4) 19-бап алып тасталсын;
5) 22-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) рұқсат беру кезінде конкурс немесе алқалы қарау рәсімдерінің қолдануға келетіні туралы;»;
6) 32-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.» деген сөздер «тыйым салған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.»;
7) 33-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасы алып тасталсын;
8) 35-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиялық қызмет тоқтатылатын жыл үшін лицензиялық алым төлеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алым төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.»;
9) 45-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның рұқсат беру органына ерікті түрде өтініш жасауы рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз бола алады.»;
«6. Лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің ерікті түрде өтініш жасауына байланысты рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезден бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.
7. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат беру органына өтініш жасауы бойынша жүзеге асырылады.
Рұқсат беру органы осы өтініштің негізінде үш жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
8. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылданған кезден бастап лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі міндеттемелер қайта басталады.»;
10) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау
1. Рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібімен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сай келуі немесе сай келмеуі туралы шешім қабылданады (қорытынды жасалады).
3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген талаптарды сақтауын дербес тексереді.»;
11) 1-қосымшада:
17, 19, 20, 22, 23, 26 және 27-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
17. | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік цикл кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға арналған лицензия | 1. Ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың сақтау қоймаларын салу. | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі - 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
2. Ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың сақтау қоймаларын пайдалану. |
3. Ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару. |
4. Ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезінде жұмыстарды және жобаларды басқару. |
»;
«
19. | Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке арналған лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
20. | Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметке арналған лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
»;
«
22. | Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге арналған лицензия | 1. Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау. | «Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау» кіші түрі үшін, «иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану» (қол жүгі мен багажды жете тексеруге арналған рентген жабдықтары, рентгендік дифрактометрлерді, спектрометрлерді, талдағыштарды қоспағанда) кіші түрі үшін - иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі - 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып. «Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану» (қол жүгі мен багажды жете тексеруге арналған рентген жабдықтарын, рентгендік дифрактометрлерді, спектрометрлерді, талдағыштарды қоспағанда) кіші түрі үшін - иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
2. Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану. |
23. | Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге арналған лицензия | 1. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
2. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану. |
3. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау. |
4. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу. |
5. Табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу. |
»;
«
26. | Ядролық материалдармен жұмыс істеуге арналған лицензия | 1. Ядролық материалдарды өткізу. | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
2. Ядролық материалдарды пайдалану. |
3. Ядролық материалдарды сақтау. |
27. | Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге арналған лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
»;
12) 2-қосымшада:
4, 5, 6 және 87-4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4. | Нарық субъектісін бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырлануға келісу туралы өтінішхатты қарау | Нарық субъектісін бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы | |
5. | Егер сатып алуға дейін тұлға (тұлғалар тобы) нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес немесе одан аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес пайызынан астамына билік етуге құқық алатын мұндай тұлғаның (тұлғалар тобының) осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) сатып алуы бойынша экономикалық шоғырлануға келісу туралы өтінішхатты қарау | Егер сатып алғанға дейін тұлға (тұлғалар тобы) нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес немесе одан аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес пайызынан астамына билік етуге құқық алатын мұндай тұлғаның (тұлғалар тобының) осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) сатып алуы бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы | |
6. | Егер мәміле (өзара байланысты мәмілелер) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарының және материалдық емес активтерінің баланстық құнының он пайызынан асып түссе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) басқа нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы бойынша экономикалық шоғырлануға келісу туралы өтінішхатты қарау | Егер мәміле (өзара байланысты мәмілелер) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарының және материалдық емес активтерінің баланстық құнының он пайызынан асып түссе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) басқа нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы | |
»;
«
87-4. | Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу | Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік | Қолданылу мерзімі - 3 жыл |
»;
мынадай мазмұндағы 87-11-жолмен толықтырылсын:
«
87-11. | Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру | Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат | Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметке лицензиясы бар тұлғаларға ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат алу талап етілмейді. Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми интернет-ресурсында орналастырылған нотификациялардың бірыңғай тізіліміне енгізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (тауарларды) өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат алу талап етілмейді |
»;
140, 338 және 339-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
140. | Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру | Сәулет-жоспарлау тапсырмасы | |
»;
«
338. | Сот сарапшысы біліктілігін беру | Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығын беретін сот сарапшысының біліктілік куәлігі | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
339. | Сот сарапшысын аттестаттау | Аттестаттау комиссиясының қорытындысы | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
»;
342-жолдың 4-бағанындағы «Конкурс рәсімі қолдануға келеді» деген сөздер «Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
343, 345, 347, 347-1, 347-2, 347-3, 351, 352, 353, 362, 363, 364, 365 және 369-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
343. | Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау | Кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтама | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
»;
«
345. | Кеме жүргізушілерді өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау | Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
»;
«
347. | Сарапшыларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына аттестаттау | Сарапшының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына аттестаты | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
347-1. | Құрылыс және жобалау ұйымдарының инженер-техникалық жұмыскерлерін аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу | Аккредиттеу туралы куәлік | Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл; конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
347-2. | Тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру және құрылыс объектілерін іске асыру үшін құрылыс жобаларын басқару жөніндегі инжинирингтік компанияларды аккредиттеу | Аккредиттеу туралы куәлік | Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл; конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
347-3. | Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу | Аккредиттеу туралы куәлік | Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл; конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
»;
«
351. | Сот-медицина, сот-психиатрия, сот-наркология сарапшыларын аттестаттау | Аттестаттау куәлігі | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
352. | Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санаты берілмеген маман сертификатын беру | Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санаты берілмеген маман сертификаты | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
353. | Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру | Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
»;
«
362. | Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу | Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
363. | Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу | Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
364. | Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау өткізу | Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
365. | Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарға аттестаттау өткізу | Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім | Конкурс немесе алқалы қарау рәсімі қолдануға келеді |
»;
«
369-1. | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік | Қолданылу мерзімі - 3 жыл |
».
108. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 7-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;
2) 56-бап алып тасталсын.
109. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 19-І, 101-құжат):
1) 1-баптың 10-тармағы 8) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-4. Әмбебап сауда базары сауда орындары түрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:
астананың, республикалық маңызы бар қаланың және халқының саны бір жүз мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаланың аумағында сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады;
халқының саны бір жүз мың адамнан аз облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың аумағында сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады.»;
2) 2-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 3-тармағындағы «2020» деген цифрлар «2025» деген цифрлармен ауыстырылсын.
110. «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 127-құжат):
1) 1-баптың 3) тармақшасы «қауымдастық (одақ)» деген сөздерден кейін «, қоғамдық бірлестік» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу осы Заңда айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңдары негізінде мемлекеттік функцияларды іске асырумен не мемлекеттік органдар орындайтын белгілі бір функцияларды беру қажеттігімен ұштасатын қызмет салаларына енгізіледі.
Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласына міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген жағдайда, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген, қоғамдық бірлестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге ұйымдық-құқықтық нысан белгіленеді.»;
3) 6-баптың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
4) 9-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Хабарлама жіберілгеннен кейін екі ай ішінде өзін-өзі реттейтін ұйым реттеуші мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңда көзделген мәліметтерді қамтитын жарғысы;
2) өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары;
3) өзін-өзі реттейтін ұйымда өз мүшелері (қатысушылары) өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де тұлғалар алдындағы мүліктік жауаптылықты қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілдері бар екенін растайтын құжаттар.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен алып тастау:
1) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен ерікті түрде алып тастау, өзін-өзі реттейтін ұйымды тарату немесе өзін-өзі реттейтін ұйымды бірігу, қосу, бөлу немесе бөліп шығару нысанында жүргізілген қайта ұйымдастыру туралы шешімдері;
2) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген, бір өзін-өзі реттейтін ұйым әрекет ететін саладағы өзін-өзі реттеуді қайта қарайтын не оның күшін жоятын Қазақстан Республикасының заңын қабылдау;
3) осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде көзделген құжаттардың екі ай мерзімде ұсынылмауы негізінде жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өзін-өзі реттейтін ұйымды өзге негіздер бойынша өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен алып тастауға жол берілмейді.»;
5) 21-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылтайшылары мен мүшелері (қатысушылары) тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.»;
6) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында реттеуші мемлекеттік органға өзін-өзі реттейтін ұйымның атына оның мүшелеріне (қатысушыларына) келіп түскен шағымдар туралы ақпарат беру тәртібі көзделеді.»;
7) 28-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі» деген сөздер «Өзін-өзі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау мен қадағалау жолымен жүзеге асырылады.»;
9) 3-тарау мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
«29-1-бап. Кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеуге өтуге ынталандыру
1. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты және өзге де көздер есебінен әзірленуі мүмкін.
2. Реттеуші мемлекеттік органдар ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген және тиісті кәсіпкерлік және (немесе) кәсіптік қызмет түрі субъектілерінің көпшілігін біріктіретін өзін-өзі реттейтін ұйымдардың кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласында жұмыс істеу кезінде мынадай шаралар кешенін жүзеге асырады:
1) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу тұрғысынан реттеушілік әсерді талдау рәсімін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізеді;
2) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою тұрғысынан реттеушілік әсерді талдау рәсімін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеуге өтуге ынталандыру жөнінде өзге де шаралар белгіленуі мүмкін.».
111. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат):
64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«64-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
112. «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VІІ, 160-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік бақылау
Органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
113. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат):
39-баптың 3-тармағының 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«27) мемлекеттік органның:
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден;