Қазақстан Республикасының
Заңы
«Астана Хаб» инновациялық кластері туралы
(2025.11.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасы
3-бап. Инновациялық кластер құрудың және оның жұмыс істеуінің мақсаты
4-бап. Инновациялық кластер қызметінің қағидаттары
2-тарау. Инновациялық кластердің құқықтық мәртебесі
5-бап. Инновациялық кластерді басқару
6-бап. Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі
7-бап. Инновациялық кластердің қатысушылары
7-1-бап. Қордың және «Астана Хаб» қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін тарту ерекшеліктері
3-тарау. қорды басқару ерекшеліктері
8-бап. Алып тасталды
8-1-бап. Қордың функциялары
9-бап. Қордың басқару органдары
10-бап. Қордың мүлкі
11-бап. Қорды қайта ұйымдастыру, тарату
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
12-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
13-бап. Өтпелі ережелер
14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң «Астана Хаб» инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) акселерация - инновациялық қызмет субъектілерінің инновациялық жобаларын қарқынды дамыту мақсатында оларды даярлау мен оқьггу процесі;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры (бұдан әрі - Қор) - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) «Астана Хаб» инновациялық кластері (бұдан әрі - инновациялық кластер) - өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы инновациялық қызметті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық қызметті ынталандыруға арналған инновациялық кластер қатысушыларының бірлестігі;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) «Астана Хаб» инновациялық кластері қатысушысының жобасы (бұдан әрі - инновациялық кластер қатысушысының жобасы) - өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға немесе жетілдіруге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) «Астана Хаб» қатысушылары - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен «Астана Хаб» қатысушылары ретінде тіркелген заңды тұлғалар;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы - Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақ;
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) технологиялық даму орталығы - инновациялық технологияларды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға және құруға жәрдемдесетін, сондай-ақ өндірістік технологияларды жетілдіру бойынша оқытудың мазмұны мен іске асырылуын қоса алғанда, оқытумен айналысатын орталық;
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) трансұлттық корпорация - негізгі ұйымнан және бірнеше елдер аумақтарындағы филиалдардан, еншілес ұйымдардан тұратын заңды тұлға (заңды тұлғалар жиынтығы);
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) шетелдік инвестициялық қор - айрықша қызмет түрі Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызмет субъектілерін жинақтау және инвестициялау болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы, өнеркәсіптік саясат, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы инновациялық кластерге және Қорға осы Заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Инновациялық кластер құрудың және оның жұмыс істеуінің мақсаты
Инновациялық кластер жаңа технологияларды жеделдетіп дамыту, зерттеулер жүргізудің, жаңа технологиялар әзірлеудің ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын одан әрі жетілдіру, оларды коммерцияландыруға жәрдем көрсету, сондай-ақ инновациялық қызметті іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында құрылады және жұмыс істейді.
4-бап. Инновациялық кластер қызметінің қағидаттары
Инновациялық кластер қызметі:
1) ғылымның, білімнің және өндірістің ықпалдастығы;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын қаржыландырудың басымдығы;
3) инновациялық кластер қатысушыларының қызметін қолдаудың экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қор қаржыландыратын, инновациялық кластер қатысушыларының жобалары сараптамасының объективтілігі мен тәуелсіздігі;
6) халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
7) экономиканың басым секторларында технологияларды коммерцияландыруды ынталандыру қағидаттарына негізделеді.
2-тарау. ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Инновациялық кластерді басқару
1. Инновациялық кластерді дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық кластерді басқаруды Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылады.
2. Инновациялық кластер қамқоршылық кеңесінің ережесін және құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Инновациялық кластер қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады.
6-бап. Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі
Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесінің функцияларына:
1) инновациялық кластерді дамытудың стратегиялық міндеттерін айқындау;
2) - 5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) осы Заңда және Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі туралы ережеде көзделген өзге де функциялар жатады.
7-бап. Инновациялық кластердің қатысушылары
1. Инновациялық кластердің қатысушылары өз қызметін Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі айқындаған стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін жүзеге асырады.
2. Мыналар:
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары, оның ішінде Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерде жүзеге асыратын, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қор инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізген ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғалар, сондай-ақ инновациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) «Астана Хаб» қатысушылары инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады;
3) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Қордың және «Астана Хаб» қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін тарту ерекшеліктері
1. Қорда қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кіру визасын алады.
2. «Астана Хаб» қатысушыларының жұмыскерлері немесе Қордың жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), олардың балалары мен асырауындағы адамдар (растайтын құжаттар болған кезде) қолданылу мерзімі бес жылға дейінгі кіру визасын алады.
3. Қор өзі және «Астана Хаб» қатысушылары тартқан шетелдік жұмыс күшін есепке алуды жүргізеді. Қор тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын мәліметтердің құрамын, оларды ұсыну мерзімділігі мен тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Қорда және «Астана Хаб» қатысушыларында әрбір тартылған шетелдік пен азаматтығы жоқ адам бойынша олардың біліктілігін растайтын құжаттардың болуы және сақталуы міндетті.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген адамдардың визаларының қолданылу мерзімін ұзарту Қордың өтінішхаты бойынша олар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шықпастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. ҚОРДЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
8-бап. 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Қордың функциялары
Қордың функцияларына:
1) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын қаржыландыру;
2) инновациялық кластер қатысушыларының шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
3) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;
4) трансұлттық корпорациялармен технологиялық даму орталықтары нысанында бірлескен кәсіпорындар құруға, оларды басқаруға және үйлестіруге қатысу;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) инвестициялық қорлар құру және оларға үлестік қатысу, оның ішінде шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 5-1), 5-2), 5-3), 5-4), 5-5), 5-6), 5-7), 5-8), 5-9), 5-10) және 5-11) тармақшалармен толықтырылды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) инновациялық қызмет субъектілеріне акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету;
5-2) инновациялық қызмет субъектілеріне маркетингтік іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
5-3) инновациялық қызмет субъектілеріне консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім берушілік және өзге де іс-шараларды өткізу бойынша қызметтер көрсету;
5-4) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын дамытуды ынталандыру, халықаралық тәжірибені зерделеу мен білім алмасу үшін ақпараттық, білім берушілік және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау;
5-5) Қордың бағдарламалары бойынша оқытудан өту үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалар алуына шақыртулар, өтінішхаттар жіберу;
5-6) Қорға қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін Қор қызметінің қағидаларына сәйкес тарту;
5-7) Қор қызметінің қағидаларына сәйкес, «Астана Хаб» қатысушыларын тіркеу және тиісті растаушы құжаттар беру;
5-8) Қор қызметінің қағидаларына сәйкес, Қорда акселерациядан өтетін адамдарға тұрғынжай беру және оларға жағдай жасау;
5-9) инновациялық кластер қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында корпоративтік секторда инновацияларды дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізуге және ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
5-10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру;
5-11) инновациялық кластер қатысушыларының тізбесін бекіту;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.
9-бап. Қордың басқару органдары
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Басқарушы комитет Қордың жоғары басқару органы болып табылады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның басшысы Басқарушы комитеттің Төрағасы болып табылады.
Басқарушы комитет туралы ережені, сондай-ақ оның құрамын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның басшысы бекітеді.
2. Басқарушы комитеттің айрықша құзыретіне:
1) Қор жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) Қордың жылдық және орта мерзімді бюджеттерін бекіту;
3) Қордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;
4) Қордың сыртқы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Басқарушы комитеттің құрамына құрылтайшының өкілдері, педагогтер және ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар кіреді.
Басқарушы комитеттің қызметін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты оның атқарушы органы жүзеге асырады, ол алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Қордың атқарушы органы Басқарушы комитеттің және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның шешімдері негізінде және оларды орындау үшін әрекет етеді.
Қордың атқарушы органының құрылымы мен құзыреті Қор жарғысында айқындалады.
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) Қордың атқарушы органының сандық құрамын, басшысы мен мүшелері өкілеттіктерінің мерзімдерін айқындайды;
2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерін сайлайды, сондай-ақ Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 3), 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3) Қордың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
4) Қор қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғаларды, сондай-ақ инновациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Қордың атқарушы органы әрекеттерімен және (немесе) әрекетсіздігімен келтірген зиян үшін Қор алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
6. Қорда оның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
10-бап. Қордың мүлкі
1. Қордың мүлкі:
1) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
2) 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды өткізуден және қызметтерді көрсетуден түскен түсімдер (кірістер);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақылар (мүдде);
4-1) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) «Астана Хаб» қатысушылары Қор қызметінің қағидаларына сәйкес Қорға енгізетін мүшелік жарналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.
2. 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Қор инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша өз мүлкі есебінен қаржыландыру үшін айқындайды.
3. 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қордың осы бапқа сәйкес қалыптастырылған мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Қор осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптастырылған мүлікті инновациялық кластердің қызметін қамтамасыз ету, жұмыс істеуі және оны дамыту, сондай-ақ инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланады.
6. Қор мүлкіне құрылтайшының мүліктік құқықтары болмайды.
Құрылтайшы Қордың міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Қор құрылтайшының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
11-бап. Қорды қайта ұйымдастыру, тарату
1. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қор жарғысына сәйкес қайта ұйымдастырылуға, таратылуға жатады.
2. Қор таратылған кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік Қордың құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
12-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
13-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде құрылтайшы жарғылық капиталына мемлекет қатысатын тиісті заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы Қор құру туралы шешім қабылдайды.
2. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы маусымның 10-ы.
№ 207-V