Қазақстан Республикасының
Заңы
«Тұрғын үй қатынастары туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 27, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерін меншігіне тегін алуына құқығы бар.
Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, оған берілген тұрғын үйді тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді.
8. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтардың пайдалануына мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.»;
2) 67-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
2) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына;
3) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.»;
3) 68-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;»;
4) 74-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2) әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар;
3) мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.»;
екінші бөліктегі «Дара (бөлек)» деген сөздер «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда, дара (бөлек)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Аталған тізімге»; «бұл тізімге» деген сөздер тиісінше «Аталған тізімдерге», «осы тізімдерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқалар алдында» деген сөздерден кейін «, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы мамырдың 29-ы.
№ 283-IV