Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
Іске қатысатын адамдар хабарланатын және шақырылатын адамдар сотқа келмеген істер бойынша сот талқылауының уақыты, күні мен орны туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
Осы баптың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген электрондық байланыс құралдары туралы мәліметтер болған кезде хабарламалар тараптардың өкілдеріне жіберіледі.»;
«4. Тарапқа:
1) іске қатысатын тарап көрсеткен электрондық пошта мекенжайына;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының электрондық сервистерінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
3) бір жыл ішінде тараптар арасында жасалған және даудың нысанасы болып табылатын шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
4) жеткізілгенін растайтын есепті алған кезде жеке өзі сотқа ұсынған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша;
5) егер мұндай хабарламаның келіп түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе, хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін байланыстың өзге де құралдары пайдаланыла отырып;
6) гибридті жөнелту арқылы не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.
Осы бөліктің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген бірінші хабарлама бойынша тарап келмеген жағдайда, қайта хабарлау соттың хабарлауының немесе шақыруының тіркелуін қамтамасыз ететін байланыстың және жеткізудің өзге де құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
2) 129-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе ұялы байланыстың абоненттік нөміріне не пошта арқылы жеткізіледі немесе судья оларды жеткізуді тапсыратын адам жеткізеді.
Адресатқа электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша оларды жөнелту уақыты растайтын есеппен тіркеледі, ал қолма-қол жеткізілген жағдайда, сотқа қайтарылуға жататын шақыру қағазының түбіртегінде немесе өзге де хабарламаның көшірмесінде белгіленеді.»;
3) 130-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматқа жіберілген соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама, сотқа қайтарылуға жататын шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне қолын қойғызып жеке өзіне табыс етіледі.
Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама оның өкіліне немесе басқарушылық функцияларды орындайтын тиісті адамға, күзет қызметінің қызметкеріне не шақырылатын, хабарланатын тұлғаның басқа жұмыскеріне табыс етіледі, олар өздерінің лауазымын, тегін және аты-жөнін көрсете отырып, шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне алғандығы туралы қол қояды.
Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама, тіпті егер заңды тұлға көрсетілген мекенжайда болмаса да, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша оған жеткізілген болып есептеледі.»;
4) 131-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адресат соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны қабылдап алудан бас тартқан кезде, оларды табыс етуші адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазына немесе өзге де хабарламаға тиісті белгі қояды, сондай-ақ бұл туралы акт жасауға құқылы. Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны алудан бас тартуы туралы белгіні үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы не тұрғын үй басқарушысы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жеріндегі тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті адамы куәландырады.»;
5) 148-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Соттарға электрондық құжат нысанында құжаттарды беру, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу құралдарын техникалық қолдану қағидаларын соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган бекітеді.»;
6) 164-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты істерден басқа, аса күрделі істер бойынша айрықша жағдайларда және еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін берілген мерзім өткеннен кейін бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.»;
7) 165-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) талап арызды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген, талап қоюшының талаптарын негіздейтін құжаттардың көшірмелерін осы Кодекстің 11-тарауында көзделген тәртіппен жібереді не табыс етеді, сондай-ақ жауапкерді дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуға міндеттейді;».
8) 173-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«173-бап. Істі сот талқылауына тағайындау
Судья істі дайын деп танып, оны сот отырысында талқылауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға және іске қатысатын басқа да адамдарға істің қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлайды.
Сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
Осы Кодекстің 198-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тағайындалған сот талқылауын кейінге қалдыруға, әдетте, жол берілмейді.»;
9) 198-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда қарсы талап қойылған кезде іске қатысатын адамдардың қайсыбірінің дәлелді себептермен келмеуі салдарынан осы сот отырысында істі қараудың мүмкін болмауы, осы Кодекстің 73-бабының қағидалары бойынша қосымша дәлелдемелерді ұсынудың немесе талап етудің қажет болуы себебі бойынша ғана істі талқылауды кейінге қалдыруға жол беріледі.»;
10) 202-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Бейнеконференция байланысы құралдарын техникалық қолдану тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.»;
11) 246-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша атқарушылық iс жүргiзуде оны орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, атқарушылық iс жүргiзуде тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.».
12. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-IV, 151-құжат; 2016 ж., №7-I, 49-құжат; 2017 ж., №11, 29-құжат; №12, 34-құжат; №13, 45-құжат; №20, 96-құжат; 2018 ж., №1, 4-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 197 және 199-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) 1-баптың 1-тармағының 75) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«75) тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыс беруші немесе ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы қолданатын жұмыскерге тәртіптік ықпал ету шарасы;»;
3) 17-баптың 6) және 10) тармақшалары алып тасталсын;
4) 64-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші немесе ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мынадай:»;
5) 65-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің актісін шығару арқылы қолданады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы тәртіптік жаза қолданған кезде осы Кодекстің 65 және 66-баптарының ережелері қолданылады.»;
6) 191-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7) 193-баптың 2), 8) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
8) 197 және 199-баптар алып тасталсын;
9) 200-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге сенім сертификаты табыс етіледі, ол Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімдерін қалыптастыру кезінде ескеріледі.».
13. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., №22-I, 22-II, 107-құжат):
1) мазмұнында:
25-баптың тақырыбы «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен толықтырылсын;
147-баптың тақырыбындағы «Ішінара салықтық» деген сөздер «Салықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 25-бапта:
тақырыптағы «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша «мемлекеттік органдармен» деген сөздерден кейін «және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 26-баптың 3, 4 және 20-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша салық органдарына ұсынуға мiндеттi.
4. Бюджетке төленетін төлемдерді жинауды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, ұсынылатын мәліметтерде салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге мiндеттi.»;
«20. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді салық органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының автоматтандырылған өзара іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтылымды пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ұсыну уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтерін қағаз жеткізгіште ұсыну талап етілмейді.»;
4) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигі туралы;»;
5) 59-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 66-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «енгізілмеген» деген сөзден кейін «не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 67-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 70-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «ішінара» деген сөз алып тасталсын;
13-тармақтың 9) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 82-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы «дара кәсіпкерлер» деген сөздерден кейін «, жеке практикамен айналысатын адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың төртінші бөлігінің 2) тармақшасы «дара кәсіпкерлер» деген сөздерден кейін «, жеке практикамен айналысатын адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі «дара кәсіпкер» деген сөздерден кейін «, жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың 10) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 83-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші абзацы «дара кәсіпкерлер» деген сөздерден кейін «, жеке практикамен айналысатын адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың 11) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 85-бапта:
4-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы «дара кәсіпкер» деген сөздерден кейін «, жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 4) тармақшасы «дара кәсіпкер» деген сөздерден кейін «, жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 145-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер;»;
2-тармақтағы «ішінара» деген сөз «тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 147-бапта:
тақырыптағы «Ішінара салықтық» деген сөздер «Салықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық» деген сөздер «тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ішінара» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтағы «ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық» деген сөздер «тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «ішінара» деген сөз «тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 150-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «ішінара» деген сөз «тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 15) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 194-баптың 8-тармағында:
3) тармақшаның үшінші абзацындағы «декларацияны қоспағанда, тұтастай бүкіл қызмет бойынша - салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынуды» деген сөздер «декларацияны» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша декларацияны қоспағанда, тұтастай бүкіл қызмет бойынша - салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынуды;»;
5) тармақшадағы «ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті» деген сөздер «ұсынуды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) мыналар:
осы Кодекстің 411-бабында көзделген қызмет бойынша;
өзге де қызмет жөнінде қосылған құн салығы бойынша жеке декларацияны ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.»;
13-тармақтың 16) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 367-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы «, жеке практикамен айналысатын адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың 17) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 411-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ҚҚСер 1 = ҚҚСеж х А сс / А жал;
ҚҚСер 2 = ҚҚСеж - ҚҚСер 1, мұнда:
ҚҚСер 1 - осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСеж - осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
А сс - осы бапқа сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын салықтық кезең үшін салық салынатын айналым сомасы;
А жал - осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша айналымдар сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы;
ҚҚСер 2 - өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының масы осы Кодекстің 408 және 409-баптары ескеріле отырып айқындалады.
Өзге де айналым бойынша осындай қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын осы Кодекстің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен айқындауға құқылы.»;
13-тармақтың 18) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 429-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқығы бар қосылған құн салығын төлеушіде түзілген қосылған құн салығының асып кетуі қайтарылуға жатады.
Осы тармақта белгіленген қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеушінің таңдауы бойынша осы Кодекстің 431 немесе 434-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қайтарылады.
Бұл ретте, қосылған құн салығының асып кетуі осы Кодекстің 434-бабына сәйкес оңайлатылған тәртіппен қайтарылған кезде қосылған құн салығы асып кетуінің қалған бөлігі осы Кодекстің 431-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қайтарылады.»;
6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 434-бабында аталған, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
13-тармақтың 19) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19) 550-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
13-тармақтың 20) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
20) 553-бапта:
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:»;
кестеде 1, 1.1, 1.1.1, 1.1.2, 1.1.3, 1.2, 1.2.1, 1.2.2, 1.2.3, 1.3, 1.3.1, 1.3.2, 1.3.3, 1.4, 1.4.1, 1.4.1.1, 1.4.1.2, 1.4.1.3, 1.4.2, 1.4.2.1, 1.4.2.2, 1.4.2.3, 1.4.3, 1.4.3.1, 1.4.3.2, 1.4.3.3, 1.4.4, 1.4.4.1, 1.4.4.2, 1.4.4.3, 2, 2.1, 3, 3.1, 3.2, 3.3, 4, 5, 6, 6.1, 6.2, 6.3, 7, 7.1, 7.2, 7.3, 8, 8.1, 8.2, 8.3, 9, 9.1, 9.2, 9.3, 10, 10.1, 10.2, 10.3, 11, 11.1, 11.2, 11.3, 12, 12.1, 12.2, 12.3, 13, 14, 15 және 16-жолдар алып тасталсын;
ескертпеде 1) тармақша алып тасталсын;
4-тармақ кестесінің 3.6-жолы алып тасталсын;
21) 554-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін - 1 еселенген АЕК мөлшерін;»;
13-тармақтың 22) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 679-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе өзге де арнаулы салық режимiнен - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшiн;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе өзге де арнаулы салық режимiнен - шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiне ауысуға құқылы.».
14-тармақ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілді
14. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., №23-IV, 112-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 67-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«67-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі»;
2) 67-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
«67-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі осы Кодекстің 64-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жүргізеді.
Геологиялық зерттеудің, жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың учаскесі, сондай-ақ геологиялық ақпарат бақылау объектілері болып табылады.
2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын геологиялық есептерді, өндірілген пайдалы қазбалар туралы есептерді және нормаланған ысыраптар туралы деректерді, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 68-бабында көзделген тәртіппен ақпараттық хатты (хабарламаны) ресімдейді және бақылау субъектісіне жібереді.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хатты (хабарламаны) алған бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.