мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Табиғат пайдаланушы осы баптың 5-тармағына сәйкес қалдықтардың қауіптілік деңгейін және оларға код белгілеуді айқындаған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғат пайдаланушының өтініші бойынша қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесіне сәйкес қалдықтар сыныптауышына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.»;
37) 293-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етпей, жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтардың меншік иесін ауыстыруға тыйым салынады.»;
38) 324-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мыналардың:
осы Кодекстің 301-бабы 1-тармағының 9), 10) және 12) тармақшаларының қолданысы 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
осы Кодекстің 301-бабы 1-тармағының 18) және 19) тармақшаларының қолданысы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.».
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 100-құжат; №19-II, 106-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-I, 121, 124-құжаттар; №21-II, 130, 132-құжаттар; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-II, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 119-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №6, 11-құжат; №9, 18-құжат; №10, 23-құжат; №13, 45-құжат; №14, 51-құжат; №15, 55-құжат; №20, 96-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 115-құжат; 2018 ж., №1, 2-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 51-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы алып тасталсын;
2) 52-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы алып тасталсын;
3) 54-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда олардың жұмыс істеуіне байланысты инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салу;».
7. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., №20-21, 89-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 32-құжат; №15, 71-құжат; №24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №17, 136-құжат; №21,161-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №3, 26-құжат; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №12, 83-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №5-6, 30-құжат; №7, 36-құжат; №9, 51-құжат; №12, 57-құжат; №13, 62-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №11, 65-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №7, 33-құжат; №10, 50-құжат; №19-II, 102-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-V, 156-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-II, 67, 70-құжаттар; №23, 119-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат; №9, 22-құжат; №13, 45-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №24, 115-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 21-2 және 21-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«21-2-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі
21-3-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету»;
2) 7-баптың 1-тармағының 50-1), 52), 53) және 67) тармақшалары алып тасталсын;
3) 7-1-баптың 1-тармағының 22-1) және 23) тармақшалары алып тасталсын;
4) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
6) 21-бапта:
3-тармақта:
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген топтар бойынша бөле отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген мерзімділікпен ерекше тәртіппен жүзеге асырылады.
Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәуекелдерді басқаруды бағалау жүйесіне сәйкес ерекше тәртіппен жүргізілетін тексерулерден босатылады.
Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілерге қатысты тек жоспардан тыс тексерулер ғана жүргізіледі.
5. Өнім қауіпсіздігінің мониторингі профилактикалық бақылау мен қадағалау болып табылады және:
1) камералдық бақылау жүргізу;
2) өнімді іріктеп алу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.»;
12-тармақтың 16) және 19) тармақшалары алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 21-2 және 21-3-баптармен толықтырылсын:
«21-2-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған тексерулер нәтижелері туралы актілерге жоғары тұрған органға шағым жасалуы мүмкін.
2. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарау үшін жоғары тұрған мемлекеттік орган апелляциялық комиссияны құрады, оның құрамына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде кіреді.
Апелляциялық комиссияның регламентін, ережесін және құрамын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
3. Шағымды апелляциялық комиссия халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағым жасалатын мәселелер шегінде қарайды.
4. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жазбаша нысанда беріледі.
5. Апелляциялық комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.
6. Апелляциялық комиссия жыл сайын тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау нәтижелерін қорытуды жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды.
7. Апелляциялық комиссияның тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарау нәтижелері шағымды сотқа жіберуге кедергі болмайды.
8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа жүгіну сот шешім шығарғанға дейін апелляциялық комиссияның тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарауын тоқтата тұрады.
21-3-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету
Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер, сондай-ақ құпия ақпарат апелляциялық комиссияның мүшелеріне тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарау кезінде шағым берген адамның жазбаша рұқсатын алмастан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер апелляциялық комиссия мүшелерінің жария етуіне жатпайды.»;
8) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
9) 62-баптың 8-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексеру және (немесе) профилактикалық бақылау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:»;
2) тармақша алып тасталсын.
8. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №15-I, 15-II, 88-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №20-VII, 115-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 67-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №8, 16-құжат; №14, 50, 53-құжаттар; №16, 56-құжат; №21, 98, 102-құжаттар; №24, 115-құжат; 2018 ж., №1, 2-құжат):
1) 347-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«9. Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган бекітеді.»;
2) 370-бапта:
сегізінші бөліктегі «бейнебайланыс режимінде (қашықтықтан жауап алу) ғылыми-техникалық құралдарды» деген сөздер «бейнеконференция байланысының құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«9. Бейнеконференция байланысының құралдарын техникалық қолдану тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып бекітеді.»;
3) 591-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулы оған шағым жасау мерзімі өткеннен кейін орындауға енгізіледі. Қаулыға шағым жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қаулысы заңды күшіне енгізілгенге дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейді.
Өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамның және оның қорғаушысының қатысуы бейнеконференция байланысының техникалық құралдары арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.».
9. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 141, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145, 148-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 166, 169-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат; №6, 45-құжат; №7-I, 49, 50-құжаттар; №7-II, 53, 57-құжаттар; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; №12, 34-құжат; №14, 49, 50, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; №16, 56-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., №1, 4-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 163-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«163-1-бап. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілерінің, сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруі»;
290 және 291-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
293 және 296-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«293-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде міндетті энергия аудиті қорытындысының болмауы»;
«296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін сақтамау»;
мынадай мазмұндағы 413-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«413-1-бап. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы»;
520, 576, 624, 636 және 696-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) 159-бапта:
үшінші бөлік «монополиялық жағдайын» деген сөздерден кейін «монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған, монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеуді, ұстап тұруды қоспағанда, нарық субъектiлерiнiң өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) - үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктегі «және үшiншi» деген сөздер «, үшінші және 3-1-» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 163-1-баппен толықтырылсын:
«163-1-бап. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілерінің, сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруі
1. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілерінің және сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруі, егер мұндай әрекет бәсекелестiкке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
4) 164-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларында, ақпараттандыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны бермеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып беруі -»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында, ақпараттандыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпарат, есеп және хабарлама беру міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -»;
5) 175-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің болмауы;
3) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының 1-тармағында көзделген, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабардар ету мерзімдерінің сақталмауы;
4) осы бақылау мен қағадалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген талаптардың, сондай-ақ егер мұндай талаптар солардың атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететін мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, орындалуын тексеру;
5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап ету;
6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілерді, сынамаларды белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын мөлшерде іріктеп алу туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
8) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді профилактикалық бақылауды жүргізудің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 148-бабында көзделген белгіленген мерзімдерін асыру;
9) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ сол кезең iшiнде оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргiзілген кезде тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзу;
10) мемлекеттік бақылау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізу;
11) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабында көзделген, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің мерзімділігін бұзу;
12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау -
лауазымдық адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 290 және 291-баптар алып тасталсын;
7) 293-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«293-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде міндетті энергия аудиті қорытындысының болмауы»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде міндетті энергия аудиті қорытындысының болмауы -»;
8) 294-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарық беру мақсатында ауыспалы тоқ тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалану -»;
9) 296-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін сақтамау»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін сақтамау -»;
10) 339-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «мақсатта» деген сөзден кейін «, ал елді мекендердің жерлерінде - функционалдық аймаққа сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 392-бапта:
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші немесе екінші бөліктерінде» деген сөздер «бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) мынадай мазмұндағы 413-1-баппен толықтырылсын:
«413-1-бап. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы
1. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы -
қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып не онсыз, алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салына отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы бапта заңды тұлғалар деп атом энергиясын пайдалану саласында қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және II санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер түсініледі.»;
13) 417-баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) анық емес, сарапшы-аудиторлардың ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiнде қорытынды жасауы және сараптама ұйымының ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін беруі -
ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, сараптама ұйымдарына отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы тиiсінше ресiмделген сараптама актiсi, техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруден бас тарту немесе Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруден бас тарту -