10-3-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-1) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
3) кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөніндегі қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
4) бюджет қаражаты есебінен кондоминиумдар құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдайды;
4-1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асырады;
4-2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
4-3) осы Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне арналған техникалық паспорттарды дайындау бойынша шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеуді қамтамасыз етеді;
4-4) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылды
4-5) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) құрастырылған қауіпті техникалық құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдармен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4-6) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-7) тармақшамен толықтырылды
4-7) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 10-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 10-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-4-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
5) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;
6) осы Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етеді;
7) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асырады;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2 БӨЛIМ
2-тарау. Тұрғын үйге жеке меншiк құқығын алу
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Тұрғын үйдi сатып алу құқығы
1. Азамат немесе заңды тұлға, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады.
2. Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгіндегі тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды.
3. Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiздерi
Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша:
1) үй (үйдiң бiр бөлiгiн) салу;
2) сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, өмiр бойы күтiп ұстау шартымен, алып қою мәмiлелерi мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
3) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретiмен алу;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген өзi тұратын тұрғынжайды немесе тұрғын үй-жайды (пәтерді) жекешелендiру (сатып алу немесе өтеусіз беру) жолымен меншiгiне алуы;
5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң тұрғын үй-жай үшiн пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi;
6) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегiмен қатысуы туралы шарт негiзiнде тұрғын үй-жайды меншiкке беру;
7) заңды тұлғалардың мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерiнiң немесе өзге азаматтың меншiгiне беруi;
8) мемлекеттiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттармен өз қызметкерiнiң не өзге адамның меншiгiне беруi;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жеке меншiкте болған тұрғынжайдың бұзылуы не күштеп алынуы салдарынан немесе тұрғынжай Қазақстан Республикасының аумағындағы экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұруға жарамсыз болған жағдайда тұрғынжайдан айырылудың өтемi ретiнде тұрғынжай беру;
10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да негiздер бойынша пайда болады.
ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 13-бап өзгертілді; ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 13-бап толықтырылды; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.05. № 283-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Жалдаушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы
1. Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, тұрғын үйдi осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен қалдық құны бойынша жекешелендiруге құқылы.
Жалдаушының отбасы мүшелерiнің ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалдаушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiгiне өтедi.
3. Ортақ бiрлескен меншiктегi тұрғын үйдiң иеліктен шығарылуына барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер мәмiле тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмағандардың мүдделерiн қозғайтын болса, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмi талап етiледi.
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген қызметтік тұрғын үйлер осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жекешелендірілуі мүмкін.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлер осы Заңның 101-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша жекешелендiрiлуi мүмкiн.
6. Бiрнеше жалдаушы тұратын тұрғын үйдi барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғын үй барлық жалдаушылардың ортақ үлестiк меншiгiне өтедi.
7. Мыналар:
1) олардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда, жекелеген жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;
2) уақытша құрылыстардағы;
3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
4) одан әрі тұруға жарамсыз болуына байланысты тұрғын емес үй-жайлар етіп қайта жабдықталуға тиіс;
5) әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектiлердің аумағында орналасқан;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
7) бұзылуға тиіс;
8) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген;
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғынжай қорынан берілген;
9) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсектік үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендіруге жатпайды.
8. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары құқылы. Тұрғын үй берілген Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
2) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жаралану, контузия алу, мертiгу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда, күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе əскери қызметшісінің отбасы мүшелері, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, əскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
9) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар;
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) ішкі істер органдарының күнтізбелік есеппен жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтізбелік есеппен жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлер, сондай-ақ күнтізбелік есеппен он және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар және мүгедек балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
9. Азаматтың тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайтын тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы.
Негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.
10. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.
14-бап. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi
Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiнiң пай жарнасының бүкiл сомасын төлеген мүшесi тұрғын үйдiң меншiк иесiне айналады. Мұндай тұрғын үйге меншiк құқығына жинақталған пайдың бiр бөлiгiне құқығы бар оның отбасы мүшелерi де ие болады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Тұрғын үй сертификаттарын алу құқығын іске асыру
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын береді.
2. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) айқындайды.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Жер учаскелерiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiкке тұрғын үй беру
1. Жер учаскелерiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына айланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiк иесiне оның тұрғын үйi бұзылғанға дейiн өз таңдауы бойынша меншiгiне жайлы тұрғын үй берiледi немесе тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтемақы төленедi.
2. Егер берiлетiн тұрғын үйдiң құны бұзылатын тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiнен алынбайды.
3. Егер бұзылатын тұрғын үйдiң құны берiлетiн тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiне өтеледi.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Тұрғын үйге ортақ меншiк құқығы
1. Тұрғын үйдi бiрлесiп салған, азаматтық-құқықтық мәмiлелер жолымен немесе мұраға алған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа жағдайларда екi немесе одан көп азаматтар тұрғын үйге ортақ меншiк құқығына ие бола алады.
2. Бiрнеше адамның меншiгіндегі тұрғын үй оларға ортақ бiрлескен меншiк құқығымен:
1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;
2) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде тиесiлi болады.
3. Ортақ меншiктегi тұрғын үйдiң меншiк иелерi арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне белгiленген тәртiппен бөлiнуi мүмкiн.
4. Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi неке және отбасы туралы заңдармен белгiленедi.
5. Жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi осы Заңмен белгiленедi.
17-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын тiркеу
Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тiркеу органында тiркелген кезден бастап пайда болады.
Тiркеу тиiстi тәртiппен ресiмделген, осы Заңның 12-бабында көзделген негiздер бойынша тұрғын үй алынғандығын растайтын құжаттар көрсетiлген жағдайда жүргiзiледi.
3-тарау. Тұрғын үйге жеке меншiк құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру шарттары
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен. 18-бап толықтырылды; 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Тұрғын үй иесiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
1. Тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге, осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы.
1-1. Ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражатының есебiнен толық немесе iшiнара сатып алынған тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты мемлекеттік тiркелген кезден бастап меншiк иесiнiң ипотекалық тұрғын үй қарызы толық өтелгенге дейiн кредитордың келісімiнсiз осы тұрғын үйге билiк етуге құқығы жоқ.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатта пайдалануы оған мемлекеттік органдардың рұқсатын қажет етпейдi.
Бұл құқықты меншiк иесi құрылыс, санитариялық-эпидемиологиялық, өртке қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелердi сақтаған жағдайда ғана iске асырады.
Егер құзыреттi органдар мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзу фактілерін не тұрғын үйдi пайдалану басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн айтарлықтай бұзатын фактiлердi анықтаса, үй-жай иесi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылып, сонымен бiрге оған мұндай тәртiп бұзушылықтарды және олардың зардаптарын жою мiндетi жүктелуi мүмкiн.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi осы Заңның 35 және 50-баптарында көзделген міндеттерді де атқарады.
19-бап. Тұрғын үй иесiнiң жер учаскесiне құқығы
1. Тұрғын үй, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үй сатылған, сыйға тартылған, мұраға қалдырылған, кепiлге берiлген жағдайда жер учаскесiн меншiктену (жердi пайдалану) құқығы тұрғын үйдiң жаңа иесiне тұрғын үйдiң бұрынғы иесi ие болған көлемде көшедi.
2. Тұрғын үйге (тұрғынжайға) бекiтіліп берiлген жер учаскесiне тұрғын үй иелерiнiң құқықтары Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарымен белгiленедi.
20-бап. 2007.06.07. № 278-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 10.07.01 ж. № 227-II Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi
1. Үнемi бiрге тұратын ерлi-зайыптылар мен олардың балалары тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылады. Ерлi-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ өздерiнiң отбасы бар және меншiк иесiмен үнемi бiрге тұратын балалары өзара келісім бойынша ғана меншiк иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн.
2. Ерекше жағдайларда, егер меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса және онымен кемiнде бес жыл ортақ шаруашылық жүргiзсе, басқа адамдардың да тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн. Еңбекке жарамсыз асырауындағылар, егер олар меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса, меншiк иесi отбасының мүшелерi болып табылады.
22-бап. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi тұрғын үйiне өзi қоныстандырған отбасының мүшелерi, егер оларды қоныстандыру кезiнде өзгеше ескертiлмеген болса, тұрғын үйдi онымен бiрдей пайдалануға құқылы. Олар өздерiне меншiк иесi берген тұрғын үйге өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын тұрғызуға құқылы. Отбасының басқа мүшелерiн тұрғызуға меншiк иесiнiң келісімiмен ғана жол берiледi.
Меншiк иесiмен отбасылық қатынастар тоқтатылған жағдайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi, егер тұрғын үй иесiмен жазбаша келісімде өзгеше көзделмеген болса, жалға алу мерзiмiн көрсетпестен жалға алушы құқығын пайдалана алады. Бұл орайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеу жөніндегі шығындарға қатысуға мiндеттi.
2. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерi өздерiнiң тұрғын үйдi пайдалану құқығын бұзған кез келген адамнан, соның iшiнде меншiк иесiнен де аталған бұзушылықты жоюын талап ете алады.
3. Меншiк иесi отбасының кәмелетке толған мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) өздерiнiң тұрғын үй-жайды пайдалануынан туындайтын мiндеттемелерi бойынша ортақ мүлiктiк жауапкершiлікте болады.
4-тарау. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау
23-бап. Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi басқа адамдарға жалға беруi
1. Меншiк иесi өзi тұратын тұрғын үйдi, не негiзгi мақсаты жалға алушыларға тұрақты не уақытша тұру үшiн берiлу болып табылатын тұрғын үйдi жалға беруге құқылы.