Ақпараттық хатта (хабарламада) көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау субъектісі ақпараттық хатты (хабарламаны) жіберген жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ақпараттық хат (хабарлама) табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.».
15. «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., №15, 363-құжат; 1995 ж., №20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №17, 139-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-II, 105-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №9, 18-құжат):
1) 20-1-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.»;
7-тармақ алып тасталсын;
2) 42-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарих және мәдениет ескерткішіне немесе оның қорғау аймағына зиян келтірген жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткішін немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiруге, ал бұл мүмкін болмаған кезде келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.».
16. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 186-құжат; 1998 ж., №24, 447-құжат; 2001 ж., №23, 309, 321-құжаттар; №24, 338-құжат; 2003 ж., №10, 54-құжат; 2004 ж., №18, 110-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №15, 63-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №14, 89-құжат; №24, 148-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №17-18, 114-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №3, 21-құжат; №14, 92, 96-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 123-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №19-I, 100, 101-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №8-I, 60-құжат; 2017 ж., №9, 17, 22-құжаттар; №11, 29-құжат; №22-III, 109-құжат):
1) 21-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Көлік жүктері мен объектілерін күзету»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол, әуе көлігінде көлік жүктері мен объектілерін күзетудi әскерилендiрiлген күзет қызметтері жүзеге асырады.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
2) 24-1-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
3) 25-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-1-бап. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.».
17. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №3-4, 23-құжат; №12, 88-құжат; №15-16, 100-құжат; №23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №11-12, 262-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №10, 123-құжат; 2003 ж., №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №4, 33-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №13-14, 63-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №13, 116-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 6-құжат; №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-II, 148-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №6, 45-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №6, 11-құжат; №9, 21-құжат; №16, 56-құжат; №24, 115-құжат):
1) 8-бапта:
9) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) қаржы ұйымдарының (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
2) 15-баптың екінші бөлігінің 54) тармақшасы алып тасталсын;
3) 62-5-баптың 7) және 16) тармақшалары алып тасталсын.
18. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 55-құжат; №8-I, 65-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 21-құжат; №13, 45-құжат; №21, 98-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №24, 115-құжат):
1) 34-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «, банк мөрімен бекемделеді» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) жеке тұлғаға банктік қарыз беру үшін кредиттік скорингтің болу қажеттілігін;»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Банктік қарыз беру туралы мәселені қарау кезінде банк өз әдістемесі негізінде есептелген жеке тұлғаның кредиттік скорингін немесе кредиттік бюро берген кредиттік скорингті ескереді.»;
2) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі 5-1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөнінде тиісті өкілеттіктер берілген ұйымның уәкілетті адамының қолымен, оның лауазымы, тегі, аты-жөні және куәландыру күні көрсетіле отырып, куәландырылады және ұйым мөрінің бедерімен (болған кезде)» деген сөздер «жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөнінде тиісті өкілеттіктер берілген ұйымның уәкілетті адамының лауазымы, тегі және аты-жөні, куәландыру күні көрсетіле отырып, оның қолымен куәландырылады және ұйым мөрінің бедерімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., №24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №13-14, 205-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; 2003 ж., №11, 67-құжат; 2005 ж., №23, 104-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат; №18, 143-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №11, 61-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №13, 68-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; 2018 ж., №1, 4-құжат):
34-баптың үшінші бөлігіндегі «Егер» деген сөз «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, егер» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №8-9, 234-құжат; 2000 ж., №3-4, 63-құжат; 2001 ж., №24, 338-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №13, 53-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; 2009 ж., №2-3, 9-құжат; №8, 44-құжат; 2010 ж., №8, 41-құжат; 2012 ж., №2, 13-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №11, 67-құжат; 2015 ж., №22-I, 140-құжат; 2016 ж., №8-I, 62-құжат):
3-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың, ерікті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарының және басқа да жекелеген қоғамдық бірлестіктер түрлерінің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшеліктер Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен реттелуі мүмкін. Аталған қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен реттелмеген қызметі осы Заңмен регламенттеледі.».
21. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №8-9, 237-құжат; 2004 ж., №17, 100-құжат; 2005 ж., №21-22, 87-құжат; 2007 ж., №20, 152-құжат; 2009 ж., №15-16, 75-құжат; 2012 ж., №2, 13-құжат; №3, 25-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-V, 156-құжат):
48-1-бап алып тасталсын.
22. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №8, 84-құжат; 1999 ж., №13, 431-құжат; №23, 921-құжат; 2001 ж., №15-16, 228-құжат; 2002 ж., №6, 71-құжат; 2003 ж., №11, 67-құжат; 2004 ж., №14, 82-құжат; №17, 101-құжат; №23, 142-құжат; 2006 ж., №16, 103-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №15, 106, 108-құжаттар; №18, 143-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; №18, 84-құжат; №24, 122-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №10, 52-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №10, 86-құжат; №11, 102-құжат; №16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., №1, 5-құжат; №3, 21-құжат; №4, 32-құжат; №5, 41-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №1, 2 құжат; №20-ІV, 113-құжат; №22-V, 154, 158-құжаттар; №23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., №8-I, 65-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №11, 29-құжат; №21, 98-құжат):
1) 26-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жалдаушы тұрғын үй-жайға уақытша тұрғындарды олармен жалдау шартын жасаспай кіргізуге құқылы. Уақытша тұрғындардың тұру шарттарын жалдаушы айқындайды. Уақытша тұрғындар жалдаушының талап етуі бойынша, басқа тұрғын үй-жай берілместен, кез келген уақытта, кемінде жеті жұмыс күні бұрын ескертіле отырып шығарылуға жатады.»;
2) 41-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-1-бап. Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау
Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы (бұдан әрі - тұрғын үй инспекциясы) лауазымды адамдарының тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 41-2-баптың 3 және 4-тармақтары алып тасталсын.
23. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №13-14, 202-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; 2007 ж., №19, 147-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №20, 89-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №3, 25-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №2, 11-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №2, 13-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2017 ж., №9, 18-құжат):
1) 25-2-баптың 2-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 25-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-4-бап. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
24. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №13-14, 206-құжат; 1998 ж., №22, 307-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №15-16, 236-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №10, 48-құжат; №12, 86-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №11, 55-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №23, 100-құжат; 2010 ж., №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №21, 172-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 84-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №22-III, 109-құжат):
31-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «ұйымдастыруы жөніндегі;» деген сөздер «ұйымдастыру жөніндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі нысанасына бақылау жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын.
25. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №5-6, 49-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2002 ж., №10, 102-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №24, 178-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24, 25-құжаттар; №8, 45-құжат; 2007 ж., №4, 28-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №13-14, 56-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; 2011 ж., №1, 9-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-VII, 117-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-II, 70-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):
1) 43-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) аудит жүргізу осы Заңның 59-бабына сәйкес міндетті болып табылатын, серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды айқындау;»;
2) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiктің атқарушы органының құзыретіне осы Заңның 43-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысында айқындалған, серiктестiктің жылдық қаржылық есептілігінің аудиті үшін аудиторлық ұйымның көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін белгілеу жатады.»;
3) 59-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің оннан аз пайызын иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талап етуі бойынша серiктестiктің есебінен жүргізіледі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігіне аудиттің осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады және жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы мәселені серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына шығарады.».
26. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №13, 196-құжат; 2003 ж., №11, 67-құжат; 2004 ж., №23, 140-құжат; 2006 ж., №23, 141-құжат; 2009 ж., №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; 2014 ж., №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметтерді алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) жылжымалы мүлiк - көлiк құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде болашақтағы өнiмге және өзге де мүлiкке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлiкке жатпайтын мүлік;»;
«5-1) кепілді электрондық тіркеу - жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;»;
9) тармақша алып тасталсын;
2) 3-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен басқа да» деген сөздер «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жері бойынша жүзеге асырылады.»;
4) 9-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде және өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылатын өзге де құжат ұсынылмастан, хабарлама нысанында беріледі.»;
3-1-тармақ алып тасталсын;
5) 9-3-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-3-бап. Тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Толтырылған өтініш бланкісі тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген жағдайда, өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі.»;
6) 9-4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуге жіберілген жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгенін немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не туралы тіркеуден бас тарту уәжді жауап электрондық нысанда беріледі.»;
7) 10-бапта:
2-1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымайтын мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
3. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміндегі кепіл туралы мәліметтердің өтініштегі толтырылу толықтығын тексередi.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кепіл ұстаушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені кепіл беруші орындағаннан кейін жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға міндеттеме орындалғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.»;
8) 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кепілді тіркеу туралы өтінішті толтыру толық болмаған;»;
9) 13-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.»;
3-тармақтағы «екі жұмыс күні ішiнде» деген сөздер «өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 16-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш жіберу арқылы тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркейдi.»;