2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқу мерзімінің аяқталуы;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7) негізгі қызметкердің қызметке шығуына байланысты қызметкерді атқарып отырған уақытша бос лауазымнан босату қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағына қабылдау құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
Ерекше мән-жайлардан туындайтын айрықша жағдайларда бұл мерзiмді құқық қорғау органының басшысы екi айға дейiн ұзартуы мүмкiн.
Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (оның ішінде әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; қашықтан оқыту бойынша білім алатын адамдар үшін - бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамаққа алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуына байланысты күзетпен ұстау уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызметтік қажеттілік болған жағдайда құқық қорғау органының басшысы не уәкілетті басшы құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге құқық қорғау органының құрылымдық бөлімшесінің басшысын бекітіп бере отырып, оған құқық қорғау органының алдына қойылған міндеттер мен функцияларды орындау бойынша қызметтік міндеттерді жүктеуге құқылы.
Құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге бекітіліп берілген құрылымдық бөлімшенің басшысы одан уақытша қызметтік міндеттер шеңберінде тапсырмаларды тиісінше орындауды, құқық қорғау органының белгіленген күн тәртібін толық көлемде сақтауды талап етеді.
Құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшесінің басшысы қарамағына қабылдаған қызметкердің қызметтік және еңбек тәртібін сақтауы үшін жауапты болады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкерге көтермелеу шаралары қолданылады және оған осы Заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда тәртіптік жазалар қолданылады.
5. Қызметкердiң құқық қорғау органының қарамағында болу уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.
6. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және құқық қорғау органының қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшiн ақшалай қаражат, құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы осы баптың талаптарын сақтай отырып, құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынуға міндетті.
Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкердi лауазымға тағайындау кезiнде оның бiлiктiлiгi, арнаулы атағы, сыныптық шені, еңбек сiңiрген жылдары, жұмыс өтiлi, бұрынғы лауазымы ескерiлуге тиiс.
Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған жағдайда, қызметкердің кәсіптік қасиеттері ескеріле отырып және осы лауазым үшін көзделген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда лауазым ұсынылады.
Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, ұсынылып отырған лауазым төмен тұрған болуға тиіс.
Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, лауазымға тағайындау әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес қызметкердің келісуімен жүргізіледі.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде құқық қорғау органының кадр қызметі акт ресімдейді, ол қызметкердің жеке ісіне қоса тіркеледі.
Қызметкер ұсынылатын лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда ол қызметтен босатылуға жатады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 46-2-баппен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 46-2-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-2-бап. Қызметті бағалау
1. Қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін олардың қызметіне бағалау жүргізіледі.
2. Қызметті бағалау жыл сайын күнтізбелік жыл аяқталған соң жүргізіледі.
3. Қызметкердің қызметін бағалауды тікелей басшысы жүргізеді.
Тікелей басшы лауазымында алты айдан аз уақыт болған жағдайда бағалауды жоғары тұрған басшы жүргізеді.
4. Қызметті бағалау:
1) сынақ мерзімі кезеңінде жүрген адамға;
2) осы Заңның 44-бабына сәйкес қызметін құқық қорғау органының лауазымдарында өткермейтін қызметкерлерге;
3) егер жаңа лауазымға тағайындалуы лауазымдық міндеттерінің өзгеруіне алып келсе, атқарып отырған лауазымында алты айдан аз болған қызметкерлерге;
4) құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлерге қатысты жүргізілмейді.
Құқық қорғау органы басшысының және оның орынбасарларының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті адам (орган) жүргізеді.
5. Қызметкердің қызметін бағалау қызметкердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін бағалаудан құралады.
6. Қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері мынадай: «тиімділігі жоғары», «тиімді», «тиімділігі төмен» және «тиімсіз» мәндері бар шәкіл бойынша қойылады.
7. Қызметті бағалау нәтижелері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітілетін нысан бойынша бағалау парағына енгізіледі.
Бағалау парағы лауазымдық міндеттер ескеріле отырып қалыптастырылған және нақты учаскедегі (қызмет бағытындағы) жұмыстың тиімділігін көрсететін іс-шаралар атауын қамтиды.
Басшыны бағалаған кезде оған бағынысты қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелерінің орташа көрсеткіші ескеріледі.
8. Бағалау жүргізген адам қызметін бағалау нәтижелерінің мәні «тиімділігі төмен» және «тиімсіз» болған қызметкерлерге қатысты кәсіби дамудың жеке жоспарын жасайды.
Қызметкердің кәсіби дамуының жеке жоспары қызметкердің тиімділігін арттыруға және белгілі бір уақыт кезеңіне (қызметті келесі бағалауға дейін) оның кәсіби және жеке басының өсуіне бағытталған басым бағыттар мен ұсынымдарды айқындайды.
9. Қызметкердің қызметін бағалаудың нәтижелері:
1) қызметкер «тиімсіз» деген баға алған;
2) қызметкер екі жыл қатарынан «тиімділігі төмен» деген баға алған жағдайларда аттестаттау жүргізуге негіз болып табылады.
Мұндай қызметкерлерді аттестаттау қызметіне бағалау жүргізілген күннен бастап алты ай ішінде өткізіледі.
Бұл ретте аттестаттауды өткізу мерзімі қызметті бағалау нәтижелеріне шағым жасау кезеңіне тоқтатыла тұрады.
10. Бағалау жүргізген адам бағалау жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметкерді бағалау нәтижелерімен, сондай-ақ кәсіби дамудың жеке жоспарымен жазбаша таныстырады.
11. Қызметкер бағалау нәтижелеріне танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
6-тарау. АТТЕСТАТТАУ
47-бап. Қызметкерлерді аттестаттау
1. Қызметкерлерді аттестаттау олардың кәсіптік даярлығының, құқықтық мәдениетінің деңгейін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау бойынша мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім болып табылады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қызметкердің жеке және кәсіби қасиеттерін, қызметтік жұмыс нәтижелерін бағалау ескеріле отырып, оның атқарып отырған лауазымына сәйкес келуі аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты болып табылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір келесі үш жыл өткен соң не қызметті бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған не қызметті бағалау жүргізілген күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Егер аттестаттауға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалса, қызметін бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер бұл функционалдық міндеттердің өзгеруіне алып келмесе, бұл мерзім есепке алынбайды.
Аттестаттау кезінде қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметтен босатылған күн мен оның құқық қорғау органдары жүйесіне қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген кезеңде өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған жағдайда, құқық қорғау органдары жүйесінде қызметте болған уақыты үздіксіз қызмет деп есептеледі.
3-1. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында білім алатын қызметкер оқуды аяқтаған соң, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға тағайындалғаннан кейін кемінде бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
Мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерді аттестаттау тиісті мемлекеттік органдардың жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлер халықаралық ұйымнан оралғаннан кейін, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға орналасқаннан кейін бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-3. Ұйымдық-штаттық іс-шараларды өткізуге, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуге, мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберуге байланысты ауысуларды қоспағанда, аттестаттау өткізу кезеңінде қызметкерлерді аттестаттау аяқталғанға дейін лауазымға тағайындауға не қызмет бойынша ауыстыруға болмайды.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Құқық қорғау органының басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
Қызметкерлер жүктілігі және осы Заңның 77-бабында көзделген демалыстарда болған кезеңінде аттестаттауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде бір жылдан соң аттестатталады.
5. Аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:
1) аттестаттау өткізуге дайындықты;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кәсiптiк жарамдылығын айқындау бойынша белгiленген нормативтердi тапсыруды;
3) аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тесттен өткізуді;
3-1) 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қызметкермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесуді;
5) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруын қамтиды.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды
47-1-бап. Кезектен тыс аттестаттау
1. Кезектен тыс аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын қызметкерлердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.
2. Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдауға немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады;
4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыру ұсынылады;
5) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және қызметтен босату ұсынылады.
3. Кәсіптік жарамдылықты айқындау бойынша нормативтер тапсырмаған және тестілеу кезінде шекті мәннен төмен баға алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы баптың 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешімдердің біреуін қабылдайды.
4. Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмеген қызметкерлерді осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметінен босату ұсынылады.
5. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) құқық қорғау органдарында өзге, оның ішінде төменгі тұрған лауазымдарда қызметін жалғастырудан бас тартқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылуға жатады.
48-бап. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Аттестаттауды өткізу мерзімі келген кезде құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының тапсырмасы бойынша тиісті кадр қызметтері аттестаттау өткізуге дайындықты ұйымдастырады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дайындық:
1) аттестаттау өткізудің кестесін әзірлеуді;
2) аттестаттау өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды;
3) тестен өткізу мерзімдерін және орнын айқындауды;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) аттестатталушы қызметкерлердің қажетті құжаттарын дайындауды қамтиды.
Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі - шекті мәндер) құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Құқық қорғау органының кадр қызметі осы Заңға сәйкес аттестатталуға жататын қызметкерлерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Басшы аттестатталуға жататын қызметкерлердің тізімін және оны өткізу мерзімдерін кадр қызметінің ұсынуы бойынша бекітеді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Кадр қызметі аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы өткізу басталардан кемінде бір ай бұрын қызметкерлерді жазбаша хабардар етеді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Аттестатталуға жататын қызметкерге қызметтік мінездемесі ресімделеді және аттестаттау комиссиясының отырысына дейінгі үш аптадан кешіктірілмейтін мерзімде кадр қызметіне жіберіледі.
7. Қызметтік мінездеме аттестатталуға тиіс қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметте үзіліссіз үш жыл болуы және одан кейінгі аттестаттау өткізіліп отырған мерзімге дейінгі кезең ішіндегі кәсіптік, жеке басының қасиеттері мен қызметтік әрекеті нәтижелерінің объективті және негізделген бағасын қамтуға тиіс.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Тікелей басшы қызметкерді оған берілген қызметтік мінездемемен аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш апта мерзімнен кешіктірмей қол қойғыза отырып, таныстыруға міндетті.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Қызметкер өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы мәлімдеуге және кадр қызметіне өзін сипаттайтын қосымша ақпаратты беруге құқылы.
Қызметкердің қосымша ақпараты бар қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы жазбаша өтініші аттестаттау комиссиясы төрағасының атына беріледі және аттестаттау комиссиясының отырысына дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей кадр қызметіне ұсынылады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына оның отырысына дейінгі бір аптадан кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
49-бап. Аттестаттау комиссиясы
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Басшы аттестаттау комиссиясының құрамын және оның жұмыс кестесін кадр қызметінің ұсынуы бойынша бекітеді.
2. Аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.
Аттестаттау комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кадр қызметінің өкілі аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады, оны комиссия басшысы айқындайды.
Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
4. Құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің жұмыс бағыттарына қарай бірнеше аттестаттау комиссиясы құрылуы мүмкін.
5. Аттестаттау комиссиясының басшысы мен оның мүшелері аттестатталуға жатқызылған қызметкерлермен бірдей немесе неғұрлым жоғары лауазымда болуға тиіс.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Аттестаттау комиссиясының құрамына құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кадр қызметтерінің өкілдері (не осы бөлімшелер есеп беретін адамдар), сондай-ақ аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда, құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің өзге де қызметкерлері кіреді.
7. Аттестаттау комиссиясы отырысының, егер оған құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңдық күші бар деп есептеледі.
8. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер ол үшін отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясының төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
50-бап. Аттестаттауды өткізу
1. Прокуратура органдарының тесттен өткен кезде шекті мәннен жоғары баға алған қызметкерлерін қоспағанда, алғашқы аттестаттауда немесе қайта аттестаттауда кәсіптік жарамдылығын анықтау бойынша белгіленген нормативтерді тапсырған қызметкерлер әңгімелесуге жіберіледі.
2. Кәсіптік жарамдылығын анықтау бойынша белгіленген нормативтерді тапсырмаған не тесттен өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған қызметкерлер әңгімелесуге жіберілмейді және аттестаттау комиссиясының шешімімен осы Заңда айқындалған тәртіппен қайта аттестатталуға тиіс.
3. Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатталушы қызметкермен әңгімелесу жүргізіледі.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды отырыс барысында зерделейді, аттестатталатын қызметкерді тыңдайды.
Аттестатталатын қызметкерге қойылатын сұрақтар оның кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындауға бағытталуға тиіс.
Аттестаттау комиссиясы әңгімелесу кезінде аттестатталатын қызметкердің лауазымдық міндеттерін негізге алады. Қажет болған кезде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ аттестатталатын қызметкердің қызметтік жұмысын регламенттейтін өзге де құжаттарды білу деңгейі айқындалады.
Әңгімелесу сыпайылық пен ізгілік жағдайында өтуге тиіс.
Әрбір қатысушымен әңгімелесу техникалық жазба (аудио-, бейнежазба) құралдарының көмегімен тіркеледі.
Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар кадр қызметінде үш жыл бойы сақталады.
4. Аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді себептермен болмаған қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін әңгімелесуден өтеді.
5. Аттестаттау комиссиясының отырысына қызметкер дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы Заңда айқындалған тәртіппен қызметкерді қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.
6. Аттестаттау комиссиясы әңгімелесудің қорытындысы бойынша мынадай:
1) атқаратын лауазымына сәйкес және кадр резервіне қоюға немесе жоғары тұрған лауазымға ұсынылады;
2) атқаратын лауазымына сәйкес;
3) қайта аттестатталуға тиіс;
4) атқаратын лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады деген шешімдердің бірін қабылдайды.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Қызметті бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтетін қызметкерлерге қатысты аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және жұмыстан шығару ұсынылады.
7. Аттестаттау комиссиясының шешімі үш жұмыс күні ішінде оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының шешімін қызметкердің аттестаттау парағына енгізеді, қызметкер шешіммен ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қолын қоя отырып, танысады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Тестілеудің не кәсіптік жарамдылықты айқындау бойынша нормативтер тапсырудың нәтижелерін бұрмалау фактілері анықталған жағдайда, жоғары тұрған аттестаттау комисиясы немесе құқық қорғау органының жоғары тұрған басшысы аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жоюға тиіс.