2. Егер үй-жайда тұрушылар не үй-жайды пайдаланушы адамдар тiкелей залал келтiрушiлер болса, олар осындай мiндеттi меншiк иесiмен бiрлесiп көтередi.
40-бап. Кондоминиум объектiсіндегі үй-жайдың iшiн өзгерту
Меншiк иесiнiң үй-жайды ортақ мүлiкке қауiп төндiретiн немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргiзумен байланысты өзгертуiне, соның iшiнде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
41-бап. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекаралардың өзгертiлуi
1. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекараларды өзгертуге құрылыс нормалары мен ережелерi, сондай-ақ өзге де мiндеттi қауiпсiздiк талаптары сақталған жағдайда жол берiледi.
2. Көршiлес (шектес) үй-жайлардың арасындағы шекараларды өзгерту осы үй-жайлар иелерiнiң өзара келісімi бойынша жасалуы мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Үй-жайлар мен ортақ мүлiктiң арасындағы шекараларды өзгерту басқа меншiк иелерiнiң және кондоминиум объектiсiн басқару органының келiсуiмен ғана жасалуы мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-1-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1-тарау. Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-1-бап. Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау
Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы (бұдан әрі - тұрғын үй инспекциясы) лауазымды адамдарының тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 41-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-2-бап. Тұрғын үй инспекциясының тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының өкілеттіктері
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тұрғын үй инспекциясы:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау;
3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
6) осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
7) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Тұрғын үй инспекциясының өкілеттігіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәселелер кіреді.
3. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Тұрғын үй инспекциясының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
7-тарау. Кондоминиум объектiсiн басқару
42-бап. Кондоминиум объектiсiн басқару нысандары
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум құрылған күнінен бастап бір ай мерзімде жалпы жиналыста кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы мәселенi шешуге тиiс. Мұндай шешiмге дейiн бiртұтас кешен ретiнде кондоминиум объектісіне, сондай-ақ тұрғын үйдi коммуналдық қызметтермен бiр орталықтан қамтамасыз етуге байланысты мiндеттемелер бойынша меншiк иелерi бірлесе жауап бередi.
Бiртұтас инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жүйесi бар және бiртұтас тұрғын үй-коммуналдық кешендi құрайтын көппәтерлi тұрғын үйде (немесе оның бiр бөлiгiнде) кондоминиум объектiсiн басқару нысандарының бiрі ғана қолданылуы мүмкiн.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасында кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген ретте, тұрғын үй инспекциясы тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға берілген кезде үш ай мерзімге кондоминиум объектісін басқару органының функцияларын жүзеге асырушы қызмет көрсететін ұйымды айқындайды.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кондоминиум объектiсiн басқару нысаны оған қатысушылардың келісімiмен белгiленедi. Ондай нысандар:
1) егер барлық меншiк иелерiнiң саны жиырма адамнан аспаса, олардың тiкелей бiрлесiп басқаруы;
2) үй-жай (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi;
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кондоминиум объектісін үшінші (бөгде) тұлғалардың: сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғалардың - тұрғын үйлерді басқарушылардың (менеджерлердің) немесе заңды тұлғалардың басқаруы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандар болуы мүмкiн.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Кондоминиум объектiсiн басқару органы мынадай функцияларды:
1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi жиналысының өткізілуін, жазбаша сауалнама жүргізілуін ұйымдастыруды;
2) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi жиналысының хаттамаларын және жазбаша сауалнама жүргізу кезіндегі дауыс беру парақшаларын ресімдеуді;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің жалпы жиналысында бұрын қабылданған шешімдер туралы ақпаратты үй-жайлардың (пәтерлердің) жаңа меншік иелерiнің назарына жазбаша түрде жеткізуді;
3) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды;
4) сервистік қызмет субъектісімен шарттар жасасуды және олардың орындалуын бақылауды;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мәселелері бойынша үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің мүдделерін білдіруді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Жеке немесе заңды тұлғаға үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері беретін кондоминиум объектісін басқару жөніндегі өкілеттіктердің мерзімдері мен көлемі уәкілетті орган бекіткен кондоминиум объектісін басқарудың үлгі шарты негізінде айқындалады.
Кондоминиум объектісін басқару органының осы кондоминиум объектісінде сервистік және кондоминиум объектісіне жатпайтын өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Үй-жайлар иелерi тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн ұйымдармен осындай қызмет көрсету туралы жеке шарттар жасасуға құқылы.
Көрсетілетін коммуналдық қызметтер ұлттық стандартта және техникалық регламентте көзделген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Меншiк иелерiнiң арасында кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы келiсiмге қол жеткізілмеген ретте меншiк иелерiнiң кез келгенi, ал кондоминиум объектiсi тұрғын үй-жайларды жекешелендiру нәтижесiнде құрылған үйлерде жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган да меншiк иелерiнiң алдына үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерiнiң кооперативiн құру, тұрғын үйді басқарушыны (менеджерді) не кондоминиум объектісін басқару үшін заңды тұлғаны таңдау немесе жалдау туралы мәселелер қоюға құқылы.
6. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi көпшiлiгiнiң шешiмi бойынша кондоминиум объектiсiн басқару нысанының өзгертiлуi мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Басқа үйлермен бiрге үй-жайлар иелерiнiң бiр кооперативi басқаратын тұрғын үй-жайдың иелерi көпшiлiк болып қабылданған шешiм бойынша осы кооперативтiң құрамынан шығып, өзiнiң жеке кооперативiн құруға, басқа кооперативке ауысуға не кондоминиум объектiсiн басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, олардың қызметін бақылауға байланысты қатынастар осы Заңмен реттеледі.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Егер кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлкін күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) жекелеген меншік иелерінің өз міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығын келтірілсе, осы тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шығындарды өтеуге міндетті.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 7-тарау 42-1-баппен толықтырылды
42-1-бап. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналыстарында кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп-ұстауға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қаралады және қабылданады.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) кондоминиум объектісінің басқару нысанын таңдауға немесе өзгертуге байланысты;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға арналған жарналардың мөлшерін бекітуге;
3) кондоминиум объектісін басқару шартын жасасу, өзгерту немесе бұзу туралы шешімдер қабылдауға;
4) әділет органдарындағы құқықтық кадастрға өзгерістер енгізуге;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтіруге, күрделі жөндеуге);
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдауға және (немесе) жинақ шотында ақша жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың сомасын айқындауға байланысты;
7) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсауға;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) сервистік қызмет субъектісінің көрсететін қызметтерін таңдауға және (немесе) олардан бас тартуға;
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекітуге қатысты мәселелер үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында міндетті түрде қарауды және мақұлдауды талап етеді.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жиналыс кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау үшін бастамашы топ ұйымдастыра алады.
Жиналыс кондоминиум объектісін басқару органының бастамасы бойынша, сондай-ақ үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кемінде оннан бір бөлігінің талап етуі бойынша өткізіледі. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйді басқарушыны (менеджерді) не кондоминиум объектісін басқару үшін заңды тұлғаны таңдау немесе жалдау туралы мәселені шеше отырып, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысын өткізуге бастамашылық жасауға құқылы.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының бастамашылары алдағы жиналыстың күні, орны және күн тәртібі туралы барлық үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін кемінде он күн бұрын хабардар етеді.
4. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс өткізілгенге дейін оның бастамашыларындағы шешім қабылдауға қажетті материалдармен танысуға құқығы бар.
5. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде заңды болып табылады. Үй-жайдың (пәтердің) әрбір меншік иесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншік иесіне бірнеше үй-жай (пәтер) тиесілі болса, ол тиісінше дауыс санына ие болады.
Жиналысты жүргізу үшін төраға мен хатшы сайланады.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жиналыстың шешімі осы баптың 6-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жиналысқа тікелей қатысқан не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып дауыс берген үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы саны дауысының кемінде бестен бір бөлігі осы баптың 2-тармағының 2), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша ұсынылған шешімге қарсы дауыс берген жағдайда, шешім қабылданбады деп есептеледі және жалпы жиналыста қайта қарауды талап етеді. Қайта қараған кезде осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін кондоминиум объектісі үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің келісімі қажет.
7. Кворум болмаған жағдайда, дауыс беру осы Заңның 42-2-бабына сәйкес жазбаша сауалнама жасау арқылы жүргізіледі.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының хаттамасында:
1) кондоминиум объектісінің орналасқан жері;
2) жиналыстың өткізілетін күні, уақыты;
3) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы саны;
4) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысына қатысушылардың саны;
5) жиналыстың төрағасы мен хатшысы;
6) жиналыстың күн тәртібі;
7) жиналыста сөз сөйлеген адамдар;
8) дауыс беру нысаны және қорытындылары;
9) жиналыс қабылдаған шешім көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттамаға жиналысқа қатысқан үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде) үй-жайлардың (пәтерлердің) нөмірлері көрсетіліп, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін тіркеу парағы қоса тіркеледі.
9. Қабылданған шешім барлық үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері үшін міндетті болып табылады және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің еркін білдіру ретінде соттарда және басқа да мемлекеттік мекемелерде дауларды және өзге де мәселелерді қарау үшін құжат болып табылады, сондай-ақ тұрғын үй көмегін есептеу үшін негіз болады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 7-тарау 42-2-баппен толықтырылды
42-2-бап. Жазбаша сауалнама жүргізу
1. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу кезінде кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша сауалнама жүргізіледі.
2. Үй-жайдың (пәтердің) әрбір меншік иесі жазбаша сауалнама жүргізу кезінде бір дауысқа ие болады. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншік иесіне бірнеше үй-жай (пәтер) тиесілі болса, ол тиісінше дауыс санына ие болады.
3. Жазбаша сауалнама жүргізуді ұйымдастыру үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасынан жауапты адамдар тағайындалады.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әрбір дауыс беру парағында реттік нөмірі, талқылауға енгізілген мәселелер, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иесінің мекенжайы, тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде) қол қойылатын орын, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолтаңбасы болуға тиіс.
5. Жазбаша сауалнама жүргізуге шығарылған мәселелер бойынша дауыс беру парағы үй-жайдың (пәтердің) әрбір меншік иесінің назарына жеткізіледі.
6. Егер дауыс беруге үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кемінде үштен екісі қатысса, жазбаша сауалнама жүргізілген болып есептеледі.
7. Дауыс берудің қорытындылары үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысында шығарылады. Егер үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, шешім қабылданған болып есептеледі.
8. Жазбаша сауалнаманың қорытындылары бойынша хаттамада дауыс беру парақтары жөніндегі жиынтық деректер беріледі. Дауыс беру парақтары хаттамаға міндетті қосымша болып табылады және бірге сақталады.
9. Жазбаша сауалнама арқылы қабылданған шешім үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық меншік иелері үшін міндетті болып табылады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
43-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Көп пәтерлi тұрғын үйдi немесе үйлер тобын басқару үшiн үй-жайлар иелерiнiң кооперативтерi, ал қоса салынған тұрғын емес үй-жайлары жоқ үйлер үшiн - пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi құрылуы мүмкiн. Пәтерлер иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайы үй-жайлар иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайымен бiрдей.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi кондоминиумның екi немесе одан да көп қатысушыларынан тұруы мүмкiн. Кәмелетке толмаған азаматтардың мүдделерiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен олардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері бiлдiредi.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Құрылтай жиналысының өткiзiлгенi туралы кооператив құрудың бастамашылары әрбiр үй-жайдың (пәтердің) иелерiне жиналыс өткiзiлетiн болып белгiленген күннен кемiнде он күн бұрын хабарлауға тиiс.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Егер кооперативтiң құрылтай жиналысына кондоминиумға қатысушы үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң немесе олардың сенім бiлдiрген адамдарының кемiнде жартысы қатысса, ол өткiзiлген болып танылады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер жиналысқа үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң немесе олардың сенім бiлдiрген адамдарының жартысынан азы қатысса, жиналыс өткiзiлмеген болып танылады.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысты қайта шақыру және жазбаша сауалнама жүргізу туралы шақыру белгіленген күнге дейін кемінде күнтізбелік он күні бұрын хабардар етіледі. Қайта өткізілетін жиналысқа дейін кондоминиум объектісін басқару органы немесе үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативін құру бастамашылары күн тәртібі мәселелері бойынша үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің үштен екісінен астамының пікіріне жазбаша сауалнама жүргізеді.
Қайта өткізілген жиналыс оған қатысушылардың санына қарамастан өтті деп танылады. Жиналысты жүргізу үшін төраға мен хатшы сайланады. Жазбаша сауалнаманың нәтижелері қайта өткізілген жиналыстың хаттамасына енгізіледі.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Әрбiр үй-жай иесiнiң құрылтай жиналысында бiр даусы болады. Бiрнеше үй-жай иесiнiң тиісінше дауыс саны болады.
Құрылтай жиналысының шешiмi жиналысқа қатысушылардың немесе олардың сенім бiлдiрiлген адамдарының біліктi үштен екi даусымен қабылданады.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Құрылтай жиналысы мынадай мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды:
1) үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру;
2) кооператив Жарғысын бекіту;
3) кооператив басқармасының төрағасын, басқарма мен тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау.
Тұрғын үй инспекциясы үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсынуға құқылы.
Кооператив басқармасының төрағасы қызметіне ұсынылатын кандидатура уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Құрылтай жиналысы кондоминиум объектiсiне қатысты басқа да мәселелердi қарауға құқылы.
8. Үй-жайлардың кооператив iстерiн басқаруға қатыспайтын иелерi кооперативтiң барлық мүшелерiмен қатар кондоминиум объектiсiн ұстауға қажеттi мөлшерлi ақша төлеп және (немесе) еңбекпен қатысуға, кондоминиум объектiсiн басқару органдарының ортақ мүлiктi ұстау мен пайдалануға қатысты және үйдiң берiктiгi мен пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн барлық шешiмдерiн орындауға мiндеттi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 44-бап өзгертілді
44-бап. Үй-жай иелерiнiң кооперативтерiн тiркеу немесе қайта тіркеу
1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi оның белгiленген тәртiпке сәйкес мемлекеттік тiркеуден немесе қайта тіркеуден өткен кезiнен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға құқығына ие болады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн тiркеу немесе қайта тіркеу үшiн тiркеушi органға:
1) өтiнiш;
2) кондоминиум объектiсіндегі үй-жайлар иелерiнiң құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жазбаша сауалнаманың қорытындылары бойынша дауыс беру парақтары бар хаттамасы;
3) үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысы;
4) кондоминиумды тiркеу немесе қайта тіркеу туралы мемлекеттік акт;
5) заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативтерiн құруға жан-жақты көмек пен жәрдем көрсетуге тиiс.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі кідіртіле тұрады.
5. Тiркеуге немесе қайта тіркеуге тапсырылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген мерзiмде қаралады. Қараудың нәтижесі бойынша тіркеу органының:
1) кооперативтi тiркеу немесе қайта тіркеу туралы;
2) 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кооперативті тіркеуден дәлелді бас тарту туралы шешімі қабылданады.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Заңды тұлғаны құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған немесе оның құрылтай құжаттары заңға сәйкес келмеген жағдайда, үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативiн тіркеуден бас тартылуға тиіс.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Тiркелген кооперативке Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы заңнамасында белгiленген мерзiмде заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама берiледi.
8. Тiркеушi органның шешiмiне сот тәртібімен шағым берiлуi мүмкiн.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң мүлкi
1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi өзi сатып алған, кооператив өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн мүлiк оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.
2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Кооператив мүшелерi кооператив қарыздары бойынша жауап бермейдi.
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысы
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)