тауардың шығарылған жері туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) анық емес, уәкілетті ұйымның тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруі -
тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
4. Уәкілетті ұйымның, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын, сондай-ақ оларды беруден бас тарту туралы жазбаша уәжді шешiмді беру мерзімін бұзуы -
тауардың шығарылған жері туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
14) 520, 576, 624 және 636-баптар алып тасталсын;
15) 684-баптың бірінші бөлігінде:
«413,» деген цифрлардан кейін «413-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«636 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
16) 685-бапта:
бірінші бөліктегі «576,» деген цифрлар алып тасталсын;
екінші бөліктің 4) тармақшасындағы «576,» деген цифрлар алып тасталсын;
17) 687-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 140 (бірінші бөлігінде), 345, 346, 348, 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
18) 689-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 292, 293, 296-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
19) 691-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «589, 625 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің бірінші абзацында:
«441 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«559» деген цифрлар «559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«560,», «562,», «576,» деген цифрлар алып тасталсын;
«589 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа),» деген сөздер алып тасталсын;
«624,» деген цифрлар алып тасталсын;
«625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа)» деген сөздер «625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтың 2) тармақшасында:
«441 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«560,», «562,», «576,» деген цифрлар алып тасталсын;
«589 (әуе көлiгi кемелерiндегі бұзушылықтардан басқа),» деген сөздер алып тасталсын;
«625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа)» деген сөздер «625 (автомобиль көлiгiндегі бұзушылықтар бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацында:
«осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «164, 166, 167,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«(әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «250,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«571 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтың 2) тармақшасында:
«589» деген цифрлар «589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 692-баптың бірінші бөлігінде
«осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «164, 250,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«636 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
21) 693-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 87, 88, 89, 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi, үшінші, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
22) 696-бап алып тасталсын;
23) 701-баптың бірінші абзацындағы «324, 327, 344, 351, 358,» деген цифрлар алып тасталсын;
24) 713-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 163-1, 201-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
25) 720-баптың екінші бөлігіндегі «324 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
6) 802-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздер болып табылады.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4 және 5-тармақтарында және 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.»;
27) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (139 (екiншi бөлiгi), 326 (үшінші және төртінші бөліктері), 333 (екiншi бөлiгi), 397 (төртінші бөлiгi), 399 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);»;
23) тармақшадағы «636 (екiншi бөлiгi),» деген сөздер алып тасталсын;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (415 (екінші бөлігі), 417 (бірінші және алтыншы бөліктері), 419 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);»;
42) тармақша «356 (он төртінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «462,» деген цифрлармен толықтырылсын;
43) тармақшада:
«413,» деген цифрлардан кейін «413-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«416 (машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгіне қойылатын, техникалық регламенттердің радиациялық қауiпсiздiгі туралы талаптарды бұзу бойынша)» деген сөздер «416 (машиналар мен жабдықтың қауiпсiздiгіне қойылатын, техникалық регламенттердің радиациялық қауiпсiздiгі туралы талаптарды бұзушылық бойынша), 462, 463» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (138, 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 383, 385 (бірінші бөлігі), 394 (бірінші және екінші бөліктері), 395 (бірінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі)-баптар);»;
28) 806-баптың алтыншы бөлігіндегі «576,» деген цифрлар алып тасталсын;
29) 812-баптың екінші бөлігіндегі «624,» деген цифрлар алып тасталсын;
30) 829-1-баптың екінші бөлігіндегі «624,» деген цифрлар алып тасталсын.
10. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 55-құжат; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 72-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., №9, 21-құжат; №14, 50, 51-құжаттар; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 115-құжат):
1) мазмұнында:
63-баптың тақырыбы алып тасталсын;
64-баптың тақырыбындағы «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама» деген сөздер «Сараптама» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2018 ж. 29 қарашада қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 9-1-тараудың, 112-1, 112-2 және 112-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«9-1-тарау. Ақпараттық құралдар
112-1-бап. Ақпараттық құралдар
112-2-бап. Ақпараттық құралдардың түрлері
112-3-бап. Ақпараттық құралдарды енгізу ерекшеліктері»;
132-баптың, 2-параграфтың, 140 және 141-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«132-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері және объектілері. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар»;
«2-параграф. Тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
140-бап. Тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жалпы мәселелері
141-бап. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) топтарға бөлу»;
142-баптың тақырыбы алып тасталсын;
145, 146, 147, 148, 151 және 152-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«145-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт
146-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу
147-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі
148-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдері»;
«151-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезіндегі шектеулер
152-бап. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 152-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«152-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелерін ресімдеу тәртібі»;
155 және 156-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«155-бап. Бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жарамсыздығы»;
мынадай мазмұндағы 163-1 және 169-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
10-тармақтың 1) тармақшасының жиырма сегізінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«163-1-бап. Табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтер»;
«169-1-бап. Тауарлар сатып алуды және сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу кезінде бәсекелестікті қорғау туралы талаптар»;
199, 200 және 201-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«199-бап. Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама
200-бап. Экономикалық шоғырлану
201-бап. Экономикалық шоғырлануды реттеу»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өз атауы бар мөрді иелене алады.
Мемлекеттік органдарға және қаржы ұйымдарына жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қоюды талап етуге тыйым салынады.»;
3) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы
Жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері (бұдан әрі - сараптама кеңестері) арқылы, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады.»;
4) 62-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзін-өзі реттеу ұйымына міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін нақты саладағы реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.»;
5) 63-бап алып тасталсын;
6) 64, 65, 66 және 67-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«64-бап. Сараптама кеңестері
1. Сараптама кеңесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан:
кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
сараптама кеңестерінің мүшелерінен кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Сараптама кеңестерінің құрамына Ұлттық палатаның, міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кіреді.
Сараптама кеңестерінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар сараптама кеңесінің мүшелері мәртебесіне өздері орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органда аккредиттелген кезден бастап қана ие болады.
4. Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу тәртібін, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.
Орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда қатарынан екі реттен көп аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
5. Сараптама кеңесінің отырыстарына сараптама кеңесі мүшелерінің өкілдері қатысады, олардың өкілеттіктері сенімхатпен расталады.
Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптама кеңестерінiң құрамдары осы органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.
6. Мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актілердің жобалары сараптама кеңесінің қарауына жатпайды.
7. Сараптама кеңесінің мүшелері нормативтік құқықтық актінің жобасын, Қазақстан Республикасы халықаралық шартының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты қарауды сараптама кеңесінің мүшелеріне тиісті жобаны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны сараптама кеңесінің дереу жіберуі арқылы отырыс өткізбей жүзеге асырады.
Сараптама кеңесінің отырысы сараптама кеңесі мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі. Күн тәртібі оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қаралады.
Бұл ретте сараптама кеңесінің отырыстары сараптама кеңесінің мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде бейнеконференция байланысын немесе интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
8. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптама кеңесінің қарауына шығарылуы мүмкін.
9. Сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
65-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдар кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында сараптама қорытындысын алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде орналастырғаны туралы хабарламаны сараптама кеңестеріне және Ұлттық палатаға жібереді.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптама қорытындысын беру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мерзім сараптама кеңесінің мүшелеріне және Ұлттық палатаға хабарлама келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, сараптама қорытындысын алуға арналған хабарлама, егер кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы, сондай-ақ жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдауды көздесе, жіберілмейді.
Осы тармақтың ережелері кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамаларына қолданылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері қамтылуға тиіс.
3. Осы бапта және осы Кодекстің 66 - 68-баптарында көзделген талаптар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.
66-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамалары, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптама қорытындылары
1. Сараптама қорытындысы сараптама кеңесі мүшесінің және Ұлттық палатаның жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде міндетті қосымша болып табылады.
Сараптама қорытындылары қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
2. Сараптама қорытындыларын сараптама кеңесінің мүшелері және Ұлттық палата әзірлеуші мемлекеттік органдарға осындай мемлекеттік органдар айқындаған мерзімдерде, бірақ сараптама кеңесінің мүшесі және Ұлттық палата хабарламаны алған кезден бастап кемінде он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Сараптама қорытындысын белгіленген мерзімдерде ұсынбау заң жобасының тұжырымдамасы, нормативтік құқықтық актінің жобасы сараптама кеңесінің мүшесімен және Ұлттық палатамен ескертусіз келісілді деп есептеледі дегенді білдіреді.
Бұл ретте мемлекеттік органдарға әзірлеуші мемлекеттік органдардан сараптама қорытындысын осы тармақта белгіленген мерзімдерде ұсынбаған сараптама кеңесі мүшелерінен және Ұлттық палатадан сараптама қорытындыларын алуды талап етуге тыйым салынады.
3. Әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіскен кезде заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесі мүшесіне және Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауапты жібереді. Мұндай жауап заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
67-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату)
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы тиісті органда, сараптама кеңесінде және Ұлттық палатада ол қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.»;
7) 80-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
4) тармақша «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «мен олардың ведомстволары» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «шешімдері» деген сөзден кейін «, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Реттегіш құралдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ықпал ету тәсілдерін, оның ішінде осы Кодекстің 81-бабында көзделген, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу нысандары мен құралдарын білдіреді.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
10-тармақтың 7) тармақшасының оныншы абзацы 2018 ж. 29 қарашада қолданысқа енгізілді
3-тармақ алып тасталсын;
8) 81-бап мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) ақпараттық құралдарды енгізу;
10-2) өзін-өзі реттеу ұйымына міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу;»;
9) 82 және 83-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«82-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдар енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi
1. Егер мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құрал енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған жағдайда, мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзге де ұлғайту реттеуді қатаңдату болып табылады.
2. Реттеушілік әсерді талдауға реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары жатады.
Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал енгізілгенге немесе реттеу қатаңдатылғанға дейін және одан кейін реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талап мыналарға:
1) авариялардың, дүлей зілзалалардың және өзге де төтенше жағдайлардың салдарын еңсеру жөніндегі мәселелерді реттеуге;
2) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын реттеуге;
3) қаржы ұйымдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда арнайы валюталық режимді енгізуге;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына;
6) тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы, сондай-ақ жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдауға;