9. Аттестаттаудан өткен қызметкердің аттестаттау парағы және оның қызметтік мінездемесі жеке ісінде сақталады.
51-бап. Қайта аттестаттау
1. Қайта аттестаттау алғашқы аттестаттау өткен күннен бастап, үш айлық мерзімде және алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.
2. Қайта аттестаттау кезінде кәсіптік жарамдылығын анықтау бойынша белгіленген нормативтерді тапсырмаған не тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған қызметкерлер, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша осы Заңда айқындалған тәртіппен лауазымынан төмендетілуге немесе жұмыстан шығарылуға ұсынылады.
3. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттау өткізіп, мынадай:
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
3) атқаратын лауазымына сәйкес емес және жұмыстан шығарылуға ұсынылады деген шешімдердің бірін қабылдайды.
4. Аттестаттау комиссиясының жұмыстан шығару туралы ұсыныс жасай отырып, қызметкердің атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы қабылдаған шешімі аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады.
52-бап. Аттестаттау комиссиясының шешімі
Аттестаттау комиссиясының шешімі қызметкерді кадр резервіне қою, қызметкерді жоғары тұрған лауазымға ұсыну, қызметкерді лауазымынан төмендету немесе оны жұмыстан шығару негіздерінің бірі бола алады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 53-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-бап. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағым жасау
Қызметкер аттестаттау комиссиясының шешіміне бір ай мерзімде құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 53-1-баппен толықтырылды
53-1-бап. Қызметкерді аттестаттаудан кейінгі кезеңде дамыту
1. Аттестаттаудан өткен қызметкерге қатысты қызметкердің кәсіби құзыретінің деңгейін арттыруға бағытталған аттестаттаудан кейінгі дамыту бағдарламасы жасалады.
2. Бағдарлама осы Заңда айқындалған мерзімдерге сәйкес қызметкерді келесі аттестаттауға дейін қолданыста болады және оны құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшысы бекітеді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-тарау. Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі қызметтік тәртіп және моральдық-психологиялық ахуал
54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіп
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында, құқық қорғау органдары басшыларының және уәкiлеттi басшылардың актілерінде белгіленген нормалар мен қағидаларды міндетті түрде сақтауы құқық қорғау қызметіндегі қызметтік тәртiп болып табылады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Құқық қорғау органының басшысы және уәкiлеттi басшы өзінің бағыныстылары арасындағы қызметтiк тәртiптiң жай-күйiне жауап бередi.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету және нығайту мақсатында құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы қызметкерлерге және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына осы Заңмен көзделген көтермелеу шараларын қолдана алады және оларға тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.
4. 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 54-1-баппен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 54-1-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс
1. Құқық қорғау органдарында жеке құраммен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс ұйымдастырылады.
2. Тәрбиелік жұмыс:
1) жеке құрамның құқықтық тұрғыдан хабардар болу, сауаттылық, мәдениет пен адамгершілік дәрежесін арттыруға;
2) қызметкерлерге құқық қорғау органдары туралы түсінікті және оның мақсатын, олардың жұмыс істеу және алдында тұрған міндеттерді орындау ерекшеліктерін ұғындыруға;
3) мемлекеттік саясаттың негіздеріне сәйкес қызметкерлердің құқық қорғау органдарына қатыстылығы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және олардың мемлекет мүдделерін қорғауға әзірлігін қолдауға бағытталған.
3. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған.
4. Психологиялық жұмыс:
1) жеке құрамның құқық қорғау органының міндеттерін орындауға, оның ішінде соғыс жағдайы және төтенше жағдай, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңіндегі психологиялық әзірлікте болуын қолдауға;
2) қызметкердің психологиялық және психикалық-физиологиялық қасиеттерінің атқарып отырған лауазымына сәйкестігін айқындауға;
3) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жыл сайынғы әлеуметтану мониторингін жүргізу жолымен зерделеуге бағытталған.
5. Идеологиялық жұмыс:
1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінде патриоттық сана-сезімді, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауға ұмтылысты қалыптастыруға;
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен ұлттық мүдделеріне адалдығын қалыптастыруға;
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқық қорғау органдарының жағымды имиджін қалыптастыруға;
4) идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға бағытталған.
6. Жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтану мониторингін жүргізу тәртібі мен әдістемесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Басшы лауазымдарды атқарып отырған қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жауапты болады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-бап. Қызметкерлерге көтермелеу қолдану тәртібі
1. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметтік жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызмет керлерге және құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына мынадай көтермелеу түрлері көзделеді:
1) алғыс жариялау;
2) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
3) бағалы сыйлықпен наградтау;
4) грамотамен наградтау;
5) құрмет грамотасымен наградтау;
6) ведомстволық наградамен және құқық қорғау органының үздігі төсбелгісімен наградтау;
7) арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді мерзімінен бұрын немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары, сондай-ақ кезектен тыс арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру;
8) құрмет тақтасына енгізу;
9) құрметті атақ беру;
10) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымы орналасқан жерден кезектен тыс сейілдеуге жіберуді ұсыну;
11) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу түрлері.
Құқық қорғау органдары білім беру ұйымының басшысы магистратурада және докторантурада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 8) және 11) тармақшаларында көзделген көтермелеу түрлерін қолдана алады.
2. Тәртіптік жазасы бар қызметкер бұрын қолданылған жазаны алып тастау арқылы көтермеленеді. Тәртіптік жазаны алып тастау құқығы құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға тиесілі. Қызметкердің елеулі теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жазалар олар қолданылған күннен бастап үш айдан кейін алып тасталуы мүмкін.
Өрескел тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жазалар көтермелеу тәртібімен мерзімінен бұрын алып тасталуға жатпайды.
Болмашы тәртіптік теріс қылықтар үшін тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мерзімі белгіленбейді.
Құқық қорғау органының басшысымен келісу бойынша қызметкердің өмірі мен денсаулығын тәуекелге тігумен, адам өмірін құтқарумен ұштасқан ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ қоғамдық резонанс тудырған аса ауыр қылмыстарды ашқаны және тергеп-тексергені үшін қызметкерлерді көтермелеу кезінде тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мерзімі ескерілмейді.
3. Бір мезгілде көтермелеу түрінде бір ғана тәртіптік жаза алып тасталуы мүмкін, бұл ретте көтермелеудің осы түрімен бірге көтермелеудің басқа түрлері қолданылмайды.
4. Қызметкерді көтермелеу туралы ұсынуға тікелей басшысы бастама жасайды және ол комиссияда қарау үшін кадр қызметіне енгізіледі.
5. Комиссияны құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы қызметкерлерді көтермелеу кезінде объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде құрады.
Комиссия құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.
6. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде қабылдайды. Егер шешімге комиссия мүшелерінің жалпы дауыс санының көпшілігі дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
7. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көтермелеу туралы ұсынуды қанағаттандыру;
2) көтермелеу туралы ұсынудан бас тарту.
8. Құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкерді көтермелеу тікелей басшының ұсынуы негізінде комиссияда қаралмастан жүргізілуі мүмкін.
9. Көтермелеу құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрықтарымен ресімделеді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 56-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртіптік жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері
1. Құқық қорғау органдарындағы тәртіптік жазалар тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерге:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігi туралы ескерту;
5) атқаратын лауазымынан босату;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) арнаулы атағын немесе сыныптық шенін бір сатыға төмендету;
7) құқық қорғау органдарынан шығару;
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) құқық қорғау органының басшылары немесе уәкiлеттi басшылар берген немесе марапаттаған құрметті атақтарынан, төсбелгілерінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару;
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару тәртіптік жаза түрлері қолданылуы мүмкін. Осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза қызметкер осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көзделген теріс себептермен жұмыстан шығарылған кезінде қолданылады.
3. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында курсанттарға осы бапта көзделген тәртіптік жазаларға қоса, мынадай:
1) нарядқа кезектен тыс тағайындау (бөлімшенің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нарядқа тағайындаудан басқа);
2) құқық қорғау органының білім беру ұйымы орналасқан жерден кезекті босатудан айыру;
3) құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығару тәртіптік жазалары қолданылуы мүмкін.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымының басшысы күндізгі нысан бойынша магистратура мен докторантурада оқитын қызметкерлерге тәртіптік жазалаудың мынадай түрлерін қолдануы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығару.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5. Қызметкердің қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны немесе құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығарып жіберу түріндегі тәртіптік жазаны қолдану қызметкерді осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген теріс себептер бойынша қызметтен шығаруға негіз болып табылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6. Тәртіптік теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:
осы баптың 2-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында, 4-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық болмашы теріс қылық болып табылады;
осы баптың 2-тармағының 4) немесе 6) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады;
осы баптың 2-тармағының 5), 7), 8) немесе 9) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық өрескел теріс қылық болып табылады.
57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары
1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолданудың негізі болып табылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін айқындау кезінде мынадай өлшемшарттар ескеріледі:
1) жасалған теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;
2) жасалған теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайлары;
3) қызметкердің жеке басын және оның қызметке қатынасын сипаттайтын деректер;
4) қызметкердің уәжі және кінәсінің дәрежесі (қасақана, абайсызда);
5) қызметкердің тәртіптік жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар;
6) қызметкердің тәртіптік жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Тәртіптік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп мыналар танылады:
1) теріс қылық жасаған қызметкердің өкінуі;
2) қызметкердің теріс қылық жасағаны туралы басшыға ерікті түрде хабарлауы;
3) теріс қылықты бірінші рет жасау және теріс қылықты жасау фактісімен келісуінің болуы;
4) жеке немесе отбасылық ауыр мән-жайлар болған кезде теріс қылық жасау;
5) мәжбүрлеу салдарынан теріс қылық жасау;
6) тәртіптік теріс қылық жасау салдарынан жағымсыз әсердің болмауы және құқық қорғау органының имиджіне нұқсан келтірілмеуі.
Қызметкерге жаза қолданатын құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы не тәртіптік комиссия қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу кезінде өзге де мән-жайларды жеңілдететін деп тануы мүмкін.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Тәртіптік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп мыналар танылады:
1) егер бірінші теріс қылығы үшін қызметкерге жаза қолданылған және ол белгіленген тәртіппен алынбаса, дәл сондай теріс қылықты қайталап жасау;
2) қарамағындағы адамды теріс қылық жасауға тарту;
3) төтенше жағдай немесе өзге де шектеу шаралары енгізілген кезеңде теріс қылық жасау;
4) алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде теріс қылық жасау;
5) тәртіптік теріс қылық жасау салдарынан жағымсыз әсердің болуы және құқық қорғау органының имиджіне нұқсан келтірілуі;
6) өзіне жүктелген міндеттерді орындауына байланысты лауазымды адамға немесе оның жақын туыстарына ықпал ету арқылы теріс қылық жасау.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер жазбаша түсініктемесінде қызметкер өзінің тәртіптік теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы қызметтік тергеу жүргізбей жаза қолдануға құқылы.
Егер қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде өзінің тәртіптік теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрығымен қызметтік тергеу жүргізілуге тиіс.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан шығару және босату түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері мен тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады.
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату түріндегі жаза қызметтік тергеп-тексеру жүргізілмей және тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдарынсыз, алқаның немесе құқық қорғау органы бірінші басшысының жанындағы жедел кеңестің шешімі және қызметкердің өзі жасаған тәртіптік теріс қылық фактісімен келісетіні туралы жазбаша түсініктемесінің болуы, сондай-ақ оны жасау мән-жайларының толық және объективті анықталуын растайтын материалдар негізінде қолданылуы мүмкін.
5. Бірнеше қызметкер бірлесіп тәртіптік теріс қылық жасаған кезде жаза әр кінәліге жеке-жеке қолданылады.
6. Қызметтік тәртiптiң бұзылуының әрбiр жағдайы үшiн бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкiн.
7. Жаза қолдану тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерді атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін тәртіптік жаза қолданылған міндетті атқарудан босатпайды.
8. Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрық ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойдырып, жария етіледі.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрықпен танысудан бас тарту құқық қорғау органының кадр қызметі жасайтын актiде ресiмделедi және арнайы журналда тiркеледi.
Қызметкерді тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен жеке таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органының кадр қызметі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесін қызметкерге хабарламасы бар хатпен жіберуге міндетті.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Тәртiптiк жаза тәртіптік терiс қылық мәлiм болған күннен бастап бiр айдан және тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады.
Қызмет бабында қызметкер бағынатын адамға тәртіптік жаза қолдану құқығы берілгеніне не берілмегеніне қарамастан, тәртіптік теріс қылық жасалғаны туралы белгілі болған, мерзім басталатын күн тәртіптік теріс қылық байқалған күн болып есептеледі.
Осы Заңда көзделген, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны және қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Қызметкерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру не сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе сот қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайларда, кінәлінің ауырғанына байланысты жұмыста болмауы немесе демалыста, іссапарда болуы уақытын есептемегенде, тиісінше тергеп-тексеру аяқталған, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы процестік шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тәртіптік жазалау қолданылады.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайларда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде, жазалау сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болған кезде үш айдан кешіктірілмей қолданылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 12-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
12-1. Құқық қорғау органының білім беру ұйымдары осы Заңның 56-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында және 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіптік жазаны қолданған жағдайда, жаза қолдану туралы бұйрық тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкер кадрында тұрған құқық қорғау органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
13. 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Қызметкерге тәртіптік жазаны:
1) еңбекке уақытша жарамсыздық;
2) осы Заңның 75-бабының 9-тармағында көзделген демалысты қоспағанда, демалыста болу;
3) іссапарға жіберу оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, іссапарда болу кезеңінде қолдануға болмайды.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңi, демалыста, iссапарда болу, уәкілетті органдардың және лауазымды адамдардың шешімдеріне, актілері мен ұсынымдарына, тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болып табылатын қызметтік тексеру актілеріне (қорытындыларына, нәтижелеріне) шағым жасау кезеңінде, егер жасалған тәртіптік терiс қылық туралы осы кезеңде немесе ол басталғанға дейiн белгiлi болса, жаза қолдану мерзімі тоқтатыла тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің немесе арнайы зерттеулердің (сараптамалардың) нәтижелері болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеру және жаза қолдану мерзімінің қолданысы тоқтатыла тұруы мүмкін.
16. Қызметкер өзін тәртіптік жауапкершілікке тартумен байланысты барлық материалдармен танысуға құқылы.
17. Қызметкерге қолданылған тәртiптiк жазаның мерзiмi оның қолданылған күнiнен бастап алты айдан аспайды. Егер осы мерзiм iшiнде қызметкер жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда оның тәртiптiк жазасы жоқ деп есептеледi.
18. Егер қызметкерге, тікелей басшының құқықтары шегiнен шығатын жазалау шараларын қолдану қажет болса, онда ол бұл туралы жазалау шараларын қолдануға уәкілетті жоғары тұрған лауазымды адамға өтiнiш жасайды.
19. Жоғары тұрған басшының, егер бұрын жарияланған жаза жасалған тәртіптік терiс қылықтың ауырлығына сәйкес келмесе, төмен тұрған басшы қолданған тәртiптiк жазаны алып тастауға құқығы бар.