Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.
Бақылау және қадағалау органы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды.
4. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса, осы Кодекстің 147-бабы 2-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, осы Кодекстің 141 - 147-баптарының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау мынадай шарттар сақтала отырып, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады:
1) бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелу және бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бұзушылықтар болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бірақ бақылау және қадағалау субъектісіне оны жоюдың тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалары) жасалады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттарын, құралдарын, оларды жүргізу тәсілдерін, субъектілерінің тізбесін, жүргізу жиілігін, есепке алу тәсілін міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың мүмкін болмауы бөлігінде мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды талдау нәтижелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз бола алады.»;
35) 138-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін - атом энергиясын пайдалану саласында;»;
10), 11), 14), 15), 33), 34), 37) және 40) тармақшалар алып тасталсын;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына;»;
45) және 46) тармақшалар алып тасталсын;
61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелерi туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының сақталуына;»;
62) тармақша алып тасталсын;
64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«64) тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануға;»;
65), 72), 73), 79), 84), 85), 88), 108) және 112) тармақшалар алып тасталсын;
36) 139-бапта:
15), 16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
18) тармақшадағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және II санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін - атом энергиясын пайдалану саласында жүзеге асырылады.»;
37) 2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі»;
38) 140-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«140-бап. Тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жалпы мәселелері»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бақылау және қадағалау органдары мынадай:
1) мемлекеттік органның лауазымды адамының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару;
2) профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;
3) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінің бірін жасау жолымен тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізеді.
2. Бақылау және қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасы болып табылады.»;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы Кодекстің 137-бабының және осы параграфтың күші:»;
7), 9) 10), 14) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тірі малды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда базарларында, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;»;
«9) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
балық шаруашылығының су айдындарында - балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемі, балық аулау мөлшерлері, құрал түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, кейдейсоқ аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) жүргізілуіне;
аңшылық шаруашылығы аумағында - жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі және түрі, олардың жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарының сақталуына;
10) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;»;
«14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді бақылауға және қадағалауға;»;
«16) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімдерін, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға темекі бұйымдарын сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына;»;
17), 20), 23), 24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
«26) қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және IІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін - атом энергиясын пайдалану саласына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 13), 15) (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), 22) және 26) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) (есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласында), 13), 21) және 22) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы актілер тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.
Бақылау және қадағалау органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерулер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған нысан бойынша ұсынады.»;
4 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тексерулерді жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.»;
«8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.»;
39) 141-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«141-бап. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) топтарға бөлу
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) төрт топқа бөлу ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер, осы баптың 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
Тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді бағалау жүйесі болып табылады.
Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында:
1) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты - атом энергиясын пайдалану саласында;
2) өрт қауіпсіздігі саласында;
3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету саласында;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
5) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін жүргізу мерзімділігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Бақылау және қадағалау субъектiсінiң тiкелей қызметiне, салалық даму ерекшелiктерiне және осы дамуға әсер ететiн факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектiлерiн (объектілерін) әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары болып табылады.
Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық график тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.
Жартыжылдық графиктер өздеріне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің жобаларын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
Тексерулердің жартыжылдық графиктерінің жобаларында нақ сол бақылау және қадағалау субъектiлері белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган графиктердің жобаларын реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектiлерді тексерулер жүргізу графиктерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырады.
3. Екінші топқа өздеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Жоспардан тыс тексерулер осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдері өздеріне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Осы тармақтың үшінші - оныншы бөліктері мынадай жағдайларда:
1) егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса;
2) егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеумен байланысты болса;
3) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астықтың сапасын айқындау үшін оны қабылдау, тиеп-жөнелту және сандық-сапалық есепке алу кезінде сынамаларды іріктеумен байланысты болса;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне ықтимал түрде жаппай қатер төндіруі мүмкін болған жағдайларда, осы бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу мақсатында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған;
5) электр станцияларында, қазандықтарда, электр және жылу желілерінде негізгі жабдықтың тоқтап қалуына, өртке, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген технологиялық бұзушылықтардың туындағаны туралы хабарламалар келіп түскен;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына бақылау жүзеге асырылған жағдайларда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге қолданылмайды.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық фактілері туындауының себептерін анықтау үшін осы Кодекстің 114-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факт бойынша жоспардан тыс тексеруді жүргізу жеткіліксіз болған және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін:
1) бақылау және қадағалау органдары нақты фактіге байланысты және ықтимал тәуекелдері бар бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) аясын айқындау мақсатында қолда бар барлық ақпаратқа, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалана отырып және басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы талдау жүргізеді;
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы бекіткен қосымша тізімі қалыптастырылады;
3) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған фактілер ғана бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нысанасы болып табылады.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы шешімді негізсіз қабылдағаны үшін бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруы тәртібінің негізінде әзірленеді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруы қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.