11) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініште осы баптың 2-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.»;
12) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 3-бабында көрсетілген жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға кез келген қатысушының өтiнiшi бойынша тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация осы Заңның 10-бабының 4-тармағын ескере отырып, жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тiзiлiмiнен үзінді көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi, ол:
1) кепiл туралы мәлiметтер үзінді көшiрме берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң соңында берiлгенiне нұсқауды қамтуға;
2) тiркеушi органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылуға және тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылуға тиiс.
Кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды куәландырған жағдайда, үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен ақпарат ала алады.».
27. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №16, 214-құжат; 1999 ж., №19, 646-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; 2002 ж., №23-24, 193-құжат; 2004 ж., №14, 82-құжат; №23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., №2, 17-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №13, 87-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; №13-14, 62-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 112-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №2, 9, 15-құжаттар, №3, 21-құжат; №4, 30-құжат; №11, 80-құжат; №12, 85-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 79, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 64-құжат; №14, 87-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №19-I, 100-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-II, 131-құжат; №22-II, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-I, 60-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 17, 22-құжаттар; №14, 54-құжат; №20, 96-құжат):
1) 3-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекітілген тарифтерде (бағаларда, алым мөлшерлемелерінде) және (немесе) тарифтік сметаларда амортизациялық аударымдардың есебінен көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтерге капитал салымдарына және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысты емес мақсаттарға жұмсау;»;
«32) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе.»;
2) 5-баптың 1-тармағы 10) тармақшасының төртінші бөлігіндегі «деп тануға тыйым салынады.» деген сөздер «деп тануға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік үшін төлемақы талап етуге;
12) тұтынушылардан осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 24) тармақшасында көзделген ақпаратты бергені үшін төлемақы алуға;
13) тұтынушылардан қосымша материалдарды, ақпаратты сұратуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген қосымша талаптар қоюға;
14) табиғи монополия субъектісі немесе оның үлестес тұлғалары табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қосу үшін техникалық шарттарға сәйкес жұмыстар жүргізетін тұтынушыларға артықшылықтар жасауға;
15) жұмыстарды техникалық шарттарға сәйкес жүзеге асыратын нарық субъектілерінің қызметін шектеуге тыйым салынады.»;
3) 7-баптың бірінші бөлігінің 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және өзге де қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, желілердің өткізу қабілетінің бар екендігі, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) инженерлік коммуникацияларының схемалары туралы тоқсан сайын жаңартылатын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға не өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда, интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға беруге;»;
4) мынадай мазмұндағы 7-5-баппен толықтырылсын:
«7-5-бап. Техникалық шарттар беру және табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қосу
1. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) өтініш берушінің техникалық шарттарды беру туралы өтініш беруі;
2) табиғи монополия субъектісінің өтінішті және қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысында қарауы;
3) табиғи монополия субъектісінің тұтынушының техникалық шарттарды беру туралы өтінішін қарауы;
4) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беруі;
5) өтініш берушінің техникалық шарттарға сәйкес жұмыстар жүргізуі;
6) көрсетілетін қызметке қосу.
2. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосуға өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосуға өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру кезінде қызметтер көрсетілгені үшін тұтынушыдан төлемақы алынады.
3. Техникалық шарттарды беру туралы өтініште:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы;
2) өтініш берушінің мекенжайы;
3) көрсетілетін қызметке қосу орны;
4) көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемі;
5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
6) өзге мәліметтер көрсетіледі.
4. Техникалық шарттарды беру туралы өтініштің нысанын және өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін табиғи монополиялар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну тәртібіне сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
5. Табиғи монополия субъектісі тұтынушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, техникалық шарттарды беру туралы өтінішті екі жұмыс күні ішінде қайтарады.
6. Өтініш қарауға қабылданған жағдайда, табиғи монополия субъектісі техникалық шарттарды беру туралы өтінішті мынадай шешімдердің бірін қабылдай отырып, бес жұмыс күні ішінде қарайды:
1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттарды беру;
2) техникалық шарттарды беруден бас тарту.
7. Мынадай:
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін беру үшін қажетті бос техникалық қуаттылық болмаған;
2) желілер немесе көрсетілетін қызметті беру үшін қажетті өзге мүлік болмаған жағдайларда, техникалық шарттарды беруден бас тартуға жол беріледі.
8. Техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметтің бос техникалық қуаттылығы тапшылығының есеп-қисабымен, желілердің немесе көрсетілетін қызметті беру үшін қажетті өзге мүліктің болмауының уәжді негіздемесін қоса береді;
2) өтініш берушіге бас тартумен бір мезгілде техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін, уәжді негіздемені және бас тартудың негізділігін растайтын ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
9. Уәкілетті орган техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алуына байланысты:
1) жеті жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге техникалық шарттарды беруден бас тартудың негізділігін растау немесе табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеруге бастамашы болу үшін уәкілетті органға шағым беру қажеттігі туралы хат жібереді;
2) бос техникалық қуаттылықтың немесе желілердің, табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін беру үшін қажетті өзге мүлкінің болмауы фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметке қосу үшін жағдайды қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын түзетеді.
10. Көрсетілетін қызметке қолжетімділік берілген кезде табиғи монополия субъектісіне:
1) бос қуаттылықтар туралы ақпарат бергені үшін төлемақы алуға;
2) мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың реттелетін қызметті көрсетуге жатпайтын рұқсаттарын және өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге;
3) өтініш берушіге көрсетілетін қызметке қосу кезінде көрсетілетін қызметке қол жеткізудің техникалық шарттарын сақтаудан басқа, өзге де талаптар қоюға;
4) көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын жасамауға;
5) көрсетілетін қызметке қол жеткізудің техникалық шарттарына сәйкес жұмыстарды жүзеге асыратын нарық субъектілерінің қызметін шектеуге;
6) техникалық шарттарға сәйкес жұмыстар жобасын келісуді талап етуге тыйым салынады.
11. Өтініш берушінің жұмыстардың аяқталуы туралы хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
12. Жүргізілген жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі бір жұмыс күні ішінде техникалық шарттарды анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, көрсетілетін қызметке қосудан бас тартады және бұл туралы өтініш берушіні сәйкессіздік анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
13. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді талап ететін құрылыс объектілері үшін табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарын беруге арналған өтінім жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бастапқы деректерді қалыптастыратын сәулет және қала құрылысы органдарынан электрондық нысанда келіп түседі.
14. Табиғи монополиялар субъектілері сәулет және қала құрылысы органдарының өтінімі бойынша техникалық шарттарды беруді:
1) техникалық күрделі емес объектілер үшін - екі жұмыс күні ішінде;
2) техникалық күрделі объектілер үшін - бес жұмыс күні ішінде электрондық нысанда жүзеге асырады.
15. Техникалық шарттар жобалау мен құрылыстың нормативтік кезеңіне беріледі.»;
5) 13-баптың 1-тармағының 1-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-3) тарифтік реттеу әдістерін және оларды қолдану тәртібін көздейтін, халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін айқындайды;»;
6) 14-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 24) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі берген, бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, желілердің өткізу қабілетінің бар екендігі, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) инженерлік коммуникацияларының схемалары туралы тоқсан сайын жаңартылатын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;»;
7) 18-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-5-бап. Табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
28. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №16, 220-құжат; 2001 ж., №23, 318-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; 2008 ж., №15-16, 60-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 16-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №2, 10-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-VII, 161-құжат):
16-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
3-тармақта:
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;».
29. «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №17-18, 221-құжат; 2000 ж., №6, 141-құжат; 2002 ж., №10, 106-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №5-6, 30-құжат; №24, 148-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №9, 81-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №12, 57-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 56-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №23-III, 111-құжат):
6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
30. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №22, 309-құжат; 2000 ж., №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 5-құжат; №8, 52-құжат; 2002 ж., №23-24, 193-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №12, 86-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №23, 138-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат; 2009 ж., №2-3, 21-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 79-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №15, 78-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №21-ІІ, 130-құжат; №22-I, 143-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат):
18-1-бап алып тасталсын.
31. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №24, 435-құжат; 2001 ж., №21-22, 286-құжат; 2003 ж., №10, 53-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №8, 55-құжат; 2009 ж., №11-12, 53-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №10, 48-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №4-5, 24-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-II, 105-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №7-I, 50-құжат; 2017 ж., №14, 50-құжат):
18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
32. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №2-3, 34-құжат; №23, 931-құжат; 2002 ж., №4, 30-құжат; 2003 ж., №15, 121-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; 2009 ж., №18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 1-құжат; №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 123-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №13, 65-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №8-I, 65-құжат; 2017 ж., №23-III, 111-құжат):
1) 1-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) фитосанитариялық зертханалары бар өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
3) 7-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
4) 9-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау
1. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 10-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері:
1) ақпараттық жүйелердегі;
2) басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларындағы;
3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
4) ашық дереккөздердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Қызметі карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалар бармай профилактикалық бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау мақсаттары болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді. Ұсынымда оны орындау мерзімі көрсетіледі, ол табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілген болып саналады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күні, ұсынымда көрсетілген мерзім ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органның ведомствосына немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жиілігі деректер мен ақпараттың келіп түсуіне қарай айқындалады.».
33. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №21, 771-құжат; 2001 ж., №10, 122-құжат; 2003 ж., №24, 175-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №12, 77-құжат; 2007 ж., №12, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 7-құжат; №15-16, 74-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №22, 130-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 13-құжат; №3, 25-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №2, 11-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №23, 118-құжат; 2017 ж., №9, 18-құжат; №24, 115-құжат):
4-5-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.».