4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін заңда негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;
6) өзінің мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қатысуға тартуға құқылы.
2. Бақылау және қадағалау органдары тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген кезде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:
1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін ұсынуға, сондай-ақ тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың міндеттеріне және нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау аяқталған күні алғаны туралы белгі қоюға;
5) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
6) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
7) хабарламаны алған жағдайда, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындалған мерзімдерде бақылау және қадағалау объектісінің орналасқан жерінде болуға міндетті.
156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жарамсыздығы
1. Егер бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды осы Кодексте белгіленген тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру актісі және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бақылау және қадағалау субъектілерінің бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың осы тексеру актісінің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау және қадағалау субъектісінің тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою туралы және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтінішін қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы бақылау және қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.
2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзушылықтарға:
1) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің болмауы;
3) хабарламаның болмауы, сол сияқты тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы хабарламаның мерзімдерін сақтамау;
4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;
5) тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген мерзімділігін бұзу;
6) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбау;
7) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауы;
8) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу;
9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдерін бұзу;
10) тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулердің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар болмаған кезде, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу жатады.»;
10-тармақтың 50) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
50) мынадай мазмұндағы 163-1-баппен толықтырылсын:
«163-1-бап. Табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтер
1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өндірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті қызметтерді көрсетеді.
2. Міндетті көрсетілетін қызметтер деп табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын және (немесе) квазимемлекеттік сектордың қызметі (әрекеттер, процестер) түсініледі, оларды алу жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылады, сондай-ақ олардың өз қызметін немесе әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыруға құқығын растайды, ал мұндай көрсетілетін қызметтерді алмау әкімшілік немесе азаматтық-құқықтық жауаптылыққа алып келеді.»;
51) 169-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері, оның ішінде тұлғалардың бір тобына кіретін нарық субъектілері арасындағы келісімдерге қолданылады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгiленген тыйым салулар, тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу кезіндегі сатылас келісімдерді не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын келісімдерді қоспағанда, егер нарық субъектісінің (субъектiлерiнiң) қаралып отырған тауар нарықтарының біріндегі үлесі жиырма пайыздан аспаса, сатылас келiсiмдерге қолданылмайды.»;
52) мынадай мазмұндағы 169-1-баппен толықтырылсын:
«169-1-бап. Тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу кезінде бәсекелестікті қорғау туралы талаптар
1. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілері мен сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруіне, егер бұл әрекет бәсекелестікті болғызбауға, шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса, тыйым салынады.
2. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылар деп:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер;
2) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар;
3) пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) табиғи монополиялар субъектілері түсініледі.
3. Сатып алу мен сауда-саттық операторлары деп өз мұқтажы және (немесе) өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілерінің мұқтажы үшін өз мүлкін өткізу және (немесе) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу үшін сауда жүйелерін немесе ақпараттық жүйелерді, тауар биржаларын және өзге сауда алаңдарын пайдалана отырып, сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, сауда жүйелерін немесе ақпараттық жүйелерді, тауар биржаларын және өзге сауда алаңдарын пайдалана отырып, сатып алу мен сауда-саттықты тікелей жүргізу арқылы оларды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлғалар түсініледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сатып алу мен сауда-саттық операторларына:
1) мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар;
2) нарық субъектілері арасында, мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік мекемелер және нарық субъектілері арасында тауарларды сату шарттары жасалатын тауар биржалары және өзге де сауда алаңдары мен жүйелері жатады.
4. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылар, электрондық нысанда өткізілетін сатып алуды және осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға және (немесе) уәкілетті ұйымдарға өткізілген сатып алу туралы ақпаратты беретін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, монополияға қарсы органға:
1) жыл сайынғы сатып алу жоспарын тиісті интернет-ресурста орналастыру жағдайын қоспағанда, оны бекітілген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей;
2) өткізілген сатып алу туралы ақпаратты монополияға қарсы орган бекіткен нысан бойынша есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын береді.
5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу туралы ақпаратты алатын уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті ұйымдар монополияға қарсы органның талап етуі бойынша тауарларды электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесіне тұрақты қолжетімділікті немесе ол болмаған жағдайда, өткізілген сатып алу туралы ақпаратты монополияға қарсы орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын беруге міндетті.
6. Электрондық нысанда өткізілетін сатып алу мен сауда-саттықты қоспағанда, сатып алу мен сауда-саттық операторлары монополияға қарсы органға өткізілген сауда-саттық туралы ақпаратты есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын береді.
7. Электрондық нысанда өткізілетін сатып алу мен сауда-саттық операторлары монополияға қарсы органның талап етуі бойынша:
1) тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты өткізуге мониторингті нақты уақыт режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарларды электрондық сатып алудың немесе сауда-саттықтың сауда немесе ақпараттық жүйелеріне, тауар биржаларына немесе өзге де сауда алаңдарына;
2) сатып алу мен сауда-саттықты жүзеге асыру процесіне қатысты құжаттамаға және өзге де ақпаратқа тұрақты қолжетімділік береді.»;
53) 171-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«171-бап. Нарық субъектілері келісімдерінің жобасын алдын ала қарау
1. Осы Кодекстің 169-бабына сәйкес жол берілетін деп танылуы мүмкін келісімге қол жеткізуге ниеті бар нарық субъектілері монополияға қарсы органға қажетті құжаттарды электрондық нысанда қоса бере отырып, келісім жобасының осы Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
2. Монополияға қарсы орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде нарық субъектілерінің келісімі жобасының осы Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім қабылдайды.»;
54) 174-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әртүрлі бағаларды қолдану тауарды өндіруге, өткізуге және жеткізуге жұмсалатын әртүрлі шығындарға, сату көлемі, ақы төлеу шарттары, шарттың қолданылу мерзімдері ескерілетін жеңілдіктер жүйесінің кемсітпеушілік қолданылуына байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;»;
55) 175-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тауар биржаларындағы және электрондық сауда алаңдарындағы сауда-саттық барысында қалыптасқан бағасы, егер мұндай баға осы Кодексте шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде белгіленбеген болса, монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайды.
Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) бағаны белгілеу фактісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру арқылы жүзеге асырылады.»;
56) 192-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілері және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар ұсынып қойған қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды құруға құқылы емес.»;
57) 195-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) экономикалық шоғырлануды реттеу;»;
58) 196-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) экономикалық шоғырлануды реттеу;»;
11-тармақтың бірінші бөлігіндегі «экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру» деген сөздер «экономикалық шоғырлануды реттеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 199-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«199-бап. Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, жосықсыз бәсекелестік, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерінің белгілері, нарық субъектілерінің осы Кодекстің 169-бабының 2-тармағында көрсетілген бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдері, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) белгілері, келісімдері болған кезде, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізбестен, нарық субъектісіне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымға әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама монополияға қарсы органға көрсетілген белгілердің болуы туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.
Хабарламаны беру тәртібін және оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді.»;
60) 200-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«200-бап. Экономикалық шоғырлану»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Монополиялық жағдайдың туындауын және (немесе) бәсекелестікті шектеуді болғызбау мақсатында осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына монополияға қарсы органның алдын ала келісімі не оның осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер (әрекеттер) туралы хабарламасы қажет.»;
61) 201-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«201-бап. Экономикалық шоғырлануды реттеу»;
62) 218-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрық шығарады.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тергеп-тексеру объектісінің немесе объектілерінің атауы;»;
63) 221-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезінде:
1) тергеп-тексеру объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің автоматтандырылған дерекқорларына (ақпараттық жүйелеріне) және өзге де электрондық жеткізгіштеріне қол жеткізуге;
3) тергеп-тексеру объектісінің қызметкерлерінен тергеп-тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелерді монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде сұратуға;
4) тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының мамандарын және өзге де адамдарды сарапшылар ретінде тартуға;
5) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің үй-жайы мен аумағындағы заттарды, электрондық және қағаз құжаттарды және басқа да ақпарат жеткізгіштерді қарап-тексеруге;
6) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің дерекқорынан (ақпараттық жүйелерінен) және өзге де электрондық жеткізгіштерінен құжаттардың, ақпараттардың көшірмелерін түсіріп алуға;
7) мыналарға:
тергеп-тексеру объектісі қызметкерлерінің және тергеп-тексеру объектісінің аумағындағы өзге де адамдардың әрекеттерін (әрекетсіздігін);
тергеп-тексеру объектісінің үй-жайлары мен аумақтарын;
тергеп-тексеру объектісінің үй-жайындағы немесе аумағындағы мүлікті аудио-, фото- және бейнетіркеуді жүргізуге;
8) сараптама үшін өнім үлгілерін іріктеуге құқығы бар.
Сараптама үшін өнім үлгілерін іріктеу тәртібі осы Кодекстің 149-бабына сәйкес айқындалады.
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының осы бапта көзделген барлық құқығы жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден бастап 18.00 дейінгі аралықта және тергеп-тексеру нысанасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың жолын кесу қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының өкілеттіктерін іске асыру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.»;
64) 226-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) нарық субъектілеріне:
осы Кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
экономикалық шоғырлануды реттеу кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттігі туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;»;
65) 246-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) субконтрактация орталығы болып табылады.
Субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі;
7) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға iшкi нарықтағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистік қолдау бойынша, оның ішінде жергілікті қамтуды дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді.».
11. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат; №8, 16-құжат; №16, 56-құжат; №21, 98-құжат):
1) 127-бапта:
екінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін.
Электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, хабарлама телефонограммамен немесе гибридті жөнелту арқылы не табыс етілгендігі туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберіледі.