10) 21-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының орман заңнамасының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының өзге де талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.».
4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №17, 141-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №19, 147-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №23, 114-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №2-3, 15-құжат; №15-16, 76-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 79, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №2, 10-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 57-құжат; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 56-құжат; №8-II, 72-құжат; 2017 ж., №3, 6-құжат; №12, 34-құжат; №14, 51, 54-құжаттар; №23-V, 113-құжат):
1) 48-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
2) 49-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:
3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын;»;
«5) су объектiлерiнен алынатын және оларға ағызылатын су мөлшерiнің бастапқы есебін жүргiзудiң дұрыстығын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;»;
8) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) су объектілерін өз бетімен пайдалануға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады.»;
11) тармақша алып тасталсын.
5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №1, 1-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №11-12, 55-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3, 7-құжаттар; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №16, 129-құжат; №21, 161-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №2, 10-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-I, 141-құжат; №22-II, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №1, 2-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 56, 57-құжаттар; №8-II, 71, 72-құжаттар; №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №7, 14-құжат; №9, 17-құжат; №12, 34-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 49-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«49-1-бап. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамында құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасын жүргізу тәртібі»;
74-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«74-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қарау және беру мерзімдері»;
13-тараудың, 119 және 125-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«13-тарау. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары
119-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары»;
«125-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 126-1 және 126-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«126-1-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі
126-2-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету»;
127-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«127-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргiзу кезiнде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету»;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
«45-1) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі - нақты уақыт режимінде деректерді беру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен онлайн-байланысы бар, ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссияларды өндірістік экологиялық бақылау жүйесі;»;
3) 17-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;»;
30) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібін және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды;»;
мынадай мазмұндағы 38-9) және 38-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-9) апелляциялық комиссияны құрады;
38-10) апелляциялық комиссияның регламентін, ережесін және құрамын бекітеді;»;
4) 34-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «инспекторлық тексеру жүргізу» деген сөздер «мемлекеттік экологиялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Қоршаған ортаға әсердi бағалау көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдануын, бүлiнуiн және сарқылуын) болғызбау, қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар әзiрленетiн рәсiм болып табылады.»;
6) 47-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
7) 48-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шаруашылық қызметтің І санаттағы объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағының талаптары құрылысы жұмыс істеп тұрған І санаттағы объектілердің аумағында жоспарланып отырған ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілерді салу мен пайдалану жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) қолданылмайды.»;
8) 49-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 47-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында көрсетілген объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір мезгілде беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Шаруашылық қызметтің І санаттағы объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамында жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір мезгілде беріледі.
4. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының теріс қорытындысы берілген жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілмейді.»;
9) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамында құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасын жүргізу тәртібі
1. II, III және IV санаттардағы объектілерді салу жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша жобалардың экологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді.
Жобалардың экологиялық сараптамасы құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бір бөлігі болып табылады.
2. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысында табиғат пайдаланушылардың құрылыс, шаруашылық қызметі кезеңіне арналған эмиссиялардың нормативтері қамтылады.
3. ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілерді салу жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу кезеңінде эмиссиялардың нормативтерін қамтитын ведомстводан тыс кешенді сараптама бөлімі табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімінде есепке алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты ведомстводан тыс кешенді сараптама органдарына жібереді.
5. Жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының теріс қорытындысы берілген жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілмейді. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды қайтадан алу ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қайтадан ұсынылған жобалар үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
10) 50-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама осы Кодекстің 49-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібінде айқындалған құжаттар топтамасын ұсынған кезден бастап:
I санаттағы объектілер үшін қырық бес жұмыс күні;
II санаттағы объектілер үшін отыз жұмыс күні;
III және ІV санаттардағы объектілер үшін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
«3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын жобалар мен оларға қоса берілетін материалдар бойынша ескертулер болған кезде сарапшылар оларды ұсынған тұлғаға мұндай ескертулерді:
I санаттағы объектілер бойынша - жиырма бес жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жояды;
IІ санаттағы объектілер бойынша - он бес жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жояды;
III және IV санаттардағы объектілер бойынша - жеті жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жояды.
Ескертулер жойылмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерде мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы беріледі.
Бұрын жіберілген ескертулер жойылған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамындағы жобалар бойынша жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.»;
11) 51-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
12) 69-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға осы баптың 2-1-тармағында айқындалған тәртіппен не мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бір мезгілде беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы немесе ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы болған кезде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат осы Кодекстің 72, 74, 75-баптарында және 77-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беріледі.»;
13) 71-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. I санаттағы объектілердің аумағында орналасқан II, III және IV санаттардағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган береді.»;
14) 73-бапта:
1-тармақтағы «арнаулы» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы «пайдаланудың белгілі бір» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 74-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«74-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қарау және беру мерзімдері»;
1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ «рұқсат» деген сөзден кейін «немесе уәжді бас тарту» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 75-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «сәйкес келген және» деген сөздерден кейін «I санаттағы объектілер үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 78-баптың 1-тармағындағы «бір ай мерзімде» деген сөздер «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 99-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
19) 101-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілерді салу мен пайдалану жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) іске асырудан қоршаған ортаға эмиссияларға төлемақы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың негізінде, табиғат пайдаланушы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысында айқындалған эмиссиялар нормативтерінің шегінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.»;
20) 114-бапта:
5), 6), 7), 8), 17), 22) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;»;
28), 35) және 37) тармақшалар алып тасталсын;
21) 115-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;»;
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуді;»;
5) тармақша алып тасталсын;
22) 118-баптың 5) тармақшасындағы «инспекторлық ақпарат» деген сөздер «мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша алынған ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-тарау. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары»;
24) 119 және 125-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«119-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары
1. Мемлекеттік экологиялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін ендірген табиғат пайдаланушылардың объектілерінде жүргізілмейді.»;
«125-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін ендірген табиғат пайдаланушыларға қатысты қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен алынған деректерді талдау жолымен жүргізеді.
2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) оған бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық хатты ресімдейді және бақылау субъектісіне жібереді.
4. Ақпараттық хат жөнелту және алу фактілерін растайтын тәсілмен бақылау субъектісіне табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ақпараттық хат мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ақпараттық хатта алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) курьерлік не пошта қызметімен;
3) электрондық тәсілмен - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілген болып саналады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хатты алған бақылау субъектісі, ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын оларды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып ұсынуға міндетті.
Ақпараттық хатта көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау субъектісі ақпараттық хатты жіберген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ақпараттық хат табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.»;
25) мынадай мазмұндағы 126-1 және 126-2-баптармен толықтырылсын:
«126-1-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі
1. Табиғат пайдаланушы апелляциялық комиссияға тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарауы туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.
Апелляциялық комиссияның құрамына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде кіреді.
2. Шағымды апелляциялық комиссия қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тексерулер нәтижелері туралы актісіне шағым жасалатын мәселелер шегінде қарайды.
3. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жазбаша нысанда беріледі.
4. Апелляциялық комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.
5. Апелляциялық комиссия жыл сайын тексерулер нәтижелері туралы актілерге шағымдарды қарау нәтижелерін қорытуды жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды.
6. Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуі сот шешім шығарғанға дейін апелляциялық комиссияның тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарауын тоқтата тұрады.
126-2-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарауы кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету
Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер, сондай-ақ құпия ақпарат апелляциялық комиссияның мүшелеріне қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізген тексерулер нәтижелері туралы актілерге шағымды қарау кезінде шағым берген адамның жазбаша рұқсатын алмастан, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер апелляциялық комиссия мүшелерінің жария етуіне жатпайды.»;
26) 127-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«127-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргiзу кезiнде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету»;
2-тармақтағы «экологиялық тексеру барысында» деген сөздер «мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 130-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «жүргізуге құқығы бар.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібіне және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке қойылатын талаптарға сәйкес ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуға құқығы бар.»;
28) 132-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Эмиссиялардың санын, сапасын және олардағы өзгерістерді байқау не қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі арқылы байқау қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі болып табылады.»;
29) 159-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «ол бойынша шешiм қабылдау процесi және инспекторлық экологиялық тексерулер нәтижелерi,» деген сөздер алып тасталсын;
30) 161-баптың 4-тармағының 12) тармақшасындағы «бақылау-инспекциялық» деген сөздер «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
31) 197-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
32) 199-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «есептілікті беру;» деген сөздер «есептілікті беру үшін жауаптылықта болады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
33) 222-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
34) 257-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші сөйлеміндегі «және бақылау-инспекциялық қызметке» деген сөздер алып тасталсын;
35) 285-2-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы осы Кодекстің талаптарына сәйкес өндірушілерден және импорттаушылардан өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен ақшаны:»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қалдықтарды жинаудың және қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын ендіруге, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қайталама ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану бойынша зауыттар (өндірістер) салуға, қайталама ресурстарды жинауды және (немесе) пайдалануды, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, электрлік қуаттау станцияларының желісін құруға және дамытуға;»;
36) 287-бапта:
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қалдықтар сыныптауышы негізінде жүргізіледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген қалдықтар сыныптауышында тиісті қалдық болмаған, сондай-ақ өндіріс технологиялары өзгерген немесе өзге шикізаттық ресурстарға көшкен не қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгеруі мүмкін жағдайларда, қалдықтардың қауіптілік деңгейін және оған код белгілеуді табиғат пайдаланушы қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесіне сәйкес айқындайды.
6. Осы бапқа сәйкес қалдықтарды қауіптіліктің белгілі бір деңгейіне және белгілі бір код белгілеуге жатқызуды табиғат пайдаланушы өз бетінше немесе қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып жүргізеді.»;