Қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қоғамдық бірлестік «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қызметін ерікті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде жүзеге асыра алады.
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-бап. Қор
1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
2. Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмiмен тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органы - қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кеңесi құрылады, ол қор қызметiнiң оның жарғылық мақсаттарына сай келуiне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекітілген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық кеңесiнiң көпшiлiк мүшесi, сондай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлерi бола алмайды.
3. Қордың атқарушы органы қордың жоғары басқару органының және тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органының (қамқоршылық кеңестiң) шешiмдерi негiзiнде және оларды орындау мақсатында жұмыс iстейдi және соларға есеп бередi.
Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерi қордың құрылтай құжаттарын, осы заңды және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерін бұза отырып өздерi қабылдаған шешiмдерiнiң салдарынан келтiрiлген шығынның орнын бiрлесе толтыруға мiндеттi. Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру мiндетiнен босатылады.
4. Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi қызметтi қатар iстеуiне болмайды. Басшы құрылтай құжаттарының, қорды басқару органының шешiмдерi негiзiнде қордың атынан мәмiлелер жасауға құқылы. Қордың жарғысында өз бетiнше әрекет етiп, мәмiлелер жасай алатын басқа уәкiлеттi адамдардың қызмет аясы белгiленуi мүмкiн. Қор басшысының сотта, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қордың атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етуге құқығы бар.
5. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқығы жоқ және оларды мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жарғыда белгiленген тәртiппен құрылтайшылардың жалпы жиналысы қордан шығаруы мүмкiн.
6. Қор жарғыда белгiленген мерзiмде қаржы қызметiн тексерудi жүзеге асыруға мiндеттi. Тексерудi тексерушi немесе аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Тексерушiнi сайлау тәртібі жарғыда белгiленедi; аудиторлық ұйымдар заңдарда белгiленген тәртiппен тартылады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қор өз мүлкін пайдалануы туралы есептерді жыл сайын интернет-ресурстарда орналастыруға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Қордың түрлерi
1. Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттік қорлар құрылуы мүмкiн.
Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, білім қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкiн.
2. Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың - бiр отбасы мүшелерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәландырылған өсиетi бойынша да құрылуы мүмкiн.
Жеке қордың мүлкi жеке тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан - бiр отбасы мүшелерiнен (құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, өсиет бойынша түскен мүлiктен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және жеке қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.
Жеке меншік қор құрылтайшысының (құрылтайшыларының) құқықтары, егер ол құрылтай құжаттарында көзделген жағдайда, мұраның құрамына кіргізілуі мүмкін.
3. Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор деп танылады.
Корпоративтiк қордың мүлкi бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардан коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және корпоративтiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.
4. Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың - қоғамдық бiрлестiктердiң құрған қоры қоғамдық қор деп танылады.
Қоғамдық қордың мүлкi заңды тұлғалардан - қоғамдық бiрлестiктер мен жеке тұлғалардан бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және қоғамдық қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.
Қоғамдық қордың мүлкi бiр отбасы мүшелерiнен - аталған қордың бiрден бiр қатысушыларынан түсетiн түсiмдер есебiнен құрала алмайды.
5. Мемлекеттік органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен мемлекеттік меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттік қор деп танылады.
Мемлекеттік қордың мүлкi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және мемлекеттік қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.
6. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мiндеттi төлемдер есебiнен құрылған қорлардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты туындайтын қатынастар осы Заңмен реттелетiн мәселелер болып табылмайды.
14-бап. Тұтыну кооперативi
1. Мүшелiк негiзде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
Заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар да кiре алады.
2. 2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тұтыну кооперативтерiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша жарнасының енгiзiлмеген бөлiгi шегiнде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.
4. Тұтыну кооперативi алған кiрiстердi оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
5. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейiн үш ай iшiнде қосымша жарналар арқылы жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушiлердiң талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкiн.
2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Тұтыну кооперативтерін құқықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалық актілерде реттеледі.
15-бап. Дiни бiрлестiк
1. Рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде заң актілерінде белгiленген тәртiппен бiрiккен азаматтардың ерiктi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.
2. Дiни бiрлестiк қатысушыларының (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
3. Дiни бiрлестiктiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заңмен реттеледi.
16-бап. Коммерциялық емес акционерлік қоғам
1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлік қоғам деп танылады.
2. Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
3. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы жасалады.
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Коммерциялық емес ұйым ретiнде құрылған қоғамның коммерциялық ұйым болып қайта құрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым ретiнде құрылған қоғам да коммерциялық емес ұйым болып қайта құрыла алмайды.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржаларының қайта құрылу;
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) коммерциялық акционерлік қоғамдардың «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуы;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) коммерциялық ұйымдар ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қайта құрылуы;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес құрылған кредиттік бюролардың қайта құрылуы;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып қайта құрылуы;
2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5) кепілдік беру жағдайы басталған кезде құрылысты аяқтауға және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті үлескерлерге беруге кепілдік беретін, жарғылық капиталына мемлекет тікелей немесе жанама қатысатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымның қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Коммерциялық емес ұйымның өзге де ұйымдық-құқықтық нысаны
1. Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.02. № 45-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың редакциясын қараңыз
2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, адвокаттық кеңселер, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсіби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншік иелері кооперативтері, көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігі және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
3. Өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң актілерімен реттеледi.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанында бірігуі
1. Дара кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.
2. Коммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастықтарына (одақтарына) ерiктi түрде бiрiге алады.
3. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өзiнiң дербестiгiн және заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады.
2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртiппен субсидиарлық жауаптылықта болады.
2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)