8) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкеткен кезде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексеруді қоспағанда, осы орган әрбір бақылау және қадағалау субъектісіне тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тіркеуге мiндеттi.
148-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдері
1. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және олар:
1) микрокәсіпкерлік субъектілері үшін - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақылау және қадағалау субъектілері үшін:
жоспардан тыс тексерулерді жүргізу кезінде - он жұмыс күнінен аспайтын және он жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен аспайтын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
3) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
4) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға - жұмыс күнінің төрт сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзім болуға тиіс.
2. Бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның міндетін атқаратын адам) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдерін:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) өзіне қатысты тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізіліп жатқан тұлғаның тұратын жерін анықтау;
3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзiмдерi ұзартылған жағдайда бақылау және қадағалау органы мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тіркей отырып, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресiмдейдi, онда тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тіркелген күні және ұзарту себебі көрсетiледi.
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдері ұзартылған жағдайда бақылау және қадағалау органы бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) міндетті түрде хабардар етеді.
Бақылау және қадағалау органы тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъект бұрын электрондық пошта мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына немесе өзге қолжетімді тәсілмен жібереді.
Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді және мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарын жүргiзу, ұзарту және тоқтата тұру тәртiбiнің ерекшелiктерi және мерзiмдерi «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.»;
45) 151-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«151-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезіндегі шектеулер»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде:»;
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің белгiленген мерзiмдерiн асыруға;
6) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзуге;»;
46) 152-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«152-бап. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі»;
1-тармақта:
бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша:
1) тексеру нәтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.»;
«Тексеру нәтижелері туралы актіге:
1) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама не «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген өзге де құжат;
2) өнімдердің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеп-қарау актілері, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері - олар болған кезде қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Жүргізілу барысында тексеру парақтарының талаптарын бұзушылықтар анықталған тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.
Нұсқама осы Кодекстің 152-1-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес жасалады.
Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері туралы актіні (хабарламаларды) қоспағанда, тексеру тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тексеру нәтижелері туралы акт және нұсқама үш данада жасалады.
Бақылау және қадағалау органы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып беріледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.
4. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен тексеру жүргізген мемлекеттік органға жүгінуге құқылы.
Өтініште бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.
Тексеру жүргізген мемлекеттік орган өтініште жазылған дәлелдерді ескере отырып, үш жұмыс күні ішінде, бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.
10. Бақылау және қадағалау субъектісі тексеру нәтижесінде анықталған, тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салуды алғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес ақпарат берілмеген жағдайда бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.»;
47) мынадай мазмұндағы 152-1-баппен толықтырылсын:
«152-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелерін ресімдеу тәртібі
1. Тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде жүргізілген, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бұзушылықтар болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
2. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жүргізілген күні, орны және кезеңі;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға ұсынымдар және оларды көрсету;
8) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнге айқындалады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау және қадағалау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктердің бар-жоғы;
2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.
Бақылау және қадағалау органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып табыс етіледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге құқылы.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне қорытынды (бұзушылықтар болмаған жағдайда) не бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың аяқталу мерзімінен кешіктірілмей анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күн бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде беруге міндетті.
8. Бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде анықталған, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салуды алғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органына тиісті ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес ақпарат ұсынылмаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.»;
48) 154-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тексеру нәтижелері туралы актіге немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштермен жүгінуге тыйым салынады.»;
3-тармақтың 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жұмысының белгіленген режиміне кедергі келтірмеуге;»;
«5) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеуге, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге;
6) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде олардың нысанасына қатысты қажетті ақпаратты бақылау және қадағалау субъектісіне беруге;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні не «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етуге;
8) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
49) 155 және 156-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«155-бап. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:
1) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға мынадай:
осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімділігі сақталмаған;
тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген, осы Кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не олар өтіп кеткен;
осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол мәселе бойынша өзіне қатысты бұрын тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындаған;
егер алдыңғы тексеруде немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауда және қадағалауда бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпараттар мен құжаттар болмаған;
жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін тексеру тағайындалған;
тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тапсырылған;
осы Кодекстің 147-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы бір актіде тексеруге немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға тартылатын бірнеше бақылау және қадағалау субъектісі көрсетілген;
тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мерзімдері осы Кодексте белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда, жібермеуге;
2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына, сондай-ақ актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;
3) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;