Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша); 1995 ж., №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 187-құжат; №14, 274-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №1-2, 8-құжат; №5, 55-құжат; №12, 183, 184-құжаттар; №13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., №2-3, 23-құжат; №5-6, 50-құжат; №11-12, 178-құжат; №17-18, 224, 225-құжаттар; №23, 429-құжат; 1999 ж., №20, 727, 731-құжаттар; №23, 916-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 7-құжат; №8, 52-құжат; №17-18, 240-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №2, 17-құжат; №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №11, 56, 57, 66-құжаттар; №15, 139-құжат; №19-20, 146-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 56-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №10, 31-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 4-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20, 21-құжаттар; №4, 28-құжат; №16, 131-құжат; №18, 143-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 58-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 16, 18-құжаттар; №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №2, 21, 28-құжаттар; №3, 32-құжат; №4, 37-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 13, 15-құжаттар; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61, 63-құжаттар; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат):
1) 96-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндірістік кооператив нысанында құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерінің құқықтық жағдайы, құқықтары мен міндеттері осы кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен айқындалады.»;
2) 108-баптың 7-тармағы алып тасталсын.
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №13-14, 63-құжат; №15-16, 74-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; №22, 130, 132-құжаттар; №24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №16, 128-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 11, 15-құжаттар; №3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №6, 43, 44-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 7, 10-құжаттар; №3, 15-құжат; №4, 21-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 114, 115-құжаттар; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №11, 52-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат):
1) мазмұнындағы 63-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«63-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі»;
2) бүкіл мәтін бойынша «ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін», «ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен» және «ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін» деген сөздер тиісінше «ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін», «ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен» және «ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушiлер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 267-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ауыл шаруашылығы кооперативтері мына қызмет түрлері:
осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу;
осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және осы өнімді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу бойынша осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізеді.»;
4) 273-баптың 5-тармағының 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;»;
5) 356-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін - осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып;»;
6) 439-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушiлер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.»;
7) 63-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«63-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі»;
8) 448-бапта:
1-тармақ және 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер болып табылатын шаруа немесе фермер қожалықтары және заңды тұлғалар (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер), сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі — арнаулы салық режимі);
2) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін таңдау кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері осы режимді қолдану шарттарына сәйкес болған кезде осы режим кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзіммен қолданылады.
Арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлік салығын, көлік құралы салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режимі:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу;
мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;
2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің:
ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;
өзі өндірген және (немесе) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;
өзі өндірген және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді сақтау;
осындай кооперативтің мүшелері үшін ауыл шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы қызметтің қосымша түрлерін орындау;
агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды (қызметтерді) осындай кооперативтің мүшелеріне осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында орындау (көрсету);
агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің осы тармақшада көзделген тауарларды өткізуі, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беруі мемлекеттік кірістер органдарына корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде ұсынылатын тізбеде көрсетіледі.»;
«2. Осы тараудың мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын осы баптың 1-тармағының төртінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын ауыл шаруашылығы кооперативтері жатады.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналардың:
1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;
2) еншілес ұйымдары бар заңды тұлғаның;
3) арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғалардың үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;
4) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларының ережелері ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қолданылмайды.»;
9) 450-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «заңды тұлғалар» деген сөздер «салық төлеушілер» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Өндiрiстiк кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №14, 274-құжат; 1997 ж., №12, 183-құжат; №13-14, 205-құжат; 2001 ж., №17-18, 242-құжат; 2003 ж., №24, 178-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 56-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат):
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның күші өндірістік кооперативтердің қызметін реттейтін қатынастарға, олардың құрылуының, қызметінің, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік шарттарына, мүшелерінің құқықтары мен міндеттеріне, басқару және бақылау органдарының өкілеттіктері мен жауапкершілігіне қолданылады.
2. Осы Заңның күші «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын өндірістік кооператив нысанында құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық жағдайын, сондай-ақ оның мүшелерінің құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін реттеу жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.».
4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №1, 8-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; №10, 56-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат; №17, 141-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; 2011 ж., №2, 21-құжат; №5, 43-құжат; №17, 136-құжат; №23, 179-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13-құжат; №8, 64-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №11, 63, 67-құжаттар; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат):
1) 14-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тұтыну кооперативтерін құқықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалық актілерде реттеледі.»;
2) 28-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
5. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №10, 138-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат):
2-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №13, 52-құжат; 2007 ж., №5-6, 42-құжат; №18, 145-құжат; 2008 ж., №23, 124-құжат; 2009 ж., №17, 82-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №2, 26-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 16-құжат; №14, 94-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 52-құжат):
1) 1-баптың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) сервистік-дайындау орталығы - ауыл шаруашылығы кооперативіне не қатысушылары бір немесе бірнеше ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғаға меншік құқығымен немесе өзге құқықтармен тиесілі және ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру, жабдықтау, дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге арналған объект;»;
2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-5) және 41-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-5) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-6) өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін әзірлеу және бекіту;»;
3) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12-8) тармақшамен толықтырылсын:
«12-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;»;
4) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-8) тармақшамен толықтырылсын:
«8-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығыстарын субсидиялау;».
7. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №16, 130-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №14, 71-құжат; №15, 78-құжат):
5-баптың 9) тармақшасындағы «су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер «ауыл шаруашылығы кооперативтері» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 29-ы.
№ 373-V